6 сынып. Биология. 1 - тоқсанға арналған тест тапсырмалары
1.Ботаника ғылымы зерттейді
А) жануарларды В) барлық табиғатты С) қоршаған әлемді Д) өсімдіктерді Е) бактерияларды
2.Күзгі жапырақтардың қызаруы және сарғаюы қандай пластидтерге байланысты екенін көрсетіңіз
А) хлоропластардың В) лейкопластардың С) хромопластар мен лейкопластардың Д) амилопластардың Е)хромопластардың
3. 300 есе ұлғайтатын микроскоптың обьективинде 20 деп көрсетіліп тұрса, окулярда көрсетіледі
А) 15 В)600 С)30 Д)150 Е)280
4.Жасушаның көбеюіне маңызды ролді атқарады
А) жасуша шырыны В) ядро С) цитоплазма Д) қабықша Е) вакуоль
5.Жасыл пластидтер аталады
А) лейкопластар В) хромопластар С) лимфоциттер Д) хлоропластар
Е) лейкопластар
6.Өсімдік жасушасына ғана тән органоид
А) мембрана В) ядро С) пластидтер Д) қабықша Е)ядрошық
7.Жасушаның ашылуы ненің пайда болуымен байланысты екенін түсіндіріңіз
А) телескоптың В) көру түтігінің С) дүрбінің Д) микроскоптың Е) лупаның
8.Микроскоптың көру түтігінің жоғары жағында орналасады
А) бұранда В) айна С)линза Д) окуляр Е) обьектив
9.Жасушааралық заттарға бай ұлпа
А) жабын В) түзуші С) өткізгіш Д) тірек Е) негізгі
10.Жарықтың микроскопқа бағытын реттейді
А) окуляр В) бұранда С) тұтқа Д) айна Е) обьектив
11.Ұрық тамыршасынан пайда олған тамыр қалай аталатындығын көрсет
А) жанама В) қосалқы С)негізгі Д)кіндік Е) тамыр түктері
12.Тамыр түйнектері болатын өсімдік
А) қызылша В) шомыр С)нарғызгүл Д) пмяз Е) сәбіз
13.Шашақ тамырлы өсімдік
А) сәбіз В) бидай С) асбұршақ Д) асқабақ Е) тал
14 Кіндік тамырлы өсімдік
А) пияз В) күріш С) бидай Д)үрмебұршақ Е) тары
15.Тамыр түктері қай аймақта орналасқан
А) өсу В)бөліну С)өткізу Д) сору Е) тамыр оймақшасы
17.Қосалқы тамыр неден дамиды
А) сабақтан В) жапырақтан С) жанама тамырдан Д) сабақ пен жапырақтан Е) негізгі тамырдан
18.Тамыр жүйесін не құрайды
А) өсімдіктің барлық тамырлары В) жанама тамырлар С)қосалқы тамырлар Д) шашақ тамыр Е) кіндік тамыр
19.Тірі организмдердің құрлысы жүйесін толықтырыңыз
Органиоид-- жасуша - ........ - мүше - мүшелер жүйесі - ағза
20.вегетативті көбеюді жүзеге асыратын өсімдік мүшелеріне жатады
А) тұқым В) жеміс С) гүл Д) сабақ
21.Қазақстандағы қорықтар саны
А) 2 В)4 С)6 Д)8 Е)9
22.Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар
1. пияз 2.қауын 3.сәбіз 4.жүгері 5.асқабақ 6.күріш 7. тал 8.қамыс 9.асбұршақ 10. сұлы
Кіндік тамыр жүйесі | Шашақ тамыр жүйесі |
| | | | | | | | | | | |
23.Қай ұлпаға жататынын ұлпаның бас әріпін қою арқылы жауап қайтарыңдар.
«Т» түзуші; «Ж» жабын ; негізгі ұлпадан «Қ» қор жинаушы; «Ф» фотосинтездеуші; «ТК» Тірек ұлпасы
1.Жасушалар арасындағы ауа кеңістіктері
2.Өрік,шие,шабдалы,жаңғақ сүйектері
3.Сабақ пен тамыр ұшында орналасады
4.Жарақаттанған жердің қалпына келуі
5.Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы
6.Судың артық булануынан сақтайды
7.Тін талшықтары
8.Бүршіктің жарылуы
9.Жапырақ тақталарының керіліп,дауыл соқса да төтеп беруі
10.Көмірсулар мен наруыздардың қорға жиналуы