kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бәрпі туыс түрлерінің халық емшілігінде пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бәрпі туыс түрлері халық емшілігінде пайдалану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бәрпі туыс түрлерінің халық емшілігінде пайдалану»

Бәрпі туыс түрлерінің халық емшілігінде пайдалану

Бәрпі туысы сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Ормандарда, бұта-шілік, шалғындықтарда, тау өзендерінің бойындағы ценоздарда,биік таулық белдеулерге тән альпі және субальпілік шалғындарда, орман белдеуінің жоғары бөлігінде өсетін көп жылдық өсімдіктер Тұқымында 31—32 процент майы болады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек –қазанда жеміс береді.Түкті арамен тозаңданады . Солтүстік жарты шарда өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Қарқаралыда, Алтайда, Тарбағатайда,Жетісу, Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында 14 түрі өседі. Жиі тараған түрі – ақезу бәрпісі.. Ал солардың ішінде Талас бәрпісі қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің барлық түрі улы болады, мысалы, Жоңғар бәрпісінің тамыр түйнегінен қасқыр аулайтын у алынады. Тамырында 0,8 – 1,9% алкалоид болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады. Бәрпіні мал жемейді Емдік қасиетіне Чекалов бәрпісімен жануарларға жүргізілген нәтижесінде қабынуға, аллергияға қарсы, гиполипидемиялық седативті қасиеттерімен қатар, қол – аяқтардың тартылып қалуына, ісікке және жараның пайда болуына қарсы әрекеті бар екендігі байқалады гомеопатикалық медицинада қолданылатын заттардың бірі. Түрлі қорқыныш пен үрейден түнгі сағат 2400 – тен 0200 – ге дейінгі кездегі ұйқысы бұзылған балаларға препаратын бір немесе екі рет тағайындаған соң, ұйқысы қалыпқа келеді. Одан соң 1,5 – 2жыл көлемінде бақылауға алған балаларда мұндай ауытқулар жойылған . Басқа да жағдайларда жедел жәрдем көрсету үшін: өкпе сырылы, жұтқыншақ пен өңештің қабынуында да қолданған. Барлық жағдайларда алғашында ауыз кеуіп, қантамыр соғуының жиілегендігі мен адамды алаңдататын «өздігінен» агонизді қозғалыстар байқалады. Бұл дәріні әсіресе әйелдерде етеккір келгенде пайда болатын қорқыныш пен діріл сияқты сезімдер кезде пайдаланған жөн, ол жатырдан кеткен қанды тоқтатады[8]. Препараты тахикардия, парадоксальды тахикардия ұстамаларында, жүрекше экстросистолиясы, бигеминия, тригеминия кезінде де тағайындалады. Барлық жағдайларда да ауруларда қорқыныш сезімі, өлімнен қорқу, ес – түсін жоғалту, сезімі байқалған (әсіресе, бұрын естен тануды басынан кешірген ауруларда). Көпшілік жағдайларда аллопатикалық препараттардың әсері болмаған кезде лихорадка мен тахикардияны жылдам басып отырған. Aconitum – 30 көзге түскен бөгде заттарды алған кезде көз шарасын жансыздандыруға да қолданылады . Өте улы болғандықтан, бәрпі Батыс медицинасында қазір қолданылмайды, ал Қытайда түрлі ауруларға кең қолданылып келеді. Бәрпіні Диоскорид, Гален, Ибн-Сина, Парацельстер қолданып, бәрпіні зерттеудегі ең алғашқы жұмыстар А.Штерк еңбектері саналатындығын, дәрілік өсімдіктер туралы еңбектерді зерттей келе тұжырым жасаймыз . Нәтижесінде ол бәрпі қалтырау, құяң және мерез ауруларына қолдану керек деген қорытынды жасайды. Бәрпіні денені жансыздандыру қабілетін неврологияда, люмбагада, жарақаттанғанда, жергілікті жерді анестезиялау үшін басқа дәрілердің күші жетпегенде де пайдаланған. Ал одан жасалған шырын қабынуға қарсы ем ретінде берілген. Әдебиеттерде бәрпінің ыстықты қайтару, терлету, зәр айдау, кардиалды седативті зат ретінде де қолданылғаны жазылған. Бәрпі тұңбасын қалтырау тахикардиямен бірге жүргенде тонзилит пен лорингитте және өкпе қабынуының, бет – әлпет қабынуының алғашқы кезеңдерде іштей қабылдау тағайындалған. Жануарларға жасалған зерттеулер антипролиферативті және қабынуға қарсы әсері, гиперсезімталдық қасиетін басуға және мононуклеидтерді сіңіру, антидене өнімділігін тұрақтандыру қабілетінің жоғары екендігі анықталған. Болгария,Үндістан, Қытай және Батыс Европаның кейбір елдерінде бәрпіні медицинада ресми түрде танып отыр. Қатерлі қан аздық, баспа, асқазанның қатерлі ісігінде сырттай және іштей қолданылады. Қауіпті жұқпалы ауруларда сепсис, дифтерия, скарлатина, асқазан – ішек түйіндісінде, бүйрек пен бауыр шаншуында, қан диабеті, көкеттің қабынуы, мерез, полиартрит пен жүрек – қан тамыр ауруларында, сондай–ақ өкпенің қатерлі ісігінде қабынуға қарсы қолданылады. бұл тамыр – өте улы, сондықтан да, сақ болып, балалардан алыс ұстау қажет . Бәрпі қабынуы, антимикробтық, есірткелік, ісікке қарсы, ауруларды басу, спазмолиттік қасиеттері болғандықтан оны халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Төмендегі ауруларға қарсы пайдаланады: түрлі локализатцияда, соның ішінде сүйек ісігі мен мелакомада;эпилепсия, қол – аяқ тартылуында; паркинсон ауруларында; психологиялық аурулар мен құтырғанда; жүйке ауытқуларында,меланхолия, депрессия, қорқуда, жиі жылағыштықта, өзін – өзі ұстай алмауда, жүйке жүйесінің қатты қозуында; қатты бас ауруында, бас сақинасы ұстағанда, бас айналғанда; сал болып қалғанда; тіл мен қуықтың салдық әлсіреуінде; қан аздық; бери – бери ауруларында; өкпе туберкулезінде; өкпе қабынуында;плевритте, кеңсірік астмасында, асқазан және созылмалы бронхитте; суық тигенде, баспада; қартайып, әл кеткенде; есту және көру қабілетін жақсарту үшін; қант диабетінде; зобта; жатырдың фибриамиомасында, жатырдың үнемі қан кеткенде; жыныстық әлсіреуде; асқазандағы ауруға, асқазан жарасында, гастрит, ішек пен бауырдың шаншып ауырғанда, метеоризм,ішек тоқтағанда, іш құртына қарсы; сары ауруға; зәр айдау үшін гипертонияда; стенокардияда; уланғанда уға қарсы; жұқпалы ауруларға, скарлатина, дифтерия, күйдіргі, невралгия, үштармақ нерв невралгиясында (іштей және жергілікті) есту нервісінің невриті; тіс ауруында жансыздандыру үшін (бір түбірге бір тамшы тамызады немесе тістің жұмсақ етін сүрту); жыныстық жолмен берілетін аурулар, соның ішінде – мерез; сүйектің шығуы мен сынуы, сырттай жарақат алғанда; артрит, буын ревматизмінде, подагра, құяң, остеохандроз; шығу, жара, жараның жазуы үшін (сырттай); қышыма, бит түсу (сырттай). Гомеоплатияда емдік бәрпі – Алтай бәрпісі, Байкал бәрпісі , ақезу бәрпі, үлкентұмсықты бәрпі. түрлерін қолданады. Барлық мүшелерінен алкалоидтар табылған. Өсімдіктің жер асты мүшесін спазмолитикалық ауруды басушы препарат ретінде қолданады. Кейбір түрлері ертеден медицинада қолданылатын. Ресейде медицинада ақезу бәрпісі қолдануға рұқсат етілген. Өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлдегенге дейін 4 – 5см биікте кесіп жинайды. Келесі жинау тек 4 жылдан соң мүмкін. 800 С температурада күн көзінде немесе кептіргіште кептіреді. Сақтау мерзімі екі жыл. Ақезу бәрпісінің құрамында дитерпенді алкалоид лаппаконитин, лаппаконинедин, дезацетиллаппаконитин, сондай–ақ сапониндер, кумариндер, шайырлы заттар жиналады. Тәңіртауының ылғалды таулы ормандарда өсетін өсімдіктерінен аллапинин препаратын жасайды, олардың аритмге қарсы қасиеттері бар. Бұл акониттер қазір медицинада қатерлі ісікке қарсы пайдаланылады. Өте улы. Европа елдерінде және АҚШ – та емдік бәрпі танымал болса, полиморфты түр. Гималайдан Батыс Европаға дейін таралған. Шикізат ретінде олардың кептірілген түйнек тәрізді тамыры жиналады, неврология кезінде және құяң болғанда сырттай қолданылады. Емдік бәрпі терпеноиды алканоидтарды эфир түрінде сақтайды да, суда қайнатқанда тез ыдырап кетеді. Сонымен қатар, мезаконитин, гипоконитин, неополлин, напеллин және неолин сақтайды. Шырмауық бәрпі улы өсімдік, тамырындағы алкалоидтың мөлшері 0,22 – 0,29 пайыз. Ол жапырағында 0,01 – 0,02 пайызға жетеді. Ресми медицинада бұл өсімдік пайданылмайды, халықтық медицинада жапырағы мен тамыры асқазан, құяң және суықтан болған ауруларға қарсы пайданылады. Қытай медицинасында шырмауық бәрпі құяңға, сал ауруына және бас сақинасы ұстағанда пайданылады. Өсімдік өте әсем. Сондықтан да әсімдік өсімдік ретінде бақтарға өсіруге болады. Бал беретін өсімдік қатарына жатады. Түкті бәрпі бұл Алтайдың тау бөктерінде альпі деңгейінде өседі. Шілде, тамыз айларында гүлдейді. Көбінесе жеке – жеке өседі. Бұл өсімдіктің жасыл бөлігінде анторин және псевдоанторин (2% дейін) алкалоидтары кездеседі. Бұлар да улы. Өсімдіктің алкалоидтары малды уландырмағанымен, кейбір жәндік үшін күшті у болып есептелінеді. Сулы,не спиртті тұнбаларды көпшілік жәндіктерді уландырады. Ертеде түкті бәрпінің түйіні медицинада безгекке, түрлі ішек құртына, дене ыстығын төмендетуге және улануға қарсы пайданған. Ал, халықтық медицинада бұл өсімдіктің тұнбасы асқазан ауруларына қарсы пайданылады. Қазақстанда өсетін Жоңғар және Қаракөл бәрпілері өте улы болып келеді. Бұлар Солтүстік Тәңіртау альпі белдеулерінде көп кездеседі. Жас тамырында иіс болады. Кепкен кезде иісі кетіп қалады. Құнарлы жерлерде қолдан өсірілген бәрпі бірнеше ұрпақтан кейін өзінің улылығын жойып залалсызданады. Бәрпінің улылығы өскен ортасының ауа райы мен мезгіліне байланысты. Бәрпі гүлдер алдында өте улы болады. Бұл мезгілде бәрпінің алкалоидтары аконитинин, мезаконтин және гипаконтин көптеп жиналады. Ол түйнегінде өте көп кездеседі, ал сабағы мен жапырағында жоғарылаған сайын алкалоид біртіндеп азая береді. Өсімдіктегі алкалоидтың мөлшері бәрпінің түріне де байланысты. Кейбір түрлерінде алкалоидтардың мөлшері төрт пайызға дейін жетеді. Алкалоидтардың ішінде акотининнің улылық қасиеті жоғары. Малдың бір килограмм тірі салмағына 0,2 – 0,5 миллиграмм аконитин улы деп есептелінеді. Адамға (бір килограмм салмағына) 3 – 4 миллиграмы жеткілікті. Аконитин және соған ұқсас алкалоидтардың тірі организмге әсері алдымен орталық нерв жүйесінен басталады. Тыныс алу мүшелеріне күшті әсер етеді. Жүйке жүйесін алдымен қоздырады да, кейінен тежейді. У көп мөлшерінде қабылданса, жүрек соғуы тоқтайды. Жоғарыда айтылғандай бәрпінің улы мүшесі - тамырсабағы, не түйнегі. Олар жер астында болғандықтан малдың улануы өте сирек кездеседі. Шошқалар ғана жиі уланады. Бәрпімен уланған малдың еті адамға қатерлі. Сондықтан бәрпі көп өскен жерге жайылған қойлардың етін пайдаланбау керек. Уланған малды аман сақтап қалу үшін, удың әсерін қайтару үшін, илі заттың үгіссін береді. Улану қатты болса жүректің қызметін және тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартатын дәрі – дәрмек беру қажет. Жоңғар және Қаракөл бәрпілері барлық малға қатерлі өсімдік. Бәрпінің 14 – 16 грамм таза шөбі ешкіні өлтіруі ықтимал. Бәрпімен уланғанда мал құсады, асқазаны бұзылады. Адам уланса, құсқысы келіп, аузы күйген тәрізденеді, тілі мен ерні жансызданады. Бұл қалып беттің еттеріне, біртіндеп қол мен аяққа тарайды. Саусақтар қозғалтпай жансызданып қалады. Басы айналады. Демалысы қиындайды, қатты уланса жүйке жүйесінің тежелуі байқалады. Аузынан көбікті сілекей ағады.Салқын тер шығады, көзінің қарашығы үлкейеді. Сандырақтай бастайды.



Пайдаланылған әдебиеттер

1 Игісінова Ж.Т. Шығыс Қазақстанның Тегеурін гүлдер мен бәрпі туыстарының вегетативтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялықАлматы:2006.–12-45б. 2 Аралбаев Н.К.,Утебеков Қ.И., Исаев Е.Б. Қазақстан Алтайындағы Ranunculaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамы мен таралуы. ПМУ хабаршы. Павлодар:2006. – 45-49б. 3 Аралбаев Н.К., Утебеков Қ.И., Исаев Е.Б. Батыс Алтайдың Ranunculaceae Juss.тұқымдасы.ПМУхабаршы.Павлодар:2006.–12-18б. 4 Гамаюнова А.П – Род Aconitum L .Флора Казахстана., Т 4. Алматы: 1961. – 48-58 с. 5 Гамаюнова А.П – Род Aconitum .Иллюстрированный определитель растений Казахстана, Т 1. Алматы:1969. – 375-378 с. 6 Абдулина С.А - Aconitum L. Список сосудистых растений Казахстана. Алматы: 1991. – 91 с. 7 Байтенов М.С. Флора Казахстана: Т 2. Алматы: Ғылым, 2001. – 87 с. 8 Утебеков Қ.И. Қазақстан Алтайындағы Ranunculaceae Juss. тұқымдасы. Алматы: 2007. – 12-48 б. 9 Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е. Р., Бәрпі туысы. Қазақстан өсімдіктері, Алматы: 1977. – 91 б. 10.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 9 том «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы: 2007. – 206 б. 11. Аралбай Н.К., Ундашева К.С. Қазақстанның бәрпі туысының (Aconitum L.) анықтағыш кілттерінің экологиялық маңызы туралы. Магистратура және PhD докторантура институтының еңбектері 20А шығуы., Алматы: 2014.– 54-56 б. 12. Аралбай Н.К.,Ундашева К.С., Абдирахманова А.К «Қазақстан флорасындағы Бәрпі (Aconitum L.) туысы туралы (жалпы шолу)»№1Ізденіс: 2015.155-160 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бәрпі туыс түрлерінің халық емшілігінде пайдалану

Автор: Ундашева Камшат Сабитовна

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 394995


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства