Просмотр содержимого документа
«“орал өңірінің кіші өзендері” өлкетану-экологиялық экспедициясы»
Теректі аудандық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
БАЯНДАМА
“ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ КІШІ ӨЗЕНДЕРІ” ӨЛКЕТАНУ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ
Барбастау өзені
2018 жыл
Қайырлы күн құрметті слетке қатысушылар «“ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ КІШІ ӨЗЕНДЕРІ” ӨЛКЕТАНУ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ Барбастау өзені қорытынды анықтамалық жұмыс жүргізетін болсақ.
Саяхат туралы анықтама
1. Саяхат ауданы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы Барбастау өз.
2. Маршрут тізбегі: Ұзынкөл ауылы- Барбастау өз.-Ұзынкөл ауылы
3. Маршруттың жалпы ұзындығы: 10км
4. Саяхаттың ұзақтығы: 2күн,
маршруттың белсенді бөлігінде 2 күн.
Далада қону 1 күн.
5. Саяхат уақыты: 2018 жылдың 25-26тамыз.
6. Түрі: Экспедиция.
Барбастау өзені Теректі ауданы Төңкеріс ауылы аумағында солтүстік шығысында орналасқан.
Осы маршрут бойынша кешенді физико- географиялық зерттеулер жұмыстарын бірнеше топқа бөлген болатынбыз яғни:
№1 Топографиялық жұмыстар
№2Геоморфологиялық зерттеулер
№3 Геоботаникалық зерттеулер
№4 Зоологиялық зерттеулер
№5 Топырақты зерттеу
№6 Фенологиялық бақылаулар
№7 Гидрологиялық зерттеулер
Топографиялық жұмыстар: Бейнеде көрсетілгенҰзынкөл елді мекенінде орналасқан Барбастау өзенінің аймағын топаграфикалық зерттеу жұмысын қорытындылайтын болсақ: бұл жерде көбінесе кездесетін сирек орманды , өзен жағалауында камыстар және батбақты болып келеді. Өзенді жағалай соқпақ жолдар дала жолымен үштасқан. Көктем кездегі еріген қардың суы өзенге құйған кездегі жыраларда кездеседі.
Геоморфологиялық сипаттама
«Барбастау» сайы Ұзынкөл ауылынан шамамен 10 км жерде оңтүстікте орналасқан. Сайдың жатқан жері- жазық. Рельеф формасы- ашық. Өзеннің жағасы қамысы өсіп тартылған. Сай- маңайынан жиналған және еріген қардың суын көктем мезілінде өзеннің қойнауына құяды.
Сайдың салыстырмалы биіктік нүктесі 24 м. Жардың ылдилығы 450 С. Ол сайдың оңтүстік жақ жарында орналасқан.
Сайдың солтүстік жақ жарының биіктік нүктесі 18 м, жардың ұзындығы 30 м. Жардың ылдилығы 360 С. Жардың терассасында жайын жол бар. Сайдың сол жақ бөлігінде өзенге құятын сала орналасқан.
3 Геоботаникалық зерттеулер
«Солянка» сайының орман фитоценозының сипаттамасы
Сипаттама №1 Күні 26.08.2018
Ассоциация атауы қайыңды- еменді- папортникті
Географиялық орны (облыс, аудан, елді- мекен) _____БҚО, Теректі ауданы, Ұзынкөл мекен______________________________________________________
Флористикалық құрамы бойынша төрт қабатқа бөлген болатынбыз
І. Қабат —ағаштар
ІІ. Қабат— батпақты шөптер
І. Қабат —ағаштар
№
Ағаш түрлері
Орташа биіктігі
(м)
Діңің орташа диаметрі
(см)
100 м2 аумақтағы діңнің орташа саны
Ескерту
1.
Қайың
10- 15
25- 35
5-10
Доминант
Қабат ІІ— батпақты шөптер
Аспект жасыл түсті__________________________
№
Өсімдік атауы
Биіктігі
(м)
Друде бойынша көптігі және жобалы жамылғы (%)
Фено-
фаза
Өсімдіктің экологиялық жағдайы
(5 балл шакла)
Ескерту
1.
Рогоз (қоға)
1,7- 2
cop2(copiosae2)
70-50
5
2.
Камыш озерный (қамыс)
1- 2
cop 1 (copiosae1)
50-30
5
3.
Папортник щитовник
0,50- 1
cop2(copiosae2)
70-50
4
4.
Череда (итошаған)
1- 2
sp (sparsae)
30-10
3
5.
Ландыш (інжугүл)
0,3- 0,5
sp (sparsae)
30-10
3
Жайылым фитоценозының сипаттамасы
Сипаттама № 2 Күні 26.08.2018
Ассоциация немесе кешенді ассоциация атауы бетегелі- ақ селеуі
Географиялық орны (облыс, аудан, елді- мекен) _____БҚО, Теректі ауданы, Ұзынкөл мекені
Микрорельеф «Барбастау» сайы
Аспект жасыл- сарғылт түсті
Флористикалық құрамы
№
Өсімдік атауы
(топ бойынша)
Қабатша
Биіктігі
(см)
Друде бойынша көптігі
Фено-фаза
Өсімдіктің экологиялық жағдайы
(5 балл шакла)
Ескерту
1.
Астық тұқымдастар
4
0,3-0,5
cop3(copiosae3)
5
2.
Шалғынды шөптер
3
0,5-0,7
Cop1(copiosae1)
4
3.
Бұршақ тұқымдастар
2
0,7-1,0
sp (sparsae)
3
4.
Әр түрлі шөптер
1
1,0-1,5
cop2(copiosae2)
4
Жайылым фитоценозының сипаттамасы
Сипаттама №3Күні 26.08.2018
Ассоциация немесе кешенді ассоциация атауы бетегелі- ақ селеуі
Географиялық орны (облыс, аудан, елді- мекен) _____БҚО, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы мекені
Микрорельеф «Барбастау» сайы
Аспект жасыл- сарғылт түсті
Флористикалық құрамы
№
Өсімдік атауы
(топ бойынша)
Қабатша
Биіктігі
(см)
Друде бойынша көптігі
Фено-фаза
Өсімдіктің экологиялық жағдайы
(5 балл шакла)
Ескерту
1.
Астық тұқымдастар
4
0,3-0,5
cop3(copiosae3)
5
2.
Шалғынды шөптер
3
0,5-0,7
Cop1(copiosae1)
4
3.
Бұршақ тұқымдастар
2
0,7-1,0
sp (sparsae)
3
4.
Әр түрлі шөптер
1
1,0-1,5
cop2(copiosae2)
4
№4 Зоологиялық зерттеулер
Жануарлар әлеміне сипаттама беретін болсақ
Сүтқоректілер: тышқан, бұлан, жабайы шошқа, құндыз, қарсақ, қоян, аққалақ.
Құстар: су қыраны, ителгі, бозторғай, кәдімгі шағала, кезқұйрық, шұбар шымшық, қырғи, күйкентай, жағалау қарылғашы, кәдімгі сары торғай, қара бозторғай, суық торғай, құтан, жылан жегіш, қылаң қарабас шағала, үйрек.
Бауырмен жорғалаушылар: секіргіш кесіртке, батпақ тасбақасы, сұр жылан, сарыбас жылан, қара су жыланы.
Қосмекенділер: жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа, көл бақа.
Экожүйедегі жануарлардың ролі және қазіргі жай- күйі
Жануарлар табиғат биоценозында маңызды орын алады. Бұл олардың жоғары деңгейде энергетикалық процестері. Сүтқоректілердің азықтық қызметінің нәтижесінде олар биологиялық зат айналымды тездетеді және ландшафтыларды түзеді. Жануарлар сумен, өсімдіктермен, топырақпен күрделі қарым- қатынаста болып, тіршілік ортасын қалыптастырады.
Соңғы жылдары Барбастау бойында кәсіптік ауланатын сүтқоректілердің көптеген түрлері шамадан тыс пайдалану әсерінен және табиғат биоценоздарының ластануынан, кейбір сүтқоректілердің сан мөлшері азайып, таралу аймақтары тарылды.
Барбастау өзенінің ихтиофаунасын өзеннің батыс пен оңтүстіктен келетін балықтары құрайды. Балық аулаушыларға сұрақ- жауап жүргізгенде қазіргі уақытта Барбастау орта ағысында кең таралған балық түрлеріне табан, ақмарқа, көксерке, аққайран балықтары жатады Сазан мен жайын саны азайған. Қазіргі уақытта өзеннің гидрологиялық режимінің өзгеруіне, өзен экологиясының ластануына және кәсіпқой браконьерлік тоқтатылмауының кесірінен Жайық ихтиофаунасының саны өте қатты азайған.
№ 5 Топырақты зерттеу
Күні: 26.08.2018
Орны: «Барбастау» сайы
0- 5см. Ағаш жапырақтары мен шөптесін өсімдіктер қалдықтарының түрлі дәрежедегі шірінділерінен тұратын қалыңдығы 5 см орман төселімі.
5- 10см. Гумусты қабат, түсі қоңырқай сұрғылт. Өсімдік тамырлары бар. Топырақ құрамы кесектелген борпылдақ топырақ. Ылғалды.
10- 15см. Гумусты-элювиальді өтпелі қабат сұрғылыт қою түсті. Көлденең ағаш пен өсімдік тамырлары көп. Тығыз. Ұнтақты -түйірлі-кесектелген құрылым. Ылғалды.
15- 18см. Элювиальді-иллювиальді өтпелі қабат. Ашық сұрғылт. Гумус аз. Өсімдік тамырлары бар. Жеңіл саздақты. Жаңғақ құрылымды сипатқа ие. Ылғалды.
18- 25см. Иллювиальді қабат. Қоңырқай- сұрғылт, қара дақтар аз. Ірі- жаңғақты құрылым. Топырақ тығыз. Саздақты. Ылғалдырақ.
25- 45см. Аналық жынысқа өтпелі қабат. Боз түсті қарашірігі бар ашық қоңыр түсті. Вертикальді жарықтары бар. Құрамы кесекті -призмалы, қатты нығыздалған. Өсімдік тамыры аз.
45 см- терең. Аналық жыныс. Сарғылт. Сазды. Тығыз.
Қорытынды: Топырақ сұрғылт- күлгін түсті. Профильдің беткі қабаттары гуумусты, ортаңғы қабаты саздаққа айнала бастаған және жоғарғы қабатында карбонаттар кездеседі.
Топырақтың химиялық құрамы
Нитраттар– 22,15; 20,48
Қорғасын – 1,467
Мырыш – 0,846
Никель – жоқ
Нитриттер – 0,675
Хлоридтер – 152,5
Кадмий – жоқ
РН судың қышқыл. – 7,4; 7,8
Аллюминий – 6,7
Хлоридтер – 620,0
Магний сульфаты – 444,0
Темір мг/дм - жоқ
Мырыш – 9,0
Кадмий – 0,88
Қорғасын – жоқ
Хром – жоқ
Фенолдар – жоқ
Мұнай өнімдері – жоқ
№6 Фенологиялық бақылаулар
Бинеде көрсетілген экспедиция кезінде ауарайын бақылау нәтижелелерін қорытындылай келе 10 градустан-20 градуска дейін көтерілді. Жел соғу бағыты көбінесе солтүстік батыстан орта есеппен 3,5 метр секунд.
№7 Гидрологиялық зерттеулер
Өзен арнасы қатты бұрмаланған. Барбастау қатты терең жерлер жоқ. Жарқабақтар 1- 2 м, шұңқырлар 2- 3 м, кейбір тұңғыйықтар 4 метрге дейін барады. Арнаның орташа ені 20- 40 м, Арнаның түбі қыйршықты- балдыр және құмды шөгінділермен төселген.
Судың лайлылығы- 180 г/м3. Мөлдірлігі 50- 100 см. Химиялық құрамы бойынша өзен суы гидрокарбонаттар тобына жатады. Бор және әктас шөгінділерінің су эрозиясынан өзеннің минералдылығы жоғары деңгейде. Ағыс жылдамдығы өзеннің әр бөлігінде әртүрлі.көмтемде су тасығанда Орташа есеппен 2- 3 км/сағ. Ал қазіргі танда өзенде үзілісті жерлер көп
Антропогендік ықпалдар
Басты антропоген факторларына арнаны реттеу, жерді суландыру, өндірістің, ауылшаруашылығының суды пайдалануы жатады. Реттеуші рөлін атқаратын су жайылымдарындағы орманды жаппай шабу, жою үлкен кері әсерін тигізуде. Барбастау сайындағы орман алқабы өзен жағасына дейін шабылған. Дала өрттері де үлкен залал келтіреді. Өткен ғасырда да өзен суы молдылығымен көзге түсе қойған жоқ, өйткені тазалау жұмыстары жүргізілмеген.
Барбастау өзені суының қасиеті
Көрсеткіштер атауы
Концентрациясы
Нормативті көрсеткіштер
Иісі:
Интенсивтілігі, баллмен
0
-
Сипаттамасы
Жоқ
-
Түсі
Сарғылт
-
Лай
-
-
Мөлдірлігі
50-100 см
РН
5,8
Жүзіп жүрген қоспалар
Табылған жоқ
Тотығуы, мг/дм3
1,6
5,0
Жалпы қаттылығы
3,7
7,0
Құрғақ қалдықтар
-
-
Темір
Жоқ
0,3
Хлоридтар мг/дм3
5,0
350
Сульфаттар
35,2
500
Аммин нитраты
0,29
3,0
Азот
0,8
3,0
Қорытынды және ұсыныстар
Маршруттың барлық қамыс үйінділері мен қалдықтары байқалып отырды. Олар көктемгі су тасу кезінде көп мөлшерде жиналып қалып, өзеннің еркін ағуна кедергі келтіреді. Орман шаруашылық департаменты өзен арнасын және алқабын қамыс қалдықтарынан тазартса екен дейміз.
Барбастау суының деңгейі өте төмен гамада. Маршрут бойы өткелдер, қайраңдар, өзен үзіліп қалған жерлерде кездесті. Кейбір учаскелер өте тайыз. Қайығымызды тасмалдауға тура келді. Өзен суының төмендеуіне әсер ететін басты антропогендік факторларға арнаны жыру, жерді суландыру, суды ауылшаруашылығына пайдалану, арнаны бөгеу, өзен суын реттеу жұмысында маңызды рөл атқаратын ормандарды кесу жатады. Судың өнеркәсіптікке жұмсалады. Өзеннің суын пайдалану мөлшерін азайтуды ұсынамыз. Өзеннің табиғи жолмен тазаруына және көктем мезгіліндегі қатты ағыстың күшімен арнасын өзі тереңдетуіне мүмкіндік беру қажет. Су жайылымындағы орманды кесу әрекетін қатаң бақылауға алу керек.
2.Теректі ауданының әсем табиғат бұрыштарының бірі жарлы- сайлы жүйелер желісінен құралған Ұзынкөл мекені. оңтүстік- шығыстағы ең шеткі нүктесі орналасқан және саны азайған өте аз кездесетін құрып бара жатқан өсімдік түрлері кездеседі. Бұл жерде сирек өсімдік түрлерін сақтап қалу және көбейту жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз. Барбастау өзені өзіне туристер мен ғалымдардың назарын аударуда. Оған «Табиғат ескерткіші» статусын беруді және геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз.
3.Балықтар және сүтқоректілер түрлері қатты азайған. Өзен қармақ імектері мен ау қалдықтарына толы. Аудандық балық инспекциясы балықты қорғау жұмыстарын күшейтсе екен дейміз.