kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?т?бе ?аласы аума?ында?ы а?аштар мен б?талы ?сімдіктерді? биологиялы?-экологиялы? ж?не дендрологиялы? ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?аштар мен жасыл к?шеттерді? басты ?ызметі санитарлы? гигиеналы?, рекреациялы?, ??рылыс жоспарлы?, с?ндік суреттік. К?галдандыруды? санитарлы? гигиеналы? ?ызметі оларды? к?мір?ыш?ыл газыны? м?лшерін азайту ж?не оттегімен байыту ?асиетіне байланысты. К?галдандыру ж?йесіні? міндеті д?лдік пен ?зіліссіз ж?ргізілуі.

?орша?ан орта жа?дайын жа?сартуда жасыл желектерді? ма?ызды р?л ат?аратыны белгілі. ?сіресе оны? санитарлы? гигиеналы? ?ызметіні? м?ні зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?т?бе ?аласы аума?ында?ы а?аштар мен б?талы ?сімдіктерді? биологиялы?-экологиялы? ж?не дендрологиялы? ерекшеліктері»

1. Ақтөбе қаласы аумағындағы ағаштар мен бұталы өсімдіктердің биологиялық-экологиялық және дендрологиялық ерекшеліктері


1.1 Қаланы жасыл желектендірудің негізгі принциптері мен қоршаған ортаны сақтаудағы маңызы


Ағаштар мен жасыл көшеттердің басты қызметі – санитарлық - гигиеналық, рекреациялық, құрылыс - жоспарлық, сәндік - суреттік. Көгалдандырудың санитарлық - гигиеналық қызметі – олардың көмірқышқыл газының мөлшерін азайту және оны оттегімен байыту қасиетіне байланысты. Көгалдандыру жүйесінің міндеті - дәлдік пен үзіліссіз жүргізілуі [5].

Қоршаған орта жағдайын жақсартуда жасыл желектердің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе оның санитарлық - гигиеналық қызметінің мәні зор. Ал енді адам денсаулығына қолайсыз экологиялық факторларға тоқталсақ оларды  мыналар: шаң-тозан, шу, қатты соққан суық және ыстық жел, атмосферадағы микробтар, түтін, улы газдар.

Өсімдіктер ішінде ағаштардың алатын орны бөлек. Барлық өсімдіктер дүниесінің 88 пайызын ағаштар құрайды. Жасыл желектер – ауаны ластаушы химиялық заттарды,әсіресе газдарды, тотықтырып өзгертіп, олардың зиянды әсерлерін азайтад. Мұндай тотықтыру қасиеті әсіресе қылқанды ағаштарға, жөкеге, қайыңға, қызыл талдың бірнеше түріне тән. Ағаштар – ауаны шаң – тозаңнан тазалайды. Ағаш жапырақтарына жиналған шаң- тозаң жауын жауғанда жер бетіне жуылып түседі. Қала ауасымен салыстырғанда ормандарда бактериялар 300 есе кем болады. Жасыл желек түрлері адам денсаулығына пайдалы. Жасыл желек қоры көп жерлердің климаты қыста өте салқын, жазда ыстық болмай, ағашсыз жерлермен салыстырғанда қыста 7-8 ˚С- қа жылы, ал жаздасалқын болады. 1м² көгал алаңсағатына 200гр. ылғал бөлед. 1 гектар қылқанды орман жылына 40 танна жапырақты ағаштар -300 тонна шаң-тозаң ұстайды. Ағаштар күн сәулесінің әсерін кемітіп, адамға зиянын азайтады. Топырақ бетіндегі органикалық жапқыштар радиоактивті сәулені сіңіріп, ортаны бейтарап жасайды. Жасыл желектер шуды (дыбысты) азайтып, оның әсерінен адамдарды қорғайды [6].

Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оны ыдыратып, ауаны оттегімен және жеңіл иондармен байытып, шуды азайтып, қаланы желден, шашыраған күннен сақтайды, ауадағы шаңды, күйені, транспорттардың улы газдарын жұтып, олардың мөлшерін азайтып отыратыны ғылыми дәлелденген. Мысалы: 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Ол 200 адамның осы уақытта бөліп шығаратын көмірқышқыл газына тең. 25 жылдық терек жазғы 5 айда - 44кг, емен - 28кг, ал жөке ағашы - 16кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Көмірқышқыл газын сіңіруде теректің орны ерекше. Себебі, ол көмірқышқыл газын сіңіруде шыршаға қарағанда 7 есе (700%), ал ауаны ылғалдандыруда 10 есе артық. Көмірқышқыл газын сіңіруде теректеп салыстырғанда емен екіншіші орынға тиесілі.

Емен көмірқышқыл газын сіңіруде 450 % шаманы көрсетсе, жөке ағашы 250%. Қарағай ағашы көмірқышқыл газын сіңіруде 160% көрсеткішке ие. Жапырақты ағаштар 120% көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл диаграммада беріліп тұрғандай жасыл желектендіру үшін, көмірқышқыл газын сіңіру деңгейі жоғары терек, емен, жөке ағашын және қарағайлы ағаштарды отырғызған тиімді. Төмендегі қаланы жасыл желектендіруде пайдалынылатын ағаш түрлерінің көмірқышқыл газын сіңіру ерекшеліктері көрсетілген 1 суретке сәйкес.

Сурет 1 Ағаш түрлерінің көмірқышқыл газын сіңіру көрсеткіштері

Жасыл өсімдіктер табиғаттағы оттегінің, көміртегі оксидтерінің және судың айналымын реттейді. Орта жастағы бір ағаш оншақты адамды оттегімен қамтамасыз ете алады. Ал бір автомашина 100 км жол жүру үшін 1 адамның 1 жылда дем алуына жеткілікті оттегісін жағады. Сондықтан қазіргі автомашина ғасырында қалаларда жасыл көшеттерді барынша көбейтудың маңызы зор [7]. Өсімдіктер суды буландыру арқылы температураны реттейді. Ағаш жапырағында су көп буланады. Зерттеулерге қарағанда, кәдімгі терек бір күнде 60 - 80 литр суды бу түрінде бөліп шығарады. Бір түп күнбағар жаз бойы 250 - 350 литр суды буландырады. Сонда бір гектар жердегі күнбағар жаз бойы 1 050 000 литр су буландырады. Мұның өзі өсімдік жапырағының ғажайып «фонтан» екендігін көрсетеді [1.1].

Ірі қалаларда әрбір шаршы шақырым ауадағы шаң - тозаңның 10 км - дегі жылдық мөлшері 50 тонна болса, Лондонда 100 тонна, Нью - Йоркте 300 тоннаға, Алматыда 250 тоннаға жетеді екен. Ауадағы шаң - тозаң түйіршіктері қала тұрғындарының тыныс алу жолдарына, әсіресе өкпесіне шөгетіні белгілі. Егер көгал жерлер тақырға қарағанда ауадағы тозаңды 3-5 артық ұстап қалатын болса, ал талдар шаңды 30-60 есе артық жұтады. Шаң - тозаң ұстауда ағаш түрлерінің тиімділігі әртүрлі. Мысалы: 1 га жердегі жас теректер жаз айларында 340 кг - ға дейін шаң - тозаңды ұстайтыны анықталған. Жапырақтары түрпілі қатпарлы немесе түкті келген ағаш түрлерінің жапырақ беттері итегіс ағаштарға (үйеңкі, терек, емен) қарағанда шаң - тозаңды әлдеқайда көп ұстайды [8].

Жасыл өсімдіктердің атмосфералық ауаны шаңнан тазартудағы маңызы зор. Ғалымдар есептегенде 1 га жердегі ағаштар 68 тонна шаңды ұстап тұра алады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, өсімдіктің сүзгіш қабілеті, әр түрлі ағаштардың жапырақтары өздерінің беткі жағында ортаның белгілі бір мөлшерін сол қалыпта шаңдану жағдайында ұстайды. Өсімдіктердің әр түрлерінің ерекшелігі шаңды ұстауы тікелей жапырақ құрылысының пластинкасымен байланысты (Кесте 1).

Кесте 1

Түрлі ағаштардың жапырақ пластинкасында жиналатын шаң мөлшері мен аудан көрсеткіштері

Өсімдік түрі

Жапырақ плстинкасының жалпы ауданы, м²

Жапырақ бетінде сақталатын шаң-тозаң, кг

Ағаштар:

Айлант

208

24

Бозқараған

86

4

Шегіршін

66

18

Дөрекі шегіршін

223

23

Бал ағашы

130

18

Ива

157

38

Үйенкі

171

20

Канадалық терек

267

34

Көк шаған

195

30

Кәдімгі шаған

124

27

Бұталар

Бозқараған

3

0,2

Европалық бересклет

13

0,6

Кәдімгі бирючина

3

0,3

Қызыл бузина

8

0,4

Жиде

23

2

Спирея

6

0,4

Жұзім

3

0,1

Ғалымдар ашық жерлерге қарағанда ағаштардың астындағы жер бетіне шаң - тозаңның 5-10 есе артық шөгетінін көрсетті. Тіпті жапырағы түсіп, жалаңаштанған ағаштар да шаң - тозаң жұта алады. Айталық, күз - қыс айларында ағаштардың арасында ауа сақталатын тозаңның мөлшері ашық жерге қарағанда 37% - ға төмен болатыны анықталып отыр. Өсімдіктің бойындағы шаң - тозаң жауын - шашынмен жуылып, топыраққа сіңіп, араласып кетеді [9].

Ағаштар мен бұта түрлерінің шаң ұстауы мен улы газдарды сіңіруі бірдей емес. Жапырақ тақтасы неғұрлым жабысқақ, жылтыр, сәл кедір бұдырлы болса соғұрлым шаңды жақсы ұстайды.

Мұндай ағаштарға жататындар:қарағаш, емен, қайың , бальзам терегі, европа жөкесі, үйенкі, сары өрік, тал, жиде, шетен, мамыргүл, бөртегүл (сирень).

Кейбір ағаштар ластанған ауаға төзе алмайды. Мысалы, Сибирь шыршасы, Канада шыршасышетен, кәдімгі қарағай, кәдімгі шаған.

Қала көшеттерін және өндіріс территориядарын көгалдандыруға осы аталған ағаш түрлерін көбірек пайдаланған жөн. Өсімдікке қонатын шаңның құрамында әсіресе өндірістік тозаңдарда ауыр металдардың және микроэлементтердің қоспалары көп болады. Өндіріс мекемелері төңірегіндегі тозаңның құрамында 37,9% темір, 15,5% аллюминий, 2,7% мыс, 0,9% титан, 0,8% мырыш, 0,2% қорғасын болатыны анықталған. Осы ауыр металдардың қоспаларынан ауаны тазартуда өсімдіктердің маңызы зор. Ауыр металдар өсімдіктің жапырақтарына, қабығы мен тамыр жүйесіне жинақталады [10].

Ормандар, әсіресе қылқанды ағаштар, фитонцид ( гректің Phiton – өсімдік, caedo – өлтіру деген сөзінен құралған) деп аталатын жеңіл химиялық заттарды бөліп ауру тарататын микробтарды (бактерия, саңырауқұлақ, жабайы микроб т.б) өлтіреді, ауаны тазартады.

Фитонциттер жүйке жүйелерінің ауруларын емдеуге, ішек-қарын қызметін, жүрек соғуын жақсартуға, денедегі зат айналымын жақсартуға көмектеседі. Терек, алма ағаштары және Эвкалит бүршіктері бөлетін фитонцидтер тұмау вирустарын өлтіреді. Шие фитонциді діңгене (цинга), жұқпалы іш ауруы дизентерияға әсер етеді. Фитонцидтен өте ұсақ организмдер ғана емес, қан соратын (маса, кене, т.б.) ауру тарататын шыбын шіркейлер де қашады. Эвколипке маса, асыл лаврға (көк жапырақты хош иісті ағаш) шыбын мен бекене шыбын москит жоламайды [6.1].

Ағаштар мен бұталардың кейбір түрлері ауаға зиянды микробтарды өлтіретін улы зат пен эфир майын бөледі. Мұндай өсімдіктерге емен, кәдімгі қарағай, шырша, сарыагаш, грек жаңғағы жатады. 1 гектар жердегі қылқанды жапырақты орман тәулігіне атмосфераға 4кг фитонцидті қасиеті бар органикалық зат бөліп шығарса, жалпақ жапырақты орман 2 кг органикалық зат бөледі.

Антибактериалды қасиеті бар ағаш, бұта тектес тұқымдастарға: ақ акация, сақалды қайың, емен, шырша, жасмин, тал, шәңкіш, үйеңкі, сағызқарағай, жөке, арша, жұпаргүл, бәйтерек, ақтерек, мойыл т.б. жатады.

Ағаштардың фитонцидтілігі белсенділігінің ең жоғары болатын кез шілде айы. Кейбір ағаштардың әсіресе теректің көптеген түрлерінің фитонцидінің белсенділігі қазан айына дейін кемімейді. Оның .үстіне көгалды алқа қала шуылын 20% - ға және онан да көп төмендетеді.

Қарағайлы тоғайлардың ауасында микроорганизмдер барынша аз болады. Оның әрбір 1 м көлеміндегі бактерия клеткаларының саны 200 - 300-ден аспайды. Қалаларда көгалдандыруға пайдаланатын ағаштардың ішінде бактериоцидтілігі жоғары фитонцидтер беретін түрлерге жататындар: теректердің көптеген түрлері – Рорulus, шыбықты емен (дуб черемчатый) – Querues robur, шетен (рябина) – Sorbus, үйеңкі (клен остролистый) – Aser platanoides L, сүйелді қайың (береза бородавчатая) – Betula pendula, кәдімгі, сары және Қырым қарағайлары (сосна обыкновенная, желтая, Крымская) – Pinis silvestris, Pinis ponderosa, Pinis pallasiana, балқарағай – Larix [11].




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Сабыр ?лту?ан Таубек?ызы

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283253


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства