kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бактерия тірі организм ежелгі тобы екендігіне жалпы сипаттама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?йеленім, систематика (грек. systematіkos – т?ртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлы? организмдерді? ж?не б?рын тіршілік еткен организмдерді??азба ?алды?тарыны? туысты? ?арым-?атынасын, оларды? жеке т?рлері мен т?рлер тобыны? байланысын зерттейтін биологияны? бір саласы. Ж?йеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялы?, физиологиялы?, биохимиялы?, экологиялы?, т.б.) ?з алдына б?лек-б?лек, сондай-а?, оларды біріктіріп, организмдерді? барлы? жиынты?ыны? жіктелімін жасау ?шін ?олданады. Организмні? ?р т?рлі ерекшеліктері не??рлым к?бірек ескерілсе, Ж?йеленімдік жіктеудегі сол немесе бас?а таксон?а (жануарлармен ?сімдіктерде ж?йелеуді? жіктеу бірлігі) бірігетін организмдерді? жа?ын туысты?ы со??рлым ай?ындала т?седі. Мысалы, жар?анат пен ??старды? кейбір сырт?ы белгілері (?шатын) ??сас бол?анымен, жар?анат – с?т?оректілерге, я?ни бас?а клас?а жатады. Сондай-а?, ?сімдіктерде де кактус пен с?ттіген сырт?ы белгілеріне ?ара?анда бір-бірімен ??сас бол?анымен, екеуі 2 т??ымдас?а жатады. Біра? екеуі де ?ос жарна?тылар класына бірігеді. Ж?йеленімні? негізгі ма?саты – Жер бетінде кездесетін жануарлар (1,6 миллиондай т?рі) мен ?сетін ?сімдіктер (350 мы?дай т?рі) ж?не микроорганизмдер т?рлерін жан-жа?ты сипаттап, топтастыру. Биологияда к?п жа?дайда Ж?йеленімні? орнына таксономия – ?сімдіктер мен жануарлар ?леміні? ж?йелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім ?олданылады.

Жануарлар мен ?сімдіктерді? таксономиялы? категориялары[??деу]

Жануарларды? таксономиялы? категориялары: тип, класс, отряд, т??ымдас, туыс, т?р. Бір-біріне ?зара жа?ын т?рлерді? тобы – туыс?а (genus) жіктелінеді, жа?ын туыстар – т??ымдас?а (famіlіa), т??ымдастар – отряд?а (ordo), отрядтар – клас?а (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарларды? е? ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Ал?аш рет ?ылым?а тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ?асырлар бойы дамы?ан филогенетик. ж?йені? ?орытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., басс?йексіздер, д??гелекауыздылар, балы?тар, ?осмекенділер, бауырымен жор?алаушылар, ??стар, с?т?оректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж-дік топтар ?зара тарма?тар?а б?лінеді. Олар тип тарма?ы, класс тарма?ы, отряд тарма?ы, т.с.с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), ?абы?тылар ж?не омырт?алылар тип тарма?ына б?лінеді. Б?дан бас?а класс ?стілік, отряд ?стілік, отряд астылы?, т??ымдас астылы?, т.с.с. таксондар да бар. Мыс., адамт?різді маймылдар – тартанаулы маймылдар т??ымдасы ?стілік; ал адамт?рпатты приматтар – примат отряды астылы? таксономиялы? категория?а жат?ызылады. ?сімдіктер номенклатурасында Халы?аралы? ботаникалы? конгресті? шешіміне с?йкес мынадай таксондар ж?йесі бекітілген: ?сімдіктер д?ниесі – б?лім тарма?ы – класс – класс тарма?ы – ?атар-?атар тарма?ы – т??ымдас – т??ымдас тарма?ы – туыс – туыс тарма?ы – секция – секция тарма?ы – серия – серия тарма?ы – т?р – т?р тарма?ы – форма – форма тарма?ы. Таксондарды? негізгілері – б?лім, класc, ?атар, т??ымдас, туыс, т?р. Ж-дік к?рсеткішті? е? ірісі – б?лім; е? кішісі – т?р. ?сімдіктер Ж-дік т?р?ыдан осы таксондарды? ?р?айсысында жеке б?лінуге тиісті. Мыс., ?ара?ай а?ашы г?лді ?сімдіктер б?ліміне, ?ыл?ан жапыра?тылар класына, б?ршіктілер ?атарына, ?ара?ай т??ымдасына, ?ара?ай туысына, к?дімгі ?ара?ай т?ріне жатады. Организмдерді? жіктелімін т?зуге ежелгі д?уірлерден-а? (Аристотель, Теофраст, т.б. ?алымдарды? е?бегінде) талпыныс жасалды. Ж-ні? ?ылыми негізіні? ?алыптасуына а?ылшын ?алымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ?алымы К.Линнейді? жаратылыстану саласында?ы аш?ан жа?алы?тарыны? ?сері к?п болды. Ал?аш?ы кезде ?сімдіктер мен жануарларды ?ыл. т?р?ыда жіктеу жасанды т?рде ?алыптасты. Я?ни организмдер тек сырт?ы белгілеріне ?арап топтастырылды да, оларды? жа?ын туысты? байланысы ескерілмеді. 19 ?-да Ч.Дарвинні? эвол. іліміні? ?алыптасуы – эвол. салыстырмалы анатомия, эвол. эмбриология, эвол. палеонтология сия?ты жа?а ба?ыттарды? пайда болуына жол ашып, организмдер Ж-і эвол. сипат алды. Организмдерді? эвол. дамуыны? негізгі ба?ыты оларды? таби?атта?ы генеалогиялы? (жа?ын туысты?) ?арым-?атынасын филогенетикалы? (тарихи) дамуы бойынша д?л ж?не толы?тай сипаттау?а м?мкіндік берді. 20 ?-ды? басында Ж-ні? эвол. сипатынан бас?а филогенетикалы? (кладистикалы?) ж?не фенетикалы? (санды?) ба?ыттары ?алыптасты. Филогенетикалы? Ж. – ?андай да бір топты? эвол. дамуыны? ?згеру ау?ымын ескермей, ?р т?рлі организм топтарыны? тарихи даму за?дылы?ына с?йене отырып, оларды? ?андай таксономиялы? категория?а жататынын аны?тау. Фенетикалы? Ж. – генетик. т?р?ыдан зерттеуге ?иынды? келтіретін немесе зерттеуге м?мкіндік жо? т?рлер мен формалар?а бірдей м?н беріп, организмні? к?птеген ?з бетімен алын?ан белгілерін матем. ??деуден ?ткізу. 20 ?-ды? ортасынан бастап Ж-де биохим. м?ліметтер (хемотаксономия) пайдаланылды. Организмні? ?р т?рлі топтарында?ы ма?ызды белок ??рамында?ы амин?ыш?ылдарды? бір ізділігін, ДН? мен РН?-ны? нуклеотидті ??рылысын салыстырмалы т?рде зерттеу – ?р т?рлі топтарды? бір-бірімен байланысын аны?тау?а ж?не олар?а ж?йелік сипаттама беруге жол ашты. Осы заман?ы жетілген алды??ы ?атарлы ?ыл. ?дістерді пайдалану, сондай-а? т?рлерді? популяциялы? ??рылымын жете зерттеуді? н?тижелері – Ж-ді одан ?рі жетілдіруге м?мкіндік беріп, жа?а де?гейге к?терді.

Организмдер ж?йесі[??деу]

?азір тірі организмдер ?леміні? 2 млн-нан астам т?рі белгілі. 20 ?-ды? ортасына дейін биология ?ылымында тірі организмдер екіге – жануарлар мен ?сімдіктерге жіктелді. 19 ?-да кейбір ?алымдар барлы? бір клеткалыларды, тіпті барлы? т?м. сатыда?ы организмдерді (?арапайымдар, балдырлар ж?не т?м. сатыда?ы са?ырау??ла?тар) ?з алдына жеке шы?ару керек деген к?з?араста болса, микологтар са?ырау??ла?тарды жеке патшалы??а жат?ызу керек деген пікірлер айтты. Тек 20 ?-ды? ортасында электронды? микроскоп пен молек. биологияны? дамуына байланысты тірі организмдерді ж?йелеуді т?бегейлі ?айта ??ру басталды. Биологияда ?ол жеткен ма?ызды жетістікті? бірі – бактерияны, цианбактерияны ж?не архебактерияны бас?а тірі организмдерден б?ліп алып ?з алдына жеке ?арастыру. Оларда ядро болмайды, генетик. материал ДН?-ны? са?иналы тізбегі т?різді нуклеоплазмада бос жатады да, на?ыз хромосом т?збейді. Сондай-а?, олар митоз жолымен б?лінбейді, сонды?тан оларды прокариотты немесе ядросыз организмдер деп атайды. Ал б?дан бас?а, ??рамында мембранамен ?оршал?ан ядро, ДН?, РН? ж?не а?уыздан т?ратын генетик. материалы бар, митоз жолымен б?лінетін, сондай-а? микрот?тікшелері, митохондрия ж?не пластидтері ретпен орналас?ан – бір не к?п клеткалы организмдерді эукариотты немесе ядролы организмдер деп атайды. Органик. тіршілік д?ниесінде прокариоттар патшалы?ы мен эукариоттар патшалы?ы ?алыптас?ан. Жануарлар патшалы?ына ?арапайымдылар мен к?п клеткалы жануарлар жатады. Біра? ?арапайымдылар тобы ?алымдар арасында осы к?нге дейін пікірталас ту?ызуда. Мыс., 1980 жылдан ?арапайым (бір клеткалылар) бір ?ана тип деп берілетін, ал ?азір оны? ?зі жеке-жеке 7 типке б?лініп беріледі. ?сімдіктер патшалы?ы барлы? жо?ары сатыда?ы ?сімдіктерді, сондай-а?, ядролы балдырларды ?амтиды. Біра? к?птеген биологтар ядролы балдырларды протистерге (бір клеткалылар) жат?ызып, ?сімдіктер патшалы?ын м?кт?різділер мен т?тікшелі ?сімдіктер ??райды деген пікір айтады. Сонымен, осы уа?ыт?а дейін бір келісімге келген, бекітілген тірі организмдерді? ж?йесі жо?. Ал ?азіргі уа?ытта жануарлар ?лемі мен ?сімдіктер д?ниесін ?алымдар 2 империя мен 5 патшалы??а б?леді (кестені ?.). Ж?йені? экология ж?не биогеография ?ылымдары ?шін ма?ызы зор. ?азба жануарлар мен ?сімдіктерді? Ж?йесі стратиграфия мен геохронология ?ылымдарында ?олданылады. Ж-ні? ?орша?ан ортаны ?ор?ау ж?мыстарын ?йымдастыруда алатын орны да ерекше.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бактерия тірі организм ежелгі тобы екендігіне жалпы сипаттама»

Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердіңқазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы. Жүйеленім организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т.б.) өз алдына бөлек-бөлек, сондай-ақ, оларды біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Организмнің әр түрлі ерекшеліктері неғұрлым көбірек ескерілсе, Жүйеленімдік жіктеудегі сол немесе басқа таксонға (жануарлармен өсімдіктерде жүйелеудің жіктеу бірлігі) бірігетін организмдердің жақын туыстығы соғұрлым айқындала түседі. Мысалы, жарқанат пен құстардың кейбір сыртқы белгілері (ұшатын) ұқсас болғанымен, жарғанат – сүтқоректілерге, яғни басқа класқа жатады. Сондай-ақ, өсімдіктерде де кактус пен сүттіген сыртқы белгілеріне қарағанда бір-бірімен ұқсас болғанымен, екеуі 2 тұқымдасқа жатады. Бірақ екеуі де қос жарнақтылар класына бірігеді. Жүйеленімнің негізгі мақсаты – Жер бетінде кездесетін жануарлар (1,6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және микроорганизмдер түрлерін жан-жақты сипаттап, топтастыру. Биологияда көп жағдайда Жүйеленімнің орнына таксономия – өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім қолданылады.

Жануарлар мен өсімдіктердің таксономиялық категориялары[өңдеу]

Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетик. жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж-дік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Олар тип тармағы, класс тармағы, отряд тармағы, т.с.с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), қабықтылар және омыртқалылар тип тармағына бөлінеді. Бұдан басқа класс үстілік, отряд үстілік, отряд астылық, тұқымдас астылық, т.с.с. таксондар да бар. Мыс., адамтәрізді маймылдар – тартанаулы маймылдар тұқымдасы үстілік; ал адамтұрпатты приматтар – примат отряды астылық таксономиялық категорияға жатқызылады. Өсімдіктер номенклатурасында Халықаралық ботаникалық конгрестің шешіміне сәйкес мынадай таксондар жүйесі бекітілген: өсімдіктер дүниесі – бөлім тармағы – класс – класс тармағы – қатар-қатар тармағы – тұқымдас – тұқымдас тармағы – туыс – туыс тармағы – секция – секция тармағы – серия – серия тармағы – түр – түр тармағы – форма – форма тармағы. Таксондардың негізгілері – бөлім, класc, қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ж-дік көрсеткіштің ең ірісі – бөлім; ең кішісі – түр. Өсімдіктер Ж-дік тұрғыдан осы таксондардың әрқайсысында жеке бөлінуге тиісті. Мыс., қарағай ағашы гүлді өсімдіктер бөліміне, қылқан жапырақтылар класына, бүршіктілер қатарына, қарағай тұқымдасына, қарағай туысына, кәдімгі қарағай түріне жатады. Организмдердің жіктелімін түзуге ежелгі дәуірлерден-ақ (Аристотель, Теофраст, т.б. ғалымдардың еңбегінде) талпыныс жасалды. Ж-нің ғылыми негізінің қалыптасуына ағылшын ғалымы Дж. Рей (1627 – 1705) мен швед ғалымы К.Линнейдің жаратылыстану саласындағы ашқан жаңалықтарының әсері көп болды. Алғашқы кезде өсімдіктер мен жануарларды ғыл. тұрғыда жіктеу жасанды түрде қалыптасты. Яғни организмдер тек сыртқы белгілеріне қарап топтастырылды да, олардың жақын туыстық байланысы ескерілмеді. 19 ғ-да Ч.Дарвиннің эвол. ілімінің қалыптасуы – эвол. салыстырмалы анатомия, эвол. эмбриология, эвол. палеонтология сияқты жаңа бағыттардың пайда болуына жол ашып, организмдер Ж-і эвол. сипат алды. Организмдердің эвол. дамуының негізгі бағыты олардың табиғаттағы генеалогиялық (жақын туыстық) қарым-қатынасын филогенетикалық (тарихи) дамуы бойынша дәл және толықтай сипаттауға мүмкіндік берді. 20 ғ-дың басында Ж-нің эвол. сипатынан басқа филогенетикалық (кладистикалық) және фенетикалық (сандық) бағыттары қалыптасты. Филогенетикалық Ж. – қандай да бір топтың эвол. дамуының өзгеру ауқымын ескермей, әр түрлі организм топтарының тарихи даму заңдылығына сүйене отырып, олардың қандай таксономиялық категорияға жататынын анықтау. Фенетикалық Ж. – генетик. тұрғыдан зерттеуге қиындық келтіретін немесе зерттеуге мүмкіндік жоқ түрлер мен формаларға бірдей мән беріп, организмнің көптеген өз бетімен алынған белгілерін матем. өңдеуден өткізу. 20 ғ-дың ортасынан бастап Ж-де биохим. мәліметтер (хемотаксономия) пайдаланылды. Организмнің әр түрлі топтарындағы маңызды белок құрамындағы аминқышқылдардың бір ізділігін, ДНҚ мен РНҚ-ның нуклеотидті құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу – әр түрлі топтардың бір-бірімен байланысын анықтауға және оларға жүйелік сипаттама беруге жол ашты. Осы заманғы жетілген алдыңғы қатарлы ғыл. әдістерді пайдалану, сондай-ақ түрлердің популяциялық құрылымын жете зерттеудің нәтижелері – Ж-ді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беріп, жаңа деңгейге көтерді.

Организмдер жүйесі[өңдеу]

Қазір тірі организмдер әлемінің 2 млн-нан астам түрі белгілі. 20 ғ-дың ортасына дейін биология ғылымында тірі организмдер екіге – жануарлар мен өсімдіктерге жіктелді. 19 ғ-да кейбір ғалымдар барлық бір клеткалыларды, тіпті барлық төм. сатыдағы организмдерді (қарапайымдар, балдырлар және төм. сатыдағы саңырауқұлақтар) өз алдына жеке шығару керек деген көзқараста болса, микологтар саңырауқұлақтарды жеке патшалыққа жатқызу керек деген пікірлер айтты. Тек 20 ғ-дың ортасында электрондық микроскоп пен молек. биологияның дамуына байланысты тірі организмдерді жүйелеуді түбегейлі қайта құру басталды. Биологияда қол жеткен маңызды жетістіктің бірі – бактерияны, цианбактерияны және архебактерияны басқа тірі организмдерден бөліп алып өз алдына жеке қарастыру. Оларда ядро болмайды, генетик. материал ДНҚ-ның сақиналы тізбегі тәрізді нуклеоплазмада бос жатады да, нағыз хромосом түзбейді. Сондай-ақ, олар митоз жолымен бөлінбейді, сондықтан оларды прокариотты немесе ядросыз организмдер деп атайды. Ал бұдан басқа, құрамында мембранамен қоршалған ядро, ДНҚ, РНҚ және ақуыздан тұратын генетик. материалы бар, митоз жолымен бөлінетін, сондай-ақ микротүтікшелері, митохондрия және пластидтері ретпен орналасқан – бір не көп клеткалы организмдерді эукариотты немесе ядролы организмдер деп атайды. Органик. тіршілік дүниесінде прокариоттар патшалығы мен эукариоттар патшалығы қалыптасқан. Жануарлар патшалығына қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар жатады. Бірақ қарапайымдылар тобы ғалымдар арасында осы күнге дейін пікірталас туғызуда. Мыс., 1980 жылдан қарапайым (бір клеткалылар) бір ғана тип деп берілетін, ал қазір оның өзі жеке-жеке 7 типке бөлініп беріледі. Өсімдіктер патшалығы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерді, сондай-ақ, ядролы балдырларды қамтиды. Бірақ көптеген биологтар ядролы балдырларды протистерге (бір клеткалылар) жатқызып, өсімдіктер патшалығын мүктәрізділер мен түтікшелі өсімдіктер құрайды деген пікір айтады. Сонымен, осы уақытқа дейін бір келісімге келген, бекітілген тірі организмдердің жүйесі жоқ. Ал қазіргі уақытта жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін ғалымдар 2 империя мен 5 патшалыққа бөледі (кестені қ.). Жүйенің экология және биогеография ғылымдары үшін маңызы зор. Қазба жануарлар мен өсімдіктердің Жүйесі стратиграфия мен геохронология ғылымдарында қолданылады. Ж-нің қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ұйымдастыруда алатын орны да ерекше.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Бактерия тірі организм ежелгі тобы екендігіне жалпы сипаттама

Автор: Тортаева Айжан Ба?ыт?ызы

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295320


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства