kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: "Балы?тар класы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Балы?тар класы
Саба?ты? ма?саты: а) Біліктілік: Балы?ты? суда тіршілік етуге бейімділік белгілерін ай?ындау. Балы?тар туралы білімдерін тере?дету ж?не ке?ейту.
?) Дамытушылы?: Балы?тар туралы т?сінігін сызбалар бойынша, шеміршекті балы?тармен с?йекті балы?тарды бір - бірінен ажырата білуді ?йрету. Студенттерді интеллектуалды?, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
б) Т?рбиелік: Студенттерді адамгершілікке, таби?атты аялап таза ?стау?а, ?ам?орлы? ?арым ?атынас?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?
Саба?ты? типі: Жа?а о?у материалдарын игеру.
Саба?ты? ?дісі: Жеке – ?зіндік, о?ушы м??алім
Саба?ты? к?рнекілігі: Мультимедия, кестелер, сызба н?с?алар суретте Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і:
1. О?ушылармен с?лемдесу
2. Саба??а ?атысуын тексеру
3. Зейіндерін саба??а аудару
4. Саба?ты? та?ырыбын хабарлау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "Балы?тар класы"»

Тақырыбы: Балықтар класы
Сабақтың мақсаты: а) Біліктілік: Балықтың суда тіршілік етуге бейімділік белгілерін айқындау. Балықтар туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
ә) Дамытушылық: Балықтар туралы түсінігін сызбалар бойынша, шеміршекті балықтармен сүйекті балықтарды бір - бірінен ажырата білуді үйрету. Студенттерді интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке, табиғатты аялап таза ұстауға, қамқорлық қарым қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалдарын игеру.
Сабақтың әдісі: Жеке – өзіндік, оқушы мұғалім
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, кестелер, сызба нұсқалар суретте Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сабаққа қатысуын тексеру
3. Зейіндерін сабаққа аудару
4. Сабақтың тақырыбын хабарлау

II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Миноганың тыныс алуы қандай? Арнаулы түтігі жоқ.
2. Ланцетниктің қан айналу жүйесі? Қан айналу системасы қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз.
3. Хордалылар типіне жататындар? Ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қос мекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.
4. Миноганың жыныс бездері? Дара олардың арнаулы түтіктері болмайды.
5. Төменгі сатыдағы ұйымдасқан хордалылар ретінде бас сүйексіздер тип тармағына сипаттама бер?

ІІІ. Жаңа сабақ
А) Слайдпен экраннан суреттік сызбалар көрсетіледі
Группаға сұрақа: б) Балықтар дегенде қандай ой келеді? Өздеріңіз білетін балықтарды атаңыздар?
Балықтар - хордалылар типіне жатады, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология (грекше «ихтис» – балық, «логос» - ілім, ғылым ) деп аталады. Бұрынғы КСРО суларында дүниежүзілік балықтардың 1500, ал Қазақстан 180түрі тіршілік ететіні мәлім. Балықтардың дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың пішіндері әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа шар тәрізді, дөңгелек т. б болады. Балықтардың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Желбезекпен тыныс алады. Жүрегі 2камералы, қан айналу шеңбері - біреу, миының құрылысы қарапайым. Балықтың иіс сезу, сезім, есту, көру,(өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады мыс - акулалар. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары да кездеседі. Балықтардың адам үшін қажетті белоққа бай тағам көзі. Балық майы - балық бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл - күрең түсті, өзіне тән иісі сұйықтық. Құрамында А және Д витаминдері көп болғандықтан мешел, тыныс алу, асқазан көз ауруларын емдеуге пайдалы. Балықтардың майы таза күйінде сәбилерге ішкізеді кейде басқа дәрілердің құрамына енгізеді.

Балықтар 2 класқа бөлінеді:
1. Шеміршекті балықтар. Бұл класқа қазіргі кезде 750 - дей түр қамтылған. Олардың қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар скаттар, және тұтасбастар жатады.
Аталық мысық акуланың ішкі құрылысы
1. Ауыз
2. Танау тесігі
3. Көз
4. Желбезек және желбезек саңылауы
5. Көкбауыр
6. Несепағар
7. Тұқым көпіршігі
8. Құрсақ жүзбеқанаттары
9. Жүрек
10. Көкірек жүзбеқанаттары
11. Үш қалақты бауыр
12. Аталық безі
13. Қарын
14. Тоқ ішек
15. Клока тесігі
16. Аналь жүзбеқанаты
17. Құйрық жүзбеқанаты

2. Сүйекті балықтар – Қазіргі кезде 20000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршағындағы ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар шашады. Оларға: Шортан, Аққайран, Табан, Ақмарқа, Сазан жатады.

Балықтардың маңызы
- Балықтар бағалы азық - түлік көзі
- Балықтардың қабыршағы жасанды інжу дайындауға жұмсалады
- Треска, акула сияқты балықтардың бауырынан дәрі - дәрмек жасалынады
- акуланың жүзбеқанатынан, бекіре тұқымдас, балықтардың торсылдағынан бағалы желім қайнатылады.

Балықтардың түрлері:
Каспий теңізінде – Шоқыр, Каспий итбалығы, Құртпа, Ішті балық, Бекіре.
Арал теңізі – Камбала - сүйекті балық, Денесі екі бүйірінен қысыңқы жалпақ арқа және аналь жүзбеқанаттары денесінің ұзына бойына тұтасып орналасқан. Денесінің үстіңгі жағы қарақошқыл дақты болып келеді, ал денесінің астыңғы жағы ақшыл түсті болады. Көпшілік түрлері теңіз түбінде бір бүйірлеп жатып тіршілік етуге бейімделген. Көпшілік түрі теңіздің жағалауға жақын жерлеріне уылдырық шашады. Уылдырықтан шыққан ұсақ шабақтары жартылай мөлдір түсті, торсылдағы болады бірақ өсе келе олардың бас сүйегі симметриялы құрлысын жоғалтып, көзі бір жағына ауысады.
Балқаш көлінде – Қызыл қанат – Тұқы тұқымдасына жататын сымбатты балықтардың бірі. Қызылқанаттың аузы жоғары қарап орналасқан, өйткені ол су бетіне түсетін насекомдарды қорек етеді. Еті сүйекті, қамыс қоға және су өсімдіктері қалың өскен жерлердің маңынан кездестіруге болады.
Өзендерде және кіші көлдерде - Жайын сүйекті балықтардың бірі, дене тұрқы 5м, салмағы 300килограмға дейін жетеді. Басы жалпақ, өзендермен көлдердің иірімдерінде тіршілік етеді. Ол жыртқыштықпен тіршілік етеді, негізгі мекені - тастардың арасы, шұңқыр жерлер мен қуыстар ескі ағаш түбірлері, өте баяу қозғалады. Шортан – көл, өзен, тоған суларында жиі кездеседі. Шортан өте қомағай. Шортан едәуір салмақты, ірі балық.

Хронологиялық карта

ІV. кезең. Ой ширату айдары
1. Кг 14тоннадан асатын
Көрген адам қашатын
Білесің бе? Қандай балық қарағым
(Акула)

2. 20000 - нан астам түрі бар
Байқап жемесең тұтылар
Қорқытатын құты бар
Балықтың бір түрі бар
(Сүйекті балықтар)
3.«С» әрпінен басталар
«Қ» әрпін қойсаң ай атымен жанасар
Білесіңдер бұл қай балық балалар
(Сазан)
4. Ыбырайдың мысалында кездеседі
Аққуменен, шаянменен тілдеседі
Көл ғана оның мекені
Балықтың ол төресі
(Шортан)
5. Дене тұрқы бөп-бөлек
Терісі оның бір бөлек
Теңіз оның тұрағы
Бір көзбен үнемі қарап тұрады
(Камбала)

V. кезең Сабақты бекіту
Берілген шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қою арқылы кестені толтырыңдар.
Үйге тапсырма: 1. Сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысы
2. Қаз. кездесетін балықтарды зерттеп келу
Бағалау:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: "Балы?тар класы"

Автор: Шамшаева Гулзине ?азбековна

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 307054


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства