Топтық жұмыс арқылы жаңа терминдерді меңгереді, сорғыш құрттардығ құрылысы, ерекшеліктері, даму циклы және иелерін алмастыру туралы мәліметті түсіну, сипаттау, салыстыру арқылы бірлесіп жұмыстануға үйрету.
Терминдермен жұмыс
Сорғыш құрт
Бауырсорғыш
Гермафродит
Сірқабық
Сорғыш құрт-сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы сорады.
Бауырсорғыш –негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді.
Гермафродит – қосжынысты.
Сірқабық – қабат, қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Бәрін осы атқарған.
Топтық жұмыс
1 - топқа: Сорғыш құрттардың құрылысы мен тіршілігі.
2 – топқа: Бауырсорғыш құрттардың даму айналымы.
Сорғыш құрттар класы
Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.
Бауырсорғыш құрттардың даму циклі:
Жұмыртқа
Спора жасуша
Кірпікшелі дернәсіл
Дамып келе жатқан дернәсілдер
Құйрықты дернәсіл
Циста
Ересек бауырсорғыш
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
«Жазуды жалғастыр»
1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер.................
2. Екі сорғышы болады: біреуі-........,екіншісі-..................
3. Сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан..................................