Просмотр содержимого документа
«Генетикалық модификацияланған өнімдер:пайдасы мен зияны.»
Генетикалық модификацияланған өнімдер:пайдасы мен зияны.
Генетикалық модификацияланған өнімдер – бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар. Гендік модификация жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіруге болады. Мысалы: картоп генінің құрамына сарышаян генін қосып, ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін алуға болады. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін қосып, аязға төзімді, үсімейтін қызанақ түрлерін шығаруға болады. Ал зянкес жәндіктер зиян тигізбес үшін жүгеріге жыланның уынан алынған белсенді ген енгізеді. Ғалымдар осылайша генетикалық модификацияланған өнімдерді шығару арқылы ғаламшарымызды аштықтан алып қалудың жолын ашып отыр деуге болады. Себебі бұл жол арқылы аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығарылып отыр.Өсімдіктер үшін пайдасы генетикалық модифкацияға ұшыраған өсімдіктер өте төзімді,ұзақ уақыт сақталады. Зиянкестерден және арамшөптерден өздерін қорғай алады. Құрамы генетикалық модикациялық өнімдер өндірушілер үшін өте жақсы табыс көзі болып табылады себебі, олардың пішіндері бірдей болып, көздің жауын алып тұрады.
Әрине осы қасиеттер бүгінгі заманғы әлемде ең маңызды болып табылады, бірақ әр нәрсенің екінші тұсы бар екенін білеміз.
Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдердің денсаулыққа әсерін анықтау әлі зерттеліп біткен жоқ. Әзірге анықталғаны – гені түрлендірілген өнім зат алмасу процесін бұзып, имунитетті төмендетеді. Өте қауіпті аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар асқазан сілемейлі қабатының құрылымын өзгеріске ұшыратады. Ісік ауруына шалдықтыруда мүмкін. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.
Гендік модификацияланған дақылдардың көп таралған түрі — соя.
Ресей ғалымдары тәжірибелердің бірінде егеуқұйрықтардың бірін кәдімгі, екіншісін трансгенді соямен қоректендірген. Нәтижесінде трансгенді соямен қоректенген егеуқұйрық ары қарай ұрпақ жалғастыра алмайтын әлсіз ұрпақты дүниеге әкелген.
Соя ұны әрбір нан өнімдерінің, шоколад пен кәмпиттердің кейбір түрлерінң құрамында кездеседі. Ірімшік, айран өнімдері соя майынсыз жасалмайды. Тіпті соя майы балалар тамағында бар болып шықты.
Біздің елімізге соңғы жылдары құрамында гендік модификацияланған өнімдері бар азық-түлік пен тағам өнімдері келе бастады және бұл үдеріс уақыт өткен сайын үдеп келеді. Ал еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін бұл үдеріс тіптен арта түседі. Сондықтан да еліміздің заңнамаларында гендік модификацияланған өнімдерді олардың қауіпсіз екені расталғаннан кейін ғана айналымға жіберуге болатыны жөнінде бірқатар талаптардың бар екендігіне қарамастан, мұндай өнімдер елімізде толық бақыланбайды. Жалпы біздің заңдарымызда генді модификацияланған өнімдердің айналымын бақылайтын тиімді тетіктер жоқтың қасы. Сондықтан бізге мұндай заң қазір аса қажет. Мұндай заңдар болуы керек және ол тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бір жағынан гендік-инженерлік қызметті жетілдіруге ықпал ете алуы тиіс