Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, танымын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету; топта жауапкершілікті сезініп жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сайысқа 5 оқушыдан тұратын екі фирма қатысады. Фирманың аты,, эмблемасы болады. Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу: Әр фирманың мамандары белгіленген: фирма президенті, есепші, дизайнер, хатшысы, бас маманы.
Өтілу барысы.Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің іскерлік ойынымызды 2014 жылы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауының бесінші бағытымен бастағым келіп отыр. Ол былай деген болатын.Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Бизнесті дамыту үшін оған кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан – ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Уздiк фирма" iскерлiк ойын»
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:
«ҮЗДІК ФИРМА» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ
Мақсаты:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, танымын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету; топта жауапкершілікті сезініп жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сайысқа 5 оқушыдан тұратын екі фирма қатысады. Фирманың аты, , эмблемасы болады. Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу: Әр фирманың мамандары белгіленген: фирма президенті, есепші, дизайнер, хатшысы, бас маманы.
Өтілу барысы.Кіріспе.
Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің іскерлік ойынымызды 2014 жылы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауының бесінші бағытымен бастағым келіп отыр. Ол былай деген болатын.Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Бизнесті дамыту үшін оған кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан – ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
1.ТАНЫСТЫРУ КЕЗЕҢІ «ӨЗ БИЗНЕСІМІЗДІ БАСТАЙМЫЗ» (1 көгалдандыру және құрылыс фирмалары)Әр топ алдын ала өздері қандай кәсіпкерлік түрімен айналысатынан таныстырып өтеді.
2.БИЗНЕС – ЖОСПАРЛАРЫН ТАНЫСТЫРУ
Қорғауға 5 минут беріледі. Үйден дайындап келген бизнес-жоспарлары мен макеттерін қорғайды.
3 БАНКТЕН НЕСИЕ АЛУ КЕЗЕҢІ
( сұрақтарға жауап береді,тапсырмалар орындайды)
4 . НАРЫҚҚА ШЫҒУ (ЖАРНАМА)
Дайындалу уақыты 2 минут.
5.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
(әр тапсырмадан жинаған ақша +көрермендерден жинаған ұпайды ақшаға айналдыру)
«СӘЛЕМДЕСУ» ТРЕНИНГІ
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әрқайсысымен әртүрлі амандасасыңдар.
Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.
БАНКТЕН НЕСИЕ АЛУ.
( бұл кезеңде биологиялық сұрақтар,тапсырмаларды орындайды,соған сәйкес ақша жинап отырады)
1 Әрбір фирма кезек – кезек бағасы 1000 – ден 10 000 тг. дейінгі сұрақ таңдайды.
Егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, екі фирмада сол ақшаны алады.
3.Әр кезеңнен кейін жинаған ақшалары 5%-ке өсіп отырады
1000 теңге сұрақтары
1.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика
2.Жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым палеонтология
3.Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыстарды синтездейтін не? автотрофтылар
4.Бірінші болып ғылымға биология терминін енгізген кім? Ж.Ламарк
5.Организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуы өзгергіштік
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік модификациялық өзгергіштік
7.Дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі биологиялық прогресс
8.Тұқымқуалаушылықты іске асыратын не? гендер
Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процессі эволюция
Ең алғаш фотосинтез өсімдіктің қай түрінде жүрді? Көк-жасыл балдырларда
2000 теңге «Жұмбақ суреттер атауын тап»
1.Фантастикалық құс:
Басы ‒ бүркіт Мойны ‒ аққу Денесі ‒ пингвин Аяғы ‒ түйеқұс
2-ші тобына
Фантастикалық жануар: Басы ‒ бұғы
Мойны ‒ керік
Денесі ‒ жолбарыс
Аяғы ‒ лама
Құйрығы ‒ ат
3.Бейнелі сөзжұмбақ-фотосинтез
4.хромосомалар
5.ұрықтану,бөлшектену
6.мезозой.триас
7.асқорыту жүйесі
8.гомологиялық мүшелер
9.эмбриологиялық дәлелдемелер
10.толық түрленіп даму
11.биогентикалық заң
Қорытынды ұпай есептелгенше көрермендерге сергіту ойынын ойнату.Ортаға 6 оқушы шығару,нұсқаулық бойынша айтылғандарды орындау:
«Қолдарыңа парақ не ақ қағаз алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ұпай есептеу: жинаған ақша (әр тапсырмадан жинаған ақша +көрермендерден жинаған ұпайды ақшаға айналдыру)