kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ас ?орытуды? ма?ызы.Ас ?орыту ж?йесі:ас ?орыту жолы,ауыз ?уысы,ж?т?ынша?,??еш,ас?азан,ішек;ас ?орыту бездері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? 8 сыныптар?а арнал?ан.Б?л саба?та?ы та?ырып о?ушылар?а ас ?орыту жолдарыны? к?рделі екендігі т?сіндірілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ас ?орытуды? ма?ызы.Ас ?орыту ж?йесі:ас ?орыту жолы,ауыз ?уысы,ж?т?ынша?,??еш,ас?азан,ішек;ас ?орыту бездері.»



Сыныбы:8

Пән:биология

Cабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту жүйесі:ас қорыту жолы,ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,асқазан,ішек;ас қорыту бездері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ас қорыту мүшелерінде қоректік заттардың қорытылу туралы түсініктер беру.

Дамытушылық:Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Тамақтану гигиенасы.Ішек – қарын ауруларын алдын алу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек-сызба, «Ас қорыту мүшелерінің», суреттері үлестірме материал сурет сызбасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Амандасу.

2.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

3.Түгелдеу.

ІІ. Үйтапсырмасынтексеру.

  1. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар:нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су,минералды тұздар.

  2. Тағам – денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы.

  3. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

ІІІ. Жаңа сабақ өту.

Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.

Ауыз қуысы — төменгі жағынан — бұлшық етпен, алдыңғы жағынан — тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсак таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жүмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Тандайдоғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар.

Ауыз қуысында жұп сілекей бездері сілекей сөлін бөледі.

Ауыз қуысында коректік заттар тіл және сілекейдің қатысуымен, тіс арқылы шайналып, сілекей құрамындағы ферменттер әсерінен қорытыла бастайды. Егер нанды көбірек шайнасак, тәтті дәмі сезіледі. көмірсулардың сілекейдегі ферменттерәсерінен ыдырауына байланысты. Ас ауызқуысынанжұткыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң қарынға түседі. Жұткыншақ тыныс алу жолдарымен қатысады. Асты жұтқанда, бұл жолдар жабылады.













Қарында ас 3-10 сағат аралығында, қарын сөлінің әсерінен корытылады. Онда, ең алдымен, нәруыз қорытылып, ыдырайды. Қарын сөлінде нәруызды корытатын, ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар.



Нәруызды ыдырататын пеп­син ферменті үшін қышқылдан басқа карындағы қызу 38—39°С-ка тең болуы . Сондықтан тамақтану гигиенасын сактамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарыннан қыжылдау сезіледі, Қарында ас қорытудың өзгеруі үнемі ыстық немесе өте салкын және құрғак тағамдарды жиі ішуден болады.

Бауырдан бөлінетін өт — сарғыш жасыл түсті. Өттің әсерімен май ұсақ тамшыларға ыдырап, тез қорытылады.

Бауыр — ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауырда өттен басқа организмнің тіршілігі үшін қажетті көл зат түзіледі. Бауыр мүшелердің тіршілігінен пайда болған организмдегі улы заттарды залалсыздандырып отырады. Сондықтан бауырды "организм лабораториясы" деп те атайды. Зат алмасудын бұзылуынан өт қабында түрлі тастар, кұм пайда болып, өттін, түтікшеден ағуына кедергі жасайды .

Ұйкы безі мөлдір түсті сөл бөледі. Ұйқы безінің сөлі сілтілі орта болғандықтан, онын құрамындағы майды, нәруызды, көмірсуларды қорытатын ферменттердін әсер етуіне қолайлы жағдай туады.Ұлтабар ұшында астың негізгі қорытылуы аякталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің бойында толып жатқан түтікше бездерден бөлінетін сөлдің әсерінен болады.Ішек сөлі қоректік заттарды - нәруызды,майларды, көмірсуларды ерігіш күйге айналдырады.

Астың сіңуі. Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүр-тіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа тамырлары орналасады. Бүртіктердің аш ішектегі асты сіңіріп (сорып) алатын көлемі 4—5 ма-ден 400—500 м2-ге дейін болады. Аш ішектегі қорытылған коректік заттардың ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға өтіп, майдың ерітінділері негізінен лимфаға сіңеді.

Астың тоқ ішекте қоры­тылуы. Аш ішекте қорытылмаған заттар ток ішекке өтіп, жиналады.

Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы қан та­мырлары арқылы қанға өтеді. Сөйтіп, қорытылмаған қалдық заттар тығыздалып, тік ішекке түседі. Одан соң нәжіс болып организмнен сыртқа шығарылады.









Тамақты өте кеш ішу және құрғақ тағамдарды жиі пайдалану асқазанның ауруы шалдықтырады.. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек.

Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көруге, сөйлесуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Acішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың калдығынан тазартып отыру керек.

Ішек-қарын аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып, тазартылмаған көкөніс пен жемістер жегенде, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп, организмді уландырады. Әсіресе қантышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырысқақ өте қауіпті ішек-қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда — ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Бұл қауіпті ауруларды шыбындар мен тарақандар таратады. Олар тамақ үстінде жорғалап жүріп, түрлі микробтар мен ішек құрттарының жұмыртқаларын жұқтырады. Бұл бунакденелілер өте жылдам көбейеді де, жан-жаққа таралады. Сондықтан үйдін маңайын, қораны үнемі таза ұстау керек. Азык-түліктің артығын арнаулы жәшіктерге, жабылатын шыны ыдысқа немесе жылтыр қағаздарға салып сақтаған жөн. Тамақтанған сонтамақтың қалдықтарын үстел үстінен жинап, ыдыс-аяқты тазалап жуып, шкафта сақтайды. Ac қалдығын сақтайтын шелектің бетін жақсылап жауып, күнделікті тазартып, жуып отыруды ұмытпау керек.

Сергіту сәті

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Биологиялық диктант.



1.Ас қорыту -------------------------------------- басталады.



2. ------------------------------------------ ас қорыту және тыныс алу жолдарымен қиылысады.



3.Қарынның пішіні --------------------------- немесе қапшық тәрізді.



4.Ас қорыту жолының ұзын бөлігі --------------------------------------.



5. Тоқішектіңқабынупроцесі -------------------------------------- депаталады.



Керекті сөздер:алмұрт,ауызқуысынан,ашішек,аппендицит,жұтқыншақ.









V. Үйге § 43,158 – 163 беттердіоқу, Ас туралы 5 мақал – мәтелжазыпкелу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Сакиева Молдир Даулетбековна

Дата: 29.05.2016

Номер свидетельства: 331172


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства