Жыныс генетикасы Биология - 10-сынып
Шымкент қаласы №70 жалпы орта мектептің биология пәні мұғалімі Тукибаева Гулья
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Генетика ғылымының заңдылықтары жайлы білімді кеңейту,жынысты анықтаудың генетикалық механизмін түсіндіру.
- Дамытушылық: Оқушылардың дүние танымын кеңейту, өзіне деген сенімді арттыру,іздендіру,
- Тәрбиелік: Адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны:
Теріңді өзгерте алсаң да, тегіңді өзгерте алмассың!
Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмассың!
Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқы ң ды ауыстыра алмассың!
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Сыныпты 2 топқа бөлу (әр топ өз атын қорғау).
3.Үй тапсырмасын сұрау:
а) Ғажайып ондық – ауызша сұрау.
ә) Есептер шығару – талдау.
4.Жаңа сабақты түсіну(өз әрекетімді болжаймын).
5.Жаңа сабақты бекіту(еркін таңдау жасаймын).
6.Бағалау(нәтижені бағалаймын).
7.Үйге тапсырма беру.
8.Сабақтан алған әсерімді жариялаймын.
КІМ? НЕ? ҚАШАН?
“ Ғажайып ондық”
1
Генетика ғылымы нені зерттейді?
2
Организмдердің сыртқы белгілер жиынтығы?
3
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар?
4
Комплементарлық деген не?
5
Эпистаз құбылысын сипатта , ерекшелігі неде?
6
Полимерия жайлы не білесің?
7
Адамдағы қан топтары қандай типке жатады?
8
Генотип дегеніміз не?
9
Тұқым қуалайтын белгі жасушаның қай бөлігінде орналасқан?
10
Ген дегеніміз не ?
Қан топтарының генотиптерін
жазу шарты:
І – топтың қаны:
ІІ – топтың қаны:
- гетере
(гомо)
ІІІ–топтың қаны:
(гомо)
- гетере
І V –топтың қаны:
Есептер шығару
1-есеп: Қаны гетерозиготалы
ІІ – топтағы жігіт, қаны гетерозиготалы ІІІ – топ қызға үйленген. Ұрпақтарының қан тобының генотиптері қандай болмақ?
Есептер шығару
2-есеп: Қаны гетерозиготалы
ІІІ – топтағы жігіт, қаны І – топтағы қызға үйленген. Ұрпақтарының қан тобының генотиптері қандай болмақ?
12-наурыз
Жыныс генетикасы.
Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
- 12-наурыз Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
- 12-наурыз Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
- 12-наурыз Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
- 12-наурыз Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
“ Терминдер”
Гомогамета
Аутосома
Гетерогамета
Жыныс
хромосомасы
Моногамета
Адамда 46 хромосома (23 жұп) бар, 44 - аутосома 2- жыныс хромосомасы
Жыныс хромосомалары
Жынысты хромосомасы арқылы анықтау
Егер жыныс жасушасында екі Х-хромосомасы бар болса, гомогаметалы деп , ал жасушасында Х- және Y -хромосомалары бар болса – гетерогаметалы деп аталады .
Адамда, сүтқоректілерде, көптеген бунақденелілерде ,
Екі үйлі өсімдіктерде аналық гомогаметалы ( XX ), ал аталықтар - гетерогаметалы (ХУ).
Құстарда , көбелектерде, бауырымен жорғалаушыларда, құйрықты қосмекенділерде гомогаметалы – аталық даралар( XX ), а гетерогаметалы — аналықтар (ХУ).
Турақанаттыларды (шегірткелерде) гомогаметалы - аналық
( XX ), ал аталықтар - моногаметалы (ХО).
Адамда ер адамның жыныс хромосомасы – гетерогаметалы Х У , ал әйел адамдыкі – гомогаметалы Х Х.
Адам жынысын анықтау схемасы
Хромосомасы гетерогаметалы болса адам қандай жынысты ?
Құстардың жынысын анықтау.
Құстарда гетерогаметалы хромосомалар қандай жынысты анықтайды?
Құстарда гетерогаметалы –аналықтары .
Аталықтары – гомогаметалы , яғни гаметалары ұқсас.
Аралардың жынысын анықтау
Аралардың хромосомасын анықтаудың қандай ерекшеліктері бар?
Бал аралары мен құмырсқаларда жыныс хромосомалары болмайды.
Аналықтар диплоидты және олар ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан пайда болады. Аталықтары гаплоидты және олар ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан пайда болады.
Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын аурулардың бірі – гемофилия.
Гемофилия –
қан ұйымайтын , тұқым қуалайтын ауру .
Дені сау , генді тасымалдаушы әйел дені сау ер адаммен тұрмыс құрса , олардың балаларының денсаулықтары қандай болуы мүмкін екенін қарастырайық.
Р: Х H Х h х Х H Y
Тасымалдаушы әйел Сау ер адам
Г: Х H , Х h Х H , Y
F1 : X H X H , X H X h , X H Y , X h Y
Сау қыз Тасымалдаушы қыз Сау ұл Ауру ұл
Ойланыңыз!
Қандай отбасында ауру қыз бала дүниеге келуі мүмкін?
Бұл жағдай гемофилия генін тасымалдаушы әйел мен ауру ер адам отбасында келуі мүмкін.
Р: Х H Х h х Х h Y
Г : Х H , Х h Х h , Y
F1 : X H X H , Х h X h , X H Y , X h Y
Крисс-кросс тұқым қуалау
- Егер ген Х хромосомада орналасса белгілер шешесінен ұлдарына , ал әкесінен қыздарына беріледі , бұл -
Крисс-кросс тұқым қуалау
деп аталады
«Қызықты генетикалық есептер»
№ 1.
Адамдарда миоплегия ауруы (мезгіл-мезгіл паралич болуы) доминантты түрде тұқым қуалайды. Әкесі гетерозиготалы, анасы сау некеден қандай ұрпақ күтуге болады?
Биологиялық диктант
- Адамда,сүтқоректі жануарларда және дрозофилада аналық жыныс - ..........,ал аталық - ............
- Жыныс хромосомаларының ішінде Х хромосома ..........., ал У хромосома ...........анықтайды.
- Жыныс хромосомалары орналасқан .......... Арқылы тұқым қуалау жыныспен тіркес тұқым қуалау деп аталады.
Жынысты анықтау
«Қызықты генетикалық есептер»
№ 2 .
Фенилкетонурия (фенилаланин аминқышқылының өзгеруі нәтижесінде болатын зат айналымның бұзылуы) рецессивті түрінде тұқым қуалайды. Егер ата-аналарының біреуі осы белгі бойынша гетерозиготалы, екіншісі ауру болса, ол отбасында ауру балалардың болу ықтималдығы қандай?
Тапсырманы орындаңыз:
«Қызықты генетикалық есептер»
Адамдар көзінің қаралығы (К) көк көзділікке (к) доминантты. Әкесінің көзі көк, шешесінің көзі қара, қара көзді әйел, көк көзді жігітке тұрмысқа шығады. Ол жігіттің әке-шешесі қара көзді болған. Жас отаудың қара баласы болған. Аталған жандардың генотиптерін анықтандар.
«Қызықты генетикалық есептер»
№ 4
Мылқаулықтың тұқым қуалайтың бір формасын анықтайтын ген дұрыс есту геніне қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де сау отбасында мылқау бала дүниеге келген. Осы аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар.
Үйге тапсырма:
- § 45 оқу.
- 208-беттегі №1-2 есептерді шығару.
- Генетикалық есептер құрастыру.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім?