kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамны? т??ым ?уалайтын ?згергіштігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мутациялы? ?згергіштік. Мутациялар депкездейсо? пайда болатын т??ым ?уалайтын т?ра?ты ?згерістерді айтады. Мутация (латын тілінде м?татіо – ?згеру)  – хромосомаларды? немесе гендерді? кенеттен ?згеруін айтады. «Мутация» деген терминді ?ылым?а ал?аш голландиялы? ботаник Гуго Де Фриз енгізген. Мутациялы? процесті? н?тижесінде жа?а ?асиеттерге ие бол?ан дараларды мутанттар дейді. Мутациялы? ?згергіштік т??ым ?уалайды.

Организмдерді? ерекшеліктеріне: фенотипіні? ж?не генотипіні? ?згеруіне ?арай мутациялар: морфологиялы?, физиологиялы?, гендік, хромосомалы? ж?не геномды? болып б?лінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамны? т??ым ?уалайтын ?згергіштігі »


Күні:

Сыныбы: 9 «А»

Тақырыбы: §29. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. Мутациялық өзгергіштік.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік – оқушыларды адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерімен таныстыру.

Дамытушылық - адам өмірінде маңызды адам генетикасын оқытып, оқушылардың білімдерін, сана – сезімін дамыту.

Тәрбиелік – адам генетикасын зерттеу арқылы әр оқушыға өз шежіресін құрастыруға үйрету және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тірек - сызба, кесте

Пәнаралық байланыс: тіршіліктану, география, экология, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. «Шыңға шығу» әдісі

  • Өзгергіштік дегеніміз не?

  • Оның қандай формалары бар?

  • Модификаиялық өзгергіштік деген не?

  • Модификаиялық өзгергіштіктің ерекшеліктерін атаңдар.

  • Реакция нормасын қалай түсінуге болады?

  • Үйлесімдік өзгергіштіктің эволюциялық мәні неде?


  1. «Бейнені танып біл» стратегиясы

Берілген суреттер бойынша сөйлеу



ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту

IV. Актуалдау

V. Жаңа білімді меңгерту


Өзгергіштік


Тұқым қуалайтын Тұқым қуаламайтын



Комбинативтік Мутациялық Модификациялық

Морфологиялық Хромосомалық

Физиологиялық Гендік Геномдық

полиплоидия гетероплоидия


Мутациялық өзгергіштік. Мутациялар депкездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістерді айтады. Мутация (латын тілінде мұтатіо – өзгеру) – хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады. «Мутация» деген терминді ғылымға алғаш голландиялық ботаник Гуго Де Фриз енгізген. Мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған дараларды мутанттар дейді. Мутациялық өзгергіштік тұқым қуалайды.

Организмдердің ерекшеліктеріне: фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай мутациялар: морфологиялық, физиологиялық, гендік, хромосомалық және геномдық болып бөлінеді.

Морфологиялық мутацияларға өсімдіктер мен жануарлардың мүшелерінің тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі жатады. Мысалы, өсімдіктердің бойының биіктігі, гүлдер мен гүлшоғырлары түсінің, жапырақ тақтасы мен жемістерінің, сондай – ақ тұқым түрлерінің өзгеруін айтады. Жануарларда: терісінің түсі, аяғының қысқалығы, қауырсынның болмауы. Жәндіктерде: денесінің, көзінің түсінің өзгеруі, қанаттың мөлшері мен пішінінің өзгеруі.

Физиологиялық мутацияларға өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігінің төмендеуі немесе артуы, сонымен қатар олардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ауруға төзімсіздігі мен төзімділігін көрсететін қасиеттері жатады.

Гендік мутациялар ең жиі кездесетін тұқым қуалайтын өзгерістер. Гендік мутацияларда геннің құрылысы, яғни нуклеотидтердің орналасу реті бұзылады. Мұның нәтижесінде бөтен нәруыз синтезделіп, белгі өзгереді. Мысалы, өзімізге таныс бұршақ өсімдігі тұқымының түсі сары немесе жасыл, формасы тегіс немесе бұдыр, гүлінің түсі ақ немесе қара қошқыл болуы. Жануарлардың альбинизм, дрозофила шыбынының көзінің түсі жағынан ақ, сарғыш, ақ сары болуы, сондай – ақ адамда гемофилия, дальтонизм ауруларының болуы гендік мутацияларға байланысты.

Хромосомалық мутациялар. Хромосомалар құрылысының өзгеруі.

Транслокация дегеніміз — екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматид) хромосома материалымен өзара алмасуы.

Инверсия дегеніміз — бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.

Дупликация — хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.

Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады.

Геномдық мутациялар. Хромосома санының ауытқуынан туатын өзгергіштікті геномдық мутациялар дейді. Олардың екі түрі бар: полиплоидия және гетероплоидия. Полиплоидия кезінде хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп артады. Мысалы, мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидті формалар. Ондай өсімдіктердің өнімділігі жоғары, сапасы жақсы болып келеді.

Гетероплоидия депхромосомалар санының еселенбей артуын немесе кемуін айтады. Гетероплоидия адамда бірқатар тұқым қуалайтын ауруларға себеп болады. Мысалы, Даун ауруы 21-жұп бір хромосоманың артық болуына байланысты қалыптасады.

Мутациялық өзгерістердің қалыптасуына себеп болатын қоршаған ортаның жағдайлары мутагендік факторлар деп аталады. Олар үш топқа бөлінеді: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.

Физикалық мутагендік факторларға ультракүлгін, рентген, гамма сәулелері жатады. Бұл сәулелер клетканың тұқым қуалау ақпаратына әсер етіп, гендік мутацияларды туғызады. Семей полигонындағы жарылыстардың мутагендік әсерінен, өсімдіктер мен жануарларды былай қойғанда адамзаттың өзі көп зардап шегуде.

Химиялық мутагендік факторларға түрлі қышқылдар, спирттер, ауыр металл тұздары, алкалоидтар мен никотинді жатқызуға болады.

Биологиялық мутагендік факторларға вирустар, кейбір бактериялар, бірқатар паразиттік организмдердің ыдырау өнімдері жатады.

Ресми деректер бойынша Қазақстанның 34 нүктесінде ірілі - ұсақты ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізілген. Осы сынақтардың нәтижесінде атмосфераға, литосфераға, гидросфераға өте көп мөлшерде радиоактивті заттар шығарылған. Еліміздің көптеген аймақтарында радиацияның әсерінен кемтар мүгедек сәбилер дүниеге келуде. Осы сынақтардың ішінде Семей полигоны негізгі орында.

- Қай жылы алғаш Семей полигонында жарылыс болды?

- «Семей - Невада» қозғалысын басқарған кім?

- Ондағы мақсат қандай?

- Бұл сынаққа мораторий жариялаған кім?

Сонымен сабағымызды қорытындылай келе мутация пайдалы ма, әлде зиянды ма? Пайдасы мен зиянын атап шығыңдаршы.

- Ал біз өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауымыз керек. «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» дей келе сабағымды аяқтаймын.

VI. Дамытушылығы


  1. Тез ойла” стратегиясы


  • Мутация дегеніміз?

  • Мутация ұғымын қалыптастырған ғалым кім?

  • Г.Де Фриздің 1901 жылы жарияланған еңбегі қалай аталады?

  • Мутация тудыратын факторлар

  • Хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп артады.

  • Хромосомалар санының еселенбей артуын немесе кемуін айтады.

  • Хромосома құрылымының өзгеруіне байланысты болатын мутация.

  • Хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын мутация.

  • ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болатын мутация.









  1. Сәйкестігін табыңдар.

  1. Модификациялық өзгергіштік

  2. Үйлесімдік өзгергіштік

  3. Мутациялық өзгергіштік

  4. Полиплоидия

  5. Гетероплоидия

  6. Хромосомалық мутациялар

  7. Гендік мутациялар


а) аминқышқылдары орналасу ретінің бұзылуы;

ә) нуклеотидтер орналасу ретінің бұзылуы;

б) хромосомалар құрылысының өзгеруі;

в) хромосомалар санының өзгеруі;

г) сыртқы орта жағдайларына байланысты фенотиптің өзгеруі;

ғ) генотиптің өзгеруі;

д) хромосомалардың айқасуы кезінде сәйкес үлескілерімен алмасуы;

е) ұрпақтарында тұқым қуалау материалының даңа үйлесімдерінің түзілуі;

ж) топтық, тұқым қуаламайтын өзгргіштік;

з) айқын емес, жеке – дара өзгергіштік;

и) хромосомалар санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп артуы;

к) хромосомалар санының еселенбей артуы немесе кемуі;

қ) хромосома бөлігінің үзіліп түсіп қалуы.



Жауабы:

  1. Модификациялық өзгергіштік

  2. Үйлесімдік өзгергіштік

  3. Мутациялық өзгергіштік

  4. Полиплоидия

  5. Гетероплоидия

  6. Хромосомалық мутациялар

  7. Гендік мутациялар

Г, Ж

Е, Ғ

Ғ, З

И

В, К

Б, Қ

А, Ә


Графикалық диктант

Сұрақтары:

1. Мутация – организм генотипінің, яғни гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

2. Мутация туралы ұғымды ғылымға Г. Мендель енгізді.

3. Хромосомалық мутациялар құрылымының өзгеру салдарынан болады.

4. Мутация мутагендердің әсерінен болады.

5. Мутация құбылысы тек өсімдіктерге ғана тән.

6. Химиялық мутагендерге – радиоактивті, лазер сәулелері жатады.

7. 1901 ж Де - Фриздің «Мутациялық теория» деген еңбегі жарыққа шықты.

8. Генеративтік, яғни дене жасушаларындағы мутация.

9. Мутация қандай жасушаларда пайда болатындығына байланысты екіге бөлінеді.

10. Мутация тұқым қуаламайды.


VII. Бекіту


Терминдермен жұмыс

  1. Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.

  2. Модификациялық өзгергіштік - сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты тұқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуын айтады.

  3. Мутация – хромосомалардың немесе гендердің кенеттен өзгеруін айтады.

  4. Мутанттар - мутациялық процестің нәтижесінде жаңа қасиеттерге ие болған даралар.

  5. Гендік мутациялар геннің құрылысы, яғни нуклеотидтердің орналасу ретінің бұзылуын айтады.

  6. Хромосомалық мутациялар - хромосомалар құрылысының өзгеруі.

  7. Геномдық мутациялар - хромосома санының ауытқуынан туатын өзгергіштік.

  8. Гетероплоидияхромосомалар санының еселенбей артуын немесе кемуін айтады.

  9. Мутагендік факторлар - мутациялық өзгерістердің қалыптасуына себеп болатын қоршаған ортаның жағдайлары.

VIII. Қорытындылау

IX. Үйге тапсырма

§29. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. Мутациялық өзгергіштік.

X. Бағалау

Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Адамны? т??ым ?уалайтын ?згергіштігі

Автор: Жанузакова Жазира Бекарысовна

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160588


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства