kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анализаторларды қайталау тест сұрақтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

анализаторларды қайталай отырып, қалай орналасқанын еске түсіре қайталайды. тест екі нұсқада. анализаторлар туралы ғылым, анализаторлар, яғни сезім мүшелеріне тоқтала кетіп, ғалымдар және қандай аурулар болатынын еске түсіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анализаторларды қайталау тест сұрақтары»

Анализаторларды қайталау сұрақтары

І нұсқа

  1. Анализаторлар дегеніміз:

А)бас миы және сопақша ми.

В)ми жарты шарының сезімтал бөлімі

С)рецепторлар және өткізгіш жүйке жолдары.

Д)аралас жүйке және ми

Е)рецепторлар жүйесі, жүйке жолдары және ми сыңарларының бөліктері

  1. Ми бағанасының құрамына кіретін құрылымдық бөлік:

А)сопақша ми

В)шеткі жүйке жүйесі

С)соматикалық жүйкелер

Д)мишық

Е)үлкен ми сыңарлары

  1. Қазіргі замандағы физиологиялық теорияға академик И.П.Павловтың қосқан үлесі:

А)тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын ашты.

В)барлық өсімдіктер мен жануарлардың біртұтастығын дәлелдеді.

С)ағза онтогенезінде олардың тарихи дамуының филогенездің жаңа жолдары салынатынын көрсетті.

Д)асқазан сөлі бөлінуінің нейрогуморальдық жолмен реттелуін көрсетті.

Е)жеке және тарихи дамудың бір тұтастылығын қайталайтындығын дәлелдеді.

  1. Ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы, ағзаның өзін-өзі реттеу идеясын дамытушы академик:

А)И.П.Павлов

В)И.И.Мечников

С)П.К.Анохин

Д)И.М.Сеченов

Е)Н.И.Пирогов

  1. Адамның әртүрлі қашықтықта тұрған заттың кескінін көздің қандай құрылымы ажырата алатынын көрсетіңіз:

А)қасаң қабықша

В)тор қабықша

С)шыны тәрізді дене

Д)көз бұршағы

Е)нұрлы қабықша

  1. Көздің қандай мөлдір бөлігі көру бұршағының сыртына орналасып, оны қорғап тұратынын көрсетіңіз.

А)қасаң қабықша

В)тор қабықша

С)шыны тәрізді дене

Д) нұрлы қабықша

Е)тамырлы қабықша

  1. Көз алмасының қандай бөлігін іркілдеген мөлдір, түссіз зат толтырып тұратынын көрсетіңіз.

А)қасаң қабықша

В)тор қабықша

С)шыны тәрізді дене

Д)көз бұршағы

Е)нұрлы қабықша

  1. Көру мүшесінің көмекші бөлігіне жатады:

А)қасаң қабықша

В)қабақ

С)шыны тәрізді дене

Д)көз бұршағы

Е)тор қабықша

  1. Фоторецепторлық жасушалар қайда орналасқандығын көрсетіңіз.

А)қасаң қабықша

В)тор қабықша

С)шыны тәрізді дене

Д)көз бұршағы

Е)тамырлы қабықшада

  1. Есту сүйектеріне қандай сүйектер жататындығын көрсетіңіз.

А)бұғана

В)самай сүйегі

С)балғашық,төс,үзеңгі

Д)жақ және төбе сүйектері

Иірім түтігі









Анализаторларды қайталау сұрақтары

ІІ нұсқа


1.Есту мүшесінің қандай қуысы сұйықтықпен толтырылғандығын көрсетіңіз.

А)құлақ қалқаны

В)ішкі құлақ

С)ортаңғы құлақ қуысы

Д)сыртқы құлақ қуысы

Е)самай сүйегіндегі қуыс

2.Ортаңғы құлақтың қуысы дыбыс аңқасымен не арқылы жалғасатынын көрсетіңіз.

А)Кортиев мүшесі

В)Есту түтігі(евстахиев)

С)дабыл жарғағы

Д)доға қуыстары

Е)Дыбыс сүйектері

3.Түсті ажырата алмайтын ауру қалай аталатындығын көрсетіңіз.

А)Гипертония

В)Дальтонизм

С)Анемия

Д)Диабет

Е)Гипотония

4.Есту мүшесінің қандай бөлігі дененің кеңістіктегі орнын анықтайтындығын көрсетіңіз.

А)Кортиев мүшесі

В)Дабыл жарғағы

С)Есту түтігі (евстахиев түтігі)

Д)Доға қуыстары

Е)Есту сүйекшелері

5.Көз бұршағы қызметінің өзгеруіне байланысты болатын көру кемістігі аталады:

А)көз зақымы

В)трахома

С)алыстан көргіштік,жақыннан көргіштік

Д)көздің жасаурауы

Е)конъюктивит

6.Рефлекс дегеніміз:

А)тітіркендіргіштің әсері

В)жүйке қозу толқынының өтетін жолы

С)басқа мүшелердің әсерінен бір мүшенің өзгеруі

Д)жүйке жүйесі арқылы тітіркендіргішке жауап беру реакциясы

Е)қан арқылы әсер ету

7.Бір затқа қарағанда адамның көзі неге үздіксіз қозғалатынын түсіндіріңіз.

А)қарайтын зат көз аумағының шекарасынан шығып кетпеу үшін

В)жарық сәулесін торлы қабықшаның сары дағына бағыттауды қамтамассыз етеді

С)торлы қабықшадағы бейнені қамтамассыз етеді

Д)қоршаған әлем туралы көп ақпарат алу үшін

Е)Бейне теріс жағынан көрінбеу үшін

8.Дыбысты тітіркенуден қозады:

А)рецептор

В)айналма канал

С)құлақ иіріміндегі дыбыс сезгіш жасушалар

Д)есту сүйекшелері

Е)есту жүйкесі

9.Көздің жұқпалы ауру қалай аталатындығын көрсетіңіз.

А)отит

В)жақыннан көргіштік

С)конъюктивит

Д)алыстан көргіштік

Е)ангина (баспа)

10.Алыстан көрмеушілік кезінде заттың бейнесі орналасады:

А)торлы қабықшада

В)торлы қабықшаның артында

С)көз бұршағында

Д)торлы қабықшаның алдында

Е)соқыр дақта


Жауап:І-н:1-е;2-а;3-д;4-с;5-д;6-а;7-с;8-в;9-в;10-с.ІІ-н:1-в;2-в;3-в;4-д;5-с;6-д;7-в;8-с;9-с;10-д.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Анализаторларды қайталау тест сұрақтары

Автор: Тулегенова Гулдана Сапаровна

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства