Просмотр содержимого документа
«Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту»
Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту.
Ясин Ақбота
«Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ
Теміртау қаласы, Қарағанды облысы
Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болар. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып отыр.
Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады.
Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін дамыту;
Оқушылардың дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білім-білігін арттыру;
Оқушылардың зерттеу әдістерін түсінуі, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады.
Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.
Оқушы әрекеті:
- Ақпаратпен танысу. Оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе сайттар, дереккөздерден жинақталған ақпаратты қолдану.
- Болжамды анықтау. Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдер, пікірлер мен зерттеудің нақтылығын.
- Ақпаратты талдау. Тақырыптың негізгі компоненттері, ауызша дәлелдердің біріктірілуі және өзара байланыс принциптерін.
- Салыстыру және зерттеу. Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты.
- Жинақтау. Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру.Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.
- Дәлелдеу. Тұжырымдалған шешімдердің өзектілігі мен маңыздылығын.
-Қолдану. Сұрақтардың жауаптарын түсіндіру.
Биология пәнін оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – практикалық мүмкіндіктерін ашу. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде биология пәнінен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір сабақ бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті.
Оқушы бойында функционалдық сауаттылық дағдыларды қалыптастыруда басшылыққа алатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу:
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу:
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Оны дамытудың негіздері:
бақылаған нәрселерін салыстыру арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын айқындай білу;
Нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу, оларды қайтадан біріктіру арқылы нәрсенің тұтас күшін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу;
Нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу;
Бақылаулардан және жеке деректерден тиісті қорытынды жасап, дұрыстығын тексере білу;
Өз ойының дұрыстығын дәлелдеп, жалған болжамдарды теріске шығара білу;
Өз ойын анық, жүйелі және нанымды баяндауға үйрету.
Іс-әрекеттер маңыздылығы мен құрылымына байланысты сатылай жіктеледі:
Қажеттілікті анықтау
Оның мотивін шығару
Мақсат қою
Мақсатқа жету жолдарын ашу
Нәтижесін шығар
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтің аталы сөзі ең алдымен ата-ана, ұстаз және қоғамға арнап айтылғандай. Ертеңгі ел болашағы білім ошағында қалыптасады десек те, сапалы білім мен саналы тәрбиеге қосымша бағыт-бағдар, қоғамдық ықпалдың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Өйткені күн өткен сайын жас ұрпақтың талғамы өзгеріп, қоғаммен бірге ілгері дамып келеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру қажет деп санаймыз.
Әдебиеттер
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы.– [Электронный ресурс]. – Байланыс режимі: adilet.zan.kz
PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Оқу сауаттылығы. Мұғалімнің жұмыс дәптері. «Назарбаев Зияткерлік мектебі», PEARSON, Авторлық құқық, 2014.
Болашақ мектептен басталады.Қазақстан мектебі 2.2003 ж. 12б.
Мұғалім шеберлігінің айнасы. Биология салауаттылық негізі №5 2003ж.20б.
Ұжымдық оқыту технологиясымен. Биология №1-13 2007ж. 28б.
Дамыта оқыту әдісін жүзеге асыру.Қазақстан мектебі 6.2002 ж. 35б.