Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулықтағы мәтінді оқып танысады. Мәтінді оқып танысуға 10 минут беріледі. Мәтінді бөлімдерге бөліп топтарға тапсырма беремін. Тест тапсырмасы 1.Биосфера терминін ғылымға тұңғыш рет енгізген ғалым ? А) Ж.Б. Ламарк В) В.И. Вернадский С) Дарвин 2.Жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабығы қалай аталады ? А) литосфера В) атмосфера С) гидросфера 3. Литосфераның беткі қабаты қалай аталады ? А) базальт В) гранитті әрі шөгінді жыныстар С) құрғақ 4. Атмосфераның жер бетіне жақын төменгі қабатын ата ? А) стратосфера В) гидросфера С) тропосфера 5. Атмосфера қабатының 20 – 50 км биіктігінде жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын қабат ? А) тропосфера В) озон қабаты С) педосфера 6. Литосфера қабатын ғылыми әдебиеттерде қалай атайды ? А) педосфера В) биосфера С) атмосфера 7. Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын В.И. Вернадский қалай атады ? А) тіршілік В) тіршіліктің беткі қаймағы С) қолайлы аймақ 8. Биосфера терминін геология ғылымында кеңінен қолданған ғалым ? А) Э.Зюсс В) В.И. Вернадский С) Дарвин 9. Литосфера қабатында тірі ағзалар қанша метр тереңдікте таралған ? А) 2000 – 3000 м В) 20 – 50 м С) 15 м 10. Биосфера жайындағы тұтас ілімнің негізін салған кім ? А) Э.Зюсс В) В.И. Вернадский С) Дарвин 1 тапсырма «Сөйлемді толықтыр !» 1.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі, жанама, ................ деп бөлінеді. 2........................ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. 3. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және ............. бүршік деп бөлінеді. 4. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін ...................... дейді. 5. Жапырақтың сабаққа бекінуінің үш түрі бар. Олар............ ................... ............... 6................... деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады. 7. .............. – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану ............. және ............ тозаңдану деп екіге бөлінеді. 8. ......................... өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. 9. .................. жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Олар ..........., ..............., .............., шырынды деп бөлінеді. 10. Бір гүлде аталық пен аналық болса - ............... деп аталады. 2 тапсырма «Кім жылдам ?» 1.Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік қалай аталады ? (Таллом) 2.Мүктерді зерттейтін ғылымды ата ? (бриология) 3.Плаунтәріздес өсімдіктер қандай жолдармен көбейеді ? (өсімді, жыныссыз, жынысты). 4. Гүлді өсімдіктер неше класқа жіктеледі? (даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы). 5. Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастарды ата ? (лалагүлділер, жуалар, інжугүлділер, астық тұқымдастар) 6. Біржасушалы ағзалардың басқа түрінде кездеспейтін қасиет, жанасу арқылы жынысты жолмен көбейетін біржасушалы ағза ? (кірпікшелі кебісше) 7.Басаяқты ұлу ? (каракатица) 8. Буылтық құрттар қандай кластарға жіктеледі ? (азқылтанақты құрттар, көпқылтанақты құрттар және сүліктер). 9. Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар ? (қосмекенділер). 10.Құстар терісінің қосалқы бөлімдеріне жатады ? (қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар) 3 тапсырма «Артығын тап!» 1. Лейкоциттер, фагоцитоз, тромбоциттер, остеондар, эритроциттер. 2. Аккомодация, құтышалар, соқыр дақ, алдыңғы камера, вестибула аппараты. 3.Альвеолалар, бронхылар, диффузия, кеңірдек, капиллярлар. 4. Энурез, цистит,несепағар, бүйрек, тіл. 5. Сілекей бездері, тоқішек, үлкен азу тістер, нефрит. Мұғалім тапсырмаларды қорытындылайды. |