kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бактерияларларға жалпы сипаттама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоспар жаңа форматқа сәйкес құрылған.Апталықта 6 а сыныбына ашық сабақ өткіздім.Өрмекші торы, ыстық орындық, кубизм әдітерін қолдандым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бактерияларларға жалпы сипаттама»

Күні:10.04.17 Сыныбы: 6 «А»

Пәні:Биология

Тақырыбы: Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік. №30 зертханалық жұмыс. Сүт қышқыл бактериясының сыртқы көрінісін қарау.
Сабақтың мақсаты: Жер бетіндегі алғашқы тіршілік иелері бактериялармен таныстырып, бактериялардың таралу , құрылыс , көбею ерекшеліктері , бактерия жасушасы мен өсімдік жасушасының айырмашылығын меңгеру.

Күтілетін нәтиже :

Бактериялар туралы алған білімдерін еске түсіріп, айта алады.

Терминдерге анықтама бере алады.

Бактерияларға жалпы сипаттама бере алады

Тақырыпты баяндай алады.
Көрнекілігі: «Тірі табиғат патшалығы», « Бактериялардың пішіндері»,

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:топқа бөлу, «Кубизм» әдісі , «Ыстық орындық» әдісі, «Кім жылдам» әдісі, «Өрмекшінің торы» әдісі

Биологиялық терминология: микробиология, бактерия, сапрофитті, паразитті, спора, жасуша, ДНҚ, бацилдар, спирилдер, коккалар, вибриондар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (Оқушыларды бактериялар пішініне сәйкес келетін конфеттер арқылы топқа бөлу)

II.Үй тапсырмасы

1-тапсырма

«Кубизм» әдісі

Топ басшыларын сайлауға арналған сұрақтар

1-топ.Вирус неге паразит деп аталады?

2-топ.Вирусты қалай көруге болады?

3-топ.Иммунитет деген не?

1.Вирус латын сөзінен аударғанда қандай мағына береді?

2.Вирустарды кім және қай жылы ашты?

3.Вирус терминин ғылымға кім енгізді?

4.Вирустардың құрылысы мен  пішіні  қандай?

5.Вирустар қалай көбейеді?

6.Вирус арқылы таралатын ауруларды ата?

2-тапсырма

«Ыстық орындық» әдісі

Топ басшыларына арналған сұрақтар келесі топ мүшелерінен.

3-тапсырма

Үй тапсырмасын қорытындылу

«Кім жылдам» әдісі

Вирустар туралы  дұрыс берілген пікірлердің рет санын торкөздерге жаз


Вирустар









1.Нуклеин қышқылынан және нәруызды қаптамадан тұрады

2.Прокариоттарға  жатады

3.Тірі жасушаға еніп алып,оны зақымдайды

 4.Көлемі жағынан бактериялардан аз ғана үлкен

5.Біржасушалы ағзалар

6.Микроскоппен ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер

7.Жасушаның ішінде және сыртында көбейеді

8.Жасуша ішінде өмір сүретін паразиттер

9.Тірі жасушада көбейеді

10.Жоғары температураға,құрғақшылыққа төзімді

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Жоспар:
1.Микробиологияның ашылу тарихы
2. Бактерияның құрылысы
3. Бактерияның түрлері
4. Бактерияның тіршілік әрекеті
Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. Ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуынабайланысты дамыды.Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық ғалым Антон Левенгук (1632 - 1723) ашқан.

Бактерия - ядросыз ағза.

Бактерия жасушасындағы тұқым қуалайтын ақпарат цитоплазмадағы бір ғана ДНҚ - ның молекуласынан тұрады және оның пішіні сақина тәрізді. Бактерия жасушасындағы қор заттары – полисахаридттер, майлар, полифосфаттар және күкірт түрінде болады. Спора – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Спора түзу арқылы бактерия жасушасы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғанады.
«Бактерия» сөзі грек тілінен «таяқша» деген мағына білдіреді. Бактериялардың пішіндеріне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
- Үтір
- Таяқша
- Сопақша
- Шар
- т. б
Бактериялар қоретенуіне қарай екіге жіктеледі.
1. Сапрофитті – ағзалардың өлі қалдықтарымен қоректенетіндер.
2. Паразитті – тірі ағзалардың ұлпаларымен, не мүшелерімен қоректенетіндер.
Бактериялар ауада, топырақ арасында, суда, тау басындағы қар мен мұздықтарда, ыстық қайнар суында(+90◦ с) да кездеседі. Бактериялардың тіршілігі үшін ең қолайлы табиғи орта – топырақ. Топырақтың түріне сәйкес 1 г топырақта 200 млн - нан 2 млрд. дана бактериялар кездеседі.
IV.Бекіту

«Өрмекшінің торы» әдісі

1.Ұсақ ағзалардың ғылымда жаңалық ретінде ашылу тарихы...........................................................................есімімен тікелей байланысты.

2.Жасушасының құрылысына қарай бактериялар............................................................

3..............................................................................-ұсақ ағзалар туралы ғылым.

4.Сыртқы пішініне қарай бактериялар..........................................................тәріздес болып келеді.

5.Қоректенуіне қарай бактериялар................................ және ......................болып келеді.

6.Бактериялар екіге ................................арқылы көбейіп отырады.

7.Тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда , олар......................... түзеді.

8.Адамдарды ауруға шалдықтыратын бактерияларды.................................... деп атайды.

9.Бактериялар қай жерлерде кездеседі.....................................

Жаңа сөздермен жұмыс

М Б С П К

Микробиология, бацилдар, спора, паразит, коккалар

V.Білімдерін қорытындылау үшін зертханалық жұмысты орындау.

Зертханалық жұмыс №30

Тақырыбы: Сүт қышқыл бактериясын микроскоппен қарау

Мақсаты: микроскоп арқылы сүтқышқыл бактериясын қарау; оның пішініне назар аудару. Өз бетінше тәжірибе жасай білуге дағдыландыру.

Құрал – жабдықтар мен материалдар: мкроскоп, колба, ,заттық және жабын шыны,сапты ине, шыны,1 апта бұрын беті жабылып қалдырылған айран, сия, тамшуыр, дайын препарат «бактерия».

Жұмыс барысы:

Орындалатын тапсырмалар

1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы сияға араластырыңдар.Содан кейін жабын әйнегімен жауып, микроскоппен қарағанда , тізілген моншақ және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді.Суретін салып, сипаттама жазыңдар.

VI.Рефлексия
VII.Бағалау (жинаған конфеттері бойынша )

VIII.Үйге тапсырмасы:Прокариоттар дүниесі§55.Бактериялар.

Жеке жұмыс дәптер/1,2 тапсырманы орындау.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бактерияларларға жалпы сипаттама

Автор: Куракова Жаркын Ахметкалиевна

Дата: 20.04.2017

Номер свидетельства: 410604


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства