kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам ағзасының микрофлорасында шамамен микроорганизмдердің 500 түрі мекендейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы»

Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы.

Адам ағзасының қалыпты микрофлорасында шамамен микроорганизмдердің 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам ағзасымен тепе-тең жағдайда болады. Бұл микроағзалардың көпшілігі адамға зияны тимейді. Қалыпты жағдайда ағзаның барлық ұлпалары микробтардан таза. Ағзаның микробиотобы – ауаның газды құрамына, фермент және иммундық факторлердің спектіріне, зат алмасу өніміне және тағы басқа биологиялық белсенді заттарға, экзогенді заттардың жиналуына қарай ажыратылады. Бұл параметрлер ауыз қуысында, асқазанда, өңеште, ащы, тоқ ішектерде, қынапта, мұрын қуысында, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында, теріде әртүрлі. Сыртқы ортамен байланысатын ұлпалар мен қуыстар – ашық биологиялық жүйе болып табылады және микробтар көп шоғырланған. Шығуына қарай әрбір биотоптың табиғи микрофлорасын тұрақты және кездейсоқ деп бөлеміз.

Теріде аэробты және анаэробты микробтар болады. Бактериялар эпидермис жасушаның қабыршақтарының арасында, шаш фоллекуласында, тер және май бездерінде жинақталады. Микрофлораның концентрациясы және түрлері тері майында, ылғалдылыққа сілтілі ортаға байланысты. Ересек адамда микроорганизм 1014 дара мөлшерін құрайды. Қалыпты жағдайда 1 см2 теріде 80000 микроорганизм болады.

Ауыз қуысының микробоценозы - әртүрлі, онда микробтардың 300 түрі бар, бактериялардың максималды концентрациясы 1 г сілекейде 108-1011- болады. Ауыз қуысының анаэробты микрофлорасы балаларда тіс шыққан кезден бастап қалыптасады.

Асқазан және өңеш микрофлорасы – дені сау балалар мен үлкен адамдарда тұрақты емес, ол қабылдаған тағам сапасына байланысты.

Асқазанда – лактобацилла, стрептококк, хеликобактерия және қышқылға тұрақты ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар болады. Микробтар сау асқазанда 102-103-тен аспайды.

Дені сау адамның ішегінде микробтар өте көп тығыз шоғырланады, 200м2 жерде шамамен 1012-1014 бактериялар болады. Микробтар концентрациясы ішектердің әр бөлімінде әртүрлі.

Ащы ішек микрофлорасы – мықын ішекте бактериялардың жалпы саны 106, ал қалған бөлімдерінде 104-нен аз. Егер 12 елі ішекте және ащы ішекте стрептококк, лактобацилла және вейлонелла басым болса, мықын ішекте –ішек таяқшасы және анаэробты бактериялар басым болады.

Тоқ ішекте 500 - ге жуық микроорганизмдер өмір сүреді, оның 97% анаэробатар.

Бүйректер, несепағарлар, қуық, жатыр, простата әдетте стерильді.

Микрофлора құрамының адам жасына карай өзгеруі. Нәресте стерильді болып туылады, бірақ туу жолдарынан өткенде ілеспелі микрофлораны жұқтырып алады. Микрофлораның қалыптасуы нәресте ағзасының микрофлорасымен және қоршаған орта микроорганизмдерімен қатынаста дамиды. Алғаш микробтар нәрестенің терісіне, шырышты қабығына түседі, әрі қарай микрофлораның қалыптасуы босану болған ортаның санитарлық жағдайы мен қоректендіру типіне байланысты. Нәрестенің айлығында қалыпты микрофлорасы ересектердің микрофлорасымен ұқсас және тұрақты болады.

Ағзаның қалыпты микрофлорасы адам өмірінде маңызды роль атқарады. Қалыпты микрофлора патогенді және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік қасиетке ие, ол сүт қышқылы, сірке қышқылы, антибиотиктер, бактериоциндер өндіріп әсер етеді; аса жоғары биологиялық потенциалы есебінен бөтен микрофлорамен бәсекелеседі.

Тұз-су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын, ақуыз, көмірсу, май қышқылдары, холестерин, нуклейн қышқылының алмасуын реттеуге, сонымен бірге антибиотик, витамин (К,В тобы) т.б. сияқты биологиялық белсенді қосылыстарды өндіруге қатысады.

Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді усыздандыру (детоксификациялау) мен қорытуға қатысады, оны бауыр қызметімен салыстыруға болады.

Стериодты гормондар мен өт тұздарының рециркуляциясына, бауырдан ішекке метаболиттерді экскрециялау және оған қайтару нәтижесінде қатысады.

Ағзаның әртүрлі ағзалары мен жүйелері дамуында морфокинетикалық рөл атқарып, шырышты I қабықтардың физиологиялық қабынуы мен эпителий алмасуына қатысады.

Ішекте канцерогенді заттарды бұзып, антимутагенді қызмет атқарады. Соған қарамастан кейбір бактериялар күшті мутагендер өндіруі мүмкін.

Иммунитетті құруға және демеуге маңызды. Ішекте 1,5 кг микроорганизмдер бар, олардың антигендері иммундық жүйені белсенді етеді.

Жетісай медициналық колледжінің

оқытушысы Молдабекова Қ.Т.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы

Автор: Молдабекова Құрбанкүл Тұрсынбайқызы

Дата: 12.02.2020

Номер свидетельства: 539358


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства