Просмотр содержимого документа
«Жабы?т??ымды ?сімдіктерді? дене м?шелері »
Жабықтұқымды өсімдіктердің дене мүшелері
Аксеитова Данагүл,
№14 мектеп-гимназиясының химия, биология пәні мұғалімі
Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін сапалы игеріп, бір жүйеге келтіру үшін әр тақырыпты өткеннен кейін тестік тапсырмалармен қортындылап отырамын. Төменде 6-сыныптағы « Гүлді өсімдіктердің мүшелері» бөліміне құрастырылған тест үлгісін ұсынып отырмын.
1.Ұрық тамыршасынан пайда болған тамырды қалай атайды?
А) Жанама тамыр; В) Қосалқы тамыр; С) Негізгі тамыр;Д) Кіндік тамыр.
2.Сәбіз, қызылша, шалқанда дамиды:
А) Тамырдың барлық түрі; В)Тек негізгі тамыр; С) Негізгі, жанама тамыр; Д) Қосалқы , жанама тамыр.
3. Тамырдың ең ұшында орналасады:
А) Сору аймағы; В) Бөліну аймағы; С) Өсу аймағы; Д) Тамыр оймақшасы;
4.Органикалық тыңайтқышты көрсет:
А) Шымтезек; В) Фосфор; С) Калий; Д) Азот.
5.Өткізу бөлімінің атқаратын қызметі қандай?
А) Жасушаларды жарақаттанудан қорғайды; В) Су мен онда еріген заттарды жер үсті мүшелеріне өткізеді; С) Жасушалар бөлініп, басқа бөлімдер қалыптастырады; Д) Тамырға тірек қызметін атқарады.