kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 класс §1. Адамны? тірі а?залар ж?йесіндегі алатын орны. Саба? жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспарын ?лгі ретінде коруге болады. Саба? барысында ?олданып, пайдалану?а ?сынып отырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 класс §1. Адамны? тірі а?залар ж?йесіндегі алатын орны. Саба? жоспар»

Бекітемін:__________

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Құлманқұлова

Пән аты: биология

Сыныбы: 8 «А», «Б»

Мерзімі: 05.09.2016ж

Пән мұғалімі: Төлегенова Ғ.Т.

Сабақтың тақырыбы

I тарау. Адам - тірі ағзалардың жоғары сатысы

§1.Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны

Сілтеме

  1. М.Қ.Гильманов, А.Р.Соловьева, Л.Ү.Әбшенова Биология 9 сыныбына арналған оқулық Алматы «Атамұра» 2013ж.

  2. Интернет желісі: Яндекс, Google сайттары

Жалпы мақсаты

Оқушыларды адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны туралы білім беру

Күтілетін нәтиже

Оқушыларды бір - бірін сыйлауға, ақылдылыққа, адамгершілікке тәрбиелей отырып, адамның келешекке, ғылымға, адамзатқа пайдасы туралы көзқарастарын қалыптастырады.

Тапсырма көздері

1.Өз бетінше іздену жұмыстары

2.Өзара пікір алмасу

3.Бірін-бірі тыңдау арқылы өзара әрекеттестікте жұмыс жасау

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайд, постерлер, тірек-сызба, сөзжұмбақ, биологиялық диктант

Үй тапсырмасын сұрау

1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

  • Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.

  • Өткен тақырыпқа жалпы шолу

2. Кіріспе кезеңі

  • 1. Гиппократтың анатомия мен физиологияның дамуына қосқан үлесі қандай?

  • 2. И. М. Сеченовтың зерттеген саласы қандай, еңбектерін атаңдар.

  • 3. Павловтың зерттеулері қай салада жүргізілген? Оған нобель сыйлығын не үшін берілді?

  • 4. Анатомия, физиология, гигиена ұғымдарына анықтама беріңдер?

Тапсырма : Тұлғаны таны (берілген суреттегі кім? және қандай еңбегін білесіңдер?)

Жаңа сабақ

Тірі ағзалардың тарихи дамуында адам жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі. Адамның дене құрылысы және жеке мүшелерінің атқаратын қызметі басқа ағзаларға ұқсас. Сондықтан да адам тірі ағзалардың құрамды бір бөлігі деп есептелінеді. Адамның денесі де жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден құралған. Тірі ағзаларға тән – зат алмасу, тітіркену, өсу, даму және т. б. қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа ағзалардан дене құрылысының күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы – өзіне тән ақыл-ой, санасының болуы.

Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға жатады:

хордалылар (желілілер) типінеомыртқалылар тип тармағынасүтқоректілер класынаұрықжолдастылар класс тармағына маймылдар отрядына адамтектес маймылдаротряд тармағынаадамдар тұқымдасынаадам туысынасаналы адам түріне жатады.

Қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана саналы адам түріне жатады.

Адамның шығу тегі және тарихи даму кезеңдері

Адамның пайда болуы туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін антропология(грекше «anthropos» – адам, «logos» – ілім, ғылым) ғылымы зерттейді. Антропология – түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейді. Сонымен бірге жануарлар мен адамның дене құрылысындағы ұқсас және айырмашылық белгілерге де ерекше көңіл бөледі. Ерте замандарда тіршілік еткен адамтектес тіршілік иелерінің қаңқа қалдықтарын зерттеуге де мән береді. Адамның пайда болуында оның тік жүріп тіршілік етуге бейімделуі шешуші рөл атқарды. Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді.












1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120–150 см, дене салмағы 20–50 кг. Тік жүріп ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.

2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, қоғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып қарым-қатынас жасаған.

3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300–1500 г болған. Еңбек құралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.

4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.

Адамның өзіне тән басты ерекшелік белгілері:

1. Тік жүруге байланысты омыртқа жотасында иілімдер пайда болған. Аяқтарының бұлшықеттері жақсы дамыған.

2. Ми көлемі дамыған, әсіресе ми қыртысының құрылысы күрделеніп сайшалар, иірімдер пайда болған.

3. Қолбасының сүйектері жақсы дамыған, икемді қозғалыстар жасайды.

4. Жақ сүйектері күрделі өзгеріп, иек айқын байқалған.

5. Ұрықтың жатырда даму мерзімі ұзарған. Жыныстық жетілу мерзімі кешеуілдеген. Орташа өмір сүру жасы ұзарған.

Кейінгі тапсырмалар

1-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді толықтырып жазыңдар:
а) Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы өзіне тән -----------, --------------- болуы.
ә) Ұрығы аналығының арнайы мүшесі ------------ дамиды.
б) Табан сүйектері ---------- орналасқан.
в) Басбармақтары басқа саусақтарына ----------- орналасқан.
г) Терісінде көптеген -------------- бездері болады.
ғ) Саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес ------------.
д) ---------------- бұлшықеттері жақсы дамыған.
2-тапсырма. Лездемелік сұрақтар:

  1. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым

  2. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған адамдар

  3. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған адамдар

  4. Ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300–1500 г болған адамдар

  5. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған адамдар

  6. Дене салмағы 20-50 кг, бойының ұзындығы 120-150 см алғаш отты пайдаланған адамдар?

  7. Ұрығы аналығының арнайы мүшесі – жатырда дамитын жануарларды жіктеудегі жүйелік топтың атауы?

  8. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы?

  9. Тірі ағзалардың тарихи дамуының соңғы кезінде пайда болған биологиялық түр?

  10. Түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейтін ғылым саласы?

3-тапсырма. Тест сұрақтары
1. Рудиментті табыңыз:
а/түкті адам ә/ аппендикс б/құйрықты бала
2. 1871 жылы шыққан “Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” еңбегінің авторы кім:
а/Ж. Б. Ламарк, ә/Ф. Энгельс, б/Ч. Дарвин
3. Адамның тарихи дамуы:
а/онтогенез ә/филогенез б/ антропогенез
4. Жеке түрлердің өз ата - тектерінің белгісіне қайта оралуы қалай аталады:
а/рудимент ә/атавизм б/гомологиялық мүше
5. Еңбек әрекеті, сөз, ойлау антропогенездің қозғаушы күшінің қай факторына жатады.
а/әлеуметтік ә/ биологиялық б/экологиялық
6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес антропогенездің қай факторына жатады:
а/әлеуметтік ә/ биологиялық б/аналогиялық
7. Адамда соқырішек, үшінші қабақ ата тегінен қалған белгілерге жатады. Осындай белгілердің ғылыми атауы:
а/рудимент ә/атавизм б/гомология
1. Ә 2. Б 3. Б 4. Ә 5. А 6. Ә 7. А

Қорытынды

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерін атайды.
Рудименттік белгілер:
1) құйымшақ
2) соқыршек
3) Құлақ айналасындағы бұлшық еттер
4) Терідегі түктер

Атавизим деп арғы ата – тектің белгілерінің қайталануын атайды
Атавизим белгілері
1) Денесін қалын түк басқан баланың дүниеге келуі
2) Көп емшекті, құйрықты нәрестенің туылуы
Адам эвалюциясының қозғаушы күштері
1) Биологиялық → Тұқым қуалайтын өзгергіштік, табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес
2) Әлеуметтік → Еңбек әрекеті, сөз, ақыл - ой, сана, еңбектің қоғамдық сипаты

Бағалау

Формативті бағалау

Үйге тапсырма

§1 параграфты оқып келу. Тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға жауап дайындау (ауызша).

Шығармашылық жұмыс: "Алғашқы адамның бір күні" әңгіме құрастыру


Сабақ туралы жалпы ойың?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Не жақсы өтті?

...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... Қайсы жақсы шыққан жоқ?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сіз нені дамытар едіңіз?

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
8 класс §1. Адамны? тірі а?залар ж?йесіндегі алатын орны. Саба? жоспар

Автор: Т?легенова ?айни Т?ребек?ызы

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 346104


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства