kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам туралы ?ылымдар. Адамны? био?леуметтік таби?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?та о?ушылар?а адам туралы  ?ылымдарды? м?нін ашып, ?з денсаулы?ы мен айналасында?ы адамдарды? денсаулы?ын са?тау ?шін адам организміні? ??рылсы мен ?ызметіні? білімдері туралы ?ылымдарды? ?алыптасуына ?алымдарды? ?ос?ан ?лесін т?сіндіре кету, С?С ж?не адамны? био?леуметтік таби?атыны? м?нін ашып т?сіндіру. Саба? жа?а саба? т?рі бол?анды?тан, е? алдымен анатмия, биология, физиология ?ылымдары нені зерттейтінін т?сіндіре кетіп, содан кейін анатомия мен физиология ?ылымдарыны? ?ыс?аша даму тарихын ?арастырамыз. Оны кесте т?рінде сыздырту?а болады. Адамны? био?леуметтік таби?аты та?ырыпшасында адамны? ?андай ж?йелік топ?а жататынын ж?не  с?йкес белгілерін ашып к?рсетуге болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам туралы ?ылымдар. Адамны? био?леуметтік таби?аты »

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 1

Пән: биология

Сынып: 8 «А»

Күні:



Сабақтың тақырыбы: Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена. Өз денсаулығы мен айналысындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін адам организмінің құрылысы мен қызметінің білімдері туралы ғылымдардың қалыптасуына ғалымдардың қосқан үлесі. Салауатты өмір салты туралы түсінік. Адамның биоәлеуметтік табиғаты

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік:Оқушыларға адам туралы ғылымдардың мәнін ашып, өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін адам организмінің құрылсы мен қызметінің білімдері туралы ғылымдардың қалыптасуына ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіре кету, СӨС және адамның биоәлеуметтік табиғатының мәнін ашу;

2. Дамытушылық: Оқуышлардың оқулықпен ұмыс, кестемен жұмыс жсау дағдысын арттыру;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ғалымдарды құрметтеуге, СӨС қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, баяндау

Көрнекіліктер: ғалымдардың портреттері

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа тақырып

Жануарлар дүниесінің миллиондаған жылдардағы тарихи дамуы кезінде табиғаттың дара тұлғасы – адам п.б. Адам – органикалық дүниенің тарихи дамуының жемісі.

Адам бірте-бірте өзін қоршаған табиғаттың сан алуан құпия-сырларын тани білді. Табиғаттың түрлі құбылыстарына бейімделіп, табиғатты өз мақсатына сай өзгертуді үйренді. Табиғат заңдылықтарын түсініп, білу арықылы ө ағзасын (организмін) зерттеуге де көңіл бөлді. Нәтижесінде биоллгиялық ғылымдар қатарына жататын – анатомия, физиология және гигиена ғылымдары дамыды.

Анатомия (гр. «anatome» - кесу, сою, бөлшектеу) – ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым.

Физиология (гр. «physis» -табиғат, «logos» - ғылым) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым.

Гигиена (гр. «hygieinos» - дені сау) – адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді.

Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша даму тарихы

Ғалым

Не істеді?

Еңбектері

Гиппократ (б.з.б.шамамен 460-377)

Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеді. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабырғалардың, бұлшықеттердің, ірі қантамырларының құрылысын зерттеген.


Клавдий Гален

Римдік анатом және физиолог ғалым. Маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлапсы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған.

«Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы»

Әбу Насыр әл-Фараби

Жүрек туралы құнды пікірлер айтқан.

«Қайырымды қала», «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі»

Әбу Әли ибн Сина

Тәжік дәрігері әрі философы. Анатомия мен физиологияны жүйелеп,қосымша мәліметтермен толықтырған.

«Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері»

Андреас (Андрас) Везалий

Ғылыми анатомияның негізін салған ғалым, италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар жүргізген. Қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім мүшелерін жүйелеген.

«Адам денесінің құрылысы туралы» 7 кітап (1543)

Уильям Гарвей

Ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйық екендігін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан. Физиология ғылымының негізін салушы ғалым.


Иван Михайлович Сеченов

Физиологиның атасы. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеді. ОЖЖ-гі тежелу процесін ашқан.

«Ми рефлекстері» (1863)

Илья Ильич Мечников

Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты. Лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз д.а.


Иван Петрович Павлов

Физиологияның дамуына үлес қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғ.ЖЖ-нің қызметін, қанайналымның реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі – бәсеңдететін, үшіншісі – жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты релексті ашқаны үшін 1904 ж. Нобель сыйлығы берілген.


Халел Досмұхамедов

1920 ж.бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922-29ж. прфессор атағын алған.

«Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент).

Адамның биоәлеуметтік табиғаты

Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға жатады:

Хордалылар (желілілер)

Типі

Омыртқалылар

Тип тармағы

Сүтқоректілер

Класы

Ұрықжолдастылар

Класс тармағы

Маймылдар

Отряды

Адамтектес маймылдар

Отряд тармағы

Адамдар

Тұқымдасы

Адам

Туысы

Саналы адам

Түрі

Антропология (гр. «anthropos» - адам, «logos» - ғылым) – адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейді. Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4-кезеңге бөлінеді:

1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120-150 см, дене салмағы 20-50 кг. Тік жүріп ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.

2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, қоғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып қарым-қатынас жасаған.

3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300-1500 г болған. Еңбек құралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.

4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеу, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.

Адамның өзіне тән басты ерекшелік белгілері:

  1. Тік жүруге байланысты омыртқа жотасында иілімдер п.б. Аяқтарының бұлшықеттері жақсы дамыған.

  2. Ми көлемі дамыған, әсіресе ми қыртысының құрылысы күрделеніп, сайшалар, иірімдер п.б.

  3. Қолбасының сүйектері жақсы дамыған, икемді қозғалыстар жасайды.

  4. Жақ сүйектері күрделі өзгеріп, иек айқын байқалған.

  5. Ұрықтың жатырда даму мерзімі ұзарған. Жыныстық жетілу мерзімі кешеуілдеген. Орташа өмір сүру жасы ұзарған.

Гуманизм (лат. «humanus» - адамдық, адамгершілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды.оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы – жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.

СӨС туралы түсінік

Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынанқоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсетткіші б.с. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Халқың сырқат болса қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар.

Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін СӨС ұстануы қажет. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында СӨСқалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 ж. «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» арнайы заң қабылданған.

Денсаулық дегеніміз –

  1. Аурудың немесе дене кемістігінің болмауы;

  2. Адамның денесінің, рухани жан-дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы;

  3. Дене мүшелерінің, адам психикасының қалыпты қызмет атқару жағдайы;

  4. Ұжымның, қоғамның мүшесі ретіндегі белсенділігінің, жұмыс істеу қабілетінің болуымен ерекшеленеді.



  1. Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау

  2. Үйге тапсырма: кіріспе оқу. П.Ивановтың өмірбаяны




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адам туралы ?ылымдар. Адамны? био?леуметтік таби?аты

Автор: Кульбекова Айжан Сабиржановна

Дата: 10.10.2015

Номер свидетельства: 238162


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства