kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Шы?амын білім шы?ына!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайысты? о?ыту ма?саты:

  • Ал?ан білімдерін тере?дету.

Т?рбиелік ма?саты:

  • Биология п?ніне?ызы?ушылы??ат?рбиелеу.

  • Шапша?ды??а, ізденімпазды??а баулу.

  • ?з м?мкіндігін пайдалана алатын зерделі т?л?аны т?рбиелеу.

Дамыту ма?саты:

  • О?ушыларды? белсенділігін арттыру.

  • ?йымдастырушылы? ?абілетін дамыту.

  • Ойлау ?абілетін шы?дау.

?дістемелік ма?саты:

  • Сайыста техникалы? о?у ??ралдарын тиімді ?олдануды к?рсету.

П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, е?бек

Сайысты? ?тетін жері: компьютерлік кабинет

?атысатын сынып:  6 «?»

Сайысты? ??рал-жабды?тары: интерактивті та?та, ма?тау ?а?аз, конверттер т.б

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Шы?амын білім шы?ына!»»

15 орта мектеп





КЕЛІСЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі

___________________

«__» ___ _____



ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ:

ӘБ жетекшісі

____________________

Хаттама №

«__» ___ _____














«Шығамын білім шыңына!»

сайысының әдістемелік әзірлемесі










Дайындаған: «Биология»

пән оқытушысы Каденова З.А.













Сайыстың оқыту мақсаты:

  • Алған білімдерін тереңдету.


Тәрбиелік мақсаты:

  • Биология пәніне қызығушылыққа тәрбиелеу.

  • Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.

  • Өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.


Дамыту мақсаты:

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

  • Ойлау қабілетін шыңдау.


Әдістемелік мақсаты:

  • Сайыста техникалық оқу құралдарын тиімді қолдануды көрсету.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, еңбек


Сайыстың өтетін жері: компьютерлік кабинет


Қатысатын сынып: 6 «Ә»


Сайыстың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, мақтау қағаз, конверттер т.б






























Сайысты жүргізу жоспары


Кезеңдер

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Әділ-қазылар алқасы төрайымының сөзі

2.

1 кезең. «Таныстыру»

3.

2 кезең. «Сөздіктер сыр шертеді»

4.

3 кезең. «Ойлан тап»

5.

4 кезең. «Гүл формуласы» есепті табу

6.

5 кезең. «Кім өнерлі»

7.

6 кезең. «Ой толғаныс» эссе жазу

8.

Қорытынды









































І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, ұстаздар және оқушылар!

«Шығамын білім шыңына!» сайысы 6 «Ә» сынып оқушылары арасында өткізіліп отыр. Өткізу мақсатымыз - білім қабілетін өсіру, алған білімдерін тереңдету, «биология» пәніне деген қызығушылықтарын және оқушылардың белсенділігін арттыру.

Сайыстың әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.

  • «Химия және биология» пәнінің оқытушысы Құлышева М.

  • МОО жетекшісі Шамаева А.

  • Оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мамбетбаева Г.

Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.


Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды, – дей отырып сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

«Шығамын білім шыңына!» сайысына қатысушылар:


1.Алимбаева Асемай

Сүйікті әншісі – Жанар Дұғалова

Сүйікті тағамы – түшпара

Сүйікті пәні – география

Бос уақытында сурет салғанды ұнатады

Өмірлік ұстанымы – Алтын белгі алу

2.Әбіл Меруерт

Сүйікті әншісі – Мадина Садуақасова

Сүйікті тағамы – күріш

Сүйікті пәні – математика

Бос уақытында кесте тіккенді ұнатады

Өмірлік ұстанымы – жақсы оқу

3.Тұрсынбек Әдемі

Сүйікті әншісі – Жанар Дұғалова

Сүйікті тағамы – Картоп сорпасы

Сүйікті пәні – биология

Бос уақытында өлең тыңдағанды ұнатады

Өмірлік ұстанымы – Тек қана алға!

4.Керімбай Гүлназ

Сүйікті әншісі – Камшат Жолдыбаева

Сүйікті тағамы – Күріш

Сүйікті пәні – қазақстан тарихы

Бос уақытында сабақ оқу

Өмірлік ұстанымы – биік белестерден көріну

5.Әмзе Дамир

Сүйікті әншісі – Қайрат Нұртас

Сүйікті тағамы – манты

Сүйікті пәні – биология

Бос уақытында кітап оқу

Өмірлік ұстанымы – Тек қана алға!

6.Ізбасар Шалқар

Сүйікті әншісі – Айқын Төлепберген

Сүйікті тағамы – гүлханым

Сүйікті пәні – биология

Бос уақытында воллейбол ойнау

Өмірлік ұстанымы – мақсатқа жету!


Сөз әділ қазылар алқасының төрайымына беріледі:

«Сайысқа қатысушы оқушыларды құттықтай отырып, сіздерге жеңіс тілейміз!»

Жүргізуші.

Сайыстың шарты:

  1. «Биология» пәнінен берілген сұрақтарға шапшаң, анық, толық, дайындықсыз жауап беру.

  2. Берілетін тапсырмалар таблода.

  3. Уақыт регламентін сақтау қажет, сақтамаған сайыскерлерге ұпайлары кемітіледі.

Сәттілік, жеңіс тілейміз!

Жүргізуші.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.


Сайыстың барысы:

1 кезең. «Таныстыру»

2 кезең. «Сөздіктер сыр шертеді»

3 кезең. «Ойлан тап»

4 кезең. «Гүл формуласы» есепті табу

5 кезең. «Кім өнерлі»

6 кезең. «Ой толғаныс» эссе жазу

7 кезең. «Үй тапсырмасы»


1 кезең. «Таныстыру»

2 кезең. «Сөздіктер сыр шертеді»

Шарты:

Тақтада суреттерімен сөздіктер беріледі. Қалаған суретті таңдап, соған байланысты сұраққа жауап беру керек. Берілген жауап баллмен бағаланады. Жоғарғы балл «5», төменгі балл «1».




  1. Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін не істеу керек? Окуляр мен обьективке жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді.

  2. Вакуольдің қызметі? Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.

  3. Негізгі ұлпаның қызметі? Сіңіру, фотосинтездеуші, қорға жинаушы, газ алмасу қызметін атқарады.

  4. Қосжарнақты тұқымның құрылысы? Қабығы, екі жарнығы, ұрығы, алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше

  5. Түйнекті тамырларға қандай өсімдік жатады? Нарғызгүл, тәтті картоп, шырыш, таушымылдық

  6. Сабақтың түрлері? Тік, жатаған шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ

  7. Гүл бөлімдерін атаңыз? Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша, күлте аталық, аналық

  8. Бұршаққап дегеніміз не? Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс.

  9. Фотосинтез процесінің тыныс алудан айырмашылығы? Кестеде берілген

  10. Біржасушалы балдырларды атаңыз? Хламидоманада, хлорелла, хлорококк

Жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт- деп сайысымыздың «Ойлан тап» кезеңіне кезек береміз.

«Ойлан тап» кезеңі.

Шарты:

Бұл кезеңде интерактивті тақтада берілген суреттерге байланысты мақал-мәтелдер құрастыру. (қасқыр, ит, жылқы, түйе, тышқан, өсімдік жылан т.б)


Жүргізуші:

Тағы да келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз бойланып

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр

Есеп шешер кезегі де келіп тұр- деп сайысымыздың келесі «Гүл формуласы» кезеңінеде келдік.

Шарты:

Конвертте берілген өсімдіктің атын тауып формуласын жазу керек.
















































Жүргізуші:

Жарыс толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Осы турда байқалар терең ойлар.

Жеңсең  де, жеңілсең де калма жасып!


5 кезең. «Кім өнерлі»

Шарты. Әр сайыскер тақтада берілген тор көздерді таңдап, соны образға еніп, қимылмен көрсетіп, ішіндегі тапсырманы орындайды.

  1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет

  2. Судан шығып калған балық

  3. Таңертен ерте тұрған қораз даусын салу

  4. Мысықтан қорқып қашқан тышқан

  5. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара

  6. Гүлдің ашылуын көрсет


Жүргізуші:

6 кезең. «Ой толғаныс»

Шарты: Мына заттарды (топырақ, су, өсімдік) қатыстырып, эссе жазу. Берілген уақыт – 7 минут. Музыкалық сәлемдеме.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар

Киі сауық, кий мұң дертін қорғап,

Жас балаша көңілдің жақсы уатар – дей отырып әділ-қазылар алқасы ұпайлық баллдарын есептеп болғанша әнге кезек берейік.



Жанкүйерлерге сұрақ:



  • Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)

  • Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)

  • Еліміздегі ең биік тау шыңы? (хан тәңірі)

  • Қазақстанда ең терең көл?(Алакөл)(Оның тереңдігі 54 метр)

  • Мақал: “Адам досымен,ағаш тамырымен...”(мықты)

  • Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

  • Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

  • АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

  • Ең терең көл? (Байкал)

  • Тайланд астанасы?(Бангкок)

  • Тарихтың атасы?(Геродот)

  • Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

  • Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

  • Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)


Жүргізуші:

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойында.

­Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында – дей отырып соңғы айналым «Үй тапсырмасы» кезеңіне береміз.

7 кезең. «Үй тапсырмасы»

Шарты: Әр оқушы өздері дайындап әкелген үй тапсырмаларын әділ-қазылардың алдына қойып қорғайды. Жақсы дайындалған тапсырмаларға әділ баға беріледі.


Жүргізуші: Заман қанша қиын - қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма?
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Шығамын білім шыңына!» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Шы?амын білім шы?ына!»

Автор: Каденова Зухра

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317828


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства