11 класс
Тақырыбы: Кайнозой заманында жерде тіршіліктің дамуы. Гүлді
өсімдіктердің қарқынды дамуы.
Мақсаты: Оқушыларға кайнозой заманы, оның кезеңдері, ондағы ірі
ароморфоздар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жер тарихы, оның кезеңіндегі өзгерістер
туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: Қосымша ізденіп оқуға, өз ойын жетік тиянақты жеткізе
білуге тәрбиелелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті,
танымдық сұрақтар, тест, деңгейлік тапсырмалар, видео.
Пәнаралық байланыс: география, химия.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Білімді жетілдіру
6. Қорытындылау
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
I. Ұйымдастыру (класс тазалығы, оқушылардың сабаққа дайындығы)
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Барлық тіршіліктің қоныс мекені, құт-берекесі – табиғат адамзат баласы үшін ең қажетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы».
1)Ой қозғау мақсатында оқушыларға берілген ұғымның мазмұнына сипаттама беру тапсырмасы беріледі.
1. Архей
2. Протерозой
3. Палеозой
4. Мезозой
5. Кайнозой
2) Үй тапсырмасын тірек- сызбаны пайдалана отырып сұрау.
Тірек-сызба жұмысы
Мезозой заманы
Триас Юра Бор
Триас
Жорғалаушылардың дене t-сы тұрақсыз.Тасбақа, гаттерия
Климат құрғақ, қосмекенділер жойылды.
Аңтісті кесіртке – триконодонт /сүтқоректі/
Юра
Динозаврлар – ғаламшарды билеушілер
Анд, Альпі, Гималай таулары көтерілді
Алғашқы құс – археоптерикс
Климат жылы, жабықтұқымдылар, тұқыммен көбею
Бор
Гүлді өсімдіктер, жалпақ жапырақты ағаштар
Жәндіктердің алуан түрлілігі
Климат суық, динозаврлар жойылды
Құстар мен сүтқоректілер кең таралды.
3) Семантикалық картамен үй жұмысын қорытындылау.
Р/с | Өсімдік, жануар Кезең | Құс | Гаттерия | Динозавр | Триконодант | Көбелек | Археоптерикс | Эвкалипт | Гүл |
1 | Триас | | | | | | | | |
2 | Юра | | | | | | | | |
3 | Бор | | | | | | | | |
III. Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
1.Кайнозой заманы
2.Кезеңдері
3.Ароморфоздар
Жаңа сабақты түсіндірместен бұрын «Түртіп алу» стратегиясы бойынша «Инсерт» картасын қолдану.
Білемін | Жаңа мәлімет | Білгім келеді |
| | |
Кайнозой заманы
Үштік кезең Төрттік кезең
Палеоген антропоген
неоген плейстоцен
голоцен
IV.Бекіту.
Кітаппен жұмыс.
Кесте арқылы бекіту
V. Білім жетілдіру.
Функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатында
1. Сәйкестендіру тесті
1 | Омыртқасыздардың даму кезеңі | Силур |
2 | Ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік | Юра |
3 | Сауытты балықтар пайда болды | Гаттерия |
4 | Тірі қазба | Девон |
5 | Археотерикс шықты | Псилофиттер |
6 | Қырықбуын, плаун, қырықжапырақтар пайда болды | Кембрий |
7 | Үш башпайлы жылқылар | Гиппариондар |
8 | Аймақтардың кеңеюі, ағза құрылысының күрделенуі | Дивергенция |
9 | Белгілердің ажырауы | Кайнозой |
10 | Жаңа өмір заманы | Ароморфоз |
2. Деңгейлік тапсырмалар
I. Венн диаграммасы
II. Тест жұмысы
III. Біліміңді сына
3. Дискуссиялық өрнек
Р/с | Мазмұны | Келісемін | Келіспеймін |
1 | Үштік кезеңде адам тектес маймылдар мен адамның арғы тегі пайда болды. | | |
2 | Юра кезеңі гүлді өсімдіктердің қарқынды даму кезеңі деп аталады. | | |
3 | Құстар архозаврлардан пайда болды. | | |
4 | Протерозой ортадағы тіршілік деп аталады. | | |
VI. Қорытындылау.
«Біз не білдік?»
«Не үйрендік?»
«Нені үйренгіміз келеді?»
VII. Үйге тапсырма
27. Кайнозой заманында жерде тіршіліктің дамуы. Гүлді өсімдіктердің өсімдіктердің қарқынды дамуы.
VIII. Бағалау.