Курс биология п?ніні? ?аза?стан республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы?а міндетті стандарты негізге алып ??растырылды.
Балалармен жас?спірімді д?рыс тама?тандыру оларды? денсаулы?ын ны?айтып, дене ж?не ой ?абілетіні? дамуына м?мкіндік береді, е?бек ету мен саба? ?лгеру ?абілетін арттырады. Егер тама?тану д?рыс ?йымдастырылмаса, тиімсіз, я?ни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу б?зылып, оны? айналада?ы ортаны? зиянды ?серіне ж?не ?рт?рлі ж??палы аурулар?а ?арсы т?рарлы? ?абілеті т?мендейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тама?тану ж?не денсаулы? та?дау курсы»
Бекітемін Келісемін Қаралды
Мектеп Директордың ғылыми- ӘБ отырысында
директорының м. а. әдістемелік ісінің № 1 хаттама
орынбасары
_______ Б.У.Аужанова _____ А.Т .Амангалиева ____ А.А.Дуйсенбиева «___» тамыз 2016 ж. «____» тамыз 2016 ж. «___» тамыз 2016 ж.
«Тамақтану және денсаулық»
тақырыбында жазылған бағдарлама
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
«№19 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тамақтану және денсаулық»
таңдау курсының бағдарламасы
6 «А», 6 «Ә» сынып
Қолданатын № 19 орта мектебінің ІІ санатты биология пәнінің мұғалімі:
Ескараева Карлыгаш Рсалиевна
Тараз 2016 оқу жылы
Түсінік хат
Курс биология пәнінің Қазақстан республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізге алып құрастырылды.
Балалармен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден шығады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.
«Өсімдік жақсы өссе – адамдардың да тіршілігі жақсармақ, өсімдік солып қалса, адамға да қатер төнгені», «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында ».
Курстың мақсаты: оқушыларға адам өмірінде тамақтану мен денсаулықтың маңыздылығы, салауатты өмір салтын қалыптастыруды меңгерту
Курстың міндеттері:
адам бойындағы жағымды қасиеттердің денсаулыққа әсерін рухани құндылықтарды аша отырып меңгерту;
жаратылыстану пәндерінің ішінде тәнтанудан адам денсаулығын сактауды алдын алуда ,баланың жас кезінен өзін-өзі реттеп, алған білім, білік, іскерлігі оның даму жолындағы алға қойған мақсаттарына жетуіне ықпал ету;
сабақта теориялық және практикалық білімдерді қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әлемдік мәдениет жетістіктерімен байланыстырып меңгерту;
таңдау курсы арқылы оқушылар адамгершілік қасиеттер адамды жақсылыққа итермелейтінін және тән мен жанның тазалығы қатар жүргенде ғана адамның табиғатпен үйлесімділігінің арқасында ұзақ, әрі салауатты өмір сүруге болатындығын дәлелдеу;
оқушының салауатты өмір сүруін болашаққа мақсат қойып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
әрбір ата-ана өз балаларының болашағына балалық кезінен назар аударып, тұлға болып қалыптасып, өзінің мені бар баланы тәрбиелеуге мектеппен байланысын нығайту.
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар меңгеруі тиіс
-тамақтану мен денсаулықтың маңызын және міндеттерін;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
-Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын;
-Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын
- Өсімдіктерден өнім жасауды
- тамақтың мөлшерін
Оқушылар білуі тиіс
-адам өмірінде тамақтанудың маңызын
-дұрыс тамақтануды
- тамақтану статусын
- арнайы орындарда тамақтану керектігін
- денсаулықты күтіп, сақтау керектігін
- дұрыс тамақтана
- бақылау, қорытынды шығара
6 сынып
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Ескерту
6а
6ә
Кіріспе (2 сағат)
1
Салауатты тамақтану – ұлт денсаулықтың негізі
1
1.09
5.09
2
Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
1
8.09
12.09
Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі (17 сағ)
3
Тамақтану тәртібі
1
15.09
19.09
4
Тамақтанудың негізгі ережелері
1
22.09
26.09
5
Тамақтанудың негізгі ережелері
1
29.09
3.10
6
Тамақтану процесінің принциптері
1
6.10
10.10
7
Тамақтану процесінің принциптері
1
13.10
17.10
8
Тамақ ішу тәртібі
1
20.10
24.10
9
Тамақтану статусы
1
27.10
7.11
10
Практикалық жұмыс «Тамақтану рационын құру»
1
10.11
14.11
11
Ұжымдық тамақтану
1
17.11
21.11
12
Баланстық әдіс
1
24.11
28.11
13
Индивидуалды тамақтану
1
5.12
14
Тәуліктік тамақтану құрамы
1
8.12
12.12
1.12 кір.
15
Семинар «Ұлттық тағамның түрлері»
1
15.12
19.12
16
Дұрыс тамақтанудың қағидалары
1
22.12
26.12
17
Дұрыс тамақтанудың қағидалары
1
29.12
9.01
18
Денің сау болсын десең..... сайыс
1
12.01
16.01
19
Тағамдардың химиялық құрамы
1
19.01
23.01
Денсаулық зор байлық (15)
20
Денсаулық механизмі
1
26.01
30.01
21
Дәрумендер – денсаулық кепілі
1
2.02
6.02
22
Дәрумендер – денсаулық кепілі
1
9.02
13.02
23
Дәрумендер – денсаулық кепілі
1
16.02
20.02
24
Сайыс «Денсаулық зор байлық»
1
23.02
27.02
25
Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
1
2.03
6.03
26
Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
1
9.03
13.03
27
Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
1
16.03
20.03
28
Практикалық жұмыс «Арнайы орындардағы тамақтану»
1
6.04
3.04
29
Шипалы жеміс-жидек түрлері
1
13.04
10.04
30
Шипалы жеміс-жидек түрлері
1
20.04
17.04
31
Денсаулыққа пайдалы шайлар
1
27.04
24.04
32
Сайыс «Дені саудың – жаны сау»
1
4.05
33
Қазіргі заманғы тамақтардың пайдасы мен зияны
1
11.05
8.05
1.05 кір.
34
Қорытындылау
1
18.05
15.05
Курстың мазмұны мен құрылымы
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Кіріспе (2 сағат)
Салауатты тамақтану – ұлт денсаулықтың негізі
Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі (17 сағ)
Тамақтану тәртібі. Тамақтанудың негізгі ережелері
Тамақтану процесінің принциптері. Тамақ ішу тәртібі. Тамақтану статусы
Ұжымдық тамақтану. Баланстық әдіс. Индивидуалды тамақтану
Дұрыс тамақтанудың қағидалары. Денің сау болсын десең..... сайыс
Тағамдардың химиялық құрамы.
Денсаулық зор байлық (15)
Денсаулық механизмі. Дәрумендер – денсаулық кепілі
Сайыс «Денсаулық зор байлық». Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Практикалық жұмыс «Арнайы орындардағы тамақтану»
Шипалы жеміс-жидек түрлері. Денсаулыққа пайдалы шайлар
Сайыс «Дені саудың – жаны сау». Қазіргі заманғы тамақтардың пайдасы мен зияны.
Қорытындылау
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары:
Таңдау курсын оқытуда оқушылардың шығармашылық потенциалдарын дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмысты заманымызға сай педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлы, бейіндеп оқытудың түпкі мақсаты жоғары оқу орнына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді.Мысалы: лекция-семинарлар, жобалау – ғылыми жобаларды қорғау, дискуссия, практикалық сабақтар, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. Сабақты өткізуде тақырыпты терең меңгеруде интерактивті тақтамен, слайдтар, оқу видеофильмдердерді пайдаланған жөн. Тақырыпқа сай мүмкіндігінше зерттеу обьектілеріне – ғылыми зерттеу институттарына экскурсиялар, көрмелер ұйымдастыру қажет.
Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.
Білімді меңгеру деңгейін бақылау:
Күнбе-күнгі бақылау, тексеру: сабақ барысында әңгімелесу, әрбір сабақ соңында тест не есеп (деңгейлік – ҮӘЖ)