Просмотр содержимого документа
«Омырт?алы жануарларды? ?анайналым ж?йесі. »
Батыс Қазақстан облысы.
Бөрлі ауданы
«Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Бисенгалиева Асель Сатыбалдиевна
химия-биология пәнінің мұғалімі
Пән:БиологияСынып :7 “а”
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Білімділік мақсаты: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің атқаратын қызметі, маңызы, құрылысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің күрделі дамуын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, салыстыру, қорытынды шығаруға және өзара түсіністікке, сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі туралы түсінік алады;
- Оқушылардың омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі туралы өз ойларын білдіріп, ойлау қабілеттері қалыптасады;
- Мәселені шешуде әркімнің пікірі есепке алынатындығына көздерін жеткізеді;
- Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылықтары артады.
Ереже
Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзін бөлмейміз;
Бір ғана адам сөйлейді, «көтерілген қол ережесі»
Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;
Өз ойларымызбен бөлісеміз;
1. Қызығушылығын ояту.
Мына сызбаға қарап не айтуға болады?
Ағза
Мүшелер
жүйесі
Мүше
Ұлпа
Жасуша
1- тапсырма:
-Қан айналым жүйесіне қандай мүшелер жатады?
-Қанайналым дегеніміз не?
-Қанайналым-” Тасымалдау жүйесі” дегенді түсіндір.
-Иммунитет, оның түрлері?
2- тапсырма: Сызбанұсқаны аяқта:
Қан құрамы
3- тапсырма:
Сәйкестендір:
Эритроцит
Лейкоцит
Тромбоцит
Плазма
Антидене түзеді. Қызыл түсті қан жасушалары.
Оттегін тасиды. Жалғанаяқтар түзеді.
Гемоглобин бар. Қанның сұйық бөлігі.
Қан кетуден сақтайды. 90-92 % судан тұрады.
Қан ұюға қатысады. Фагоциттер.
4- тапсырма: Суреттегі жануарларды тиісті орнына орналастыр:
Қанайналым жүйесі ашық
Қанайналым жүйесі тұйық
Сергіту сәті
Менің бүгін көңіл-күйім жақсы.
Мен сіздерді жақсы көремін!
Менің тәртібім жақсы.
Мен бәріне сәттілік тілеймін!!!
Мына жануарларды қандай қасиетіне байланысты 2 топқа бөлуге болады?