kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а ту?ан н?рестені? басс?йегінде ми сауыты с?йектері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а ту?ан н?рестені? басс?йегінде ми сауыты с?йектеріне ?ара?анда бет с?йектері біршама кішілеу келеді.

Жа?а ту?ан н?рестені? басс?йегіні? бас?а ерекшелігі - е?бектері, fronticulli, болады. Оларды? басс?йегінде ?лі ая?талма?ан с?йектенуді? ?ш сатысыны? іздері бай?алады. Е?бектері, бірінші жар?а?ты, сатыны? ?алды?тары болып табылады; олар с?йектенбеген д?некер тінні? ?алды?тары са?тал?ан, жіктерді? ?иылыс?ан жерінде орналасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а ту?ан н?рестені? басс?йегінде ми сауыты с?йектері»

Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді.

Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі - еңбектері, fronticulli, болады. Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері, бірінші жарғақты , сатынығ қалдықтары болып табылады; олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жерінде орналасады. Олардың болуының үлкен фунционалдық маңызы бар, себебі бассүйек шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мына түрлерін ажыратады:

1) алдыңғы еңбек, fronticulus anterior, ромб пішінді , орта сызық бойымен төрт жіктің: сагиталды , маңдай және тәжді жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады; 2 жаста өсіп бітеді;

2) артқы еңбек, fronticulus posterior, үшбұрыш пішінді , сагиталды жіктің артқы ұшында алдындағы екі шеке сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы арасында жатады ; туғаннан кейін 2 айда өсіп – бітіп кетеді.

3) бүйір еңбетері , жұп , әр жағынан екеуден , сонымен бірге алдыңғысы сына тәрізді , fronticulus sphenoidalis , ал артқысы – емізік тәрізді , fronticulus mastoideus , деп аталады. Сынатәрізді еңбек шеке сүйек , маңдай сүйегі , angulus sphenoidalis , сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде орналасқан ; туғаннан кейін 2 – 3 айлығында бітіп кетеді. Емізік тәрізді еңбек шеке сүйегінің , angulus mastoideus , самай сүйегі пирамидасының негізі және шүйде сүйектің қабыршағы арасында орналасқан. Сына тәрізді және емізіктәрізді еңбектер көбіне шала туған балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы , диплоэнің нашар дамуы , бассүйектің сыртқы бетінде бедерінің көмескілігі байқалады.

Бассүйектің екінші шеміршектік даму сатысының қалдықтары оның негізі сүйектерінің жекелеген әлі де қосылып кетпеген бөліктері арасындағы шеміршекті қабатшалар болып табылады ,сондықтан олар жаңа туған нәрестелерде ересектерге қараңанда біршама көптеу . Бассүйектерде ауалы қойнаулар әлі дамымаған. Әлі жұмыс істей қоймаған бұлшықеттердің нашар дамымағандығынан түрлі бұлшықет төмпешіктері, қырлары және сызықтары байқалады. Осы себептен әрі шайнау қызметінің жоқтығынан жақсүйектер бітісіп – өспеген екі жартыдан тұрады. Осының салдарынан бет ми сауытымен салыстырғанда онша алға қарай шығыңқы емес те, оның тек сегізден бір бөлігін ғана құрайды , ал ересек адамда бұл қатынастар 1:4.

Есейген шақта күмбез сүйектері арасындағы синдесмоздардың синостоздарға айналуынан бассүйек жіктерінің сүйектенуі байқалады. Қартайған кезде бассүйек сүйектері біршама жұқарып әрі жеңілдейді. Тістер түсіп , жақсүйектердің ұяшықтық жиегінің семуі (атрофобиясы) салдарынан бет қысқарып, төменгі жақсүйек алға қарай шығыңқырап , сонымен қатар оның тармақтары мен денесі арасындағы бұрыш үлкейеді. Бассүйектің бұл айтылған жасқа байланысты өзгерістері рентгендік зерттеу кезінде жақсы айқындалады, бұның диагноз қоюда үлкен маңызы бар . Мәселен жаңа туған нәрестенің бассүйегі рентгенограммасында мыналар айқын көрінеді: 1) бірқатар сүйектер – маңдай , шүйде , төменгі жақсүйегі – тұтастанып бірігіп – өспеген; 2) ауалы сүйектерде пневматизация ( ауаға толу ) жоқ; 3) шеке сүйектері арасы, әсіресе еңбектері аймағында, кең келеді. Алыңғы рентгенограммада маңдай сүйегін екіге бөлетін sutura frontalis орналасқан жерде ақшылдау, сондай – ақ төменгі жақсүйектің екі жартысының толық бітісіп – қосылмағандығының ізі көрінеді. Артқы рентгенограммада os parietale мен шүйде қабыршағының төменгі бөлігі, сондай – ақ оның латералды бөліктері мен қабыршағы арасында аралықтар көрінеді . Бүйір суретте synchondrosis sphenooccipitalis – ке сәйкес келетін ақшылдану байқалып тұрады . Рентгенограммаларда көрінетін одан кейінгі жасқа байланысты өзгерістер мыналар:

1) Сүйектердің жеке бөліктерінің бітісіп – қосылып тұтастануы байқалады, атап айтқанда: а) төменгі жақсүйектің екі жартысының бітісіп қосылуы (1– 2 жаста); ә) sutura frontalis орналасқан жерде маңдай сүйегінің екі жартысының бітісіп – қосылуы ; в) synchondrosis sphenooccipitalis тұрған жерде шүйде сүйектің базилярлы бөлігінің сынатірізді сүйекпен бітісіп – қосылып бірыңғай негізгі сүйекке ( os basilare ) айналуы; осы синостоз басталуымен ( 18 – 20 жас ) бассүйек негізінің ұзына бойына өсуі аяқталады.

2) Еңбектер жоғалып, типтік тісті контурлары бар жіктер түзіледі ( 2 – 3 жаста).

3) Сүйектердің ауаға толуы ( пневматизациялануы ) пайда болып, дамиды.

Рентгендік әдіс сүйектердің дамып келе жатқан ауалы қуыстарын тірі адамда зерттеудің бірден – бір әдісі болып табылады: а) маңдай қуысы рентгенограммада бір жастың аяқ кезінде байқалады да содан кейін біртіндеп үлкейеді. Бір жағында ол өте кішкентай да, arcus superciliaris медиалды кесіндісінің шегінен шықпайды; басқа бір жағдайларда бүкіл мargo supraorbitalis – тің ұзына бойы таралад. Оның толығынан жоқ болуыда байқалады; ә) торлы сүйектің ұяшықтары алғашқы жылдары – ақ байқалады; б) жоғары жақсүйек ( гаймор ) қуысы жаңа туған баланың рентгенограммасында шамасы бұршақтай, созыңқы пішінді, ақшыл жер түрінде көрінеді. Ол тістердің ауысуы кезеңінде толық дамиды және едәуір дәрежеде өзгергіш келеді;

в) сынатәрізді қойнау туралы жоғарыда айтылды.

4) Тістердің ауысуы және түсуі.

Есейген шақта басталатын жіктердің жоғалып, сүйектердің бір – бірімен бітісіп – қосылуы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жа?а ту?ан н?рестені? басс?йегінде ми сауыты с?йектері

Автор: Шоман Ленара Садуакасовна

Дата: 27.06.2016

Номер свидетельства: 336331


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства