Б?л ма?алада Батыс- ?аза?стан облысыны? Жа?а?ала ауданында мекен ететін ??стар класы ж?не т?рлері, атаулары туралы м?лімет беріледі.
Ма?аламда с??сырт?різділер, ескек ая?тылар, ?ыз?ылт бір?азан, б?йра бір?азан, дегелект?різділер, ?о?и?азт?різділер отрядтары туралы жазылды. Ауданда?ы су?оймаларда мекен ететін ??старды? тіршілігі ж?не оларды? ?оректенуі туралы айтылады.
Б?л ма?аламды реферат, курсты? ж?мыс жаз?анда немесе т.б. шы?армашылы? ж?мыстар?а пайдалану?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?а?ала ауданында?ы ??стар класы »
ЖАБЖТ және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Э.Қ.Қайыржанова
Аңдатпа
Бұл мақалада Жаңақала ауданының құстар классы және түрлері,атаулары туралы мәлімет беріледі.
Жаңақала ауданындағы құстар класы
Денесі қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жоғары сатыда дамыған омыртқалы жануарлардың бірі – құстар. Құстарды алғаш рет – 150млн жыл бұрын мезозой эрасының юра кезеңінде дүниеге келді. Құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемісі, соның нәтижесінде дүние жүзіне таралуына мүмкіндік алды.
Қазіргі кезде құстардың 8,8мың түрі белгілі, олар 100 млр-тан астам даралар, әрбір адамға шамамен 25 құстан келеді.
Қазақстанда495 түрі кездеседі. Құстардың Батыс Қазақстан облысында 18 отрядының 314 түрі тіркелген, республика орнитофаунасының 65% құрайды. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстардың 41 түрі енген /9 отрядтан/.
Құстар бауырымен жорғалаушыларға жақын, олардың ұшуға бейімделген прогрессивті белгілері мыналар: жоғары деңгейде дамыған жүйке; қазіргі әртүрлі тіршілік икемділігіне қарай мінез-қылығы; тұрақты және жоғары деңгейде дене температурасы; қарқынды зат алмасуы; ұшуға бейімділігі; жерде жруге және өрмелеуге қабілеттілігі; көбеюі жетілген жұмыртқаларын басып шығарады және ұрпағына қамқорлығы дамыған.
Осы ерекшеліктері құстардың дүние жүзіне таралуына және әртрлі мекендерді қоныстануына ықпал жасады.
Гагаратәрізділер отряды
Су құстары, жақсы жүзеді, сүңгиді және ұшады.
Гагаралардың алдыңғы үш саусағы жарғақтармен қосылған. Сүңгіп, балықтармен қоректенеді; су астында бірнеше минут бола алады. Жерде икемсіздеу, еркін жүре алмайды. Дене тұрқы 60-90 см, салмағы 1,2-6 кг.
Көбею кезінде гагаралар жұптасады. Аталықтың да аналықтың да реңдері бірдей. Ұяларын судың іргесіне, жағалауға салады.
Қазақстанда гагаратәрізділердің 5 түрі белгілі, Батыс Қазақстан облысы аумағында 2 түрі кездеседі; қызыжемсаулы гагара және қаражемсаулы гагара облыс аумағында ұшып өтетін түр ретінде тіркелген[20].
Сұқсыртәрізділер отряды - систематикалық жағынан гагараларға жақын. Олардан айырмашылығы: дене мөлшері кішірек, ұзындығы 20-80 см, салмағы 120-1500г болады. Алға бағыталған үш саусағының әрқайсысы қалақша тәрізденіп жиектелген.
Сұқсырлар су бунақденелілермен, шаяндармен, былқылдақ денелілермен және ұсақ балықтармен қоректенеді. Қорегін ұстау үшін 7 м тереңдікке дейін сүңгиді. Ұясы су үстінде жүзіп жүрген түрлі өсімдіктердің үйіндісі сияқты болады. 2-7 жұмыртқа салады.
Қазақстанда және облыс аумағында сұқсұрлар тұқымдасының 5 түрі кездеседі.
Қарамойын сұқсыр – облыстың жазықтықта кездесетін суларына ұя салып, мекендейді.
Үлкен сұқсыр – миграция мезгілінде Батыс Қазақстан облысының барлық аймағында кездеседі және ұя салады.
Ескек аяқтылар отряды - ірі құстар тұщы суларды мекендейді, олардың ішінде салмағы 9-14 кг, қанатын жайғанда 3,15 м болатындары бар. Аяқтары қысқа, 4 саусағының арасы жүзу жарғақтарымен байланысқан. Тұмсығы ұзын, тамағының астының терісі жалаңаш, қап тәрізді болады. Моногамды. Бірқазандардың құрған жұптары өмір бойына сақталады. Балапандары икемсіз, қызылшақа. Қазақстанда 2 тұқымдасқа жататын 5 түрі бар.
Республикада және біздің облыста бірқазандар тұқымдасының 2 түрі кездеседі.
Қызғылт бірқазан. Сирек кездесетін түр, Қазақстан Республикасының және ДЖТҚО-ның Қызыл кітабына енген. Ірі құс, қанатын жайғанда 3 м шамасында, салмағы 11 кг және үлкен қызыл тұмсығының астында сары қабы болады. Қауырсындарының реңі ақшыл қызғылт.
Қызғылт бірқазан ұшып өтетін құс, қалың қамыс өскен су ортасындағы аралдарға топтанып, /колония/ ұялайды, көбіне бұйра бірқазанмен бірге 1-3 жұмыртқа салады. Олар балықпен қоректенеді, тәулігіне 1-2 балық жейді.
Біздің облыс аумағында шағын тобы немесе жұптары Қамыс-Самар және Көшім өзенінің бойындағы Балықты көлдерінен тіркелді.
Бұйра бірқазан. ДЖТҚО-ның және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны аз түр. Қызғылт бірқазаннан айырмашылығы дене мөлшері үлкен, салмағы 13 кг дейін жетеді. Ұзын, салмақты сұр тұмсығының астында ашық, тамақ асты қабы бар және реңі ақ-сұр болып келеді. Желкесінің және мойынының арт жағының қауырсыны ұын және бұйраланған. Бұрын олар біздің облыста Елек, Шежін, Көшім өзендері бойында ұя салған. Соңғы кезде саны күрт азайып кетті.
Суқұзғындар тұқымдасы. Үлкен суқұзғын – топ құрып, Қамыс-Самар, шалқар көлдеріне ұялайды, сонымен қатар Орал қаласы маңындағы көлдерде және Жалтыркөл қорықшасы аумағында кездеседі.
Дегелектәрізділер отряды. Мойны және аяғы ұзын ірі құстар.Үлкен әупілдектен басқалары моногомды. Балапандары икемсіз, қызылшақа:ұяда ұзақ уақыт болып, ата-анасының көмегімен қоректенеді. Қазақстанда 3тұқымдасқа жататын 14түр кездеседі.
Құтандар тұқымдасы. Тұмсығы үшкір, әрі ұзын, ірі құстар,биіктігі 1,4 метрге жетеді.Құтандардың көбі топ құратын құстар.Ұялары үлкен ағаштар немесе қалың қамыс арасында болады. 3-7 жұмыртқа салады. Балықпен, амфибиймен, шаянтәрізділермен және бунақденелілермен қоректенеді. Қазақстанда 9 түр мекендейді.Батыс Қазақстан облысы аумағында 9 түр тіркелген,соның ішінде 2 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.
Үлкен және Кішкене көлбақа (әупілдек). Облыстың барлық аумағында ұя салады.
Бақылдақ құтан – Жайық өзені сағасын мекендейді.
Үлкен аққұтан – облыстың солтүстігінен бастап Көшім су қоймасына дейінгі аралықта кездеседі.
Көкқұтан – облыстың барлық ауданында тіршілік етеді.
Қошқыл құтан – облыс аумағының солтүстігінен, Қамыс-Самар көліне дейінгі аралықты мекендеген, соңғы кезде ол туралы мәлімет жоқ.
Кіші аққұтан- Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін түр. Олар тропикалық және субтропикалық ендіктерде ұя салады, ал қоңыржай ендікте Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Жа йық өзенінің төменгі ағысына дейін, қалың қамыс, бұталар өскен жерге және жеке ағаштарға қоныстанады. Бідің облыс аумағына ұшып келеді. Көшімде жалғыз кіші аққұтанды 1968 жылы үлкен аққұтандардың арасынан және 1986 жылы Кардон мен Дөңгелек су қоймасы арасындағы каналдан кездестірген. 1996 жылы Кіші өзен, 2001 жылы Жалтыркөл қорықшасынан тіркелді.
Тырнақұтан тұқымдасы. Бет әлпеті және тамағы көбіне жалаңаш, қауырсынсыз болып келеді. Дыбыс шығару аппараты нашар дамыған, дыбысы қатаң. Олардың тұмсығы жұқа, төмен қарай иілген. Топтасып ұя салады, 2-5 дейін жұмыртқалайды. Қазақстанда 3 түр, облыс аумағында 2 түр кездеседі.
Жалғабай – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны тез азайып бара жатырған түр.Олар үлкен көлдерде ұя салады, сонымен қатар, далалық өзендердің аңғары мен атырауында, Евразияның шөл және шөлейт аймақтарындағы қалың қамыс, қоға немесе бұталы-ағашты өсімдіктер өскен жерлерді мекендейді.Облыс аумағында Қалдығайты өзенінің басталар жерінде, Шалқар көлінде, Көшім өзенінің бойындағы Бітік және Киров су қоймаларында, Сарышығанақ, Дөңгелек және Пятимар су қоймалары мен Бағырлай өзендерінде және басқа да сулардан ұсақ топтары мен жекуе даралары тіркелген.
Қарабай – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны тез азайып бара жатырған түрлердің бірі.
Біздің облыста қарабайдың ХІХ ғасырда, Жайық өзені мен Елек өзендері бойында ұя салғандары белгілі. Кейін оның саны барлық жерде азая бастады. Көшім өзенінің бойынан жеке даралары, сонымен қатар Жаңақазан селосының және Орал қаласы маңындағы көлдерден де тіркелді.
Дегелектер тұқымдасы. Ірі құстар, ең үлкен дегелектің биіктігі1,5метрге, қанатының ұзындығы 3,5м дейін жетеді.
Қазақстанда 2 түрі, облыс аумағында 1 түр кездеседі.
Қара дегелек - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны азайған түр.Облыс аумағынан оның ұясы табылған жоқ, тек миграция кезінде өте сирек тіркелген. Соңғы он жыл шамасында Орал қаласы, Жаңақала маңы, Шалқар көлі мен Утва өзенінің бастауынан орнитологтар кездестірген.
Қоқиқазтәрізділер отряды. Кәдімгі қоқиқаз - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны азайып, сиреп кеткен түр. Ірі құс биіктігі 1,5 м, салмағы 2-2,5 кг. аяғы, мойны, ұзын құс. Орда селосы маңындағы көлдерде, сонымен қатар, Жаңақала маңы, Көшім бойындағы Дөңгелек су қоймасында тіркелген.
Қазтәрізділер отряды. Суда жүзетін, балапандары ширақ болатын құстар. Дүние жүзінің барлық аймағына, 200-ден астам түрлері белгілі. Қазақстанда 37, облыс фаунасында 32 түр кездеседі. Соның ішінде 6 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.Қазтәрізділер отрядының өкілдері кәсіпшілік пен спорттық аулаудың негізін құрайды. Көптеген үй құстары тұқымдарының ата-тегі.
Біздің фаунада бір тұқымдас – үйректер, олар көптеген тұқымдас тармақтарына жіктеледі. Аққулар тұқымдас тармағына отрядтың ірі өкілдері жатады. Қазақстанда, әрі біздің аумақта 3 түр таралған. Олар: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу.
Сұңқылдақ аққудың тұмсығы қара, тек негізі ғана сарғыш, мойынын тік ұстайды. Сыбырлақ аққудың тұмсығы қызыл, негізігнде қара мойнағы бар, мойыны S тәрізді бүгілген, ал кіші аққу сұңқылдақ аққуға ұқсас, бірақ мөлшері кішілеу, даусы сыңғырлаған, әрі өткір. Облыста сыбырлақ аққу барлық жерде ұялайды және кездеседі. Сұңқылдақ аққудың ұясы Жайық өзені жайылмасындағы Щапово селосына жақын жерде, Қамыс-Самар көлінде, үлкне өзенде, Мұқыр ауылы маңында, Қисық-Қамыс көлінде, Көшңм сағасында және Ақсай қаласы маңында тіркелген. Кіші аққу ұшып өту кезеңінде, Ақсай қаласы маңы мен Қамыс-Самар көлінде кездескен. Қазақстанда аққудың барлық түрін де аулауға тиым салынған. Сұңқылдақ аққу мен Кіші аққу Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.
Тұқымдастармағы қаздар-қарашақаздар мен қаздарды біріктіреді. Қаздар барлық жерде кең таралған, әсіресе тундрада көп. Қазақстан фаунасында 7 түрі бар. Облыста 6 түр тіркелген: қызыл жемсаулы қараша қаз, сұр қаз, ақ маңдайлы қаз, шиқылдақ қаз, қырман қаз, ақ қаз. Әсіресе, ең көп таралған сұр қаз,олардан көптеген үй қаздарының тұқымдары шықты. Облыста барлық қаздар-ұшып өтетін құстар, олар адам аз қоныстанған, су көздеріне бай, батпақты және ылғалды жайылымдарда, жерде ұя салады.
Қызыл жемсаулы қарашақаз. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, саны азайған, облыста сиреккездесетін түр. Көшім каналы бойында, Шежін және Балықты жайылымдарында, Жайық бойында, Бітік су қоймаларында тіркелген.
Өзен үйректері тұқымдас тармағы. Қазақстанда10-ға жуық түрі кездеседі,ал облыста 8 түр тіркелген. Олар: барылдауық, үйрек, ысылдақ шүрегей, қоңыр үйрек, сары айдар үйрек, бізқұйрық үйрек, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсықты үйрек, мәрмәр шүрегей.Барлығында жыныстық диоморфизмі жақсы жетілген ( аталығы аналығынан өзгеше).
Барылдауық үйрек - көптеген үй үйректерінің ата-тегі болып табылады.
Облыста кездесетін үйректер көпшілік жағдайда өсімдігі көп суларды мекендейді. Олар тайыз суларда да кездеседі, онда су өсімдіктерімен, су асты омыртқасыздармен қоректенеді. Кәсіптік маңызы өте зор.
Мәрмәр шүрегей. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін, саны азайған түр. Облыста Орда ауылы маңы мен Қамыс-Самар көлдерінде тіркелген.
Сүңгуір үйректер тұқымдас тармағы. Қазақстанда 13 түр кездеседі, ал облыста 10 түр тіркелген. Олар: қызыл тұмсық сүңгуір, қызылбас сүңгуір, ала көз сүңгуір, айдарлы сүңгуір, теңіз сүңгуірі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, кәдімгі гага, кәдімгі тұрпан, ақбас үйрек, кіші бейнарық. 2 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген. Бұл үйректердің көптеген түрлері солтүстік ендікте өсімдіктер дүниесі ал терең суларда мекендейді. Көптеген сүңгуірлер топтасып жерде ұя салады. Көпшілігінің кәсіпшілік маңызы бар.
Гагалардың ұядағы мамығы 18-21 г дейін болады, ол өте бағалы, жылы, жеңіл және ұзақ сақталады.
Гагалар – сенімді, адамға тез үйренетін құстар. Оларды аулауға тиым салынған.
Ақбас үйрек. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін саны тез азайып бара жатырған түр. Облыста Орда маңында, Жалпақтал аумағында, Көшім өзені бойында, Қамыс-Самар көлінде, Анескино және Балықты көлдерінде, балық шаруашылығының тоғандарында және Орал, Ақсай қалаларының су қоймаларында тіркелген.
Бейнарық құстар тұқымдас тармағы. Қазақстанда және облыс аумағында 3түр кездеседі. Олар:кіші бейнарық, секпілтөс бейнарық,үлкен бейнарық.
Кіші бейнарық Жайық өзенінің ортаңғы және төменгі ағысында ұялайды.Бұл құс ұшып өткен кезінде облыстың барлық аумағында кездеседі.
Сұңқартәрізділер немесе күндізгі жыртқыш құстар отряды.
Дене салмағы 35 грамнан 10-12 кг-ға дейін жететін құстар. Тұмсығы қармақ тәрізді негізінде сары балсерісі бар, тырнағы иілген, балапандары қызыл шақа болатын өте бағалы құстар.
Қаршығатәрізділер тұқымдасы. Қазақстанда 27 түр тіркелген, облысфаунасында 23 түрі кездеседі. Олар: аражегіш кезқұйрық, түз, дала, шалғын, саз құладыны, қаршыға, қырғи, үлкен мықи, айнақанат тілеміш, кәдімгі тілеміш, жамансары, жылан жегіш бүркіт, бақалтақ бүркіт, дала қыраны, шаңқылдақ қыран, қарақұс, бүркіт, кезқұйрықты су бүркіті, ақ құйрықты су бүркіті, жұртшы, тазқара, ақбас құмай.
Түз, дала, саз құландары – ұзын қанатты құстар. Ашық жерлердің барлығында ұшып жүргендері кездеседі. Дала құландары құрғақ далаларда және Қамыс-Самар көлінен оңтүстікке қарай ұя салады.
Кезқұйрықтың басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығы айыр тәрізді болады. Бұл құстар пайдалы, ұсақ кеміргіштермен, сарышұнақтармен, өлген балықтармен және құстармен қоректенеді. Ол облыс аймағында ұялайды.
Қырандар тұқымдасының басқа түрлерден айырмашылығы, қанаты жалпақ және моқал болады. Тез, бірақ ауыр ұшады. Олар ағаштарға, жарларға ұя салады. Тек дала қыраны ғана ұясын жерге салады. Азығын ұшып, қалықтап жүріп іздейді, оны жерде аңдып немесе құлдилап ұшып ұстайды. Өлкесені сирек жейді. Қырандар, әсіресе, дала қыраны пайдалы. Олар зиянды кеміргіштер мен бунақденелілерді құртады. Бүркітті түлкі, қасқыр, қара құйрық ұстау үшін аңшылықта пайдаланады.
Облыс аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 8 түр кездеседі.
Бүркіт. Саны азайған түр. Қырандар туысының ішінде бұл ең ірі өкіл. /салмағы 6-7 кг, қанаты 2м-ге дейін/. Таулары, орманды және ашық ландшафталарды, қыратты жерлерді және тоғайларды мекендейді. Облыста бұрынғы уақытта Елек, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында және Жалпы Сыртта ұялаған. Соңғы он жылда ұя салғаны жөнінде мәлімет жоқ, бірақ адасқан бірең-сараң дарлары Орда, Үлкен өзен, Көшім мен Бағырлай арасынан, сонымен қатар Орал мен Қызылқалпақ аралығында кездескен.
Аққұйрықты субүркіті. Ірі қыран тәрізді құс, салмағы 7 кг, қанатының ұзындығы 2,5м-ге дейін. Қазіргі уақытта Жайық өзенінің бойында 50 жұптан аса ұя салады. Көшім өзеніндегі Бітік су қоймасында, Орда, Жәнібек және Кирсанов қорықшысы аумақтарында мекендейді.
Лашын. Жойылып кету қаупі бар түр. Бұлда ірі сұңқардың бірі, салмағы 1 кг, қанатының ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді, қанаты жіңішке әрі ұзын, сына тәрізді көлденең жолағы бар құйрығы болады. Облыс аумағында тек ұшып өту кезінде Жәнібек ауылы маңында, Жалпақталда және Қамыс-Самар көлі мен Жайық өзенінің аңғарында кездеседі.
Тауықтәрізділер отряды-ағаш басында және жерде мекендейтін өсімдікқоректі құстар, облыстың барлық жерінде таралған. Көпшілігі полигамды түрлер, ұрпағына қамқорлықты тек қана аналығы ғана атқарады. Тауықтәріздлердің 250-ге жуық түрлері белгілі.Шаруашылықта маңызы зор, сонымен қатар көпшілігі кәсіптік құстар.Олардан көптеген үй құстарының тұқымдары шыққан.
Қазақстанда құрлар мен қырғауылдар тұқымдасына жататын 13 түр кездеседі.Батыс Қазақстан облысы аумағында 4 түр мекендейді.Олар;Аққұр-Жайық өзені жайылмасында қыстайтын түр/еменді-шегершінді орманда/.
Құр, шіл, бөдене-облыстың барлық аумағын мекендейтін отырықшы құстар.
Тырнақтәрізділер отяды-мойыны,аяқтары ұзын ірі құстар. Тұмсығы түзу алға созылған.Құйрығы қысқа.Моногамды. Балапандары ширақ. Далалы жәнебатпақты жерлерді мекендейді.Отрядта 20-ға жуық түр бар. Соның ішінде нағыз тырналар тұқымдасына 14түр жатады. Қазақстанда 6 түр, ал облыста 3түр кездеседі. Олар: ақтырна, сұр тырна, оның екеуі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген.
Ақ тырна. Жойылып кету қаупі бар түр. ДЖТҚО-ның Қызыл кітабына енген.Оның мөлшері үлкен,салмағы 10кг-ға дейін,бойы 1 метрдей, ал қанатының ұзындығы 2 м-ден артық. Қауырсыны таза ақ түсті, қанатының ұшы қара, тұмсығы мен аяғы қызыл болып келеді. Ақтырна ылғалды шөптесін өсімдікті мүкті тундра мен орманды тундраны мекендейді. Ұшып өту кезінде облыстың оңтүстік аудандарында кездеседі.
Ақбас тырна. Саны тұрақтанып келе жатырған түр. Бұл ең кіші тырна, салмағы 2-3 кг, бойы 75 см. Ол облыстың далалық және шөлейтті аймақтарында ұя салады. Соңғы кезде ақбас тырна барлық облыс аумағында кездеседі.
Дуадақтар тұқымдасы. Дуадақтар - салмағы 1-18 кг, ірі құстар. Қауырсындары шұбар реңді. Басында және мойнында әшекей қауырсындардан тұратын айдар алқа болады.Күндізгі құстар. Дала, шөлейт және шөлді аймақтардың ашық ландшафтыларын мекендейді.Ұясын жерге шұңқырлап салады. Балапандары ширақ.
Дәмді етіне, ашық даланы меңгеруіне байланысты дуадақтардың күрт азайды, қазіргі кезде олардың барлығы дерлік Қазақстанның және ДЖТҚО-ның Қызыл кітабына енген. Отряда 24 түр бар. Қазақстанда және облыс аумағында 3 түр кездеседі.
Дуадақ. Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.
Ірі салмағы 18 кг-ға дейін жететін салмақты құс.Облыс аумағында.ХIХ ғасырдың ортасында көп болған, облыстың барлық жерлерін, ауыл шаруашылығына қарқында игеруіне байланысты, тіршілік орталарынан ығыстырды.
Дуадақтың сан мөлшері күрт азайды. Тың жерлерді игеру, «мазалу» факторының артуы, қыстау мекенінде өлімнің XIX ғасырдың 70-жылдары жоғары болуына байланысты қайтадан саны қалпына келе бастағаны байқалады. Дуадақ Шалқар көлі, Көшім қзені маңайында Еділ-Жайық өзендері аралығында және Утва, Қалдығайты өзендері бойында кездеседі.
Тауқұдірет тұқымдасы.Тауқұдірет тұқымдасының балшықшыларының тұмсықтары етті, ұзын, тқрт саусақты. Қазақстанда 36 түр мекендесе, облыс аумағында 26 түр кездеседі. Олар: тауқұдірет, үлкен және қасқа шалқықшы, бізтұмсық, қарала балшықшы, қызғыш және т.б.Олар Батыс Қазақстан облысының сулы-батпақты мекендерінің барлығында үнемі ұя салады.
Шағалалар отряд тармағы. Суда тіршілік ететін орташа көлемді құстар, салмағы 40г-нан 3 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ұзын, әрі үшкір, мықты, тіке тұмсығы және қысқа аяғы болады. Өте тамаша ұшады және жүзеді. Су жануарларымен (балықпен) қоректенеді, кейбір ірі шағалалар далада да ұшып жүріп, кеміргіштермен азықтанады. Кейбір түрлері жыртқыш, құстардың ұяларын бұзады. Топтасып қоныстанады. Дүние жүзінің барлық аумағына таралған, 85-тен астам түрі белгілі. Қазақстанда 21, оның 8 түрі қарқылдақ, 11 түрі шағала, 2 қаратұмсық ал облста 15 түр мекендейді(7 қарқылдақ, 6 шағала, 2 қаратұмсық).
Облыстың барлық суларында (қара және кіші қарқылдақтар, қаратұмсық қарқылдақ, үлкен қарқылдақ) кездеседі.
Кіші шағала-облыстың дала аймағындағы суларында ұя салады.
Теңіз кептер шағаласы-облыстың солтүстігінен Соркөл көліне дейін, Көшімнің құяр жерінде және Еділ-Жайық өзендері аралығында мекендейді.
Қылан қарабас шағала-саны күрт азайып бара жатырғн, сирек кездесетін түр.Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.
Соңғы онжылдықта, аздаған топтары, Қамыс-Самар, Көшім көлдерінде Кіші және Үлкен Көшім өзендері бойында тіркелді. Шалқар көлінде де кездеседі. Кейінгі жылдары гидрологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ірі суларда Жәнібек және Көшім өзені бойында 500 жұбының қя салғаны тіркелді. Шағала өлген және ауру балықтармен қоректенеді.
Кептертәрізділер отряды. Салмағы 30г-нан 3 кг-ға дейін жететін, мөлшері орташа құстар. Кептерлер тез ұшады, жерде жәй жүгіреді, жұптасып өмір сүреді. Отрядта 300-ден астам түрлер бар. Қазақстанда 12, облыста 8 түрі кездеседі.
Кептерлер тұқымдасының облыста 5 түрі мекендейді.
Көккептер-елді-мекендерді қоныстанады. Тұрған үйлердің шатырында ұялайды. Олар үй кептерлері тұқымдарының ата-тегі(шамамен б.э.д. 3-5 мың жыл)
Сақиналы түркептер-Еділ-Жайық өзендері аралығын, Атыраудан-Оралға дейін,сонымен қатар Дарьинск, Ақсай, Сырым маңайын мекендеп, ағаштардың басына ұя салады.
Түркептер-Жайық өзені аңғарында кездеседі, ағаш бұтақтарына ұя салады. Елді-мекендердің барлығында кездеседі.
Бұлдырықтар тұқымдасы. Мөлшері орташа (салмағы 200-600г) сырттай кептерге ұқсас, қауырсыны шұбар болып келетін, жерде тіршілік ететін құстар. Кептерден айырмашылығы балапандары ширақ. Шөлде топ болып мекендейді, көбею кезінде жұптасады.
Кәсіптік құс. Соңғы 40 жылда бұлдырықты қарқынды аулау өсті, соның нәтижесінде кейбір түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді. Облыс аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген 3 түрі кездеседі.
Қарабауыр және ақбауыр бұлдырықтар. Сандары азайған түрлер. Облыс аумағында Көшім мен Бітік; Жаңақала, Тайпақ, және Қамыс – Самар көлдері маңынан тіркелген.
Ұбақ-саны азайған түр. Облыс аумағында тек қана ұшып өткен кезінде, Еділ-Жайық аралығында, Көшімдегі Дөңгелек су қоймасында, Жаңақазанда, Жайық өзені ортаңғы ағысында , Красноармейск маңында тіркелген.
Көкектәрізділер отряды. Көкектер- ұсақ және орташа мөлшерлі (салмағы 20г-1кг-ға дейін) бунақдене қоректі, аздап тұмсығы иілген, құйрықтары қысқа және орман құстары.
Кейбіреуі ұя салып, жұмыртқа басады. Енді біреулері ұя салған болып, басқа ұяға жұмыртқалап ұя паразитіне айналған. Мысалы: айдарлы көкек тек қана қарақарға ұясына салады да өздері жұмыртқаларын басқысы да келмейді. Біздегі көкектер соңғы топтың өкілдері.
Кәдімгі көкек және меңіреу көкек-ұшып өтетін құстар, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында, саяжайларда, Орданың қарағайлы орманында кездеседі.
Сұрқарлығаштәрізділер отряды. Сұрқарлығаштар қарлығаштарға сырттай ұқсайды, олардың тіршілігі де бірдей. Ұсақ құстар. (салмағы 20-100г)
Қанаты ұзын, тіршілігінің көпшілігі ауада өтеді, бунақденелілермен қоректенеді. Ұшып жүріп су ішеді, әрі шомылады. Кейбір түрлерінің ұшу жылдамдығы 120-170 км/сағ. 60 түрі белгілі, Қазақстанда 4 түр, ал облыста 1 түрі ғана кездеседі.
Қара суқарлығашы-облыс аумағының барлық жерінде кездеседі.
Көгілдірқұстәрізділер отряды. Бұл үлкен топ, әртүрлі мөлшерде (10г-нан 4кг-ға дейін) болады. Сыртқы көрінісі және биологисодырғысы ұшып өту кезінде);биологиялық ерекшеліктеріне қарай тропика орман құстары. 193 түрі белгілі, Қазақстанда және облыс аумағында 5 түр кездеседі.
Бәбісек - Облыстың барлық елді-мекендерінде кездеседі. Омыртқасыздармен қоректенеді.
Торғайтәрізділер отряды. Торғайтәрізділер барлығыда сайрайтын құстар. Отрядта 5 мыңнан аса түрлер бар, барлық қанаттылар патшалығының 63 құрайды. Дүние жүзінің барлық ландшафталарын мекендейді. Ең кіші түр сарыбас шөженің (королек) салмағы 5-г, ал ірісі 110-1500 г болатын құзғын.
Көпшілігі моногамды, бірақ полигамдылары да бар. Жылына 2 рет балапан шығарады. Балапандары қызыл шақа.
Торғайтәрізділердің көпшілігі орман және бұталы өсімдіктер арасында тіршілік етуге бейімделген. Жерде жүретіндері салыстырмалы аз, нағыз суда тіршілік ететін торғай жоқ, бірақ сушылқара су астымен жүгіре алады.
Облыс аумағында 120-ға жуық торғай тектестер отрядының өкілдері кездеседі.
Торғайтәрізділердің көптүрлілігі және әртүрлілігі тіршілік орталарында кеңінен таралуы осы топ өкілдерінің алуан түрлі тіршілік жағдайларына экологиялық бейімдеушіліктері болып табылады. Қарлығаштар тіршілігінің ұзақ уақытын ауадаөткізеді. Ұяларын жарларға, үйлердің шатырының жиегіне салады. Ұясын салом, саз, қыл, топырақ қосып оны сілекейімен желімдеп, ұқыпты етіп жасайды. Ауада ұшып жүріп бунақденелілермен қоректенеді. Қарлығаштар балапандарын тамақтандыру кезінде тәулігіне 600 рет бірнеше бунақденелілер алып келеді. Көпшілігі адам қоныстарына жақын жерге мекендейді.
Бозторғайлар-бунақденелілермен қоректенеді, қарлығаштардан айырмашылығы азығын жер үстінде жүріп жинайды. Бозторғайлар жерден жоғары көтерілген сайын ән салады, биіктеген сайын дауысы сыңғырлайды. Олар қяларын жасыл өсімдіктер жапырағын жайған кезде салады. Облыс аумағында 9 түр кездеседі.
Кәдімгі қараторғай-қолдан жасалған ұяларғақоныстануға әуес. Олар орманда тіршілік етіп, ұяларын ағаш қуыстарына салады. Азықтарын негізінен жерден, кей уақыт ағаштан табады. Зиянды бунақденелілерді құртып пайда келтіреді. Мысалы: алаторғай далада және шөлде мекендейді, шегірткемен қоректенеді.Бір қараторғай тәулігіне 200-г-ға дейін зиянды бунақденелілерді құртады. Облыс аумағында 2 түр кездеседі (Кесте 4).
Кесте 1
Жаңақала ауданындағы құстардың түрлері
Жаңақала ауданында құстардың 71 түрі кездеседі соның ішінде суда 33,жазық далада 14, жыртқыштар 11, батпақта 7, ағашта 6 түрі кездеседі.
№
Қазақша
Орысша
Латынша
Мекендейтін жері
1
Лашын
сапсан
Falco peregrinus
Жыртқыш
2
Сұқсыр үйрек
чомга
Podiceps cristatus
Суда
3
Жалбағай
колпица
Platalealeucorodia
Батпақ
4
Аққұтан
Цапля рыжая
Azdeapurpuzea
Суда
5
Ұзынсирақ балшықшы
Хoдyлочник
Himantopushimantopus
Суда
6
Мамырқұс
Перевозчик
Actitishypoleucos
Суда
7
Шырғалақ
Веретенник большой
Limosalimosa
Батпақ
8
Қылаңқарабас шағала
Хохотун черноголовый
Larusichthyaetus
Суда
9
Қызылжемсаулы қарашақаз
Казарка краснозобая
Brantaruficollis
Суда
10
Сарыала қаз
Огарь
Tadornaferruginea
Суда
11
Бізқұйрық үйрек
Шилохвость
Anasacuta
Суда
12
Қызылбас
Краснобаш
Nettarufina
Суда
13
Дала күйкентайы
Пустельга степная
Falco naumanni
Жыртқыш
14
Дала қыраны
Орел степной
Aquila nipalensis
Жыртқыш
15
Дала құладыны
Лунь степной
Circus macrourus
Жыртқыш
16
Безгелдек
Стрепет
Tetraxtetrax
Жазық дала
17
Кіші қарқылдақ
Крачка малая
Sterna albifrons
Суда
18
Көк кептер
Голубь сизый
Columdalivie
Жазық дала
19
Кәдімгі көкек
Кукушка обыкнавенная
Cuculuscanorus
Ағашта
20
Алтынжон аражегіш
Щурка золотистая
Meropsapiaster
Жазық дала
21
Аққанат бозторғай
Жаворонок белокрылый
Melanocoryphaleucoptera
Жазық дала
22
Шырылдауық айқабақ
Камышовка дроздовидная
Acrocephalusarundinaceus
Ағашта
23
Сұр аққұры
Куропатка серая
Perdixperdix
Жазық дала
24
тырду
Авдотка
Burhinusoedicnemus
Жазық дала
25
Бірқазан
Пеликан
Pelecanus
Суда
26
Сұржақ сұқсыр
Поганка серощекая
Podicepsgriseigena
Суда
27
Көлбұқа
Выпь большая
Botaurusstellaris
Батпақ
28
Сұр құтан
Цапля серая
Ardeacinezea
Суда
29
Балшықшы сауысқан
Кулик-сорока
Haematopusostalegus
Суда
30
Шөпілдек
Травник
Tringatotanus
Суда
31
Көк шағала
Чайка сизая
Laruscanus
Суда
32
Сұңқылдақ аққу
Лебедь-кликун
Cygnus cygnus
Суда
33
Сұр қаз
Гусь серый
Anseranser
Суда
34
Жалпақтұмсықты үйрек
Широконоска
Anasclypeata
Суда
35
Даурықпа шүрегей
Чирок трескунок
Anasquerquedula
Суда
36
Қызылбас сүңгуір
Нырок красноголовый
Aythyaferina
Суда
37
Құйымшақ
Копчик
Falco vespertinus
Жыртқыш
38
Аққұйрықты субүркіт
Орлан белохвост
Haliaeetusalbicilla
Жыртқыш
39
Шалғын құладыны
Лунь полевой
Circus pygargus
Жыртқыш
40
Шаушүрілдек
Зуек малый
Charadriusdubius
Батпақ
41
Қара қарқылдақ
Крачка черная
Chlidoniasniger
Суда
42
Кәдімгі түркептер
Горлица обыкнавенная
Streptopelia
ағашта
43
Қара сұр қарлығаш
Стриж черный
Apusapus
Жазық дала
44
Құлақты бозторғай
Жаворонок рогатый
Eremophilaalpestris
Жазық дала
45
Қара бозторғай
Жаворонок черный
Melanocoryphayeltoniensis
Жазық дала
46
Жолақбас айқабақ
Камышовка барсучок
Acrocephalusschoenobaenus
ағашта
47
Ақбас тырна
Журавль красавка
Anthropoidesvirgo
Жазық дала
48
Үлкен суқұзғыны
Баклан большой
Phalacrocoraxcarbo
Суда
49
Қарамойын сұқсыр
Поганка черношейная
Podicepsnigricollis
Суда
50
Үлкен аққұтан
Цапля белая большая
Egretta alba
Батпақ
51
Қызғыш
Чибис
Vanellusvanellus
Батпақ
52
Үлкен шалшықшы
Кроншнеп большой
Numeniusarquata
Суда
53
Тауқұдірет
Бекас
Gallinagogallinago
Батпақ
54
Кіші шағала
Чайка малая
Larusminutus
Суда
55
Сыбырлақ аққу
Лебедь-шипун
Cygnus olor
Суда
56
Италақаз
Пеганка
Tabornataborna
Суда
57
Барылдауық үйрек
Кряква
Anasplatyrhynchos
Суда
58
Ысылдақ шүрегей
Чирок свистунок
Anascrecca
Суда
59
Үлкен бейнарық
Крохаль большой
Mergus merganser
Суда
60
Жағалтай
Чеглок
Falco subbuteo
Жыртқыш
61
Шалғын құладыны
Лунь луговой
Circus purgargus
Жыртқыш
62
Батпақ құладыны
Лунь болотный
Circus aeruginosus
Жыртқыш
63
Қылаң шағала
Чайка серебристая
Larusargentatus
Суда
64
Дыркептер
Вяхирь
Columba palumbus
Ағашта
65
Құлақты жапалақ
Сова ушастая
Asiootus
Ағашта
66
Бәбісек
Удод
Upupaepops
Жазықдала
67
Шабындық бозторғай
Жаворонок полевой
Alaudaarvensis
Жазықдала
68
Дала бозторғайы
Жаворонок степной
Melanocoryphacalandra
Жазық дала
69
Тілеміш
Курганник
Buteorufinus
Жыртқыш
70
Қасқалдақ
Лысуха
Fulicaatra
Суда
71
Шүрілдек
Зуек галстучник
Charadriusaticula
Жазық дала
Жаңақала ауданында кездесетін құстардың 14 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген: бұйра бірқазан, лашын, ақбас-тырна, қылаңқарабас шағала, безгелдек, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу,дала қыраны, сарыала қаз, жалбағай,тілеміш, жалпақтұмсықты үйрек, аққұйрықты субүркіт, дуадақ.
Қорытынды
- Жаңақала ауданындағы сирек кездесетін құстарды, Жалтыркөл қорықшасын сақтау керек.
Қолданылған әдбиеттер
Джубанов А.А. Климат // Природно-ресурсный потенциал и проекируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области Уральск 1998.
Иванов В.В. Физико-географический очерк Западного Казхстана// Географический сборник. М;Л.,1953 Вып.2.
В.М.Константинов, В.Г.Бутьев,Е.Н.Дери-Оглу «Позвоночные животные и наблюдения за ними в природе» Москва изд центр «Академия» 1999
Т.Е. Дарбаева «Конспект Флоры меловых возвышенностей северо-западного Казахстана» Уральск 2002
Ковшарь А.Ф. «Мир птиц Казахстана» Алма-Ата «Мектеп»1988
Дебело П.В. Булатова К.Б. Животные Западно-Казахстанской области. Позвоночные.Насекомые. Уральск 1999
Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.«Омыртқалылар зоологиясы» Алматы 2007
Байдулова Л.,Булатова Қ., Қарағойшин Ж. «Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі» Орал, 2002
Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері Жаңақала ауданы М.Н.Сдыков т.б. Орал-2007