kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

6 сынып. Жапыра?ты? сырт?ы ??рылысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? 6 сынып о?ушыларына арнал?ан. О?ушылады? ?з бетімен ж?мыс істеп, білімдерін т?жырымдап, ?орытынды жасай білу ?абілетін дамытып, ой-пікірін орта?а салып тал?ылауда сызбан?с?а, кестелермен ж?мыс жасау ?те тиімді. осы ма?сатта 6-сыныпта "Жапыра?ты? сырт?ы ??рылысы" та?ырыбында ?ткізген саба? жоспарын ?сынып отырмын. Саба?та жеке ж?не топты? ж?мыс ж?ргізіледі. О?ушылар саба? барысында белсенділік танытып, ой-пікірлерін т?жырымдап, ?орытындылау?а ?йренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«6 сынып. Жапыра?ты? сырт?ы ??рылысы. »

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өсімдіктің өсі мүшесі. Жапырақтың құрылысы, қызметі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарының түрлерін, пішінін, жүйеленуін анықтай алуға баулу.

Тәрбиелік: Туған өлке табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: кеппе шөп (жапырақтың сабаққа орналасуы), жапырақтың түрлері, кесте, презентация, суреттер.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Кім тез жауап береді.

  • Өсімдік мүшелерін атаңыз.

  • Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?

  • Тамырдың қызметі.

  • Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?

  • Тамыр жүйесіне қарай нешеге бөлінеді?

  • Тамырдың ішкі құрылысын ата.

  • Сабақтың түрлерін ата.

  • Сабақтың ішкі құрылысы.

  • Жылдық шеңбер дегеніміз не?

  • Сабақтың қандай бөлімі арқылы су мен минералды зат қозғалады?

  • Қандай бөлімі арқылы органикалық зат қозғалады?

Ә) Мына өсімдіктердің жерасты өркендерінің қайсысы бар екендігін анықтап, тұсына әр өркеннің бас әрпін қойыңдар: тамырсабақты – «ТС», түйнекті – «Т», пиязшықты – «П».

1.Картоп

2.Қызғалдақ

3.Шырша

4.Сарымсақ

5.Жер алмұрты


  1. Қызығушылығын ояту.

Ешкім алып жемейді

Жеміс екен демейді

Сарғайып піседі

Үзіліп түседі (Жапырақ)


  1. Мағынаны тану. Топпен жұмыс.

1-топ. Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ тақтасының пішіні (топтастыру).

2-топ. Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (тірек-сызба құру).

3-топ. Жапырақтың жүйкеленуі, жапырақтың сабаққа орналасуы (тірек-сызба құру).


Тапсырма:

Ой толғаныс: жеке жұмыс.

1.Жапырақ суретіндегі санмен белгіленген бөлімдердің атын жазыңыз.

2.Жапырақ тақтасы қандай қызмет атқарады?

3.Сабағының қызметі қандай?


Биологиялық диктант.

Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой.

1.Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі - ..., сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі ... деп аталады.

2.Бір ғана тақтасы бар жапырақты ... дейді.

3.Бір сабақта екі, одан да көп майда жапырақшалары болса ... дейді.

4.Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді ... қусырылады.

5.Жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды ... жапырақша дейді.


Биологиялық есеп.

100 пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа бір ағаш үш адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егу керек?

Жауабы: 400 : 3 = 133 ағаш егу керек.


Кеппе шөппен жұмыс.

  1. Берілген жапырақ түрлерінің сағағын табыңыз. Сабаққа неше жапырақ тақтасы орналасқан. Қай қатарда жай жапырақ, қай қатарда күрделі жапырақ орналасқан.

  2. Жапырақтың сабаққа орналасуын анықтаңыз.

  3. Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің жапырағының түрін, сабаққа орналасуын анықтаңыз.


Венн диаграммасы: Сабақ пен жапырақтың қызметін салыстыру.


Үйге тапсырма: Жапырақ туралы мақал-мәтелдер әзірлеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
6 сынып. Жапыра?ты? сырт?ы ??рылысы.

Автор: Досымбекова Роза Ахметолда?ызы

Дата: 24.01.2015

Номер свидетельства: 160797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства