?ыз?алда?, Тюльпан – лалаг?лдер т??ымдасына жататын к?п жылды? ш?птесін пиязшы?ты ?сімдік. ?аза?станны? далалы? айма?тарында жиі кездеседі, 32 т?рі бар, оны? 11 т?рі – ?аза?станны? эндемигі болып саналады. Б?ларды? биіктігі 3 – 50 см. Саба?ы ж?мыр, тік ?седі. Тамырымен жал?ас?ан буынында пиязшы?ы болады. Г?л ?оршауы а?, ?ызыл не сары. Жемісі – ?ауаша?. ?ыз?алда?ты? пиязшы?ын к?зде г?лі т?скеннен кейін жинап алып, оны ??р?а?, сал?ын жерде са?тап, к?ктемде егеді. ?ыз?алда? ?семдік ж?не г?лінен хош иісті зат алу ?шін ?сіріледі. ?ыз?алда?ты? ?те сирек кездесетін 13 т?рі (Альберт ?ыз?алда?ы, Борщов ?ыз?алда?ы, Грейг ?ыз?алда?ы, Кауфман ?ыз?алда?ы, Шренк ?ыз?алда?ы,т.б.) ?ор?ау?а алынып,?аза?станны? “?ызыл кітабына” енгізілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ботаникалы? ?сімдіктерді? латынша атауы»
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Модуль латинского языка
Сөж
Тема: Ботаникалық өсімдіктердің латынша атауы
Факультет: Жалпы медицина № 24-1
Орындаған: Шоман Л.С.
Қабылдаған: Нурмухамбетова Б.Н.
Алматы 2015
Қызғалдақ (лат.Tulipa).
Қызғалдақ,Тюльпан – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы,т.б.) қорғауға алынып,Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
Альстромерия (лат. Alstroemeria).
Альстремерия - Әдемі гүлдері бар, көбінесе гүл шоғырларынан көруге болады. Гүлі ақ,сары, қызыл,күлгін, сия көк түсті, беттерінде дақтары бар.3 жалпақ, 3 жіңішке күлтеден тұрады. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлінің орналасуы лала, орхидеянікіне қатты ұқсайды. Сондықтан бақшаның ең көрнекті жерлеріне егеді. Көшетін еккен кейін келержылы гүлдейді. Өсімдіктің жақсы гүлдеуітікелей отырғызылуына байланысты. Түйнектамыры майысып не қисайып қалмайтындайетіп, кең шұңқыр қазып, тігінен отырғызады. Бойының биіктігі 60-90см. Күн ашық түсетін,жел өтінен ық жерге отырғызу керек. Топырағы жеңіл болғаны дұрыс. Түбін 4-5жылда бір рет бөлу арқылы көбейтеді. Күзде жапырақ шіріндісімен не топырақпен түбінжауып, суықтан қорғайды.
Нәркес (лат.Narcissum )
Нәркес,нарцис– бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропадан шығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.
Амариллис (лат. Amaryllis).
Амариллис — амариллис тұқымдасына жататын көп жылдық пияз тектес өсімдік.Кейбір түрінің отаны — Оңтүстік Америка. Жапырағы қос қатарлы, ұзынша, жылтыр; бір түсті не теңбіл жолақты 3—6 ірі гүлі жуан гүл сағақта өседі.Амариллис жарықты сүйеді, бөлмейін оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы терезе алдын ұнатады. Түйнек салып көбейеді.Топырақ құрамы бір үлес жапырақ аралас топырақ, бір үлес шым топырақ, бір үлес қарашірік және бір үлес құмнан тұрады. Бой алып өскен кезде қалдырыл суарыл, тыңайтқышпен қо-ректендіреді. Отырғызғаннан кейін 2—3 жыл өткен соң гүлдейді.Гүл сағағы жапырақ түзілгенге дейін өседі. Гүлдегеннен кейін тыныштық кезеңі басталады; осы кезде амариллисті температурасы 8—10оС қараңғы қоңыр-салқын бөлмеге орналастырыл, суаруды сиретеді. Желтоқсан айында қайтадан жарық жерге шығарыл, өсуін жеделдету үшін суаруды жиілете бастайды
Бақытгүл ( лат.Chrysanthemum)
Бақытгүл , хризантема – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктертуысы. Олар негізінде Еуропа, Азия, Африкада таралған, 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда бау-бақшаларда,саябақтарда, гүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Ақ, қызыл, күлгін түсті гүлдері ірі гүл себетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды. Қазан – қарашаайларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайда, көшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады.Бақытгүлді – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Сондықтан да оны мектеп, балабақша аулаларына еккен тиімді. Үш айлық демалыстан соң білім нәрін игеруге құлшына кіріскен оқушылардың көңіліне мектеп ауласында құлпырып тұрған бақытгүлі ерекше қуаныш сыйлары сөзсіз. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі “Бақытгүлі” мерекесі бар.
Қашқаргүл (лат.Aster alpinus)
Қашқаргүл,астра — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар . Қашқаргүл – көптеген түрлері бар біржылдық немесе көпжылдық, шөптесін және жартылай бұтақты өсімдік. Халық арасында «қырқүйекгүл» деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі гүлдердің патшайымы болып саналады. Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр айына сәйкес келеді. Сондай-ақ кейбір біржылдық түрлері елімізде гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері өте кеш пайда болатындықтан алғашқы суыққа ұрынып қалады. Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Себебі, бір жерде бірнеше жыл қатарынан өскен қашқаргүл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын отырғызған жөн. Олардың қатарына Ostrich Plume, Starlight Rose, Milady жатады. Көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарбақ ретінде өсіреді. Ең әдемі түрлеріне ағылшындық және испандық қашқаргүлдер жатады. Қашқаргүл де бақытгүлі сияқты күзде гүл ашатын санаулы гүлдердің бірі болғандықтан, оны мектеп аулаларына еккен тиімді. Күзде жаңа оқу жылы басталғанда қашқаргүлдер құлпырып, мектеп ауласын ерекше көрікке бөлеп тұрары сөзсіз.Емдік рөлі Ыстықты басып, зэр қайтарады. Іріңді тазалап, ісікті қайтарады
Құртқашаш (лат.Іrіs)
Құртқашаш ,Ирис— құртқашаш тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі. Қоңыржай, субтропиктік аймақтар мен Солтүстік жарты шарда 250-ден аса түрі белгілі.Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар.Биіктігі 20 — 200 см. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Гүл серігі ұзын түтікшелі және иіліңкі 6 бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). Аталығы — 3, сыртқы бөлігінің түбінде тұратын ұзынша тозаңқаптары таспа пішінді. Жатыны — 2 ұялы. Бал арасымен тозаңданады.Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді.Жемісі — көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады. Сары Құртқашаш (І. flavіssіma) — дәрілік өсімдік, жоңғар Құртқашашы (І. songarіca) жапырағынан щетка жасау үшін ірі талшық алынады. Альберт құртқашашы және Людвиг Құртқашашы (І.Ludwіgіі) — өте сирек кездесетін эндемиктер, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілгенҚұртқашаш тамыртүйнекті өсімдіктер қатарына жатады. Тамыз айында түбін бөлу арқылы көбейтіледі.Құртқашаш – көпжылдық, тамыртүйнекті.Касатиктер тұқымдасына жататын бақша өсімдігі. Ол дүние жүзінің барлық жерлерінде кездесетін бірден – бір өсімдік. 300-ге жуық табиғи түрі бар, соның ішінде 150-ге жуық түрін еліміздің көгалдандыруында кездестіругеболады. Әдемілігі бірнеше түстен құралатын гүлдерінде. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта. Гүлінің түсіне бола оны ирис деп атаған.Ирис грек тілінен аударғанда кемпірқосақ деген мағынаны білдіреді. Гүлдеуіауа- райы мен өскен ортасына қарай 23-25 күнге созылады.
.
.
Лаванда (лат. Lavandula)
Лаванда (Ағылшын тілінде оны: “lavender” деп атайды) – ерін гүлдер тұқымдасына жататын хош иісті өсімдік. Лаванданың аты шөп болғанымен, заты иісі жұпар аңқыған, күрең-көк түсті кішкене гүл. Хош иісі аңқып тұратындықтан, жұрт оны “Жым-жылас жұпар таратқыш өсімдік” деп атаған. Лаванданың байырғы мекені – Жерорта теңізінің жағалауы және соның айналасы. Қытайдың Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі Іле сияқты өңірлер, Францияның Пловансымен бір ендікте жатқандықтан, әрі ауа райы да, топырағының сипаты да соған ұқсас болғандықтан, Қытай лавандасының өсіп-өнген мекені осы өңір. Іле өзенінің аңғары мамыр, маусым айларында жамырай шешек атқан көктеңбіл гүлге толып кетеді. Самал жел желпіп өткенде, лаванда гүлдерінің көк теңбіл телегейі теңіздей толқып, құлпырып көз тартады.Лаванда емшілікте көп пайдаланатындықтан “Жұпар иісті шөп дәрілердің патшайымы” атанған. Ерте заманда, емшілік пен дәрі-дәрмектің тапшы кезінде лаванда “кедейдің шөп дәрісі” деп аталған. Оның иісінің адамды тыныштандырып, көңілдің кірін кетіретін қасиеті бар. Лаванданың иісі пәле-жаладан, ұшықтан сақтайды дейтін де аңыз бар. Жұрт оның бірнеше талын киімдерінің, кітаптарының арасына салып қояды. Лаванда құрт түсірмейді, күйеден сақтайды. Хош иісі де бірнеше жыл кете қоймайды. Лаванда гүлдерінің қауашағынан алынған, лаванданың сығынды майының пайдалану аясы аса кең болғандықтан, жұрт оны “Майлардың төресі” деп атаған. XVIII ғасырдан кейін лаванданың жауһарынан алынған иісті майлар дегдар, жұпарлы болып келетіндіктен “Хош иісті майлардың әулиесі” атанған.Ертедегі гректер хош иісті бұл өсімдікті, сол заманда-ақ танып-біліп, моншаға жуынғанда иісі бұрқырап тұру үшін пайдаланған. “Лаванда” деген латын сөзінің мағынасының өзі “жуу” дегенді білдіреді. Еуропалықтар лавандадан жасалған иісті қапшықтарды киім ілетін сөрелерге қойып, киімге күл, күйе түсуден сақтануға пайдаланған. Ал, гректер лаванданы жөтелді емдеуге қолданған.Лаванданың өндірістік шумақтары аса ұзын. Лаванданың хош иістілігі, дәрілік қасиеті, табиғи күлгін түсі, азықтық қасиеті және гүл көркі осы қасиеттерінің барлығы тал бойына жинақталған. Лаванда Еуропа, АҚШ, Жапония қатарлы елдерде өнім ретінде өндіріліп, адамдардың күнделікті тұрмысының әртүрлі салаларына пайдаланылып келеді. Францияның оңтүстігіндегі Плованс пен Жапонияның хоккайдо аймағының Фурано деген өңірлері әлемдегі лаванданың ең жақсы өсетін жерлері. Шинжяң да дүниежүзі бойынша лаванданың өсуіне қолайлы аз санды өңірлердің бірі. 1965 жылы Шинжяң Франциядан лаванданың 3 түрлі тұқымын әкеліп еккен болатын, 40 жылдан бергі бағып-баптаудың арқасында, Шинжяң Қытайдағы ең ірі, әрі бірден-бір лаванда өсіретін базаға айналды. Шинжяң лавандасы қазіргі кезде әлемдегі 8 ірі маңдай алды өнімнің біріне айналып отыр.Лавандадан денсаулықты сақтайтын өнімдер, иісті материалдар, дәрі-дәрмек жасау салалары бойынша жетілдіру құндылығы аса жоғары. Лаванда гүлінің қауашағынан алынған сығынды майлардың құрамында сірке қышқылды лаванда естері, ароматты комфора спирті, ароматты фитол сияқты заттар, шампо иіс сабын, әтір сияқты күнделікті безену бұйымдарын жасауда кең көлемде пайдаланылады. Хош иісті өнімдер өндірісінің маңызды шикізаты. Лаванданың кептірілген гүлінен жасаған дәрі-дәрмектер адамды тыныштандырады, желді айдайды, несепті жүргізеді, қуат беріп, күшейтеді.Лавандаиммунитеттік жүйені күшейтіп, терінің қалпына келу функциясына жетілдіреді. Күйген, операция жасаған орындарда қалған тыртықтардың жазылуына аса пайдалы.
.
Ландышмайский (лат. Convallaria majalis).
Мамыр Меруерт гүлдің биіктігі сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды..Тамыры жіңішке, көлбеу өседі, сырты ақ, көптеген майда қосымша тамырлары бар. Сабағы қысқа. Тамырдан тікелей өсіп шыққан, сопақша келген жапырақтарының саны бірден үшке дейін, екі жағы да тегіс, жылтыр, сағақтары ұзын. Гүл сабағы да тікелей тамырдан өсіп шығады. Гүлдері гүл сабағынан бір жағына ғана орналасқан, ақ түсті, хош иісті, жемісі қызыл, үш дәнекті. Өсімдік улы.Көбінесе ылғалды жерлерде, орман ішінде, бұталар арасында, өзен жағаларында өседі. Далалы аймақтарда сирек кездеседі.Оның құрамында жүрек глюкозидтері, сапониндер, эфир майлары, аспарагин, крахмал, алма және лимон қышқылдары, жапырақтарында С витамині бар. Меруерт гүл жүректің жұмысын жақсартып, қалпына келтіретін қасиеттері бар. Ғылыми медицина меруертгүлден жасалған дәрілерді нерв жүйесін тыныштандыру үшін, жүректің қызметін қалпына келтіріп, қан айналысын жақсарту үшін пайдаланады. Меруертгүл ғылыми медицинаға белгісіз кездердің өзінде-ақ халық медицинасында бұл өсімдіктің сулы тұнбалары кеңінен пайдаланылған. Нерв жүйесін тыныштандыру үшін меруертгүлдің бір бөлігін, түркістандық сасықшөптің жарты бөлігін, дәрілік шүйгіншөптің бір бөлігін, долананың бір бөлігін алып араластырады. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі: Меруертгүлдің 15 граммын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 2 шай қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді
Лотос (лат. Nelumbo).
Лотос- бұршақ тұқымдасына жататын, суда тіршілік ететін өсімдік. Лотостың 100-ге жуық түрі бар. Бұл өсімдіктің тамырлары тоғанның түбіне бекініп, жапырақтары мен гүлдері судың бетінде орналасады.
1. Жапырақтары дөңгелек, енді, суда қалқып тұрады.
2. Қанық түсті гүлдері хош иісті
3. Сабақтары ұзын
4. Гүлдері ақшыл реңді, қызыл түсті
5. Тұқымдары қатқыл, қоңыр-сұр түсті
Олар дәрі ретінде де, тағамға да пайдаланылады. Бұл тұқымдар-протеин көзі, оларды әл жинау мақсатында пайдаланады. Лотостың тұқымдарын бүйрек, көкбауыр, жүректің жұмысы бұзылғанда қолдану пайдалы. Сондай-ақ оларды жүрек соғысы жиілеп кеткенде ұйқысыздыққа қарсы қолданады.Лотостың тамыр сабағы- қызғылт-сұр түсті, дәмі картоп дәміне ұқсас. Оның құрамында түрлі талшықтар, С,В1,В2 дәрумендері, калий, мыс және магний болады. Лотостың тамыр сабағы тыныс алу аппаратының жұмысы бұзылғанда ем болады.Лотостың гүлдері судың бетінде қалқып тұрады. Ақ немесе қызғылт түсті күлтежапырақтары-ұзын,сына тәріздес, бірнеше қабаттан тұрады. Лотос-көне көне символдардың бірі, ол өміршеңдіктің, денсаулықтың, ар-намыс пен табыстың символы болып келеді.Лотос Таяу Шығыс, Азия, Австралия мен Жаңа Гвинеяның кейбір аймақтарында кездеседі. Лотос- Үндістан мен Вьетнамның ұлттық гүлі..Лотостың қоңыржай аймақ пен тропиктік жерлерде өсетін жаңғақты лотос және сары Лотос деген түрлері бар. Бұл түрлердің айырмашылығы — гүлдерінің түсінде (қызыл, сары). Атпа тамыры және тұқымдары арқылы көбейеді. Қазақстанда соңғы жылдары Іле өзенінің Балқаш көліне құятын тұстарында қолдан өсіріледі. Тұқымы мен тамыры тамаққа пайдаланылады
Лалагүл (лат.Lіlіum)
Лалагүл ,лилия — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады.Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік жәнеқайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген. с
Сирень (лат. Syringa)
Сирень (Syrіnga) — зәйтүн тұқымдасына жататын ағаш не бұта. Негізінен Шығыс және Орталық Азияда, Шығыс Еуропада таралған 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда саябақтар мен скверлерде, қала бақтарында өсетін 1 түрі — кәдімгі сирень (S vulgarіs) бар. Оның биіктігі 3 м-дей, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жалпақ жүрек пішінді, бүтін жиекті. Гүлі ұсақ, хош иісті, ақ, күлгін түсті. Гүлшоғыры — сыпыртқы. Тұқымы арқылы және вегетативті жолмен (телу, сұлама, бұтақ, қалемше) көбейтіледі. Оңтүстік аймақта сәуір — мамыр, ал солтүстік өңірде маусымда гүлдейді. Жемісі — қос жақтаулы қорапша. Сирень топырағы құнарлы, ылғалдылығы орташа ашық жерде жақсы өседі, 2 — 3 жылда гүлдейді. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді, сиреньнің көптеген түрі әсемдік үшін топтап, жекелеп отырғызылады. Оның сүрегі қатты, күлгін, қоңыр түсті, ойып әшекейлеуге, ағаштан жасалған бұйымдарды әдемілеп жылтыратуға пайдаланылады. Гүлінен алынатын экстрат парфюмерияда қолданылады.
Шегіргүл (лат. Víola)
Шегіргүл ,Фиалки - шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.Жер бетінде 500-ге жуық түрі кездеседі, негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде таралған. Кейбір түрлері Солтүстік Америкада, Анд тауларында эндемикөсімдік ретінде, Жапонияда өседі. Аздаған түрлері Бразилияның субтропикалық аймағында,Оңтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландияның тропикалық аймақтарында да кездеседі. Қазақстанда үш түсті шегіргүл (Viola tricolor), хош иісті шегіргүл (Viola odorata) және т.б. түрлері өседі.
Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.
Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.
Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.