kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Иновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ақпараттық техналогиялар арқылы биология және химия сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Иновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»»

«Суықбұлақ орта мектебі» КММ











«Иновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»





Педагогикалық жоба





Орындаған: Ж.М.Темирбекова













Иновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындауда. Білім стандартының жасалынуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, білім мазмұнын байыту жұмыстары сол өзгерістердің куәсі.

Білім дегеніміз – тұлға жетістігі. Мұғалімнің білімін жетілдіру жұмыс жүйесі – нәтижеге бағытталған білім беру кепілі болып табылады.

Қазіргі таңда пәндік білім берудегі нәтижеге бағытталған білім жүйесіне дайындық жасалуда. Нәтижеге бағытталған білім беру сапаны қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.

Білім беру сапасын артттыру үшін үнемі ізденісте болу керек, үлкен нәтижеге жетіп отыру қажет.

Білім сапасы дегеніміз–мақсат пен нәтиженің қатынасы.Қазіргі таңда адамзаттың ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін өз өмірінде қолдануға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр. Соған сәйкес білім сапасы оның төрт сипатының білім – құндылық, білім – жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже біртұтастығын ескере отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланыста қарастырылады.

XXI ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары мынадай болып табылады:

біріншіден – білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану – математикалық техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту

екіншіден – білімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру

үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау

төртіншіден – оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру

бесіншіден – қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. Мұғалімдердің үздіксіз білімділігін арттыру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі жеке тұлғаға әлемдік деңгейде білім беру, білім, білік, дағды қағидасын басшылыққа ала отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлап, нәтижеге бағытталған білім беру – ұстаздар құзырлығының негізгі көзі.

Сапалы білім беру мына бағыттар арқылы жүреді:

  1. Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету. Оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтау.

  2. Білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолдану .

Осы аталған бағыттар бойынша білім беруді оқушылардың білу, орындай алу, бірігіп жұмыс жасау, жеке тұлға ретінде өзін сезіну, өзін және қоғамды өзгертуге негіздеу. Білім беру үрдісін дәстүрлі пәндер шеңберінен тысқары, оқушылардың сұранысына,олардың ерекшелігіне, жеке басына бағыттау.

  1. Кәсіби білікті, білім беруге, нәтижеге жетуге ынтасы мол, қызығушылығы бар педагогтар қауымын қалыптастыру, мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, кәсіби өсуіне жағдай жасау, мүмкіндік тудыру.

Қазіргі қоғамға қажетті адамдар салалары:

– алған білімді пайдаланып, проблеманы шеше алатын, оның шешу жолдарын іздестіретін,

  • шығармашылықпен ойлап өзіне-өзі сын көзбен қарайтын,

  • ақпарат көзімен жұмыс істей отырып, қажеттіліктерін пайдалана алатын,

  • өмір өзгерістеріне оңай бейімделіп, қоғамнан өмір бойы өз орнын таба алатын мектеп - өз түлегін осы салаларды бойына игерілетіндей етіп дайындауы тиіс.

Сабақтың сапасы жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде өтуіне тығыз байланысты.

Тиімді әдіс-тісілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыға білім беруде мақсатқа жету, оқушының іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, сабақтағы қойылған мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына тікелей байланысты.

- Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі кең, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, дүние танымы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу. Сонымен уақыт талабы – шәкірт білімінің тереңдігі.



Қазіргі уақытта жаңа білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі өте зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға қазіргі кездегі заман талабына сай білім беру үдерісінде біршама жетістіктерді меңгертуге пайдалану қажеттілігі туындайды

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру реформасы бойынша білімді, ойлы және өнерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу биология пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. «Ғылым қалғып кетсе қараңғылық бас көтереді» дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім алушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білгенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, әр мұғалім олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Бұл тапсырманы оқыту үдерісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік туындауда. Менің ойымша, ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат - оқушыны өздігінен оқуға талаптандыру, ізденімпаздыққа баулу, белсенділігі, сенімділігі, өз білімін шыңдап жетілдіре алады. Оқу арқылы ақпараттың 10%-ы, тыңдау арқылы 20%-ы, оқыту процесінде 40-50 %-ы оқушы белсенділігін арттыру мүмкіншіліктері жасалу нәтижесінде білімнің сонда ғана 70 %есте сақталатындығы зерттелген.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылығы:

1. Оқу материалының сапасын арттырады;

2. Компьютер көмегімен оқушының өз бетінше, өзге де оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігі артады;

3. Оқушының қарым-қатынастарын машықтандырады;

4.Тақырып шеңберінде мәліметтер көлемі ұлғаяды.

Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез- келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, жұмыс тәсілін дұрыстап ойластыру арқылы мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды.

Оқыту технологиялары көмегімен білім алушының білімді игеру дәрежесінің қаншалықты екендігін байқауға болады. Білім алушы оқу мазмұнының элементтерін өз бетше, өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен меңгереді. Оқыту технологияларын қолдануда оқытудың проблемалы ізденімпаздық, интерактивті, коммуникативті, ойын әдістері пайдаланылады, білім алушының өз бетінше жұмыс жасауы, белсенділігі, қызығушылығы ескеріледі. Осы орайда мектепте ақпараттық – коммуникативтік технологияны кеңірек пайдаланған абзал. Заман ағымына сай күнделікті сабақта :

Мультимедиа (электрондық оқулықтар);

Компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивтік тақта);

Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

Электронды кітапханалар (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне ақпараттар);

Виртуалды зертханалық тәжірибелер

Интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда оқушыларға шынымен де ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді екен. Тақта арқылы оқушылар өз бетінен үйден зерттеп келген тың деректерін, видео деректерін қуана көрсетуге де дағдылана бастайды. Сонымен қатар, ғаламтормен жұмыс - тақырыпқа байланысты материалдарды тауып, оларды өзара әлеуметтік іс-әрекет барысында топпен талқылау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, диалогтік қабілетін арттыруға қалыптасады.

Өзім сабақ берген уақыттан бері байқағаным, оқушыны күнделікті сабақ түсіндіріп, кері сол сабақты сұрай берген де мүлдем жалықтырады. Сондықтан кейбір сабақтарды слайдпен өзің ізденіп, дайындалып келуін өтінген оқушының ынтасын арттыратынын байқадым. Ол сол сабақ үшін кітаптан тыс ізденіп, өзге бір тың мәліметтер жинап, жан-жақты ізденіп, сабаққа деген ерекше бір құлшыныс пайда болады. Оның дайындаған слайдтары да қалған оқушылар үшін үлкен ерекше бір қызықты дүние болып табылады. Келесі сабақтарда басқа оқушы ол оқушының слайдын қайталамауға, одан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.

Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда оқушының сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта оқушының өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізу арқылы оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік тудыра алады:

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның негізгі бағыттары мыналар:

  • Білім алушыларды білімді, білікті, дағдыны, құзыреттелікті меңгеру және дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

  • Білім алушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту;

  • Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;

  • Білім сапасын арттыру, дербестендіру, қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру.

Сабақ өткізу барысында ақпараттық технологияны оқу процесінде ендіру кезеңдеріне келетін болсақ, ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:

Жаңа материалды түсіндіргенде;

Сабақты бекіткенде;

Қайталауда;

Білім мен іскерлік дағдыларын бақылағанда.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы сабақ өткізу кезеңі:

  • Уақытты үнемдеу;

  • Материалды қысқаша безендіру;

  • Оқытушының эстетикалық, эмоциялық, ғылыми сенімділігін жоғарылату;

  • Кез келген уақытта таныс материалдарға қайта оралу;

  • Өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;

  • Проблемалық сабақтастықты тереңдетуге көңіл аудару.

Білім алушылардың әдістемелік мақсаттары мен оқыту ерекшеліктеріне қарай ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бөлімдерінде келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • Оқу – көбіне жаңа білімді меңгеруге бағытталған. Олардың көбісі оқытуды салалық бағдарлама бойынша бағдарламаға жуық режимде жұмыс істейді. Бұл жерде білім алушыларға білім беру электронды оқулықтар, интерактивті тақта т.б көмегімен жүзеге асырылады.

  • Бақылау – білім мен ептіліктің белгілі деңгейін бақылау үшін. Бағдарламалардың бұл түрі әртүрлі тексеру тапсырмалары, соның ішінде тест формасында ұсынылады. Қазіргі заман талабына сай оқушыларды бақылау үшін Activote, MyTest, т.б. тестілеу жүйелерін қолдану тиімді.

  • Демонстрациялық - сипаттамалы оқу материалын, әртүрлі көрнекілік материалдарын (картина, фотографияларды, бейне үзінділерді) көрнекі демонстарциялау үшін. Графикалық түзетулер енгізуге болатын және білім алушылардың шығармашылық жұмыстары үшін қолданылатын презентациялық бағдарламаларды осы түріне жатқызуға болады. Сондай-ақ химия, физика, биология сабақтарында датчиктерді қолданып, зертханалық, сарамандық жұмыстарды көрнекілеу заман талабына сай келеді деген ойым бар.

  • Ақпараттық- анықтамалық – Ғаламтордың білім беру ресурстарына қосылу арқылы қажетті ақпараттарды алу үшін білім беру материалдары көпшілік сайттар көбеюде.

  • Мультимедиа-оқулықтар-бағдарламаның аталып өткен түрлері элементтерінің

  • көбісін үйлестіретін кешенді бағдарламалар.

Мен өз сабағымда :

  • Электронды оқулықты

  • Биология анықтамалы журналының презентациялар жинақ дискісін

  • интернет ресурстарын пайдаланам.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастайды. Бұл жобаның негізгі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету.

Іс–тәжірибемде ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың барлық

мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс–шараларды қолданудың маңызының зор екенін байқадым:

  • Білім алушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруіне байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесінде интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

  • Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану;

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиялық – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық техникалық базасын жетілдіру.

Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі шексіз. Өзінің білім алушысын өз бетінше оқып-үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жаңа тәсілдермен оқытуда білім алушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ғана ұстанады. Әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға жауапты интернет браузерлерден табуды үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеуге болады. Білім алушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру төрт кезеңге бөлінеді:

  • Білім алушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек

  • Білім алушы интернеттен алынған материалды сұрыптау алуды үренуі керек

  • Білім алушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануы керек

  • Білімалушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд, проект, флипчарт арқылы қорғауға дайындала алуы керек.

  • Білім алушылар ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы қадам жасай алуы керек.

Бұл қадамды аттай алған адамның өмірде үлкен оң өзгерістер көрері шүбәсіз. Демек, жетістікке жету жолдарының бірі – оны үйрену.

Сабақта ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану – білім алушының дүниетанымын кеңейтуге, пәнге деген ынтасын, танымдық қызығушылығын арттыруға, алғырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеуге, нақты тұжырымды айта білуге, дербес ой – қиялын дамытуға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, қазіргі таңда кез келген пәнді оқыту барысында заман талабына сай ақпаратты – коммуникациялық технологияны қолдану – білім сапасының артуына көмектесуі айқын. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде ой – өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймын.





















Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР Президентінің жолдауы

  2. Білімзаңы. Алматы, 2007 ж

  3. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  4. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  5. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстанмектебі, №2, 2000

6.Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы
























Аннотация:

Данный проект представляет интерес для учителей которые хотят овладеть новыми информационными технологиями обучения, чтобы подготовить учеников к жизни в быстро меняющемся информационном обществе, в мире, где ускоряется процесс появления новых знаний, постоянно возникает потребность в новых профессиях, в непрерывном повышении квалификации.

Использование компьютерных технологий в процессе обучения влияет на рост профессиональной компетентности учителя. Это способствует значительному повышению качества образования, что ведет к решению главной задачи образовательной политики.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Темирбекова Жанар Макатовна

Дата: 30.11.2021

Номер свидетельства: 593103


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства