Просмотр содержимого документа
«9-сынып. Биология п?ні. Саба?ты? та?ырыбы. ТІркес т??ым?уалау. Жынысты? хромосомалар ж?не оларды? гендері»
9-сынып. Биология пәні.
Сабақтың тақырыбы. ТІркес тұқымқуалау. Жыныстық хромосомалар және олардың гендері
Мақсаттары. Білімділік: оқушыларға тіркес тұқымқуалау, жыныстық хромосомалардың тірі организмдер өміріндегі ролі және олардың гендері туралы түсіндіру. Дамыту: генетика ғылымы туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту. Т.Морган генетика ғылымына қосқан үлесі және жынысты алдын ала анықтау жолдарымен таныстыру. Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялай білуге. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі. Жаңа материалды игеру.
Көрнекіліктер: Т. Морган, Виктория патшайымы суреті, сызбанұсқалар.
Пән аралық байланыс: тарих, география, медицина..
Әдебиеттер. М. Қ. Гильманов. А.Р. Соловьева. Л. Ү Әбшенова. 9 -сынып. Биология «Атамұра». 2013 жыл. Генетиканың ашылу тарихы. В.А. Мусин. Будандастырудың табиғаттағы ролі. Генетика.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығың теқсеру. ІІ.Жаңа сабақты менгеруге дайындық кезеңі.
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1.Терминдермен жұмыс. Генетикалық таңбаларды еске түсіру. ( Жалпылама)
(PISA- стратегиясын қолдану) Т. Морган америкалық биолог, эмбриолог 1910 жылы Колумбий университетінде генетикалық тәжірибелер жасады. Дрозофила шыбынын зерзат ретінде пайдаланды. Нәтижесінде тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты. Нобель сыйлығына ие болды. Бір хромосома шегінде болатын гендер тіркес гендер деп аталды.
Тапсырма: Мәтінді оқып қысқа да нұсқа мәліметтерді бөліп дәптерге жазу.
2.Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы:
1. Гендер хромосомада түзу орналасады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркес топтар құрайды. Саны гаплойдты.
Мысалы: адамда 23, жүгеріде 10.
3. Гендердің арақашықтығы айқасуға тура пропорционалды болып келеді.
Арақашықтықтар айқаспа пайызымен өлшенеді Морганида мен санти морган өлшемдері 1-ге тең деп анықталады.
Жынысты алдын ала анықтау. Генотипті және фенотипті болып келеді.
Фенотипті: қоршаған орта жағдайларына байланысты, температура әсер етеді. Динозаврлардың жойылу себебі температураның төмендеуі деп есептеледі.
Хромосомалардың диплоидті және гаплоидті жиынтығы. 22 жұп аутосомалар мен жыныс хромосомалардың ерекшелігі. Аталық пен аналық жұп хромосомалардың айырмашылығы табиғаттағы рөлі. Гетерогаметалы - гомогаметалы жыныстық хромосомаларды тап:
Кестемен жұмыс.
Организмдерде жыныстық хромосоманы анықтаудың типтері.
Сүтқореқтілер мен жәндіктер ................. ХХ ХУ
Құстар мен көбелектер ................. ХУ ХХ
Шегірткелер ................. ХХ ХО
Гаметалар түзу кезінде аналық дарағының құрамында 23 хромосома болатын бірдей жұмыртқажасушалар түзеді. Олардың 22-сі аутосомалар, біреуі – жыныстық Х- хромосома Бұлар гомозиготалы .ХХ. Аталықта 22+ХУ бұлар гетерозиготалы. Алдын ала жынысты анықтау: 44ХХ 44 ХУ ата- ана.
22Х - 22Х қыз, 22 Х -22 У ұл. 1:1 тең.
Пеннет торкөзін пайдалана отырып, жыныстар арақатынасының теория жүзінде 1:1 –ге тең болатының дәлелде (генетикалық есеп шығару)
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау мысалдары:
ГЕМОФИЛИЯ, ЖАРҒАҚТЫҢ БОЛУЫ ( саусақтар арасында), ДАЛЬТОНИЗМ
Гемофилияның пайда болу жолдары : қанның дұрыс ұюын Н гені, ал ұю қабілеті болмауын һ гені анықтайды.
Дені сау қыз. Дені сау ұл. Тасмалдаушы қыз Ауру ұл.
Тапсырма №2. Сұрақтарға ия не жоқ деп жауап бер.
Виктория патшайымы гемофилия генін тасмалдаушы. 1.Виктория гемофилиямен ауырдыма? Гемофилия гені У хромосомада ма? Гемофилия гені Х хромосомада ма? Қазақтар жеті атаға толмай қыз алып, қыз бермеген ба? Ата- бабаларымызды сегіз қырлы, бір сырлы генетик болған деп айта аламыз ба
қыздарға қарағанда өмірге 2- топ. Неліктен халық дрозофиланы
көбірек келеді? Себебі:
жеміс шыбыны деп атайды? Себебі:
3-топ. Мезозой динозаврлар заманы
болып есептелді,бірақ олар жер бетінен
жойылып кетті. Себебі:
Тапсырма №4. Суретке назар аудар. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Гауһар Айдананы қонаққа шақырды. Құрбысы кешке келеді.Гауһар ерте тұрып бау- бақшаға барып, жеміс - жидектерді жинап, жуып, табаққа салып, өзі дәмін татып, даладағы үстелге апарып қойды. Кешке қарай қонақ та келді. Қыздар бүлінген жеміс- жидектер үстінен құжынаған жеміс шыбындарын көрді.