kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба та?ырыбы: «Мектеп жасында?ы балаларды? семіздік м?селесін шешудегі ?сімдік шайларыны? ма?ызы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?датпа Ж?мыс ?азіргі кездегі балалар мен жас?спірімдер арасында ке?інен тарап кеткен семіруді алдын алу амалын аны?тау?а арнал?ан. ?зектілігі: ?азіргі кезде семіздік м?селесі ?аза?стан хал?ы ?шін де назар аударарлы? м?селеге айналып барады. Сонды?тан осы м?селені шешу жолын аны?тау ж?мысты? ?зектілігі болып табылады. Гипотеза: ?сімдік шайларын ?олдану семіздік м?селесін шешуге жол ашады. Ма?саты: Семіздік м?селесін жанжа?ты сараптай отырып, оны алдын алу ма?сатында ?сімдік шайларыны? ма?ызын к?рсету Міндеттері: 1. Семіздік пен ?сімдік шайлары туралы материалдар жинау 2. Мектептегі семіздік де?гейін сараптау 3. Семіздікті алдын алу шешімін ?сыну Т?жірибелік ма?ызы: ?сынылатын зерттеу н?тижелеріні? болаша?та балалар мен жас?спірімдер арасында семіздікті алдын алу ж?не дені сау ?рпа? ?ркендету ба?ытында ?олдану ?шін зор м?мкіндікке ие. ?ылыми жа?алы?ы: жобаны? негізгі ма?сатына сай, балалар мен жас?спірімдерді? семіздік м?селесін тиімді жолмен шешу. Жобаны? ?леуметтік-экономикалы? ма?ызы: О?ушылар денсаулы??а о? ?сері бар жа?дай?а ие болып, салауатты мінез-??лы?, да?дыларды та?дауына, а?параттану к?мегімен шешімдер ?абылдауына ?ажетті білім, сенім, ?станым мен машы?тар алуы ?шін санитарлы? а?артумен ?амтамасыз етіледі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба та?ырыбы: «Мектеп жасында?ы балаларды? семіздік м?селесін шешудегі ?сімдік шайларыны? ма?ызы»»

Кіріспе

Жұмыс қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тарап кеткен семіруді алдын алу амалын анықтауға арналған.

Өзектілігі: Қазіргі кезде семіздік мәселесі Қазақстан халқы үшін де назар аударарлық мәселеге айналып барады. Сондықтан осы мәселені шешу жолын анықтау жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Гипотеза: өсімдік шайларын қолдану семіздік мәселесін шешуге жол ашады.

Мақсаты: Семіздік мәселесін жанжақты сараптай отырып, оны алдын алу мақсатында өсімдік шайларының маңызын көрсету

Міндеттері:

    1. Семіздік пен өсімдік шайлары туралы материалдар жинау

    2. Мектептегі семіздік деңгейін сараптау

    3. Семіздікті алдын алу шешімін ұсыну

Тәжірибелік маңызы: ұсынылатын зерттеу нәтижелерінің болашақта балалар мен жасөспірімдер арасында семіздікті алдын алу және дені сау ұрпақ өркендету бағытында қолдану үшін зор мүмкіндікке ие.

Ғылыми жаңалығы: жобаның негізгі мақсатына сай, балалар мен жасөспірімдердің семіздік мәселесін тиімді жолмен шешу.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы: Оқушылар денсаулыққа оң əсері бар жағдайға ие болып, салауатты мінез-құлық, дағдыларды таңдауына, ақпараттану көмегімен шешімдер қабылдауына қажетті білім, сенім, ұстаным мен машықтар алуы үшін санитарлық ағартумен қамтамасыз етіледі







1. Теориялық бөлім

    1. Зерттеу нысандары

1.1.1 Семіру және оның себептері

Семіздік – бұл организмде майдың шамадан артық жинақталуымен сипатталатын, денсаулықтың бұзылысына апаратын жағдай. Бұл жағдай

ауру алды немесе ауру ретінде саналады.

Семіздіктің таралуының өсуіне сай барлық əлем үшін өзекті мəселе болуда. ДДҰ сарапшылары 2000 жылмен салыстырғанда 2025 жылға таяу семіздікке шалдыққан адамдар санының екі есе артатындығын болжауда. Бұл сан АҚШ халқының 45-50 %, Австралия мен Англияда 30-40% құрап, Бразилияда 20% аспақ. Қазақстанда ересек халықтың 36,1%-да артық салмақ бар, ал 24,0% семіздіктің түрлі дəрежесіне шалдыққан.[1]

Семіздіктің барлық жерде жиі кездесуінің артуына байланысты ДДҰ семіздікті едəуір экономикалық ауыртпалығы бар эпидемиялық ауру ретінде сипаттауда. Дамыған елдерде семіздікке шалдыққан ауруларды емдеуге кететін қаржы көлемі денсаулық сақтау саласының барлық шығындарының 10% құрауда, ал тікелей жұмсалатын қаржы барлық шығынның 3% - 5% құрайды. [2]

Балалар мен жасөспірімдердің семіздігіне үлкен назар бөлінуде, бұл жуырда ғана мəселе ретінде аталды. Бұрынырақ балалар семіздігі сирек кездесетін, көптеген жылдар бойы балалық шақтағы семіздік пен ересек жастағы дене салмағы арасында байланыс болуы туралы дəлелдер болмай келді. Бірақ, жақында алынған деректер балалардың 10% клиникалық семіздікке шалдығуы мүмкін екендігін жəне артық салмағы бар жасөспірімдердің көпшілігі ересек жаста да артық салмағын сақтауы айқын екендігін болжауға мүмкіндік береді. Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімсіз тамақтануы мен артық салмағы денсаулыққа айқын қауіп төндіретіндігі, ересек шағында жүрек-қантамыр аурулары мен жуан ішек қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екендігі дəлелденген. [3]

Бұл дегеніміз артық салмаққа байланысты асқынулардың жылдар бойы дамитындығын білдірмейді, керісінше, бүгінде біз мектеп оқушыларының аурушаңдығының артуын байқаймыз. Балалар денсаулығының нашарлауының бір себебі – мектепте жəне үйдегі үйлесімсіз тамақтануы.

Cеміру (Adipositas) - Майдың организмде мөлшерден тыс жиналуы.

Семіру - май басу, (obesitas, adipositas), тері астында, шарбы майларда т.б. май қоймаларында майдың шамадан тыс жиналуы нәтижесінде май басып, Дене салмағы және көлемі артып кетеді.

Семірудің басты себебі - дене қызуының тиісті нормалардан (36,7 градус) төмен болуынан туындайды.

Семіру - жүрек ауруларының, 2 типті қант диабетінің, обструктивтік ұйқы апноэ, рак ауруларының кейбір түрлерінің, сондай-ақ остеоартрит, әр түрлі аурулардың ықтималдығын арттырады.

Семіздікке алып соғатын жайттар - дене белсенділігінің болмауынан, эндокриндік аурулардан, генетикалық сезімталдықтан, артық мөлшерде тамақтанудан және тағы басқа себептерден туындайды. Диета және дене белсенділігін арттыру семіздіктен арылудың басты жолдары болып табылады.[4]

Семiздік денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар ауыр психологиялық қиындықтарға душар болады. Өйткенi бiздiң қоғам сымбаттылық пен арықтықты бағалайды. Бұл әсiресе әйелдер мен жасөспiрiмдерге қиынға соғады.

Дәрiгерлер семiрудiң келесi себептерiн анықтаған:

1. Тұқым қуалаушылық;

2. Эндокринды аурулар;

3. Аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы;

4. Мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы;

5. Кейбiр психикалық ауытқулар.

Семiрудiң 4 дәрежесі және 2 кезеңі болады: дене салмағы үнемі өсіп тұратын үдемелі, және артық салмақ болса да, ары қарай үлкеймейтін тұрақты кезең.

I дәрежелі семіздік: дененiң нақты салмағы идеал массадан 29%-ға дейін асады.

II дәреже: дененің нақты салмағы идеал массадан 30-40%-ға дейін асады.

III дәрежелі семіздік: 50-99% пайызға дейін асуы.

IV дәреже: айырмашылық 100%-дан жоғары.

Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді: жүрек жұмысы ауырлайды, қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды, инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.[5]























      1. Семіздікті емдеу

Артық салмақты өз бетіңізбен толық емдей алмайсыз, алдын ала дәрігермен кеңескен дұрыс. Мүмкін семіздік белгілі бір аурудың салдары шығар. Бұл жағдайда сол ауруды емдеу керек.

Семіздікті емдеу тәсілдері:

  1. Дәрі-дәрмексіз тәсілдер. Калориясы төмен азыққа негізделген емдәм мен жүйелі дене жаттығулары.

Барлық диеталар келесі талаптарға сай болу қажет: калорияның айқын тапшылығын қалыптастыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін тиімді және үйлестірілген тағам пайдалану. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен біртіндеп арылу қажет.   

2. Дәрі-дәрмекті тәсіл. Дәрігер тәбет қашыратын және құнарлы заттардың сіңірілуін азайтатын немесе гормоналды жағдайыңызды қалыпқа келтіретін препараттарды жазып беруі мүмкін.

3. Хирургиялық тәсілдер:

- Липосакция, яғни тері астынан артық майды алу;

- асқазан көлемін кішірейту үшін кигізілетін арнайы сақиналарды асқазанға орнату операциясы;

- Абдоминопластика – салбырап қалған немесе тым үлкен қарынды жоятын ота.[7]










      1. Балалар және жасөспірімдер арасындағы семіздік

Қазіргі кезде семіздік мәселесі Қазақстан халқы үшін де назар аударарлық мәселеге айналып барады. Балалар мен жәсөспірімдер арасында семіздікке шалдығу Еуропа елдеріне қарағанда бүгінде 10 есеге өскен көрінеді. Мамандар артық салмақ індетінің жылдам өсуін  тағамның өнімдерінің қолжетімділігінің артуымен және физикалық белсенділіктің төмендеуімен байланыстырып отыр. Майлылығы мен тәттілігі жоғары тағамдарды ішу, көп мөлшерде тамақтану салмақты арттырады, ал мамандардың айтуынша, майлылығы мен тәттілігі жоғары өнімдер ең арзан, қолжетімді әрі калориясы жоғары тағам санатына жатады, мұның бәрі семіздіктің артуына, қуаттың төмендеуіне әкеп соғады. Сонымен қатар елімізде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың семіздік дертіне ұшырауы көптеп кездесуде. Баланың семіздік ауруына шалдығуына себеп болатын  әр   түрлі қытырлақ нандар, тәттілер мен  газды сусындарды шектен тыс қолдану. Бұл жасанды химикатқа толы өнімдер бала ағзасына кері әсер етеді.

Әлемде белең алып отырған балалардың семіздікпен ауруы және індет белгілерінің белең алуы денсаулық сақтау саласындағы қауіпті мәселелері болып табылады. Еуропа өңірінде 53 мемлекетке  жүрек-қантамыр аурулары мен обырдың салдарынан болатын мезгілсіз өлім-жітімнің аса маңызды екі басты себебінің бірі болып табылатын семіздік мәселесін шешу Стратегиясы әзірленуде. Көптеген елдерде жүргізілген ұлттық зерттеулерден майлы тағамдары шамадан тыс тұтыну және жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну семіздіктің өсуіне  әкелетітін  көруге мүмкіндік береді, бұлар адамның  ұзақ өмір сүру мүмкіндігін  шектейтін және өмір сапасын төмендетеді

2014 жылы Қазақстан балалардың семіздікке шалдығуын бақылау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі-ДДСҰ) Еуропалық бастамасына қосылды.[8]


    1. Өсімдік шайлары (фитошайлар)

Өсімдік немесе гүл шайы, фитошай – құрамында кофеин жоқ, өсімдіктің тамыры, сабағы, өркені, гүлдері мен жемістерін қайнату арқылы алынатын сусын.

Дәрілік шөптердің көмегімен табиғаттың өзі науқасқа жеңіл, бірақ тиімді әсер етеді, адамның денсаулығына табиғи биологиялық белсенді қоспалар түсіп, олар организмнің жасуша ішіндегі алмасу деңгейінде ықпал етеді. Өсімдіктер синтетикалық антибиотиктерге төзімді көптеген микроорганизмдер штаммдарына қатысты белсенді, олар адам иммунитетінің қорғаныш қасиеттерін қалыпқа келтіру және күшейту үдерістерін ынталандырады.[9]

Бүгінде әлемде шығу тегі өсімдікті-табиғи дәрілік құралдарға деген тұтынушылық қызығушылықтың тұрақты ұлғаю беталысы байқалады.

Шай түрлері.

Бөрітарақ (гибискус) шайы - қан қысымын түсіретін, қан тамырларының қабырғаларына беріктік беретін дәруменді.

Женьшень - сергіткіш, иммун жүйесін жоғарылататын, өмірді ұзартушы.

Қырмызыгүл (календула) - антисептикалық

Жөке (липа)- терлеткіш, дене қызуын түсіргіш.

Таңқурай (малина) - терлеткіш, асқынуға қарсы.

Жалбыз (мята) - өтайдаушы

Сасықшөп (пустырник)- тыныштандырғыш, жүрек соғысын бәсеңдетуші.

Түймедақ (ромашка) - тыныштандырғыш, ішек-қарын спазмдарын басушы.

Қаражидек (черника) – дәруменді, көз көруін жақсартқыш, сергіткіш және т.б.

Адамдар табиғатқа жақын болуға талпынады, синтетикалық дәрілік субстанциялардың жанама әсерлерінен қашады. Емдік шөптердің тағы бір маңызды қасиеті – бұл ешқандай жанама әсерлерсіз, оларды ұзақ уақыт және қауіпсіз қолдану мүмкіндігі, яғни, өсімдікті дәрі-дәрмектер созылмалы аурулар терапиясында маңызды рөл атқарады.[10]

2. Тәжірибелік бөлім

2.1 Зерттеу барысы

2.1.1 Фитошай құрамындағы заттар және олардың семіздікке қарсы әсері.

           Фитошайлардың емдік қасиеттері оның құрамына енетін биологиялық белсенді заттардың физиологиялық әсеріне байланысты. Ол заттар құрамы әр түрлі және де әр түрлі химиялық заттар тобына жатады. Олардың ішінде келесі заттарды атап өтуге болады:

Алкалоидтар өсімдік организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі табиғи органикалық азотқұрамды қосылыстар. Олардың сілтілік қасиеті болады. Сол сілтілік қасиетіне байланысты (арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас) деген сөзден аталған. Алкалоидтардың ашылуымен медицина және химияда жаңа дәуір басталды.

Медицинада алкалоидтардың маңызы өте зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетке қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы медицина үшін маңызы сондай». Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттері де бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.[10]

Гликозидтерқант малекуласы мен гликозидтті гидроксилдің басқа химиялық қосылыстар- агликондар немесе гениндермен қосылған күрделі қосылысты зат. Медицинада олар негізінен жүрек ауруларына қолданаады. Қазір гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі болып отыр.Олар негізінен өте ащы дәмді болып келеді. Ең көп қолданылатыны - К-строфантин мен інжугүл жапырақтарынан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын цимарин заттары.

Флавоноидтар - өз атын латынның “флавиум”-сары деген сөзінен алған. Негізен түрлі химиялық қосылыстардан тұратын фенолды заттар. Көпшілік флавоноидтер бактерицидттік, жараны жазу үшін қолданылады. Сондай-ақ ағзадағы радиоактивті заттарды шығаруға қолданылады.

Дәрумендер. Латынша vita – тіршілік+мин. Төменгі молекулалы әр түрлі органикалық қосылыстар. Тіршілік әлемінде маңызы зор. Олар (дәрумендер) әсіресе өсімдіктерде түзіледі. Адам ағзасында зат алмасуды қалыптастырады, сырқатқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектің әсерін күшейтеді, сырқаттың созылмалы күйге айналмауына жағдай жасайды. Әсіресе жұқпалы ауруларды емдегенде, микробтарға қарсы күреседі.

Крахмал. Өсімдіктің дәнінде, түйінінде түйіршік түрінде болатын, жоғары полимерлі көмірсу. Мөлшері әр өсімдікте түршіле. Таза крахмал тамақ өндірісінде көп пайдаланылады. Крахмал мен қант өсімдікті қосымша қоректендіреді. Әсіресе күріш крахмалы өте майда, сондықтан аса құнды келеді.

Шайыр. Өсімдікте түзілетін, ерекше иісті зат. Құрамы жағынан жұпар майына ұқсас. Қатты не қоймалжың түрінде кездеседі. Өсімдік сабағының не діңінің жарықшағында жиналады. Артық зат болғанымен, шипалы зат (дезинфекция, пластырь т.б.) ретінде де пайдаланылады.

Зат алмасу процесінде өсімдіктің діңінде, жапырағында, тамыры мен қабығында жиналады. Өсімдікті жануарлардың мүлде жеп қоюынан сақтайды. Жөтелге, асқазан ауруларына қолданады.

Шырыш. Өсімдіктің қабығын, дәнін желден, аңызақ пен суықтан қорғайтын желім. Су өткізбейді, ылғалды жақсы сақтайды. Асқазан – ішек, тыныс жолдары ауруларына қарсы қолданылады. Жалпы алғанда, шайыр, шырыш, крахмал, қою май, илік заттар – өсімдіктегі артық заттар деп есептеледі. Дәрі-дәрмек өндірісінде оларды химиялық жолмен жеке алады. Өйткені олар дәрі жасауда кедергі келтіреді.

Органикалық қышқылдар. Өсімдік жасушаларында түзілетін қосылыстар. Өсімдіктің жапырағында, сабағында, әсіресе жемісінде көп жиналады, қышқыл дәм түзеді. Кейбірі шипалы, кейбір дәрі жасаған кезде артық зат ретінде құрамынан оңай шығарып тасталады. Фармокологиялық қасиеті зор.

Микроэлементтер. Өсімдікте кездесетін химиялық элементтер. Олардың аздығы немесе көптігі өсімдікке, адамға, жануарларға елеулі түрде әсер етеді. Жалпы тіршілікке аса қажеттілері: кальций, темір, мыс, мырыш, марганец, йод, фосфор, бром, кобальт. Ықтимал қажеттілері: алюминий, никель, строний, молибден, церий. Бұлардың жетіспеуі түрлі ауруларды қоздырады. Мысалы, темірдің жетіспеуі – анемия (қан азаюы), йодтың тапшылығы – қалқанша бездері (зоб), кобальттің жоқтығы қан ауруларына соқтырады.

Жұпар майы. Сұйық органикалық зат (көмірсутек). Көбінесе гүлді өсімдіктерде кездеседі. 3000-дай хош иісті өсімдік бар. Жұпар майлары өсімдіктерді сақтап, бактериялар мен зиянды жәндіктерден қорғайды. Олардан дәрі-дәрмектер жасаумен қатар әтір, иіс су, иіс май, ішімдік, дәмдеуіш т.б. әзірленеді.

Кумарин. Тері ауруларын емдеуге қолданылады. Ауруды басатын, қан тамырларын кеңейтетін, микробқа қарсы әсері күшті.

Танидтер. Барлық өсімдікте кездесетін, физиологиялық қасиеті басым, зат алмасуды күшейтетін зат. Асқазан-ішек, тыныс жолдары ауруларына, улануға қарсы пайдаланылады.[11]

№ 1-сурет Өсімдік шайларының құрамындағы заттардың адам ағзасына әсері


2.2 Зерттеу әдісі

2.2.1 Мектеп оқушыларының дене салмағының индексін (Кетль индексін) (ДСИ) анықтау

ДСИ индексін келесі формула бойынша анықтаймыз:

ДСИ = Салмақ (кг) / Бой (м2).

Мысалы: Адам салмағы = 80 кг, бойы — 1,8 м.

ДСИ = 80 кг / (1,8 ´ 1,8) м2 = 80 кг / 3,24 м2 = 24,69 кг [12]

Кесте №1 Семіру классификациясы  (ДДҰ)


ДСИ

Дәрежесі

ДСИ бағалануы

18,5—23,9

Қалыпты салмақ

Қалыпты салмақ

24,0—29,9

Артық салмақ

Артық салмақ

30,0—34,9

1 дәрежелі семіздік

Семіру

35,0—39,9

2 дәрежелі семіздік

Қатты семіру

40,0-тан көп

3 дәрежелі семіздік

Шамадан тыс семіру


Кесте №2 Зерттелген оқушылардың ДСИ көрсеткіштері


Зерттелушілер саны

ДСИ нормасы

18,5  –  23,9

Артық салмақ  ДСИ  24  –  29,9

Семіздік

ДСИ  30-дан көп

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

44

40

90,9

4

9,1










2.2.2 Зерттеу құрылғылары


Салмақ өлшегіш Camry Ves EF231BW-31

Жалпы сипаттамасы:

Типі: электрондық

Платформа материалы: шыны

Дисплей өлшемі: 74х36 мм

Өлшемі (ҰхБхЕ): 30.2x1.7x30.2 см

Функционалдық мүмкіндігі:

Максималды салмақ: 150 кг

Дәлдігі: 0.1 кг

Өлшем бірлігі: кг

Жады:бар , 12 қолданушы

Бой өлшегіш медициналық Р 04
Жасалу материалы: ДЦСП.

Ұзындығы 1120 мм
Ені 620 мм
Биіктігі 350 мм
















2.2.3 Сауалнама алу


Сауалнама

1. Сіздің тамақтануыңыз оңтайлы ма? - иə/ жоқ

2. Сіздің дене белсенділігіңіз оңтайлы ма? - иə/ жоқ

3. Сіздің ДСИ 24 кг/м2 асады ма? - иə/ жоқ

4. Теледидар алдында тамақтанасыз ба? - иə /жоқ

6. Теледидар алдында күіне 1 сағаттан артық уақыт өткізесіз бе? - иə/

жоқ

Ескерту: Егер Сіз «иə» деп 2 немесе одан артық рет жауап берсе, семіздік даму қаупі жоғары.



Кесте №3 Сауалнама нәтижелері:

Зерттелушілер саны

Семіздік қаупі жоқ

Семіздік қаупі бар

Оқушы саны

%

Оқушы саны

%

44

38

86,3

6

13,7

















2.1.3 Мектептің семіздік мәселесін шешудегі рөлі және өсімдік шайларын мектептің ас мәзірінде қолдану.

Балалар арасындағы семіздік эпидемиясына қарсы күрес үшін мектептерде салауатты тамақтану мен дене белсенділігін ынталандыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер өмірінің көпшілік уақытын мектепте өткізетіндіктен оларды мектепте қоршайтын орта салауатты таңдау мен дене белсенділігін арттыруға қатысты білім мен машықтарды алу үшін аса оңтайлы келеді.

Өнегелі болуына сай мұғалім оқушылардың өмір салтына ұзақ мерзімді əсер ете алады. Мектептерде салауатты тамақтануды қамтамасыз етуге арналған ұсыныстар Оқушылар денсаулыққа оң əсері бар жағдайға ие болып, салауатты мінез-құлық, дағдыларды таңдауына, ақпараттану көмегімен шешімдер қабылдауына қажетті білім, сенім, ұстаным мен машықтар алуы үшін санитарлық ағартуды қамтамасыз ету;

Мектептегі азық-түлік бағдарламалары шеңберінде салауатты тағамға қол жетімділікті кеңейту шарасын қамтамасыз ету (мысалы, таңғы астар, түскі астар жəне/немесе төмен бағалы бірасарлар), осы ретте семіздікті алдын алу үшін ас мәзіріне фитошайларды қосу ұсынысы туындалады.;

Мектептерде берілетін тағам өнімдерінің тамақтанудың минималдық стандарттарына сəйкес келуін қамтамасыз ету;

Мектеп бау-бақтарын тағам өнімдерінің шығу тегі туралы білімді дамыту үшін қолдану, және де осы бау-бақтарда қажетті өсімдіктерді өсіру;

Ата-аналарды жұмылдыруға септестік ету(фитошайлар маңызы туралы баяндама, отырыстар).

Қоғамдық іс-шаралар ұсыну: жарыс сипатты емес мектеп бағдарламалары мен мектептік спорт сабақтары (мысалы, сабақ арасындағы үзілістердегі белсенді сабақтар);

Мектепке жəне басқа қоғамдық іс-шараларға баруда қауіпсіз түрдегі, көлік қолданбайтын қозғалу түрін қолдау;

Оқушылар мен қауымдастықтар үшін дене белсенділігін ұштауға арналған орындар мен құрал-жабдықтарға қол жетімділігін қамтамасыз ету;

Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен қауымдастықтардың дене белсенділігін қолдау.





































Түйіндеу:

Шөптермен емдеу, фитотерапия – бұл өте ерте медициналық ғылымдардың бірі, оның тарихы 7 мың жылдан асып жығылады. Еуропаның, Ежелгі Мысырдың, Қытайдың, Үндістанның алғашқы қауымдық қоныстары аумағында негізінен, тіпті кейде бірден-бір емдік құрал өсімдіктердің табиғи күші болып табылған. Шөптермен емдеу дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Егер заманауи фармакологиялық дәрі-дәрмек орташа 5-10 жыл «өмір сүрсе», ал Гиппократтың өзі сипаттаған шөптер бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігі мен тиімділігін жойған жоқ.






















Қорытынды:

Балалар мен жасөспірімдердің семіздігіне үлкен назар бөлінуде, бұл жуырда ғана мəселе ретінде аталды. Бұрынырақ балалар семіздігі сирек кездесетін, көптеген жылдар бойы балалық шақтағы семіздік пен ересек жастағы дене салмағы арасында байланыс болуы туралы дəлелдер болмай келді. Бірақ, зерттеу нәтижесінде алынған деректер балалардың 13,7% клиникалық семіздікке шалдығуы мүмкін екендігін жəне артық салмағы бар жасөспірімдердің көпшілігі ересек жаста да артық салмағын сақтауы айқын екендігін болжауға мүмкіндік береді.

Бүгінде заманауи медицина шөптерді қолдану – бұл сауықтыру мен денсаулықты сақтандырудың бірден-бір ең қауіпсіз және тиімді әдісі екендігін мойындайды.

Сондықтан мектептің семіздік мәселесін шешудегі рөлі және өсімдік шайларын мектептің ас мәзірінде қолдануды талдау барысында балалар арасындағы семіздікті алдын алу үшін өсімдік шайларының маңызын атап көрсеттік. Әрине, ол өсімдік шайлары 2003 жылғы Мемлекеттік Реестрде, Мемлекеттік Фармакопеяның Х және ХI басылымдарында тіркеуге алынған болуы тиіс.

Белсенді жастар – еңселі елдің үміті. Қазақстанның болашағы дені сау жастар қолында, ал денсаулықты сақтау әр азаматтың өз қолында.











Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Шарманов Т.Ш. Тамақтану – адам денсаулығының аса маңызды факторы.Алматы: Асем-Систем, 2010. – 480 б.

3. Мартинчик А.Н, Маев И.В., Петухов А.Б..Адамның тамақтануы (нутрициология негіздері). -М.: ГОУ-ВУНМЦМЗРФ, 2002.– 572 б.

4. Беляков Н.А., Мазуров В.И. Семіздік. дəрігерлерге арналған нұсқаулық - Санкт-Петербург, 2003. - 520 б.

5. Бессенен Д.Г., Кушнер Р. Артық дене салмағы мен семіздік. Профилактика, диагностика, емдеу. - Мəскеу, «Бином», 2004. – 240б.

6. Маймулов В.Г., Якубова И.Ш., Чернякина Т.С. Тамақтану жəне балалардың денсаулығы. - СПб.: И.И.Сеченов атын. СПбГМА, 2003. -354 б.

7. Шакиева Р.А. Семіздікті тамақтанумен емдеу. Алматы, 2003. – 24 б.

8. Базарбекова Р.Б., Ахментаева Д.А. Балалар арасындағы семіздік: таралуы жəне клиникалық-зертханалық сипаттамасы // Вестник АГИУВ. 2007.№ 1. С

9. . Лекарственное сырье растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П. Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 б.

10. «Политика в области здорового питания в России» «Международная конференция. Вопросы питания» — 1997 г. — № 2, — 44—47б.

11. Ладнова Г.Г., Истомина А.В. «Фактическое питание и витаминный статус школьника Орловской области», «Гигиена и санитария» 2001 г. № 3.

12. «Политика в области здорового питания в России» «Международная конференция. Вопросы питания» — 1997 г. — № 2, — 44—47 б.


20




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: С?бит Саяхат

Дата: 18.11.2015

Номер свидетельства: 254840


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства