kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары,басымдықтары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары

                                                          Ұстаздық - сананы сарғайтар азабы да,

                                             жаныңды жадыратар ғажабы да мол

ұлы мамандық.

    Ұстаз болу – қиындығы мен қуанышы қоса қабат жүретін, ізгілікті, көп ізденуді, ерінбей-жалықпай тер төгуді, басқа да игі қасиеттердің бәрін бойға сіңіруді қажет ететін өте күрделі мамандық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары,басымдықтары.»

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары

Ұстаздық - сананы сарғайтар азабы да,

жаныңды жадыратар ғажабы да мол

ұлы мамандық.

Ұстаз болу – қиындығы мен қуанышы қоса қабат жүретін, ізгілікті, көп ізденуді, ерінбей-жалықпай тер төгуді, басқа да игі қасиеттердің бәрін бойға сіңіруді қажет ететін өте күрделі мамандық.

Заманының заңғар жазушысы М. Әуезов «Әрбір адам – өз бағының бағбаны» деген екен. Мен де – өз ағашымның мол жеміс беруін, жемісінің жеңіске айналуын, осы жолда қажымай – талмай тер төксем деген арманымды жүзеге асыруға ниет еткен шығармашыл мамандардың бірімін. Менің де әр жүрек түкпірінен орын алғым, талай қарлығаштарды небір қияндарды бағындыруға даярлағым келеді.

     Менің  биология  пәнін  оқыту  технологиясының  мазмұнын  жаңарту жағдайындағы  педагогикалық ұстанымым,    «Білім алу мен білім берудің өзара  үйлесімділігі, ынтымақтастығы, түпкі нәтижеге жету кепілі». Білім  берудегі  мен  таңдаған  педагогикалық   ұстанымның  негізгі  мәні – оқушылардың  ой –өрісін  жан-жақты  дамыту,  оларға  қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  және  тәрбиелеу. Қазіргі  таңда  нәтижеге  бағыттап  білім  беруге  байланысты  оқытудың  әдісі,  тәсілі  және  формалары  тиімді  және  оқушының  жас  ерекшелігінің   мүмкіндіктерін  ескере  отырып  жүргізілуі  қажет.  Бұл  жағдайда  оқыту  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тиімді  пайдалану  және  құзыреттілікке  бағыттау  уақыт  талабына  айналып отыр.       Мен  таңдаған педагогикалық ұстанымның  басымдылық  жақтарына келетін болсақ,  берген білімнің  сапалылығы,  білімді өмірде қолдана білу,  мектеп түлегінің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігін ұлғайту,  әр түрлі білім додаларына қатысу нәтижелерінің мектептен кейінгі сәттерінде оң ықпал етуі сияқты жағдайлармен  байланыстыру. Ал  мен таңдаған педагогикалық  ұстанымның  негізгі құндылықтары  мақсатқа ұмтылушылық, жігерлену сияқты сәттерін бастан кешіру.   Белгілі бір нәтижеге жеткен оқушы да, мұғалім де  өз іс-әрекетіне риза болушылық сезімін бастан кешіреді. Менің  ойымша, биологиялық  білімнің  сапасын  арттырудағы ең  маңыздысы, оқушылардың  теориялық  алған  білімдерін  практикада  қолдана  білуде  оқу-әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыру  және  алға  қойған  мақсаттарының  шешімін  табу  үшін  жаңа  білім  көздерін  өздігінен  игеру.   Дамыта  оқытудың  ең  басты  жүйесі – оқыту  үрдісін  оқушының  санасына  бағыттау.   Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын дамыту мақсатында сабақтарымда электронды  оқулықтарды,  интерактивті тақтаны, тірек сызбанұсқаларды, сыни   тұрғыдан  ойлаудың стратегияларын пайдалана отырып, оқушыларды өздіктерінен  шығармашылық  ізденіске    бағыттаймын.           

Биология пәні мұғалімі: Ясин А.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары,басымдықтары.

Автор: Ясин Ақбота

Дата: 24.11.2016

Номер свидетельства: 362169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства