Просмотр содержимого документа
«Плаунт?різдес ?сімдіктер »
Биология пәнінің мұғалімі: Абдраманова Гулжамал
Ашық сабақ
Плаунтәріздес өсімдіктер
6 «В» сынып
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, тақырыппен таныстыру, назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй жұмысын тексеру.ІІІ. Пысықтау.ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.Ү. Қосымша ақпарат.ҮІ. Сабақты бекіту және бағалау.ҮІІ. Үйге тапсырма.ҮІІІ. Қорытынды.
Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ-жауап.1.Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады?2.Шымтезек мүгі қандай өсімдік?3.Қырықбуындардың құрылысы?4.Қырықбуындылардың көбеюі?5.Балдырлар бөліміне сипаттама?6.Мүктердің денесі неден тұрады?7.Шымтезек мүгінде ризоидтары болмайды. Олар не арқылы қоректік заттарды алады?
Сергіту сәті
Плаунтәріздес өсімдіктербөлімі
1)Білімділік:
Плаунтектес өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен таныстыра отырып, споро¬фит ұрпағының басым екендігін түсіндіру.
2)Дамытушылық:талдау, салыстыру,
қорытындылау, кестемен жұмыс істеу арқылы логикалық қабілеттерін дамыту.
3)Тәрбиелік:
жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге, тапсырма беру арқылы ізденімпаздыққа , жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі
кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер.
Жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан екінші орынға жылжытады жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш, жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер.
Плаунтәріздес өсімдіктер бөлімі
Сөзжұмбақ шешу.
П
Л
А
У
Н
1.Екі жасушадан тұратын қабықша қалай аталады?2. Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады?3.Шымтезек мүгінің латынша атауы қалай аталады?4. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасына не түзіледі?5.Мүктердің көбею жолы қалай аталады?
Шоқпарбас плаун.Сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар және сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатыр.Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында қабық қабаты бар. Ол қарағайлы орманда жиі кездеседі. Тең спора¬лы плаунтәріздестердің кең тараған өкіліне шоқпарбас плаун жатады.
Плаунның түрлері
Сәйкестілікті табу.
Берілген сөйлемдерді аяқта.1.Плаунтектестер ................. пайда болған.2.Қазіргі кезде плаун туысының ............... түрі белгілі.3.Қазіргі кездегі өкілдері...................................4.Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне ........................жатады.5.Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі .............. арқылы жүзеге асады.
20
10
30
10
20
Плаунның көбеюі калай жүзеге асады?
Плаундардың спорасы медецинада не үшін қолданылады?