Просмотр содержимого документа
«11-с. Жаратылыстану – математика ба?ыты Саба?ты? та?ырыбы. Биосферада?ы биогеографиялы? айма?тар ж?не оларды? ?німділігі»
11-с. Жаратылыстану – математика бағыты
Сабақтың тақырыбы. Биосферадағы биогеографиялық аймақтар және олардың өнімділігі
Мақсаттары. Білімділік: оқушыларға тірі организмдер бірлестігінің қалыптасу тарихы, олардың ерекшеліктері мен ұқсастығы және өсімдіктер мен жануарлар бірлестігінің тарихи қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы түсіндіру.
Дамыту: экожүйелер, табиғи бірлестіктер туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту, логикалық тапсырмаларды орындай отырып, ойлау, қорытынды жасау қабілеттері мен ғылыми сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: материктердің суреттері, биогеографиялық аймақтардың сызбанұсқалары, жер тарихында жеке құрлықтардың пайда болу картасы: Пангея, Гондвана және Лавразия материктері. Өсімдіктер мен жануарлар суреттері. Алфред Рассел Уоллес портреті.
Пән аралық байланыс: география, ботаника, зоология.
Әдебиеттер: 11 -сынып. Биология «Мектеп» Р. Сәтімбеков. Р. Әлімкулова. Ж. Шілдебаев. 2007 жыл. Дарвинизм. С.А. Пришвин. Ағзалар эволюциясы. Кузнецов. А.К. Биогеография І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі.(АТҚ- мүмкіншілігін пайдалану) Интерактивті тақтамен жұмыс ФТ №1География пәнінен алған білімдерінді пайдалана отырып, материктерді атап әр үяшыққа жаз.
5
6
4
3
2
1
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі.
Слайд №1 (суреттер сөйлейді) Әрбір материктің өзіне тән өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі сол құрылықтың геологиялық тарихына байланысты. Мысалы:
№ 2. Ең алғашқы геологиялық заманда Жер шары тұтас бір ғана ПАНГЕЯ құрылығынан құралған.
№3. Интерактивті тақтамен жұмыс . Жер шарының әр түрлі кезеңдеріндегі көріністерге назар аударып, өз ойыңды айт.
2. Мәтінді оқып, картадан ПАНГЕЯНЫ, ЛАВРАЗИЯНЫ, ГОНДВАНАНЫ тап.Перьм. Триас. Юра. Бор кезеңіндегі өзгерістерді ата.
1. Жер шарының әртүрлі кезеңіндегі көріністерге назар аудар
№4. (слайд) Жер шарында бірнеше биогеографиялық аймақтар қалыптасты.Көрнекті ағылшын ғалымы А. Уоллес ғылыми деректерді сараптап, 6 биогеографиялық аймақтарды ажыратты.
№5. Олар: Неоарктикалық, Палеоарктикалық, Үнді- Малай, Неотропиктік, Эфиопиялық, Аустралиялық аймақтар.
№ 6. 10. Аймақтардың ерекшеліктері мен өсімдіктер, жануарлар әлемін сипаттау.
Климаттық жағдайларына байланысты аймақтардың табиғи бірлестіктерінің қалыптасуына назар аудару, талдау.
Климат
жануар
өсімдік
І\/. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі.
№1 тапсырма. Сөйлемді толықтыр.
1. Құрлықта басты 6 биогеографиялық аймақ бар.
2.Ең алғашқы геологиялық заманда Жер шары тұтас бір ғана ПАНГЕЯ құрылығынаң құралған.
3. 200млн жыл бұрың бір тұтас құрлық екіге бөлінді ол ЛАВРАЗИЯ мен ГОНДВАНА.
4. Ғылыми деректерді саралап, биогеографиялық аймақтарды ажыратқан ғалым А: УОЛЛЕС.