Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Талды ауылындағы №19 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Оспапнкулов Мақсат Зейнелұлының ҰБТ- ға оқушыларды дайында 8-сынып бойынша
Жыныс мүшелерінің құрылысы тақырыбын қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
1.Сыртқы аталық мүшелерін белгіле?
а)Аталық бездер; б)Ұрық шығарушы өзекшелер; с)Ұма,жыныстық мүше; д)Сыңар қуысты безі;
2.Қуықтың артына таман жамбас шоңқимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше?
а)Шүртекей; б)Жатыр; с)Қынап; д)Жыныстық жапсарлар;
3.Ұманың ішінде терілі қалтада орналасады?
а)Жыныстық мүше; б)Аталық бездер; с)Жатыр; д)Қынап;
4.Әйел адамдарда етеккір шамамен неше күнде қайталанып отырады?
а)30; б)28; с)15; д)10;
5.Жыныс бездері қандай бездер тобына жатады?
а)Аралас; б)Ішкі; с)Сыртқы; д)Жатпайды;
6.Безді көпіршік жарылып,ішінен жұмыртқажасушасының сыртқа шығуын ............. деп атайды.
а)Овуляция; б) Менстурация; с)Гинекология; д)Фолликула;
7.Ол сперматозоидтарды қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшықетті мүше?
а)Жыныстық жапсарлар; б)Жатыр түтігі; с)Жатыр; д)Қынап;
8.Аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі?
а)Экстрогендер бөледі; б)Менстурацияның келуі; с)Сперматозоидтар түзілу; д)Тестостерон бөлу;
9.1см3шәуетте қалыпты жағдайда неше млн сперматозоидтар кездеседі?
а)40; б)60; с)80; д)20;
10.Ер адамдарда ............... арқылы зәр заты да,шәуетте сыртқа шығарылады.
а)Жатыр түтігі; б)Ұма; с)Несепағар ; д)Зәршығару өзегі;
11.Екі аналық без,жатыр,екі жатыр түтігі,қынап жатады
а)Ішкі аналық жыныс мүшелеріне; б) Сыртқы аталық жыныс мүшелеріне; с) Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне; д)Сыртқы аналық жыныс мүшелеріне;
12.Аталық без (ен) екеу, мөлшері .......... см
а)7-8; б)2-3; с)4-6; д)1-2;
13.Аталық бездердің маңызды қызметі
а) Экстрогендер бөледі; б)Овуляция; с) Сперматозоидтар түзілу; д)Фолликулалардан тұруы;
14.Ішкі аналық мүшені белгіле?
а)Шүртекей; б)Жатыр; с)Жыныстық жапсарлар; д)Сыңар қуықасты без;
15.Аналық жыныс мүшелерінің ауыруын емдейтін дәрігер
а)Окулист; б)Гинеколог; с)Невропатолог; д)Уролог;
16.Ұрық шығарушы өзекшелер,ұрықтық көпіршіктері,қуық асты бездері - олар
а)Сыртқы аталық мүшелері; б)Аталық бездерінің қосалқы бөлімдері; с)Аталық без; д)Ұма;
17.Аталық бездердің қызметі
а)Экстроген бөлу; б)Аналық безін жетілдіру; с)Сперматозоид түзу; д)Менстурация келтіру;
18.Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуық асты бездерінен бөлінетін сұйықтық .................. деп аталады.
а)Шәует; б)Тестостерон; с)Экстроген; д)Овуляция;
19.Ол ішкі аталық жыныс мүшесіне жатады
а)Жыныстық мүше; б)Жыныстық жапсарлар; с)Аталық бездер; д)Ұма;
20.Аталық без (ен) екеу оның салмағы ........... грам
а)15-30; б)20-25; с)30-35; д)5-10;
21.Әйел адамдардың аналық безінің салмағы неше грам?
а)3-4; б)10-15; с)5-8; д)15-20;
22.Бойжеткендерде екінші реттік жыныстық жетілу кезінде әрбір ай сайын қандай гормонның әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі?
а)бүйрекүсті безі; б)гипоталамус; с)эпифиз; д)гипофиз;
23.Аналық бездер (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы ......... см
а)5-6; б)3-4; с)7-8; д)1-2;
24.Жатырдың қынапқа дейінгі аралығы
а)Жатыр түтігі; б)Жатыр мойны; с)Шүртекей; д)Жыныстық жапсарлар;
25.Аталық бездің әсерінен жасөспірімдердің дене пішінінің өзгеруі, мұрттың шығуы, дауысының жуандауы - ол
а)Бірінші реттік жыныстық жетілу; б)Анабездің жетілуінен ; с)Экстроген бөлінуінен; д)Екінші реттік жыныстық жетілу;
26.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым
а)гинекология; б)эмбриология; с)ихтиология ; д)эндокринология;
27.Адам дене жасушасындағы хромосомалар саны
а)23; б)38; с)46; д)26;
28.Аталық жыныс бездерінен шамамен 300 млн-дай сперматозоидтары бар ..... мл шәует бөлінеді
а)3-5; б)2-3; с)5-6; д)7-8;
29.Адам жыныс жасушасындағы хромосомалар саны
а)46; б)23; с)28; д)43;
30.Сыртқы ұрық жапырақшадан дамиды
а)асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері; б) қанайналым мүшелері, зәршығару, көбею мүшелері; с)жабын эпителий, жүйке жүйесі, сезім мүшелері; д)дәнекер ұлпасы, қаңқа, бұлшықеттер;
31.Ішкі ұрық жапырақшадан дамиды
а) жабын эпителий, жүйке жүйесі, сезім мүшелері; б)дәнекер ұлпасы, қаңқа, бұлшықеттер, қанайналым мүшелері; с)асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері; д)зәршығару, көбею мүшелері;
32.Ортаңғы ұрық жапырақшадан дамиды
а)асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері; б) жабын эпителий, жүйке жүйесі; с)дәнекер ұлпасы, қаңқа, бұлшықеттер, қанайналым мүшелері, зәршығару, көбею мүшелері; д)жабын эпителий, жүйке жүйесі, сезім мүшелері;
33.Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы ............. деп аталады
а)нәрестелік даму; б)ұрықтық даму; с)шараналық даму; д)сәбилік даму;
34.Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуын ........... дейді
а)ұрықтық даму; б)шараналық даму; с)сәбилік даму; д)нәрестелік даму;
35.Жүктіліктің үшінші айында анасы мен ұрықтың ұлпаларынан арнайы мүше - ........... түзіледі
а)ұрықжолдас; б)зигота; с)ұрық; д)кіндікбау;
36.Ұрықты ұрықжолдаспен байланыстырып тұрған үш қантамыр бірігуінен түзідеді
а)плацента; б)кіндікбау; с)ұрық; д)зигота;
37.Әрбір ағзаның жеке дамуы
а)филогенез; б)онтогенез; с)эмбриогенез ; д)кариокинез ;
38.Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым
а)этология; б)геронтология; с)психология; д)герпетология;