Цитоплазма мен ядрода жүретін көптеген химиялық үрдістердің ұқсастығы
Жасушалардың бөлінуі кезінде тұқым қуалау ақпаратын тасымалдау принципінің тұтастығы
Жарғақша құрылысының ұқсастығы
Химиялық құрамының тұтастығы
Жасушаның тіршілігін сақтау үшін қажетті үрдістер мен қасиеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және жасушада белгілі бір қызметтерді атқаратын оның тұрақты компоненттері органоидтар (органеллалар) деп аталады
ЖАСУША ОРГАНОИДТАРЫ
ЖАРҒАҚШАЛЫ
ЖАРҒАҚШАСЫЗ
Бір жарғақшалы
Қос жарғақшалы
Рибосомалар
Митохондриялар
Вакуольдер
Жасуша орталығы
Эндоплазмалық тор
Пластидтер
Хромосомалар
Гольджи кешені
Лизосомалар
Плазмалық жарғақша
жасуша құрамын сыртқы ортадан шектеп тұрады,
көптеген органоидтар мен ядро қабықшасының қабырғасын түзеді,
жарғақшаның липидті қабаттары арқылы нәруыз молекулалары өтетін сұйық -мозаикалық құрылымға ие
тасымалдау қызметін атқарады
таңдамалы өткізгіштікке ие
Ядро
Ядро мынадай қызметтер атқарады:
тұқым қуалау ақпаратын сақтау және тасымалдау;
жасушада жүретін зат алмасу үрдістерін реттеу. Ядро құрамына нәруыздан және р-РНҚ- дан тұратын ядрошық ; хроматин (хромосомалар) және нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулар мен ферменттердің, минералдық тұздардың коллоидты ерітіндісі түріндегі кариоплазма (ядро шырыны) кіреді.
Цитоплазма
Жасуша ядросы және барлық органоидтар орналасқан жартылай сұйық орта. Цитоплазма 85% судан және 10% нәруыздардан тұрады
Пластидтер
Түсі және атқаратын қызметі бойынша пластидтер негізгі үш түрге бөлінеді:
лейкопласттар
хромопласттар
хлоропласттар.
ДНҚ және РНҚ- нан тұрады
Пластидтер
Тек өсімдік жасушаларында болады
Хлоропласттар пішіні бойынша екі жағы дөңес линзаға ұқсас және жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сәулесін сіңіріп, оның көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие.
Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер, гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді.
Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда, жуашықта және т.б. кездеседі. Оларда нәруыздар, майлар мен полисахаридтер (крахмал) синтезделеді.
Митохондриялар
Сопақша пішінді, қос жарғақшалы органеллалар
ДНҚ және РНҚ-н ан тұрады
жасушалардың энергия станциясы болып табылады
Митохондрияларда органикалық заттардың көмірқышқыл газы мен суға дейін тотығуы және АТФ молекулалары түрінде химиялық энергияның жинақталуы жүреді
Вакуоль
жарғақшамен – тонопластпен қапталған
жасуша шырынымен толтырылған
жасушадағы су- тұз алмасуды реттеуге қатысады
жасушалар мен ұлпаларды тонуста (тургорда) ұстап тұру үшін цитоқаңқа қызметін атқарады
қор заттарын сақтаушы және алмасудың соңғы өнімдерін «көмуші»
Қорытынды:
Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін.
Жануарлар мен өсімдіктер эволюция үрдісінде бір- бірінен едәуір алшақтады, олардың қоректену типі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану әдістері әр түрлі. Осының барлығы да олардың жасушаларының құрылысына әсерін тигізді.
Рефлексия
“ Бинго” ойыны
Өзін өзі бағалау
Оқушының өзін-өзі бағалау парағы. Оқушы.....................................
Сұрақтар
Жалпы
балл
Сабақта, топта барлық тапсырмаларды қалай орындадым (уақытылы, сапалы)
Мұғалім мені қалай бағалады?
Сұрақтарға жауапты кітаптан қарадым
Топтағы басқа оқушыларға ынталандырушы көсек көрсеттім
Мен өзімді қалай бағалаймын?
Өгелерді зейін қоя тыңдадым
Менің тарапымнан дискуссия орынды болды
Басқалардың пікірлеріне өз ойымды қоса алдым
Үй жұмысы
Тақырып бойынша презентация, эссе, ақпараттық парақша дайындау