Мемелекеттік тілде еркін с?йлей алатын, ?з ойы мен пікірін ?аза?ша еркін жеткізе алатын, Отанымызды? тарихын, салт-д?ст?рін, м?дениеті мен ?дебиетін тере? білетін білімді т?л?аны, елімізді? саналы азаматтарын даярлауды м??алімдерден к?теді. Сонды?тан, м??алім ?мір бойы о?ып, ізденісте болу керек.
Міне, менде осындай ізденісті шы?дайтын т?рлі жа?алы?тар?а толы жалпы білім беретін мектеп м??алімдері ?шін «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ?йымы, педагогикалы? шеберлік орталы?ы мен а?ылшынды? кэмбридж университеті бірігіп жаса?ан ІІІ базалы? біліктілікті арттыру курсын ж?зеге асырушы «?рлеу» педагогикалы? ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру ж?не ?айта даярлау институтында ?йымдастыр?ан біліктілікті арттыру курсыны? бірінші бетпе- бет кезе?іне келіп, ба?дарламаны? жеті модулін топта тренерді? к?мегімен теория ж?зінде ме?гердім.Н?с?улы?ты? 91 бетіндегі орта мерзімді ж?не ?ыс?а мерзімді жоспарды ?алай ??ру керектігін негізге алып, бірінші бетпе-бетте тренерді? ба?ыттауымен ?ыс?а мерзімді жоспарымды ??рдым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«8 клас?а арнал?ан биология п?ні бойынша ?МЖ »
Пәні биология
Сыныбы 8а класс
Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер.Фагоцитоз теориясы Сабақтың мақсаты: Қан жасушаларының түрлері туралы түсінік Сабақтың міндеті: Білімділігі : Лейкоциттердің қасиеттері мен қызметтеріне тоқталып, маңызы туралы менгерту Тәрбиелігі: Салауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Дамытушылығы : Оқушылардың ізденімпаздық ,танымдық қабілеттерін дамыту Оқу нәтижелері: Қан жасушаларының түрлері туралы түсініктері кеңейеді
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурс
3 мин
Ынтымақатастық атмосферасын құру, топқа бөлу
Психологиялық сергіту сәті.
7 мин
«Кім жылдам?» ойыны.
Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі ме? (Ия)
Дәнекер ұлпасына жататын және үнемі қозғалыста болатын ішкі орта не деп аталады? (қан)
Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері (5 л)
Қан плазмасы қанның қанша пайызын құрайды ?(55-60%)
Плазманың құрамындағы су қанша пайызын алып жатыр ? (90%)
Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы шамамен 120 күн, содан кейін олар қайда бұзылады? (көкбауырда жәнебауырда)
Оқулық, қосымша ақпарат көзі
7 мин
«Ойлан тап» ойыны
Тұрмыстық газ бен отын пеште толық жанбаған кезде түзілетін иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда адам неліктен өліп кетеді?
(Ж: гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглобин түзеді, карбоксигемоглобин оттек байланыса алмайды, сол себепті)
2. Өкпе капилляры арқылы өткен гемоглобин эритроциттерде оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа айналады, ол қандай қосылыс? (Ж: оксигемоглобин)
Интер белсенді тақта
10 мин
Актуалдау
«ӨКІЛ»
Лейкоцит қызметі
Оқушылар оқулықтан лейкоцит қызметі туралы оқып,өкіл шығып бір-біріне айтады
а ) Мұғалім иммунология, иммунитет, иммунитет түрлері жөнінде түсінік береді.
Соныменең : сенің иммундық жүйең сенің организміннің жасушаларын басқа жасушалардан ,( мысалы бактериялардан,) сенің организіміне түссе, онда ақ қан түйіршіктері оларды ажыратадыда, шабуылдай бастайды.
Иммунитет- ағзаның түрлі жұқпалы аурулар мен әр түрлі бөгде денені қабылдамауға
қарсы тұру қасиеті.
Иммунитеттің түрлері
табиғи, туа біткен жасанды
адмдар және жануарлардың белгілі егер организмге түрлі биологиялық препа-
бір түріне тән.Мысалы: адамдар ірі қара раттарды енгізсе пайда болатың иммунитет
ның ауруымен ауырмайды- жылқының ол микробтың бір түріне ғана арналады.
мақасымен, иттің, шошқаның обасымен Бұл иммунитет тұрақсыздау, мысалы бұ-
ауырмайды. зауға парафит ауруына жасалған иммунитет
6 айға дейін сақталады.
Антидене, антиген, лимфациттер деген түсініктерді оқушылардың естеріне салу.
б) Қан туралы ертедегі түсінік.
Адамдар көптеген уақыттар бойы қанды құдыретті, қасиетті күш ретінде таныды. Қанмен бір-біріне адал анттарын берісті. Қазақта «қан жылап тұрып айтты» деген сөз бар, бұл да қанның құдыретіне байланысты айтылған сөз қолданысты. Ежелгі гректерде құдайларына құрбандыққа қан апаратын дәстүр болған. Гректер қанды «жан» тасымалдаушы ретінде таныды. Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамдардың қанын ем ретінде ішуді ұсынған. Ол дені сау адамдардың қаны таза болады деп есептеген.
Қанды ертеректе дәрілік сусындар қатарына жатқызып келді. Ержүрек және ақкөңіл адамдардың қандарын құю адамдарды ұлы батыр қылады деген теріс пікірде болған. Мысалы, Рим папасы Иннокентий VIII қартайған кезінде үш жас өспірімнің қанын өзіне құюды бұйырған, соң өкінішке ұрындырып, Рим папасы да, жас өспірімдер де өлген. Ал Франция ханшайымы Мария Медичи (XVII ғ.) кәрілікке қарсы қан ішіп отырған, бірақ одан оған ешқандай ем қонбаған.
Адамдар қан айналым және жүрек қағысы туралы білсе де, оның себебін түсіндіре алмады. Аристотельдің бұдан 2300 жыл бұрын «Қан мен жылу жүректе түзіледі» деген оғаш пікірі ғылымда XX ғасырдай дұрыс делініп келді.
Мигулэю Сервет Везалий еңбектерінің негізінде кіші қанайналым жолын 1553 жылы ашты. Уильям Гарвей 1628 жылы «Жануарлар қаны мен жүрек қозғалысына анатомиялық зерттеу» еңбегінде қанайналымды толық түсіндіріп берді.
Сыныбы 8 а
Сабақтың тақырыбы Ауру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі. Вакциналар мен емдік сарысулар. Енжар және белсенді, табиғи және жасанды иммунитет. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) алдын алу.
Сабақтың мақсаты: 1. Иммунитет, иммунитет түрлері жөнінде оқушыларға
білім беру. ЖИТС ауруын алдын ала алу жолдарын
айқыну.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамту.
3. Салауаттты өмір сүру салтын насихаттау.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жасалынған дидактикалық тапсырмалар
Күтілетін нәтижелер: Иммунитет, иммунитет түрлері жөнінде оқушыларға
білім беру. ЖИТС ауруын алдын ала алу жолдарын
айқындалады.Вакцина түрлері туралы біледі.
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурс
3 мин
Ынтымақатастық атмосферасын құру, топқа бөлу
Психологиялық сергіту сәті. жұптық әңгіме
7 мин
Үй жұмысын тексеру.
Фронтальдық жұмыс. Сұрақтар:
Оқулық, қосымша ақпарат көзі
7 мин
Денгейлеп тапсырма беру. Тақтада карточкалар бойынша жұмыс
қызыл- 1. Иммундық жүйенің шеткі мүшелерін сипаттандар.
Т- лимфоциттері қандай қызмет атқарады ?
В- лимфоциттері ағзада қандай рөл атқарады ?
көк- 1. Кемік майының қызметі
2. Жұтқыншақтағы лимфа сақинасында қандай бадамша бездер бар?
3. Т-лимфоцит жасушалары қандай иммунитетттің қалыптасуына әсер етеді ?
Сабақтың тақырыбы Қан топтары мен оны құю шарттары
Сабақтың мақсаты қан топтарын бір-бірінен ажырата білу, олардың аурулары және қанды құю жағдалары туралы білімді бекіту.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жасалынған дидактикалық тапсырмалар
Күтілетін нәтижелер: Қан топтарын біледі. Ауру турлерін, терминдермен танысады. Салаутты өмір сүруге дағдыланады.
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурс
3 мин
Ынтымақатастық атмосферасын құру, топқа бөлу
Психологиялық сергіту сәті. жұптық әңгіме
7 мин
Үй жұмысын тексеру.
Жұптық жұмыс
Иммунитет түрлері, резус фактор туралы слайдтарын тексеру
Оқулық, қосымша ақпарат көзі
7 мин
Қанның өзі бөлінеді әрбір топқа,
Ол топтар бір-бірімен жақын доста.
Қан кеткенде топтастар көмектесер,
Донор болу қасиетті іс нағыз досқа.
Жаңа сабақ тақырыбын өз бетінше ашады. сабақты қан құю орталығынан келген маман иелері жалғастырады.
Кәртішкелер 3 түсті
10 мин
Жаңа сабақ.алдын ала дайындалған оқушы мәлімет оқиды:
Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылдың 15-маусымында Жан Батист Дени жүргізген. Ол 20 рет қан алудан кейін әлсіреген ауру адамға қозы қанының бірнеше грамын құйған.
Ландштейнер мен Янскийдің 1900 ж. Зерттеулері арқылы адам қанының эритроциттері аглютиногендер, яғни «желімдеуші»деп аталатын заттар болатыны анықталды.Аглютиногендерді латын әріптерімен А, В деп белгілейді.
Ойланып, «Бірінші байлық - денсаулық» жас өспірімдерді өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға, өмірлік мәні бар адам ағзасының қыр-сырын, ерекшеліктерін білу – оны әр түрлі зардаптардан сақтаудың бірінші жолы екеніне көздерін жеткізуде әр сала мамандарының қатысында өткізілген кіріктірілген сабақтың пайдасы зор болды.
Стикер
Кері байланыс
Алақанның суретін салып әр саусаққа сабақтан үйренгенін және әсерлерін жазады.
1мин
Үй жұмысын беру
Мәтінді оқу
Күнделік
Қан тобы
Аглютиноген
Аглютинин
I О
II (А)
III (В)
I⋁ (А.В)
Жоқ
А
В
В және В
ą және β
β
ą
I – топ 49% әмбебап донор. III – топ 15%.
II – топ 30%. I⋁ - топ 6% әмбебап реципиент.
Донор – қан беретін адам. Реципиент – қан құйдыратын адам. Резус фактор.
1940 жылы Ландшейнер макака-резус маймылы эритроциттерінен адам қанының эритроциттерінің аглютиногеніне туыстас аглютиноген нәруызын тапты. Бұл нәруыз резус-фактор деп аталды. Жер шарындағы адамдардың 85%-ы оң резусты, 15%-ы теріс резусты, яғни ақуыз жоқ.
Егер теріс резусты адамға оң резусты қанды құйса, тіпті қан топтары сәйкес келген жағдайда да теріс резусты адамның қанында бөгде нәруыз болады. Егер қанның қандай резусқа жататынын анықтау мүмкіндігі болмаса, онда резус реципиентке теріс резусты донордың ғана қанын құю керек.
Адамнан адамға қан құюды алғаш рет ғылыми негізінде орыс дәрігері В.Н.Шамов жүргізген.
Кейінгі жылдары қан мен оның құрам бөліктерін сүрлемелеу әдістері жасалуда. Мәселен, қазіргі уақытта әр түрлі ауруларға сұйық ортадағы сүрмеленген эритроциттік, лейкоциттік және тормбоциттік массаны, сондай-ақ сұйық плазманы қолданады. Сұйылтылмаған қан құюдан гөрі мұндай компоненттерді әлде қайда тиімді.
Орталық гемотология және қан құю институттарында қанды ұзақ мерзімге сүрлемелеу әдістері жасалды. Төмен температура оны 7-10 жылға дейін сақтайды.
Қан тобын ажырату оқушыларға тәжірибе жасау арқылы көрсетілді. Резус-факторды анықтау жолы түсіндірілді.
Биолог мұғалім сабақты жалғастыра отырып, адам қанының қай топқа жатуына байланысты оның мінезін анықтауға болатынын әңгімелейді.
Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтауға болады екен.
Бірінші топ қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылысқа көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
Екінші топ – сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекетін мұқият бақылап отырады.
Үшінші топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.
Төртінші топ – көздеген мақсатына жетуге жан-тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
Сау адамның қаны өлік қанының ерекшеліктері айтылды. Өлік қанын құю әдісіне тоқталған жөн.
Өлік қанын құю әдісі өте сирек қолданылады. Өлген адамның қанын құюды пайдалану әдісі туралы ойды бірінші рет В.Н.Шамов (1928) айтқан. Ал тәжрибе жүзінде өлген адамның қанын құюға С.Д.Юдин (1930) пайдаланған. Бұл үшін қанды қатты жарақаттан қайтыс болған, бірақ дененің ішкі қуыстағыағзалары жарақаттанбаған (ішек, асқазан) немесе жұқпалы ауруы жоқ өліктерден алады. Өліктерден қанды қайтыс болған сәттен алты сағаттың ішінде алу керек. Өйткені одан кейін өлік қанында инфекция (Жұқпа) пайда болуы мүмкін. Алынған қан серологиялық, бактериологиялық және патаномиялық тексеруден өтуі тиіс. Қан үлкен ойық көктамыр (вена) арқылы өліктің бас жағын еңкейтіп алынады. Орта есеппен әрбір өліктен 1-2 литрге дейін қан алуға болады. Кенеттен қайтыс болған өліктерден алынған қан алғашқы уақытта ұйығанымен, кейіннен фибинолизге байланысты ұюы тарап кетеді. Сондықтан оларға ұюға қарсы қолданылатын сұйықтықтарды қоспайды. Ондай қаңдар +4 - +6° -та 20 күнге сақталады. Бұл қанға цитрат қосылмағандықтан, көп мөлшерде қан құйғанда цитратпен улану сияқты асқынулар кездеспейтін.
Біздің балаларымыз жеті атадан бергі ағайындар арасында неке құрмаған. Халық емінен басқа медицинаның саласы дамымаған көшпенділер үшін туыстық некенің болмауы – тұқым қуалайтын ауруларды болдырмаудың сара да дана жолы.
Салауатты өмір сүру ағзаға жат қылықтардан аулақ болу керек екенін айтып, ИТИС ауруын тудыратын вирус тек адам қанының жасушаларында ғана тіршілік ететіні жас өспірімдерге мысалдар арқылы түсіндірілді.
Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға тест сұрақтары таратылды.
«Бірінші байлық - денсаулық» жас өспірімдерді өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға, өмірлік мәні бар адам ағзасының қыр-сырын, ерекшеліктерін білу – оны әр түрлі зардаптардан сақтаудың бірінші жолы екеніне көздерін жеткізуде әр сала мамандарының қатысында өткізілген кіріктірілген сабақтың пайдасы зор болды.
Тақырыбы: Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы мәлімет беру. 2. Тәрбиелік: Қан кеткенде көрсетілетін жұмыстың тақырыбын түсіндіре отырып, бір - біріне көмектесуге, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Қан ағатын қан тамырларының түрлері бойынша адамда қан кету түрлерін(салатамырлық, паренхиматозды, көктамырлық, қылтамырлық) жайында білімін тереңдету, өз бетінше іздену қабілетін дамыту. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту және өткенді қайталау Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ (сәйкестендіру тесті, жасырын сөз) Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, алғашқы жедел көмек қобдиы Пән аралық байланыс: Салауаттану пәні,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу 2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру 3. Оқушылар назарын сабаққа аудару ІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру немесе «Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпа сұрағы: 1) Ағзаның ішкі ортасы - қан 2) Қан жасушаларын ата - Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Темір қақпа сұрағы: 3) Қанның құрамы - альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер 4) Бұлардың қызметі - альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер дәрумендер мен иммунитет қанды ұйыту майға ұқсас заттарды тасымалдау
Күміс қақпа сұрағы: 5) Қанның түзілетін орны - Сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде 6) Аглютинация мен резус – факторды анықтаған дәрігер - Аустралиялық дәрігер Карл Ландштейнер
Алтын қақпа сұрағы: 7) Қан айналым мүшелері - Жүрек, қан тамырлары 8) Үлкен қанайналым қай жақтан басталып, қай жақтан аяқталады? - сол жақ жүрекшеден басталып, оң жақ жүрекшеден аяқталады
Алтын сандықтан шыққан сұрақ. Тест тапсырмасын орында: І нұсқа 1. Ересек адамдардағы артериялық қан қысымының қалыпты жағдайы а) 90/70с. б. в) 100/60 с. б. с) 200/140 с. б. д) 120/80с. б. 2. 3 қабатты, қабырғасы қалың бұлшықетті а) салатамыр в) венулла с) капилярлар д) жауап жоқ 3. Газалмасуды жүзеге асырады а) артеиялар в) веналар с) капилярлар д) қолқа 4. Жүрек қуысының саны а) 2 в) 3 с) 4 д) 5 5. Қарыншалардың жиырылу уақыты а) 0, 1сек в) 0, 4сек с) 1 сек д) 0, 3 сек 6. Жүрек орташа шамамен 1минутта қанша рет жиырылады? а) 0, 3рет в) 60 - 80 рет с) 30 - 60 рет д) 40 - 50 рет 7. Кіші қанайналым шеңбері қайдан басталады? а) сол жақ жүрекше в) оң жақ қарынша с) сол жақ қарынша д) оң жақ жүрекше 8. Қан алатын адам а) аглютенді қан в) донор с) рецепиент д) І топ 9. Қандағы эритроциттердің бір - біріне жабысуы а) крассинговер в) канюгация с) аглютенация д) жауап жоқ 10. ІІ топтағы қанды қай топқа құя алады? а) тек І топқа в) тек ІІ мен ІІІ топқа с) тек ІІ мен ҮІ топқа д) барлығына да құя алады
ІІ нұсқа 1. Венадағы қан қысымын көрсет а) 90/70с. б. в) 100/60 с. б. с) 0 - ге дейін д) 200/140 с. б. 2. 3 қабатты, қабырғасы жұқа бұлшықетті а) салатамыр в) вена с) капилярлар д) жауап жоқ 3. Ең ірі салатамыр а) артеиялар в) веналар с) капилярлар д) қолқа 4. Жүрек қабырғасы қанша қабаттан тұрады? а) 2 в) 3 с) 4 д) 5 5. Жүрекшенің жиырылу уақыты а) 0, 1сек в) 0, 4сек с) 1 сек д) 0, 3 сек 6. Жүрек бұлшықетінің өздігінен жиырылуы а) синусты в) ситола с) диастола д) автоматизм 7. Үлкен қанайналым шеңбері қайдан басталады? а) сол жақ жүрекше в) оң жақ қарынша с) сол жақ қарынша д) оң жақ жүрекше 8. Қан беретін адам а) аглютенді қан в) донор с) рецепиент д) І топ 9. І топтың қанын қандай тоқа құя алады? а) тек І топқа в) тек ІІ топқа с) тек ІІІ топқа д) барлық топқа да құя алады 10. Жүрек қабы қалай аталады? а) перикард в) эпикард с) миокард д) эндокард
Тест тапсырмасының жауаптары: І нұсқа - 1Д, 2А, 3С, 4С, 5Д, 6В, 7В, 8С, 9С, 10С. ІІ нұсқа - 1С, 2В, 3Д, 4В, 5А, 6Д, 7С, 8В, 9Д, 10А. Оқушылар ұпайларының санын есептей отырып үй тапсырмасын өздері бағалайды Ескерту: Бағалау сабақтың бастапқы кезеңінде таратылып беріледі.
Сабақтың тақырыбы: «Канайналым мүшелері» (презентациясымен) Сабақтың мақсаты: Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар және олардың құрлысы, қызметтерімен танысу. Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, тест сұрақтары, көрнекіліктер көрсету, өзіндік жұмыс. Көрнекілігі: «Жүректің құрылысы», «Қан тамырларының типтері», «Қанайналым» деген кестелер, жүректің құрастырмалы үлгісі, суреттер, ғалымдардың портреттері, электронды оқулықтан үзінділер,, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І – Ұйымдастыру. ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Жылдам және дұрыс» сұрақ - жауап. 1. Қан ағзада қандай қызмет атқарады? 2. Фагоцитоз қандай құбылыс, «фагоцит» қандай жасушаға жатады? 3. Иммунитет дегеніміз не? 4. Қан топтары. Қан топтары Оның қанын қабылдайтын топтар Оған қанын беретін топтар І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ 5. Лимфоциттер қандай қызмет атқарады? 6. Қанайналым дегеніміз не? 7. Эволюция барысында омыртқалы жануарлардың ішінен, балықтардан сүтқоректілерге дейін, жүректің құрылысы қалай өзгерген? 8. Тромбоциттер мен қанның ұю үдерісі. 9. Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? 10. ЖИТС - тен қалай сақтануға болады?
ІІІ – Жаңа тақырып. Жанды мотор сынбайды, Күні – түні тынбайды. Кейде оның жүрісін Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)
Тарам - тарам бір ғалам, Айқыш - ұйқыш шырғалаң. Толған ағыс тоқтаса, Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)
Жүректің орташа салмағы: Жаңа туған нәрестеде – 20г.
Ер адамдарда – 350г. Әйел адамдарда – 250г. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады
Жүректің құрылысы: 2жүрекше 2қарынша Тұтас қалқа арқылы екі бөлікке бөлінеді. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жақ жүрек бөлігінде үш жақтаулы қақпақша. Сол жақ жүрек бөлігінде қос жақтаулы қақпақша (митральды). Жақтаулы қақпақшалар тек қарынша жаққа қарай ашылады. Бұған бір ұшы – қақпақша жақтауына, екінші ұшы қарынша қабырғасын бекіген сіңір жіпшелері себеп болды.
Жүрек қуыстарынан қанның ағу бағыттары: Қан жүрекшеден қарыншаларға қарыншадан артерия қантамырларына қарай ағады. Сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жұқа қабық перикард қаптайды. Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады Эпикард Миокард Эндокард Жүректің сыртын қаптайды Ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді Көлдденең бұлшық ет ұлпасынан түзілген
Қан тамырлар түрлері: Артерия (қызылтамыр)
Қанды жүректен мүшелерге ұлпаларға таратады Капиллярлар (қылтамыр) Барлық мүшелерді торлайды, қан баяу аққандықтан қабырғалары арқылы ұлпаларға оңай өтеді
Вена (көктамыр) Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды
Тұжырымдау Жүрек төрт қуысты. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады. Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард. Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.
ІV – Бекіту. 1. Жүректің құрылысын атап беріңдер. 2. Жүрек немен қапталған? Жүрек қабынан бөлінетін сұйықтықтың қандай маңызы бар? 3. Терминдермен жұмыс. 1. _______________ қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. 2. Жүректің қабырғасы ___________________ тұрады. 3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар ___________ деп аталады. 4. Ең ірі артерия қантамыры - ______________ деп аталады. 5. ______________ қабырғалары жақсы жетілген. 6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін ___________ реттейді. 7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне кедергі______________ жасайды. 8. Жүректегі_____________ қанды тек бір бағытта өткізеді. 9. Жүректегі қақпақшалар_________________ қабатынан түзілген. 10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты____________ деп аталады.
Жауабы: 1. Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. 2. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. 3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар артериялар деп аталады. 4. Ең ірі артерия қантамыры - аорта деп аталады. 5. Сол жақ қарыншаның қабырғалары жақсы жетілген. 6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін жақтаулы қақпақшалар реттейді. 7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне айшық қақпақшалар кедергі жасайды. 8. Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытта өткізеді. 9. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген. 10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты миокард деп аталады.
4. Сәйкестендіру тесті: Сұрақтар Дұрыс жауаптар Кілт сөздер 1. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды 2. Қан қысымы шамалы 3. Дененің барлық мүшелеріне таралады 4. Қан қысымы жоғары 5. Адам шашынан 50 есе жіңішке 6. Қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді 7. Қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы оңай өтеді 8. Ұсақ майда қантамырлар 9. Қақпақшалар қайда пайда болады? 10. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады А) артериялар Ә) веналар Б) қылтамырлар V. Қорытындылау.
Сынақ. 1. ІІ топтағы қанды құюға болады: а) тек І топқа; в) І, ІІ топтарға; с) ІІ, ІІІ топтарға; д) ІІІ, ІV топраға; е) І, ІVтоптарға. 2. Артерия қан тамыры: а) тек қана артерия қанын жеткізеді; в) тек қана вена қанын жеткізеді; с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді. 3. Эритроциттың бұзылуы жүреді: а) көк бауырда; в) сүйектің қызыл кемігінде; с) лимфа түйіндерінде; д) ұйқы бездерінде; е) сүйектің сары кемігінде.
4. Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді: а) В3; в) В2; с) В6; д) В12; е) С.
5. Лейкоциттердің негізгі қызметі: а) қоректік; в) тыныс алу; с) тасымалдау; д) қан ұюға қатысу; е) қорғаныш.
6. Жарадан аққан ірің – ол: а) клетка аралық заттар; в) ұлпа сұйықтығы; с) өлген лейкоциттер, ұлпалар, клеткалар; д) өлген эритроциттер, ұлпалар; е) өлген тромбоциттер, ұлпалар, клеткалар.
8. Организмнің антиденені жасау қабілеттілігі организмде қалыптастырады: а) тромб түзелуден сақтауды; в) ішкі ортаның тұрақтылығын; с) иммунитетті; д) фибриннің фибринге айналуы; е) протромбиннің тромбинге айналуын.
9. Лимфа қан айналу жүйесіне келіп құяды: а) артерия арқылы оң жақ құлақшаға; в) вена арқылы оң жақ құлақшаға; с) артерия арқылы сол жақ құлақшаға; д) вена арқылы сол жақ құлақшаға; е) капилляр арқылы оң жақ құлақшаға.
10. Бөгде клеткаларды танумен жоюға жауап беретін лейкоциттер: а) Т - лимфоциттер; в) В - лимфоциттер; с) базофильдер; д) эозинофильдер; е) нейтрофильдер.
«Сен білесің бе.» Бұл бөлімде ғалымдар, қанды зерттеуде қандай үлес қосқанын айту керек. Мечников Илья Ильич (1845 - 1916) – орыс биолог, эмбриолог және иммунолог. Уильям Гарвей (1578 - 1657), ағылшын дәрігер, физиолог, эмбриолог. Антони ван Левенгук – голландиялық ғылыми микроскопияның негізін қалаған жаратылыс зерттеуші. Марчелло Мальпиги (Marcello Malpighi)(1628 - 1694) –итальян дәрігері, биолог және анатом. Ландштейнер Карл (Landsteiner) (1868 - 1943) - атақты австриялық иммунолог.
«Құпия сандар» Мына сандардың мағнасын аш.. 90 % Қандағы судың мөлшері 300 г Жүректің салмағы 120 күн Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы. 0, 9 % NaCI қандағы мөлшері 4, 5 - 5 млн 1ммі эритроциттер саны 6 - 9мың/мм3 Лейкоциттер саны 5 литр Ағзадағы қан мөлшері
«Деңгейлі тапсырма» ІІІ – деңгей. Қанайналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? Қантамырлар неше топқа бөлінеді?
ІІ – деңгей. Жүрекше мен қарыншаның бұлшықет қабаттарының ерекшеліктері қандай? Жүректе қандай қабаттар бар? Әрқайсысын толық сипаттаңдар.
І – деңгей. Қалыпты жағдайда жүрек 1минут ішінде орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды 1минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді? 3. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1минутта 70рет жиырылып - кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?
Жауаптар: 1. 60Ч5=300 рет, яғни1сағ. 300рет. 300ретЧ24сағ. =7200литр, яғни 1тәулікте 7200литр қан айдайды. 2. 60минЧ2=120рет, яғни 1сағ - 120рет 120Ч24=2880рет, яғни 1тәулікте - 2880рет 3.: 60Ч70=4200рет, яғни1сағ.=4200рет 4200Ч24сағ.=100800рет, яғни 1тәулікте – 100800рет
«Есіңде сақта» Жүрек – жалқаулықты, енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен, үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Қазіргі күні дәлелдер бойынша адамның ақылдығы оның қимыл әрекетімен түсіндіріледі. Қозғалыс болмаған жағдайда қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылады. Ал қанайналу ағзаны қанмен оттек, энергия, глюкоза, т. б. Заттармен қамтамасыз етеді. Қан айналу жүйесі шынығуды қажет етеді. Денсаулықты бұзылғаннан кейін емес, бұзылмай тұрып ойлау керек.
VI – Үйге тапсырма: § 36. Сұрақтарға жауап беру. Жүрек құрылысының суретін салу. VII – Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты: Өкпенің құрылысына, тыныс алу және шығару қозғалыстарына, өкпеде болатын газ алмасу, ұлпа алмасу процесстеріне топтық жұмыс барысында сипаттама беру. Сабақтың міндеттері: білімділік: оқушыларға ағзадағы тыныс алудың маңызын, өкпенің құрылысы және қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру; дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру; тәрбиелік: оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Талдау, түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек - сызбалар, электронды оқулық. Барысы: І Ұйымдастыру: а) дайындығы; Б) немен танысады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. І. Өткенді білеміз бе? Сұрақтар. 1. Тыныс алу жүйесі өте маңызды қандай қызмет атқарады? (газ алмасу) 2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын, аңқа, көмей, кеңірдек бронхы) 3. Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді? (көмей) 4. Көмей шеміршектерінің арасында қандай сілемейлі қабаттар болады? (2 дыбыс сіңірі) 5. Ұзындығы 9 - 13см өңештің алдында орналасқан түтік. (кеңірдек) 6. Диаметрі 0, 2 - 0, 3мм қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады (альвеола) 7. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.(көмекей) 8. Қан жасушалары - лейкоциттердің мұрын қуысы үшін маңызы қандай? (микробтарды жояды) 9. Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңестік не деп аталады? (дыбыс саңылауы) 10. Тыныс алу органдарының ішінде ең үлкен орган? (өкпе)
ІІ. Суретке анықтама? ІІІ. Ойша саяхат...
ІV. Сіз білесіз бе? ІІІ. Жаңа сабақ. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпе - кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлік аралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Альвеолалар - диаметрі0, 2 - 0, 3мм, тереңдігі 0, 06 - 0, 3мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0, 03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4, 0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді. Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16 - 18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.
ІV. Бекіту. V. Сергіту сәті. VІ. Бас қатырғыш. 1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды? Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет 360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды. VІІ. Пайдалы кеңестер. Медицина саласына көп еңбек сіңірген ғалым Халел Досмұхамедұлының «танысың сау болсың десең»- деген оқушының саулығын сақтау жөніндегі ұсынысы: 1. Дем алғанда ауызың ылғи да жабулы болсын 2. Шаңда не ауасы бұзылған орында тұрма. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үйдің ішінде шаң көтеруші болма. 3. Киіміңді, төсегіңді үйдің ішінде қақпа, сілікпе тазалама сыртқа шығарып тазала. Үйдегі нәрселердің шаңын дымқыл шүберекпен сүрт. 4. Үйде жұмыс істегенде жылы уақытта терезең ашық болсын. 5. Суық кезде есік терезені ашып, үйіңнің ауасын жаңартып тазалап тұр. 6. Гулеме желден сақтан. 7. Шылым тартпа, темекінің ағзаға өте зиян екенін ұмытпа.
Қорытындылау: Үйге: Өкпенің құрылысы мен қызметі. Бағалау.