kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама Тақырыбы: « Экологиялық тәрбие берудің көзі- этнопедагогика мұралары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Тақырыбы: « Экологиялық тәрбие берудің көзі- этнопедагогика мұралары»»

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі

Костанайский социально-технический колледж













Баяндама

Тақырыбы: « Экологиялық тәрбие берудің көзі- этнопедагогика мұралары»





















Дайындаған: оқытушы Есекенова Р.Қ









Костанай 2013



Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.
«Қырдағы көшпелі халықтың шешендік тапқырлыққа бейім келетіні — алаңсыз көшпелі өмір сүргенінен шығар, әлде өз көз алдыпдағы табиғаттың көп жұлдызды ашық аспан мен ұшы қиырсыз жасыл даланың шабытты әсерінен шығар… Дала тұрғыны – қазақ мораль жағынан да, ой өрісінің қабілеттілігі жағынан да… жоғары тұрады. Поэзияға бейімділік әсіресе суырып салма шешендік барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет» – деген еді ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов.
Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы ғұрпын дәстүр-өнеге етіп ұстайды.
Өздерінің сезім өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын оятқан қазақ халқының таң ғажайып әсем де әсерлі дәстүрлеріне халқымыз аса бір ілтифатпен қарап келген. Әр бір табиғат көрінісінің тұнығын бұзбай аялауды, «обал» деп сылап-сипап отырған. Туған жер, Отан, Ата мекен десе ең алдымен сол жердің өзен-көлін, тау-тасын, орман-тоғайын, ұшқан құс, жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны мақтан еткен. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті сұлулықты мақтаса сол туған жер табиғатының тазалығынан теңеу тапқан. Ұшы-қиыры жоқ кең пейілді байтақ далаға, төбесі көк тіреген асқар туаға, шалқыған шалқар көлге, мөлдір бұлақ, кернелі өзенге шендестірген. Дәстүрлі той-думан, шілдеханаларда өнерпаз сөз шеберлері айтысса табиғаттың көркін, байлығын, соның құшағындағы ел тұрмысының салтанатын мақтан еткен.
Адамзат болсын ерте заманнан бері табиғат-ана асырап келеді. Алғашқы қоғамнан қазіргі космос дәуіріне дейін адам баласының азық-түлік, киім-кешек, басиана, көлік, өндіріс құралы мен қорғаныс қаруы – өмір сүруге қажетті барлық мұқтажын өтеп келе жатқан жомарт табиғат қазынасы. Бертін келе адамды тұрмыс түзеу, баю мұратына жеткізген де осы табиғат байлығы.
Күнделікті өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, биологиялық* ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқы табиғат қойнында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқаймыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жаңашыр етіп жіберген сияқты. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірлеп-қасиеттеуін көрсетілетін дәрежелерді тарихтан, ғана емес, бүгінгі өмір тағылымынан, тұрмыстың сан сала, сан тарауларынан кездестіреміз. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, түс кигіз немесе айшықты ер-тоқым, тұрман, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіруіңіз мүмкін. Ол көзі қимай сақтаған секінің жұрнағы емес. Халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімнің бүгінгі күнге қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен барар даңғыл жолы бар дәстүрлі дүние. Әртүрлі бұйымдарға түсірілген ою, айшық-өрнектердің қай-қайсысы болмасын өзімізді қоршаған табиғаттың бір бөлшегін көз алдымызға тартады. Түс кигізден тау жолдары, бұлак сулары, даланың хош иісті гүл-бәйшешск жапырақтарын елестетсек, сырмақтардан малдың, аңдардың мүйіз-тұяқ үлгілерін, құстардың қанаты мен тұмсықтарының алуан суретін байқаймыз. Тұтас алғанда халықтың өзі мекен еткен тау мен даланың бай табиғаты, жыры сияқты. Демек, халық тұрмысқа керекті заттың қажетін ғана емес, рухани қажетін, творчеетволық шабыт кезін де табиғаттан тапқан.
Сүлулық пен көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Олардың жазықсыз жәбірлеуге, елтіруге, отауға арамдауға, бүлдіруге, құртуға болмайды — дейді халық дәстүрлерінде.
Ес білгеннен бастап ата-ангасынан ел ағасынан, үлкендерден ене бойы айтылатын өсиеттермен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұсқан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастырып, алдындағы малы мен айналасындағы табиғаттың игілігін көруге баулиды.
Жазықсыз аң мен құсқа мейірлене қарағаннан әр замандағы махаббат сезімі де біреуден біреуге, «ақсұңқарым», «аққуым», «ақмаральш», «балапаным», «бұлбұлым», «тотым» сияқты теңеу-лермен айтылып, тарағанында да күмөн жоқ..
Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беру үшін. Жануардын, қанын босқа төкпеу үшін, адам баласын жыртқыштан, қанқұмарлықтан аяусыздықтан, жаны ашымастықтан бетбақтықтан аулақ ету мақсатымен, бұндай жаман әдеттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең тараған аңыздар, дәстүрлер, ертектер көп. Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, мазмұны кең, тәрибелік мәні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.
Халқымыз обал мен субапты, адалдық пен арамдықты ажырата біледі және бұл ұғымдар ел санасынан ерекше орын алған. Әрбір қазақ бір жұмысты істерде оны жаңағы айтқан төрт тұрғыдан қарайды.
Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр екенін, қазақтар әйтеуір аққуды қадірлейді. Табиғаттың жандысы болсын, жансызы болсын, қажеттігімен ғана емес, көркімен, айналадағы өмірге сән беріп жарасуымен құнды, өз алдына сырға толы таңғажайып әсері, тарту күні бар эстетика.
Басқа хаиуанаттар мен құстар дүниесін былай қойғанда, бір ғана осы аққу атына байланысты біз ел аузынан, эпостардан неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен сұлулық сипатын, аяулылығын «Аққудай ару» деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінен түсінеміз. Адамның көңіл күйінің жығылуын суреттеген «Аққуы қайтып оралмаған құлазыған көлдсй болдым» деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз.
Қазақ жалпы құс атаулыны аяиды, оларға жанашырлық білдіреді. Балалар ойнап жүріп торғайдың балапанын ұстап алса да дереу қоя бергізеді.
Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу егде тартқан адамдардың қашаннан бергі балаларына айтып отыратын өсиет. Олар мұндай қиянатқа тиым салып отырды. Ілуде бір тентекті қөрсе жағасын ұстап жек көріп кетеді. Өзіңе зияны тимеген, аңға, жәндікке тиіспе деп үйретеді.
Табиғатта өз міндетін етемейтін басы артық ештеңе жок, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе «Жыл құсы». «Қаз қайтса күз», «Қарға келсе қар қалмайды», «Ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды», «Көкек кслсе көктем», «Сауысқан келсе суық болады» т.б. деген қағидалар халық көңілінен мықты орнаған. Осы айтылғандардың жастарға тәлім-тәрбие беруде атқаратын ролі орасан зор.
Жылан – қазақ елінің және басқа халықтардың ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе, бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып шығарады. «Таспен атқанды аспен ат, өзің мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды» – деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка, өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды ниет тұтқанын көрсетеді.
Табиғат құшағындағы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі, ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі, алдындағы малы ғана болды. Мал да табиғаттың адамға тартқан үлкен сиы. Оны ысыран етпей, тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды, мейлінше өсіруді ежелден төл ісіміз деп санаған.
Малды қорлау, жебірлеу үлкен қиянат. Кейбір тентектердің мінген атын сабағынан көрсе ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса, қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен батасын айтып таза, қинамай сояды. Аңға, құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз күні бүгінге дейін еліміздің өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы мен жәбірсіздігін жақсы көріп, солардай болсын деп перзенттерінің есімін де солардың атымен атаған.

Халықтың адамгершілікті жанашырлық сипаты асыл дәстүрлері міне осындай дүниенің түбегейлі мүддесімен астасып жатқанын сеземіз. Сеземіз де осындай қасиетті ойды ұрпақтан-ұрпаққа тұнық, таза қалпында жеткізуге қызмет істеуге тырысамыз.
Басқа бір елдің рухани байлығына, мәдениетіне, салт-санасына, дәстүрлеріне, материалдық қазынасына, табиғат байлықтарына сырттан келген келімсектердің жаны ашымайды. Қайта сол басып кірген жерінің бар байлығын қайтсе де көбірек тартып алуды меншіктенуді көксейді. Тегін жатқан байлық, көлденең олжа жаулап алушылардың көкейтесті арманы. Олар сол жердің негізгі иссінің, сол жерді ежелден пайдаланушы халықтың қамын ойлаған емес. Оны қазақ халқының өмірінен жақсы көруге болады. Келімсектер тек өз пайдасын көздейді, қалтасын толтырып, керегін алып, болмаса ежелгі жерін, суын тартып алып өз пайдасына жаратып отырады. Ауыртпашылықтың нешс түрлі тауқыметін тартатын сол жерлерде ежелден тұрып келе жатқан халық болады. Тұрмыстың неше түрлі тауқыметін біздің қазақ елі тартты ғой. Жерді отарлау басып алу, зорлық, зомбылық жасау, басьш кіру, тартып алу, халықтың ежелден келе жатқан тыныштығын бұзу, асу, ату, өлтіру сияқты жыртқыштық тәсілдерін бәрін қазақ халқы’басынан өткізді. Табиғат қоры адам үшін тегін дүние сияқты. Бірақ табиғатта керексіз, қалай болса солай жұмсап пайдалана беретін, не ысырап қыла беретін тегін ештеңе жоқ. Бәрінің де өз міндеті керек орны бар.
Халықтық педагогика тәрбиеге орай халықтың ақыл-тәрбиесі, халық педагогикасын зерттегенде халық ауыз әдебиетінің шығармаларын, этнографиялық материалдарын, халықтық тәрбие дәстүрлерін, халықтық ойындарды, отбасы тәрбиесінің тәжірибелерін т.б. тірек етпеу мүмкін емес. Халықтық педагогика халықтың өз аузынан таралды. Халықтық педагогиканы, ата-бабаларымыздың бай мұрасын зерттеу, бізге жеткен салт-дәстүрлерді, тұтас өнегелерді оқыту-үйрету процесінде пәнаралық байланыстарды, қоғамдық, әдеби және мәдени, мемлекеттік және кәсіби мерекелер сияқты іс-шараларды қазіргі заманға сай мазмұндап ұйымдастыру адамзат құндылығы деңгейінде білім алып және тәрбиеленуге қол жеткізеді.

Халықтық педагогиканың негізі халықтық тәлім-тәрбие, өнеге, адамгершілік сезім, достық, ынтымақтық, төзімділік, байсалдылық мұрасы тұрғысында құрылады. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - ұлттық рухани деңгейі биік, іскер, қабілетті, иманды, әдепті адам тәрбиелеу.

Әр ұлттың, халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халықтық педагогиканың арнасы кең. Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін өшпей келген салт, дәстүр, ырымдар мен жоралғы, ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда, ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады.

Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т.б. атап өткен орынды. Этнопедагогика – халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған ғылым деп түйін жасауға негіз бар.

Биосфера, ноосфера, биоинформацияның шаруашылыққа, өндірістік қатынасқа, кәсіпкерлікке, тұрмыстық хал-ахуалға, мәдениет пен рухани мұраларға, адамгершілікті қасиеттерге, халықтық тәрбиенің мазмұнына, құралдарын таңдауына және адамдардың салалық өзара қарым-қатынасына, қызметіне ықпалының бүгінгі таңдағы этнопедагогика ғылымына қосатын үлесі зор. Аталған заңдылықтардың әр халықта әртүрлі мәнде құрылуы, әр тектес ұлттар мен ұлыстар арасында бір-бірінен ерекшеленуі, оқшаулануы этнопедагогика ілімі негізінде айшықталады.

Әрбір халықтың өзіне тән тәрбие жүйесін құру: тілдің әртүрлі болуына, ұлттық сипатына, ұлттық санаға, дәстүрге, салтқа, дінге сай орайластырылады. Қазақ халқының педагогикасының ғасырлар бойы қалыптасуы зерттеліп келді. Қазақ халқының ішкі этникалық құрылымы: 7 ата, жүздер, ру, ақсақалдардың, шамандардың, бақсылардың, ақын-жыраулардың, сал-серілердің рөлі, би-шешендердің, ақсақалдардың үкіміне, ақыл-кеңесіне қалтықсыз бағыну. Ең негізгі мінез-құлық: қан туыстығының сезімі, бірлік және туыстық бірауыздылық; біріне-бірінің қамқорлығы, үлкен адамдарды сыйлау, құрметтеу, ата-баба рухын қадірлеу, дәстүрді сақтау – этнопедагогиканың қайнар көзі.

Ауыз әдебиетінде, халықтың салт-дәстүрлерінде, балалар ойындарында сақталып келген халықтық тәрбие – халық ділін байыту жолындағы іздену, тану процестерін қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы.

Жұмбақ белгілі зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін шебер жинақтап, адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес. Ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа да үйретеді. Жұмбақ өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Ал жұмбақтың өлең оралымдары, ұйқастықтары, айшықты сөзқолданыстары, оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен шебер, қиыстыратын суреттеу құралдары арқылы балаларға берер эстетикалық нәрі аз емес.

                              Төбелбайдың төрт ұлы,

                              Төбелесіп келеді.

                              Ерубайдың екі ұлы

                              Ерегісіп келеді.

                              Алдындағы Аңғарбай

                              Шөпшек теріп келеді.

                              Артындағы Артықбай

                              Шыбан қағып келеді             

                                                               (Түйе)

деген тәрізді жұмбақтар оның халық кәсібімен, күнделікті тұрмысымен де етене байланысып жатқандығын танытады. Қазақ халқының эстетикалық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – ертегі. Ертегілерде халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінездерінің, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері – еңбексүйгіштігі, өз халқына, отанға, туып-өскен табиғатқа және тағы басқаларға деген сүйіспеншілігі бейнеленген.

Ауызекі халық шығармашылығында мақал-мәтелдер елеулі орын алады. «Мақал-мәтелдер – халықтардың сан ғасырлық көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы: табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұрған оқиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздің тобықтай түйіні.

Мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мен терең ойлары ашық айтылады, дәлме-дәл көрсетіп, бейнелейді. Мысалы: “Білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар”, “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, “Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты”.

Ал, мәтел сөздің сыры: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап, бейнелеп айтады. Мәтел сөзге бір мысал: “Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты”. Мақал-мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. «Қызды асырай алмаған күн етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді» деген мақал-мәтелдердің мәнісі – жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. М.Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірелік:

Туған елдің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

Тепкі көріп тентіреп,

Текке жүрсең білерсің.

Сондықтан жастарды қоғамда белсенділігін арттыруға, олардың бойында ұлттық сана мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ашылған ақ жол тәрізді, рухты демеп отыратынына септігін тигізбек. Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тб.

Біз жастарды тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды тәрбиелеуді естен шығармағанымыз жөн, себебі, солар ғана еліне игілікті істер тындырып ауқымды үлес қоса алады. Жалпы, келешек ұрпақтың қамын бүгін ойлау – аға ұрпақ борышы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 1998.

  2. Ә.Табылды. Этнопедагогикалық оқылымдар, – Алматы: Білім. – 2005, -312 б.

  3. Ә.Табылды. Ұлттық әдеп – тәрбие негізі. – Ұлттық тәрбие. №3, 2010. -27-35 б.

  4. Айтбаев Ө.А. Ана тілі – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі. – Ұлттық тәрбие. №1, 2010. 43-49 б.

  5. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдар беттері. – Алматы: Білім, 1995. – - 288 б.

  6. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. – Алматы: Қазақстан, 1980.

  7. Жарықбаев Қ. Ұлттық тәрбиені өрістеткіміз келсе, қазақы қасиетімізді қастерлейік! – Ұлттық тәрбие. №1, 2010. 69-70 б.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама Тақырыбы: « Экологиялық тәрбие берудің көзі- этнопедагогика мұралары»

Автор: Есекенова Роза Кабдулловна

Дата: 09.09.2018

Номер свидетельства: 477364


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства