kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту - б?гінгі заман талабы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • ?

    О?ушыларды? функционалды?  сауаттылы?ын  дамыту  -   б?гінгі заман  талабы.

              Функционалды? сауаттылы? – адамны? сырт?ы ортамен ?арым-?атынас?а т?се алу ?абілеті ж?не сол орта?а барынша тез бейімделе алуыны? к?рсеткіші. Олай болса, функционалды? сауаттылы? т?л?аны? белгілі бір м?дени ортада ?мір с?руі ?шін ?ажетті деп саналатын ж?не оны? ?леуметтік ?арым-?атынас жасауын ?амтамасыз ететін білім, білік, да?дыларды? жиынты?ынан ??ралады. Ал ке? ма?ынасында ол тек білік пен білімділік ?леміне баруды? жолы ?ана емес, ол – ?лтты?, елді? немесе жеке адамдар тобыны? м?дени ж?не ?леуметтік дамуыны? ?лшемі. Осындай сапалы? сипаты т?р?ысынан ?ара?анда, функционалды? сауаттылы? жеке т?л?аны  дамытуды? тетігі ретінде ?олданылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту - б?гінгі заман талабы.»

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заман талабы.

          Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуының көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке тұлғаны дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 

Осы жоспарды жүзеге асыруда  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты–Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз­­ ­- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

  • белсенділік;

  • шығармашылық тұрғыда ойлау;

  • шешім қабылдай алу;

  • өз пікірін дұрыс жеткізе білу;

  • өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

1-кезең: «Қызығушылықты ояту». Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

2-кезең: «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау -  оқу материалы бойынша әңгіменің әрі  қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

3-кезең: «Ой толғаныс». Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Сондықтан бұл кезеңде оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Мұнда оқушының пайымдаулары нақты критерийлерге негізделуі керек: - ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан;  сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан құралады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланылса, оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.

Қорыта келгенде, «сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Біз, курс тыңдаушылары білім саласындағы жаңа идеялар сабақтың құрылымымен тығыз байланыста екендігін, егер сабақ өзгерсе, сол арқылы оқушы да өзгеретіндігін түсіндік. Негізгі мақсатымыз – курста алған білімдерімізді өз сабақтарымызда қолданып, оқу үрдісін өзгерту және қолдану, кәсіби құзыреттілікті игеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың үздіксіз білім арттыру барысында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Айткенова Мөлдір Болатовнаға алғысымды білдіре отырып, білім саласын дамытуға өз үлесімді қоссам деймін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту - б?гінгі заман талабы.

Автор: Абзалбекова Сандугаш Кумисбековна

Дата: 04.01.2016

Номер свидетельства: 272309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства