| САБАҚ: Биология | Мектеп: № 5 Ақмол орта мектебі |
| Күні: 17.10.19 | Мұғалімнің аты-жөні:. Замзиева А.Қ. |
| Сынып: 10 «ә» |
| Сабақ тақырыбы: | Бактерия, өсімдік және жануар жасушаларының құрылымының ерекшеліктері. |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 11.4.2.5 прокариот жасушаларының және өсімдік, жануар жасушаларының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру |
| Сабақ мақсаттары | Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы мен қызметін түсіндіру; Прокариот және эукариот жасушаларының құрылымындағы ерекшеліктерін салыстыру; |
| Жетістік критерийлері | Өздерінің дәлелдерін түсіндіріп, қарым қатынас жасау дағдыларын көрсетеді. Жасуша құрылымын, органоидтарын және олардың қызметтерін сипаттау, түсіну және сұрақтарға жауап беру |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Эукариот және прокариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша анықтама беру. Эукариот және прокариот жасушаларын жазбаша салыстыру. Жасушалардың ұқсастығы мен айырмашылығын жазбаша сипаттау, сондай-ақ ағзалардың тіршілігіндегі жасуша органоидтарының функцияларын түсіндіру Пәнге қатысты лексика мен терминология: Прокариот, эукариот, хлоропласт, митохондрия, ЭПТ, вакуоль, гликоген, целлюлоза, цитоплазма |
| Құндылықтарды дағдыландыру | Өмір бойы білім алу, Оқушылар арасындағы ынтымақтастық, жаһандық азаматтылық. |
| Пәнаралық байланыс | Химия |
| АТҚ қолдану дағдысы | Интерактивті – тақтамен жұмыс |
| Алдынғы білім | "Жаратылыстану" курсынан оқушылар жасушалар мен ұлпалар туралы біледі. Олар сондай-ақ микроскоппен жұмыс істей алады және уақытша микропрепараттар дайындайды. Биология пәнінен 7 сынып оқушылары пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана сияқты жасушалардың компоненттерін анықтай және сипаттай алады. 8 және 9 сынып білімі бойынша прокариоттар мен эукариот жасушаларының айырмашылығы неде екенін біледі. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланатын қызмет | Ресурстар |
| Сабақ басы | Амандасу. Үй жұмысын сұрау . «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы Топқа бөлу. Сурет арқылы. 1 топ.Саңырауқұлақ. 2-топ.Бактериялар. Оқушылар қазір біз тірі ағзалардың түрлеріне қарай 2 топқа бөлінеміз. Мына жерде қандай ағзалардың суреттері жатыр? Сонымен оқушылар бүгінгі тақырымыз не болмақ? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бактериялар, саңырауқұлақтар жасушасының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.» Мақсатымен таныстыру. Жағымды көңіл күй сыйлау. | |
| Сабақ ортасы | Видеоролик «Бактерия, саңырауқұлақ» Түсінік беріп өту. Термин сөздер 3 тілде | Қазақша | Орысша | Ағылшынша | | Ядро | ядро | nucleus | | Саңырауқұлақ | гриб | fungus | | Бактерия | Бактерия | bacteria | | Рибосома | рибосома | ribosome | Топтық жұмыс. 1-топ. Бактериалардың құрылыс ерекшеліктері(постер) 2-топ.Саңырауқұлақ құрылысының ерекшеліктері (постер) Топтық жұмысты бағалау.Бағдаршам әдісі арқылы. Жеке жұмыс. Суретпен жұмыс Суретте 1-ден 6-ға дейін бағдарсызықпен көрсетілген бактерия жасушасының бөліктерін айтып беріңдер; | |
| Сабақ соңы | Сабақты қорытындылау. Кестемен жұмыс. | Жасушалар | Ұқсастықтары | Айырмашылықтары | | Саңырауқұлақтар | | | | Бактериалар | | | Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі Бүгінгі сабақта түсіндім....... Бүгінгі сабақта білдім ........ Бүгінгі сабақта қызықты болғаны ....... Бүгінгі сабақта қиындық тудырды ....... Үйге тапсырма. Мазмұндау | |