Адамзат бірнеше мы? жылдар бойы ара?ты білген жо?.Ара??а ?йір болу адамны? жас кезіндегі ?ателіктеріні? бірі болып саналады.Адамдар жеміс - жидекті жабы? ыдыста са?тап одан бір т?рлі ішімдік пайда болатынын білген.Біра? ал?ашкы кезде оны сирек ж?не аз м?лшерде ішетін бол?ан. К?ші 5-7 грамм болатын ішімдіктер адамдарды? с?йікті асына айнал?ан. Осыдан 17 ?асырдан бастап ?алымдар? ара? деген ??ымды пайдалан?ан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ара? ??марлы??а аяусыз к?рес»
Арақ құмарлыққа аяусыз күрес
Мақсаты: Оқушыларға қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп,жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кесілдің бірі-маскүнемдік,арақ құмарлық екенін және осы кеселге қарсы күресу керектігі туралы міндет,алдарына мақсат қою.
Көрнекілігі: Арақтың зияны туралы жазылған плакат,денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер. Денсаулығы сау адам мен арақтың кесірінен аруға шалдыққан адамның суреті ілінеді.
Барысы:
Мұғалім: Ал құрметті оқушылар мен ұстаздар,бүгін 9 сыныптар арасында «Арақ құмарлыққа аяусыз күрес» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Ондағы мақсатым қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп,жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі-маскүнемдік, араұ құмарлық екенін және осы кеселге қарсы күресу керектігі туралы оқушылардың санасына жеткізу,ол әрбір ұстаздың жауапты міндеттерінің бірі деп ойлаймын,міне біздің бүгінгі сынып сағаты осы шараның бастамасы іспетті.Алдын ала оқушылардың анкета сұрақтарына жауап алған болатынмын.Сонымен танысайық.
1.Сен ең бірінші рет ішімдікпен (арақ,шарап,сыра,т.б) қашан таныстың?
Жауабы: Бұл сұрақ бойынша 4 оқушы сырамен, шампанмен танысыпты, қалғандары таныс емеспіз днп жауап берді.
2. Алкогольдің адам ағзасына әсері туралы не білесің?
Жауабы: Оқушылардың барлығы түгелдей алкоголдің адам ағзасына тигізетін зияны көп екенін,жамандыққа ұшыраттаынын біледі екен.
3. Жасөспірімдер қандай себептердің салдарынан ішеді?
Жауабы: 6 оқушы-қызыққаннан, 1 оқушы –ата-аналаранасымен келіспеушіліктен ерегесіп, 2 оқушы-қуғаннан, 2 оқушы-істейтін ісі жоқ еріккеннен, 2 оқушы-мақтаныш үшін, 3 оқушы-белгілі бір себептермен мерекелерде ішеді.
4.Маскүнемдікті қалай жоюға болады?
Жауабы: Арақ деген нәрсені шығармау керек.Маскүнемдерді арнайы орындарға апарып емдету керек,жұмыссыздықты жою керек деген жауаптар алдым.
Ал енді сөзді оқушыларға берейік. Қазір арақ ең алғаш қалай пайда болғанын естиміз.
1-оқушы: Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жылдар бойы арақты білген жоқ.Араққа үйір болу адамның жас кезіндегі қателерінің бірі.Адамдар жеміс-жидектіжабық ыдысқа ұстағанда бір түрлі ішімдік пайда болатынын байқаған.Бірақ алғашқы кезде оны өте сирек және аз мөлшерде ішкен.
2-оқушы: Күші 5-7 грамм болатын бал-сыры адамдардың сүйікті ішімдігіне айналған, тек ХҮІ ғасырда алхимиктер арқ жасаған, оны дәріханаларда аз мөлшерде дәрі ретінде пайдаланған.Бейберекет ішімдікке салынущылық ХІХ ғасырда басталды.Қазақ халқының тарихында және лексикасында «арақ» деген сөз болған емес.Олар ашытып қымыз,шұбат және боза ішкен.Қазан төңкерісінен кейін арақ ішу кең өріс алып,біртіндеп айықпас кесел,сатып алатын аруға айналды.
3-оқушы: Жануарлармен салыстырғанда адам әлжуаз келеді.Мысалы:көруі,естуі жануарлармен салыстырғанда мүлдем нашар.Жүгіргенде ит те,мысық та адамнан озып кетеді.Ішкі мүшелері бірінің үстіне бірі орналасқандықтан басқа жануарлар ауырмайтын аурулармен ауырады.Білек күшіміз де оңып тұрған жоқ.Салмағы 9 килограмдық гиббон маймылы адамды бір қолымен-ақ көтереді.
4-оқушы: Оның артықшылығы жүйке жүйесінде,бас миында және жарты шарларында.Біздің миымыз ұшатын машина ,ғарыш кемелерін жасады,қолымыз еңбек жүйесіне айналды.Сол қолымен рюмка көтеріп,арақ ішсе,миллиондаған жылдардың өнімі миымызды,санамызды әп-сәтте быт-шытын шығарып,адамды аң,айуанға айналдыруға болады.
Мұғалім: Енді бізге оқушылар арақ адам ағзасына қаншалықты әсер ететінін айтып берсін.
5-оқушы: Шарап ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі.Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына 100 грамм жүзім шарабынан беріп отырған,сонда балалардың көңіл-күйі тез көтеріліп,көп сөйлеп,қызу қозғалысқа түскен.Біршама уақыттан кейін керісінше олар шаршап,ұйқы басқан.Жазулары бұзылып,есеп шығарғанда көп қате жіберген.Текстілердіжаттап,оқығандарын қайтадан айтып берулеріқиындаған.Балалық және жасөспірімдік шақта баланың ағзасына алкоголь тез уландырып,қысқа мерзім ішінде маскүнемдікке айналдырады.Олардың емделуі нәтиже бермейді.
Плаккаттың көмегімен сау адам мен маскүнемнің өкпесінің айырмашылығы көрсетіледі.
6-оқушы: Маскүнемдердің балаларының 38,6 пайызы кемтар немесе шала туады.Ондай отбасында бала өлімі басқа отбасымен салыстырғанда 2-3 есе жиі болады.Зерттеуші ғалымдар ақыл-есі кеміс баланың 90 пайызы,әке-шешесі арақ ішетін отбасының балалары екендігін анықтаған.
7-оқушы: Барлық қайғы мен сордың басы арақтан басталады.Ұрлықтың 55 пайызы,тонаудың 79 пайызы,шабуыл жасаудың 69 пайызы мас күйде жасалатындығы анықталған.
Мұғалім: Енді бір рюмка арақтың қаншалықты жұмыс қабілетіне әсер ететін тыңдайық.
8-оқушы: Бір рюмка арақ әріп терушінің жұмыс қабілетін 20 пайызға кемітіп, қателесуін 30 пайызға арттырады. Мерген 100 ұпайдан 96 ұпай алуы тиіс болса,50грамм арақтан кейін 100-ден 26-ақ қпай алған.
9-оқушы: Әрине, білі алуға ұмтылмайтын жасөспірімдер араққа үйір болады. Олар үй тапсырмасын орындауға бос уаұытының 1 сағатын да жұмсамайды.Оның орнына аузына темекіні қыстырып,гитара тартып,ертеден кешке дейін домино не карта ойнаудан жалықпайды.Немесе теледидардан барлық көрсетулердің біреуін жіберместен көріп, магнитафон тыңдап, одан музыка.ән көшіріп жазуды ермек етеді.
Осы кезде залдан: «Жә, қойыңдаршы! Арақ ішпе, темекі тартпа, сонда не істе дейсіңдер?»,-деген дауыс шығады.
Оқушылар: Спорт,спорт,спортпен шұғылдан.
Арақ кейпінде киінген оқушы шығады.
Арақ:
Тонсаң мені іш,жылынасың
Қайғырғанда іш,пәлеге ұрынасың!
Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!
15 тәулік айықтырғышқа қонасың!
Ішсең қисаңдап жүресің,
Ретсіз ыржаңдап күлесің,
Ар-ұяттан айырыласың,
Оны өзің де білесің!
Біле тұра ішесің,
Өз кебініңді өзің пішесің.
Ұрлықты да жасайсың,
Түрмегеде түсесің.
Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,
Арақ өзі құйылмайды ауызға!
Әділетін айтыңдаршы,ағайын,
Кім кінәлі, арқ па әлде ауыз ба?
Залдан арақ,арақ деген сөздер шығады.
Оқушылардың баяндамасы оқылады.
Қорытынды:
Мұғалім: Сонымен балалар,сендер біздің бүгінгі өткізіп отырған тәрбие сағатынан арақ құмарлық,маскүнемдіктің қаншалықты адамға үлкен зиян екенін,қандай үлкен қасірет әкелетінін білдіңдер, сондай-ақ темекінің,оның құрамындағы улы зат никотиннің қаншалықты зиян екенін де білдіңдер деп ойлаймын. Денсаулық кепілі-осылардан аулақ болуда.