биология п?нінен ашы? саба? "Саба?ты? т?рлері,??рылысы". О?ушылар?а ?рт?рлі де?гейлік тапсырмалар беріп тест, ребус, с?з ж?мба?тар ар?ылы саба?ты? та?ырыбын ашып, жа?а саба?ты бекіту. о?ушылар саба?ты? т?рімен оны? ?ызымеnімен танысып саба?тан ал?ан ?серлері тілек шамы ар?ылы білдіреді
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Саба?ты? т?рлері, ??рылысы" (6 cынып)»
Күні: 25.11.20011 ж
Пәні: Биология
Сынып: 6 «А», «Ә», «Б».
Сабақтың тақырыбы : «&12 Сабақтың түрлері, құрылысы.»
Сабақтың мақсаты:
Сабақта оқушыларға өсімдіктердің өсу мүшесі сабақтың құрылысы туралы таныстырып және сабақтың атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптастыру. Оның түрлерін пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін белсенділігін және есте сақтау, шапшаңдық қабілеттерін дамыту. Оларға сабақтың құрылысын, сабақтың қызметін түсіндіре отырып сабақ түрлерін айыр білуге, солар арқылы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ойын
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Биология
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың құрылысы арналған плакаттар, үлестірме қағаздар және т.б
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесін дайындау, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Өсімдіктің өсуі» кубигі.
Шарты:Кубиктің алты жағына өсімдіктің өсімді мүшелері көрсетілген. Оқушылар кубикті лактыру арқылы түскен өсу жолына қойылған сұрақтарға жауап береді.
2. «5» алғын келсе яғни сұрақ суру арқылы берілген тапсырмаға ауызша жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Өсімдіктің бір мүшесі – сабағы,
Сабағынан басты тірек табады.
Өсімдіктің бойындағы барлық зат,
Сабақпенен әрі-бері ағады.
Өсімдіктің сан алуан кездеседі сабағы,
Сол сабақтан жасыл желек тұрса өсіп, жайқалып,
Тазартады ақыл-ой мен сананы.
(Р.Сәтімбеков.)
Cабақ - өсімдік жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі:
1. сабаққа- бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді.
2. Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады.
3. органикалық заттар қорға жиналады.
4. көбеюге қатысады.
Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.
Сабақтың түрлері: өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған деп бөлінеді.
Сабақтың ішкі құрылысы: 4 қабаттан тұрады. Қабық, камбий, сүрек, өзек.
Қабық 3 ке бөлінеді. өң, төз,тін
Сабақты қорытындылау:
Сабақ деген не?
Оның қызметі?
Сабақтың түрлері?
Сабақтың ішкі құрылысы?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. $ 12 тапсырмаларды орындау.