Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Баянауылды? д?рілік ?сімдіктері мен ??стары»
Тақырыбы:
Баянауылдың дәрілік өсімдіктері мен құстары
«Баянауылдың кез-келген табиғат туындысына үлкен ықылас аударып қарау керек. Себебі, әр тастың салмағы, формасы, түсі ерекше болып келеді. Осы арқылы қымбат қазыналарды табуға болады.»
Қ. И. Сәтбаев
Мақсаты:
- Баянауылдың дәрілік өсімдіктерін қазіргі кезде қолданыста пайдалану. - Баянауылды мекендейтін құстарды зерттеп , зерделеу. Зерттеудің ғылыми болжамы:
Аршадан табиғи тұнба жасап, қынадан бояу алудың пайдасын дәріптеу, қолданысқа енгізудің оңтайлы, жеңіл және тиімді жолын ұсыну.
Химиялық құрамы :
Арша жемісінің құрамында 35 – 40 пайыз шамасында қантты заттар, смолалар, балауыз, сірке, құмырсқа, алма аскорбин қышқылы және фитонцидтер бар.
Қынаның құрамында бір жасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмір қышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі.
Арша мен қынаның емдік қасиеті
Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе , тері және астма ауруларын емдеген.
Аршамен тіс тазалау пайдалы. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған екен.
Кәдімгі арша (І. communі) Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады.Тұмаудың алғашқы белгілері яғни түшкіру, мұрын біту т.с.с.біліне бастағанда, үйіңізді аршамен аластауыңызға болады, ол үйіңіздегі микробтарды өлтіреді, сонымен қатар түтінін иіскесеңіз тұмаудың алдын алуға болады
Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек , арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион м3 ауаны көміртегі газынан тазартып, 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны " денсаулық ағашы" деп атайды.
Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатыл, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалады.
Бүгінгі қолданыста:
Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.
Ал сапалы бесік – арша ағашынан жасалған бесік. Арша – аса қасиетті ағаш. Қасиетті болатыны – оған анау-мынау ауру-сырқау жоламайды. Түрлі микробтарды, құбыжықтарды өлтіретін күші бар. Арша бесікке қызамық, қара шешек сияқты аурулар дарымайды….
Қынадан дәрілік глюкоза, спирт, лакмус, бояу, С витамині алынады.
Баянауылдың құстары
Тауылы алқапта 143 –тен астам құстар мекендейді.Олардың ішінде ( қызыл кітапқа кіргені):“Бүркіт, құзғын, ителгі, бірқазан, аққу, тырна” секілді тіршілік иелері бар.
Бүркіт-өте ірі(қанатының
құлашы 225 см, салмағы 6кг )
қыран.Қауырсынының түсі
қоңыр,басы мен мойнының
төменгі жағын жалтыраған
ұшталған қауырсындар әшекелейді .
Тырна қазақ даласының белгісі болып
есептелінеді.Салмағы 2-2.5 кг.
Қазақстанда тырна наурыздан кыркүйекке дейін кездеседі,қалған уақытта Индия,Пакистан,Иранда болады .
Қаскалдақ-қара кұс,кішілеу үйректтің
дене пішініндей(салмағы 600-900 г), маңдайының үстінде ақ белгісі болады.Қазақстанда наурыздың соңынан қазанның соңына дейін болады.Көбінде таулы аймақтарды мекендейді.
Ителгі –Қазақстанда кездесетін тоғыз қыранның ішіндегі ең ірісі.Лашынан шамалы ірі(салмағы 0.7-1.3 кг).Шақыру айқайы- “ кее-кее”деп дыбыс шығарып,басқа сұңқарға белгі берсе, “ки-ки-ки” деген үрейлі дыбысы тек ұялау кезеніңде ғана, оның өзінде сирек естіледі.
Құр – бұл құстың ерекше келбеті әркімге таныс.Осындай келбет тек аталығына тән. Аналығының құйрығында ешқандай “желпуші” жоқ,әрі өте реңсіз сұр түсті құс.
Құрлар күзде топққа жиналады да, көктемге дейін қоныс аударып ұшып жүреді.
Теориялық матералдар жинақтау, ақпарат көздерінен мәлімет алу.
Қорытынды
Баянауыл өңірі табиғаты сұлу көркем де әдемі жер.
Мәселенің түп –тамыры Баянауылдың болашағында тұр. Біз әрбір флорасы мен фаунасын бағалай біліп, шикізат ретінде пайдалансақ “ЕХРО -2017” Баянауыл бағын ашар деген сенімдемін.
ЕХРО - 2017
Баянауыл бағын ашар
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Ақсу қаласы Достық селолық округі Пограничник ауылының
Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы:Баянауылдың дәрілік өсімдіктері мен құстары