Просмотр содержимого документа
«Презентация "Эндокринді безінің қызметі және оларға байланысты аурулар"»
Эндокринді безінің қызметі және оларға байланысты аурулар
Эндокринді бездердің қызметінің бұзылуын екі топқа бөлеміз:
Гормондар көп бөлінсе гиперфункция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды.
Гипофиз- негізгі ішкі секреция безі. Аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекиді. Ол 25 түрлі гормон бөледі. Соматотропин(өсу) гормоны барлық ағзаға әсер етеді.
Қалқанша безтироксин гормонын бөледі. Тироксин қалыпты түзілу үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Ересек адам сумен, тамақпен йод алмаса эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл-қалқанша бездің ісінуі.Жас балаларда кретинизм ауруы пайда болады.
Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Ол арқылы ағзада қоректік заттар қорға жиналады. Егер тироксин ағзада аз мөлшерде болса, қоектік заттардың барлығы қорға жиналады. Салдарынан микседема ауруы пайда болады. Адам семіреді.
Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың көбісі энергияға жұмсалады. Содан Базедов(бадырақ көз) ауруы пайда болады. Ауру адамның жүрегі жиі соғып, тыныс алуы жиілейді, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жегені ағзаға сіңбейді. Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бадырайып кетеді.
Қалқаншамаңы бездер. Оларпаратгормон бөледі.
Қызметі:
Сүйекте жиналатын кальций мен фосфор мөлшерін реттейді. Паратгормонның көмегімен қанға өтеді. Егер паратгормон жетіспесе н/е бездерді алып тастаса қандағы кальций азайып, фосфор артады. Бұлшық еттер түйіледі. Тістер сынғыш болып, бор түстес дақтар болады.
Бүйрекүсті бездері- бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп эндокринді бездер. Олар екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты, ішкі ми қабаты.
Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды кортикоидтар дейді. Олар екі түрлі гормон бөледі. Миноералокортикоидтар ағзада тұз су мөлшерін реттейді. ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР НӘРУыздаодың көмірсуларға айналуын қамтамасыз етеді.
Ұйқы безі гипофиз қызметіне тәуелсіз. Оның гормондары қанның құрамындағы қанттың мөлшеріне қарай бөлінеді. Көп бөлінсе ағза уланады. Аз бөлінсе энергия жетіспеушілік болады.
Тәтті тамақ жегенде инсулин гормоны бөлінеді. Ол қандағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда қорға жиналатын, ерімейтін гликогенге айналдырып, қанттың мөлшерін төмендетеді.