kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

№36 школа-гимназия

Нажмите, чтобы узнать подробности

?рмекшілер - дене б?ліктері ай?ын білінбейтін, ?кпе немесе демт?тік ар?ылы тыныс алып, басым к?пшілігі ??рлы?та мекендейтін ж?й к?зді ж?ндіктер. б?ларды? 60 мы??а тарта т?рлері бар деп есептеледі. ?рмекшіт?різділерді? бас?а буыная?тылардан ерекшелігі - жай к?зді, ауамен тыныс алады, т?рт ж?п ж?ретін ая?тары бар, ж?мырт?алау немесе тірілей туу ар?ылы к?бейеді. б?лар - дара жынысты буыная?тылар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«№36 школа-гимназия»

Күні: 15.12.2015ж Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Мақсаты: Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік ету дағдысына түсінік беру.

Міндеттері:                  

-Өрмекшітәрізділердің құрылысын анықтау,

-диалогтық қарым-қатынасқа түсу,

-өрмекшітәрізділер класын шаянтектестер класымен салыстыру,

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясының 6 негізгі

Стратегиялар: «Ақиқат пен жалған»; «Асық иіру»; «1 сурет, 5 сөз», «Тірек-сызба құру»; «Энциклопедиямен жұмыс»; «Есеп шығару»; «Жаттығу жұмысы»; «Синквейн»; «Сәйкестендіру»

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларға ассоциациялық сөздер арқылы 3 топқа бөлу.

БЛУМ таксономиясының 6 негізі:

  1. Білу

«Ақиқат пен жалған» әдісін қолдана отырып, өтілген тақырыпты еске түсіру, қайталау. Оқушылар берілген сөйлемдердің анық-қанығына көз жеткізеді.

1. Буынаяқтылар дегеніміз денесі екі қабаттан тұратын жәндіктер.

2. Шаянтәрізділердің 25000 – 30000 түрі бар деп есептеледі.

3. Шаяндарды зерттейтін ғылым гельминтология деп аталады.

4. Шаянтәрізділер денесі сақиналы жәндік.

5. Шаянтәрізділердің мекен ету ортасы су.

6. Өзен шаянының денесі 2 бөліктен тұрады.

7. Баскөкірек бөлімінде құйрық жүзбеқанаты орналасқан.

8. Өзен шаянында күрделі көздері көзшелерден тұрады.

9. Шаянтәрізділер үшін хитинннің маңызы бар.

10. Шаянтәрізділердің тынысалу мүшесі өкпе.

11. Шаянтәрізді циклоп пен дафния ірі жәндіктер.

12. Хитин әктенген қабық.

2. Түсіну

Алдымен оқушыларға бейнебаян көрсетіледі. Көргендерін ортаға салып бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашады.

Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Тип Буынаяқтылар – Arthropoda

Тип тармағы Хелицералылар – Сһеlicerata

Класс Өрмекшітәрізділер – Аrachnida

Денесі екі бөлікті: баскөкірек, құрсақ. Баскөкіректе 6 жұп аяқтары болады. 1-жұп күйісаяқ, 2-жұп – тұтқыаяқ. Қалған 4 жұбы жүру аяқтары. Құрсақта аяқтары болмайды. Тынысалу мүшелері – демтүтік немесе трахея. Қанайналым жүйесі ашық, ірі арқа қантамыры жүрек қызметін атқарады. Зәр шығару қызметін сатанбек немесе мальпигий түтігі атқарады. Асқорыту ішектен тыс жүреді. Олар тек қоймалжыңданған қоректі пайдалана алады, сондықтан олжаланған жәндікке бауыр мен сілекей безінің сөлін енгізеді, қорытылып болған соң жұтқыншақпен қорегін сорып алады. Жүйке жүйесі жұтқыншақүсті түйіні (ми) және оған жалғасқан құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Баста орналасқан бірнеше қарапайым көздер нашар көреді, сипап сезу жақсы дамыған. Құрсақ бөлігінде өрмек бездер болады. Одан түзілген өрмектен ұя салып қорек аулайды, жұмыртқаларын орайды. Дара жыныстылар, ұрықтану іштей жүреді, дамуы тура.


3.Қолдану «Асық иіру»

Алшы – “1 сурет – 5 сөз”сурет бойынша сөйлеу (өрмекші суреті)

Бүк – “Өрмекшілердің пайдасы мен зияны” тірек-сызба құру

Шік – “Өрмекшілердің саналуандылығы” Энциклопедиямен жұмыс

4. Талдау

Есеп – І топ

Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000-ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.

Жауабы: Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 шыбын

Ал егер өрмекшілер көп болса 25 000 - ға дейін шыбынды жоқ қылады. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме? Себебі шыбын ол нағыз – апокалипсис! Өйткені ғалымдар оның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдар туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Сонымен қатар шыбындар басқа да паразит құрттардың жұмыртқаларын тасымалдаушы болып табылады.
Жаз ыстық болса бір шыбын 9 ретке дейін ұрпақ береді. Күзге дейін бүкіл жер шарына шыбындар қоныстанар еді. Мұндай апаттан шыбынның бірінші жауы өрмекшілер құтқарады. Бұдан шығар қорытынды өрмекшілерді қорғау керек


Жаттығу (дұрыс табылған сөзден сөйлемдер құрау) – ІІ топ

1. Өрмекшіде бірнеше жұп қарапайым көзшелері бар (Б)

2. Өрмекшілерде тынысалу мүшесі желбезек (А)

3. Қанайналым жүйесі тұйық (Л)

4. Асқорытуы ішектен тыс жүреді (Ү)

5. Екінші жұп аяқтары педипальп деп аталады (Й)

6. Зәр шығаруға жасыл бездер қатысады (Е)

7. Ірі арқа қантамыры жүрек қызметін атқарады (І)

8. Құрсағында аяқтары болады (К)

9. Теңізде тіршілік етеді (О)

10. Өрмекші шала түрленіп дамиды (Т) Жауабы: бүйі





Синквейн – ІІІ топ

Өрмекші сөзіне 5 жол өлең құрау

Мысалы, өрмекші

Қорқынышты, улы

Тоқиды, аулайды, шағады

Өрмекшілер – құрлық жыртқыштарына жатады

Арахнида


5. Жинақтау

6. Бағалау



Үйге тапсырма: Өрмекшітәрізділер туралы қызықты мәліметтер жинақтау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
№36 школа-гимназия

Автор: Демеубаева Гульбану Сембековна

Дата: 11.04.2016

Номер свидетельства: 317607


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства