Г?лді ?сімдіктерді? алуан т?рлілігі та? ?аларлы?тай. Осы к?п т?рлілікті бір ж?йеге келтіру ма?сатында ботаниктер [[?сімдіктер]]ді? барлы? т?рлерін топтар?а біріктірді.
?сімдіктерді топтар?а біріктіргенде оларды? біріне-біріні? ??састы?тары немесе айырмашылы?тарын к?рсететін белгілер пайдаланылады. Солар ар?ылы ?сімдіктерді? біріне-біріні? туысты? жа?ынды?тарыны? де?гейі аны?талады.
??рылымы, тіршілік етуі жа?ынан бірдей ж?не ?з ата-енелеріне ??сас, жеміс беретін, ?рпа? т?зе алатын дара?тар бір т?рге жат?ызылады.
Д?ние ж?зі ботаниктеріні? ж?ргізген зерттеулері н?тижесінде, г?лді ?сімдіктерді? шамамен 250 мы?дай сан алуан т?рі белгілі. Сонымен бірге ботаник-?алымдар ?ылым?а б?рын белгісіз болып келген ?сімдіктерді? жа?а т?рлерін тауып, оларды сипаттап жазуда
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жабы? т??ымды ?сімдіктер та?ырыбына презентация »
Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таң қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер [[өсімдіктер]]дің барлық түрлерін топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті.
Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар класы және қосжарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады.
Т ұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер косжарнактылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақтамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады.