Просмотр содержимого документа
«Презентация.Генетикалы? код.Генетикалы? кодты? ?асиеттері.Н?руызды? биосинтезі.Транскрипцияны? реттелуі.9-класссс »
Тақырыбы: Генетикалық код.Генетикалық кодтың қасиеттері.Нәруыздың биосинтезі.Транскрипцияның реттелуі.
Мақсаты:
Білімділік: Нәруыз биосинтезіне жалпы сипаттама беру
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже:Нәруыз биосинтезіментанысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық. т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Тіршілік материя қозғалысының ерекше күрделі формасы, оның негізі зат алмасуға келіп тіреледі.
Зат алмасу нәруыздар мен нуклеин қышқылдарына байланысты.
Нәруыздың физикалық және химиялық қасиеттері де организмнің тіршілік қасиеттеріне негізделген.
1839 жылы нидерлендық ғалым Мульдер нәруыздың тіршіліктегі маңызына көңіл аудара келе оны протеин деп атауды ұсынды.
Нәруыздың биосинтезі , әсіресе жас организмде қарқынды жүреді, оның дамуы мен өсуіне зор ықпалын тигізеді.
Нәруыздар тіршіліктің негізгі нышаны, оның физикалық және химиялық қасиеттері де организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды.
ДНҚ әр түрге тән қасиеттер мен ата анадан берілген ақпаратты өзінде сақтай отырып , оларды келесі ұрпақтарға нәруыздың биосинтезі арқылы беріледі.
Генетикалық кодтың ролін нуклеотидтер атқарады. Бұл нуклеотидтер үш –үштен үйлесімділік жасағанда ,олардың саны 64 болады. Ол 20 аминқышқылын кодтауға артығымен жетеді.
Нуклеотидтердің комплементарлық принципіне сай ДНҚ дан ақпараттық РНҚ тіліне аударылып жазылу принципін транскрипция деп атайды.
Транскрипция процесі жасушаның ядросында жүзеге асырылады яғни информосомада жазылады. Информосома синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпарат жазылған денешік .Информосоманы қазақ ғалымы М.Ә Айтқожин ашқан