kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы жайлы ғылыми жоба барлық оқырмандарға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба»

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ











Ғылыми жобаның тақырыбы

Тақырыбы:Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы











Орындаған: Сағидолдина А.С.

Ғылыми жетекшісі: Рахимжанова Д.М









Өскемен 2017

Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

  • Әдебиеттер тізімі


























Аннотация – ұлудың пайдасы өте зор. Оның құрамында теріні жасартып, жаңарту үшін нәрлі заттар бар. Ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады.


Кіріспе

Мен әрқашан үйде бір жануар болғанын қаладым. Үй жануарлары адамның көптеген жақсы қасиеттерін дамытуға көмектеседі: жауапкершілік, дәлдік, басқаларға құрмет.

Үй жануарлары біздің достарымыз, олармен тәжірибе бөлісе аласыз. Кішігірім бауырластармен қарым-қатынас, әрине, адам үшін, әсіресе балалар үшін пайдалы, өйткені біз біреуге қамқорлық жасауға, жауапкершілік аламыз. Үй жануарлары болса, балалар да, ересектер де мейірімді болады.

Ахатин ұлуы - тропиктік климатты мемлекетте кең тараған. Сол себепті-бұл ұлулар көбінесе АҚШ және Африка да кең таралған. Қолда өсетін үй жануары. Оның 100 ден аса түрі бар. Бұл жануар көбінесе-үй жануары ретінде асырайды. Ахатин ұлуы созылғанда 15-18 см болады. Ахатин ұлуының жасын сауытындағы ирегінен білуге болады.Олар 10 жыл өмір сүре алады.

Үй жағдайында ұлуды өсірудің өзектілігі, қазіргі жастар сыртқы келбеттері мен әсемдікке ерекше ден қойқандықтан қолжетімді бағаға табиғи жолмен бет күтімі мен ішкі ағзасын қалыпты жұмыс жасау үшін ұлуды пайдалану.

Зерттеу мақсаты- үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасын зерттеу

Зерттеу мақсатына байланысты келесі міндеттерді алға коямыз:

-Үй жағдайында ұлудың пайдасы

- Ұлуды үй жағдайына үйрету

-Ұлудың бойындағы қасиеттер

- Зерттеудің әдістері мен базасы




Негізгі бөлім

Сыртқы келбет пен әсемдікке ерекше ден қойған қазіргі уақытта қыздар сұлулық салондарына баруы жиіледі. Олар бет күтімі мен ішкі ағзаның қалыпты жұмыс жасауы үшін, тіпті, жәндіктердің де пайдасын іске асырып келеді.

Ұлулардың тамақтану кезі



Аса қатты бап жасауды қажет ете бермейтін жәндікті үй жағдайында өсіріп те, оны кәсіп көзіне айналдырған жандар бар. Соның бірі менің анам Әсел Кенжеканқызы. Ол үй жағдайында 5 ұлу ұстайды. Бала күтімінде отырған ол бұл істі алғаш жәй қызығушылықпен бастаған. Кейіннен оның емдік қасиетіне көзі жете келе өзі секілді қыз-келіншектердің бет күтіміне септігін тигізуді ойға алған.

Ұлудың адам ағзасына пайдасы өте зор. Оның құрамында теріні жасартып, жаңарту үшін нәрлі заттар бар. Ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады. Сол арқылы денедегі бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына көмектеседі.



Ұлударды күтіп- баптау кезінен



Қазіргі неше түрлі майлы кремдерден гөрі табиғи емнің нәтижесі жоғары. Мәселен, корей елінің косметикалық өнімдерінің басым көпшілігі осы ұлудың ағзасында болатын нәрлі сұйықтықтан жасалады екен. Мұның пайдасына бүгінде нәзікжандылардың көзі анық жеткен. Анам оны Алматыдан арнайы алдырған. Күтімі де аса қиын емес. Арнайы 1 үлкен пластмасса ыдыста сақтаймыз. Арасында су құйып тұрамын. Салат жапырағын, асқабақ, қияр, сәбіз ұнтақтарын жейді. Анамның таныс құрбылары үйге келіп, ем алып кетіп жатады.



Жеңгем процедура (ұлу терапиясын) кезінде



Бетке ұлуды денесін тазартып, залалсыздандырып барып қоямыз. Бет терісі де алдын-ала тазартылуы керек. Бес ұлу жарты сағатқа қойылады. Олар ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағамыз, ол бет терісін «пленка» сияқты жабады. Оның кебуін күтіп, 10 – 15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз. Емделуші күн астына шығар кезде бетке оның зиянды сәулесінен қорғайтын крем жағуы керек. Анамның болашақта аталмыш бағыттағы жеке сұлулық салонын ашпақ ниетте. Сұранысқа ие дүниені іске асырып, кәсіп көзіне айналдырмақ.



Қолдағы тыртықтарды алады



Екінші жағынан, қыздар қауымының сұлулығын әдемі сақтап, ажарландыра түсуіне өз септігін тигізбек. Қысқасы, жұрт айтып жүрген ұлу терапиясы бізге де келіп жетті. Ұлудың бойындағы негізгі қасиеттер – ол өте нәзік, өте сұлу жәндік, адам өмірін ұзартады, балаларды мейірімділекке үйретеді.

Біздің зерттеу базамыз: Өскемен қаласы, Уалиев көшесі 8\1 орналасқан.




Қортытынды

Бүгінгі таңда ұлулар ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жәндіктің адам денсаулығына айтарлықтай оң ықпалы бар. Бізде қолға алынғанына бір-екі жылдың жүзіне айналды. Осыған қарамастан, оның көмегіне жүгінушілер қатары артқан.

Мен алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі қазіргі жастар қолжетімді бағаға сапалы жасайтын мастерлерге барады. Сол себепті үй жағдайында ұлудың күтімін жақсартып баптауды одан әрі жалғастырудамын. Мен алдағы уақытта ұлу терапияларын көбейтіп, табиғи жолмен емдеу орталықтарын, сапалы сұлулық салондарын арттыруды, оларға қолдау көрсетуді ұсынамын.



















































Әдебиеттер тізімі



  1. Aхатина/ Кеңестік энциклопедия Большая советская энциклопедия

  2. Гиляров М.С. Биологиялық энциклопедиялық сөздік

  3. Жас биолог энциклопедиялық сөздік

  4. Интернет-сайттар:

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Үй жағдайында ұлуды өсірудің пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба

Автор: Сағидолдина Аружан

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437534


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства