Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты та?дау-болаша?ты та?дау »
“Мен және менің өмірлік жоспарым ” тақырыбындағы аудандық жобаға қатысушыларға жалынды сәлем! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.
Сонымен бірге осы жобаны ұйымдастырушы ұстаздарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Мамандықты таңдау-болашақты таңдау
Ниязбек Аруна Сейілбекқызы
№228 орта мектептің
11-сынып оқушысы
Жетекшісі:Корғанова Н
Аннотация
Бұл жұмыста Қали Аққыз өзінің таңдаған мамандығы жайлы айтылған.
Бұл жұмысында ол таңдаған мамандығының тарихы, дәрігер бойында болатын қасиеттер,
ана мен бала денсаулығын сақтауға байланысты Елбасы жолдауынан үзінді келтіре отырып, өзі осы мамандықты игеру үшін қандай жұмыстар атқаратынын жазған.
Аққызбен жұмыс жасаған кезде байқағаным, оның бойында
Мен таңдағанмамандық -балалардәрігері болу
Ниязбек Аруна
11-сынып оқушысы
Жоспары
Кіріспе:Мамандықты дұрыс таңдау- болашақты ойлау
Негізгі бөлім:
А) Дәрігер мамандығы-ең көне кәсіптердің бірі
Ә) Дәрігер мамандығының ерекшелігі, этикасы
Б) Мен таңдаған мамандық- балалар дәрігері маманы болу.
Қорытынды:Дәрігер мамандығы- күрделі де жауапты мамандық
Елбасымыздың
жолдауы 2012ж 27. О1
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында біздің экономикамызға
қажетті сапалы да, озық технологиялармен
қаруланған халықаралық білім
стандарттарына сай мамандарды
дайындау қажет және де адам капиталының
маңызы зор екендігін атап өтті.
«Мамандық»сөзіне анықтама бере кетсек:
Профессия- латын сөзінен шыққан ,“professio”-анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,»-деп шығыстың ұлы ойшылы, асқан дарын иесі Әбу-Насыр
Әл-Фараби айтқан осы бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә,
расында да, дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана қысқа ғ
ұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді емес пе? Соның бірі адамның т
умысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық
мәселесі кім-кімді де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында мамандықтың
да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді
өмірдің мағыналы болуының алғышарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-т
әніңмен, күш-жігеріңмен орындау өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.
Ежелгі грек данышпаны Цицерон: «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс,»-
деп айтпақшы, адамның өз ынтасымен алдына талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныспен, ізденіспен
игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтірері хақ.
«Болашақта қай маман иесі боламын?» деген сауалға жауап іздеп, ойым сан-саққа жүгірген сәттерде
шығыстың ұлы классигі Омар Һайямның:
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып бір сәт қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?-деп келетін адамға ой саларлық осы бір өлең жолдары еріксіз есіме түседі.
Иә, адам денесінің патшасы-жүректің әмірімен өзің сүйіп таңдаған мамандық, менің ойымша, адамды
ешқашан тура жолдан тайдырмайды деп білемін. Шынында, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты да
шешуші іс. Мен үшін ол – жаңа өмірдің табалдырығын аттауда өзіңе деген нық сенімділікті, жүректілікті қажет
ететін алғашқы қадам, өмірлік шешім.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық.
Оқыған маман- шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі – мамандық,
Жер-көктің бәрі – мамандық.
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
Біліп жатып кәсіптің
Талай сырына қанықтық.
Қандай іске машық кім,
Зерделеніп дәл ұқтық.
Қалап көңіл ауаны,
Талап оны қолдаса.
Кәсіптің жоқ маманы.
Нашар маман болмаса.
Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.
Мынадай ережелерді ұстану керек.
Дұрыс таңдау жасау.
Икемділік.
Үлкен өнер, зор шеберлік.
Еңбексүйгіштік.
Білім.
Халыққа көмегің керек.
8
Your Company slogan in here
Дәрігер мамандығы- ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртүрлі сезімдер тудырған. Орта ғасырларда дәрігерге берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер- tristones(екі жүзді). Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер екі жүзді: кәдімгі өмір жағдайында- әдепті адам, науқастың жанында- періштедей.
Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету – әр мемлекеттің, қоғамның ерекше міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау және лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету – мемлекеттің адамгершілік саясатының көрсеткіші. Бұл әлеуметтік мәселені іске асыруда, дәрігердің кәсіби әрекеті және адамгершілік қасиеті маңызды болады.
Дәрігер сыпайылығы – дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Медицина ғылымының негізін қалаған, көп томды шығармалар жазған, аты әлемге әйгіліӘбу Әли Ибн Синаныңөмірінің соңғы кезінде былайша қорытынды жасаған екен: «Біз дүниеден өтеміз және өзімізбен бірге ғана, яғни біз еш нәрсе білмедік деген сананы алып кетеміз».
Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар онымен ашық сөйлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай дәрігер, әрбір ауру адамның мұң-мұқтажын түсініп, олардың жасына, жынысына, сырқатының түріне қарай керекті, құлаққа жағымды сөздер тауып, көңілін жұбатады.
Дәрігердің сыртқы пішіні, үстіне киген киімі оның мінез-құлқын, мәдениеттілігін, ақылын, білімін сипаттайды. Сәнге сәйкес, ұқыпты, таза, әрі қарапайым киінген дәрігерлерге ауру адамның да сенімі арта түседі. Керісінше, егер дәрігердің бет-аузы мөлшерден тыс бояуланған, тұла бойы неше түрлі заттармен безендірілген болса, ауру адамдар оған сенімсіздік білдіріп, «мінезі жеңіл екен» деген ойға келуі мүмкін.
8
Дәрігердің жанкештілігі- ауыр халдегі науқастың төсегінің жанында болуымен, тәулік мерзімі мен ауа – райына қарамай науқастарға көмек көрсетуге аттанумен, өзінің өміріне зияндылық әкелуіне, жағдайдың болмауына қарамастан күрделі тәуекелді операциялық араласуларды жүргізу секілді батырлық әрекеттермен көрінеді. Науқасты құтқару барысында шешім қабылдау, ауру қоздырғыштарын зерттеу, жаңа дәрілік заттардың әсерін анықтау, жедел және қауіпті кәсіби қызметтер кезінде жасалынады.
Дәрігердің ең басты міндеті: науқастарды ұлтына қарамай емдеуі
Атақты орыс жазушысы, дәрігер, ұзақ жылдар бойы өзі сырқаттанған А.П.Чехов, дәрігердің басты қасиетін былай деп айрықшалаған: “Дәрігер мамандығы – ерлік”
Ол жандүниенің, ниеттің тазалығын талап етеді. Кез келген адам мұндайға қабілетті емес».
Орыстың белгілі жазушысы А.П.Чехов: «Адамның тұла бойында сыртқы пішіні, жан дүниесі мен ойлары, киген киімі – бәрі де өте ғажап болуы қажет»,- деген екен. «Дәрігер мамандығы бар адамдардың бойына қажет қасиеттерден құралған-ау».
Мен таңдаған мамандық – балалар дәрігері маманы болу
Бұл мамандықты таңдауымның себебі: Қазіргі кезде , елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларының өршіп бара жатқандығы . Мысалы: Жедел жүрек жетіспеушілігі, атеросклероз, гипертония, гипотония, қант диабеті, инсульт, қаназдық т.б.
Енді аурулардың бірнеше түріне тоқталатын болсақ , олар қандай ауру түрлері деген сұрақ туындайды. Өзімнің интернет , баспа материалдары бойынша жасаған жұмыстарыма назар аударсаңыздар!
Мен таңдаған мамандық
Болашақтың бастауы ,
Тағдырымның аспаны.
Арманым менің ойлаған ,
Дәрігер болу таңдаған.
Биіктерден көрініп,
Белестерден білініп,
Алға қарай ұмтылу,
Өз-өзімді бағалап.
Барлығы бірдей қиын-ақ,
Көнемін дағы біліп-ақ,
Мамандықты таңдадым
Өкінбеймін жүріп-ақ.
Дәрігер болып әрдайым,
Әділдік жолын қолдаймын.
Биіктерге самғаймын
Мойымаймын, таймаймын.
Балалар хирургі медицина саласының ішіндегі
игілікті ғылым және ерекше қастерлі мамандық !
Балалар дәрiгерлерi, соның iшiнде балалар хирургтерi басқа дәрiгерлерге қарағанда тек өзiне тән этикалық ерекшелiктерi бар өте мәртебелi мамандық екендiгiне ешкiмнiң күмәнi болмас.
Өйткенi, аузына ана сүтi тимеген немесе аузынан ана сүтi кеппеген нәрестелер мен сәбилердiң жан күйзелiсi мен тән күйзелiсiне, үрейден әркiмнiң бетiне үрке қарап, медет iздеген балаларға алғаш қол ұшын беретiн, маңдайынан сипап, мейiрiмдiлiк көрсететiн, жылы ықыласын бiлдiрiп, жанының арашашысы болатын – осы балалар дәрiгерлерi. Балалар дәрiгердiң қандай дәрежедегi маман екенiн бiле бермейдi, бiрақ, олардың мейiрiмдiлiгiн бiрден сезедi.
8
Тегiнде ата-бабамыз нәрестенiң iңгәлаған үнi, сәбидiң күлкiсi, балдырғанның бал тiлi – өз ұрпағының болашағы үшiн малын да, жанын да садақа қылған. Өйткенi, адам баласы баладан өседi. Бала – адамзаттың ұрпағын жалғастырушы, елдi өркендететiн елдiң болашағы деймiз. Ал сол болашағымыз – балалардың қазiргi денсаулық ахуалы қалай? «Бар жақсымыз – балаларға» деген кеңес қағидасы қазiр қалай жүзеге асырылып жүр?» – деген сауал туындайды.
Балалардың денсаулығы тым нәзiк, бала жандары сияқты жұмбақ әлем ғой. Сол бала тәнiнiң саулық тiлiн бiлу үшiн бала дәрiгерi де сезiмтал, болжампаз, тiптi көрiпкелдiк қасиет иесi болу керек шығар. Ал оның iшiнде балалар хирургиясы деген саланы игерiп, өмiр үшiн қыршын ғұмыры күреске түсiп жатқан балаға өмiр сыйлар – балалар хирургi мамандығын игеру екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермес. Осы қиын мамандықты игерiп, балаларға өмiр, денсаулық сыйлап жүрген балалар хирургиясының дәрігері болу оңайға соқпайды.
Балалар хирургi , бала дәрiгерi болуға екiнiң бiрiнiң батылы бара бермейдi. Өйткенi, жанына батып жатқан дертiн айтып жеткiзер тiлi жоқ, шырылдап жылап жатқан баланың ауруын дөп басып табу үшiн шынымен де көрiпкел болуымыз керек. Бiрақ, ол қасиет те екiнiң бiрiнiң бойына дари бермейтiндiктен, бала дәрiгерi болсам дейтiн адамның бойында ең алдымен балаға деген махаббат – балажандық қасиет пен сезiмталдық, ерекше жауапкершiлiк қасиет болуы тиiс. Құдайға шүкiр, бұл ретке келгенде Қазақстандағы балалар дәрiгерлерiнiң мәртебесi биiк дегендi мақтанышпен ауызға алуға болады. Бiздiң елiмiзде, елбасының қолдауымен ана мен бала денсаулығына айрықша мән берiлетiнiн атап айтып өткен жөн. Жоқ деп ауызды қу шөппен сүрте беруге тағы болмайды, бүгiнде денсаулық саласы дамып, өркендеу үстiнде.
Балалар арасындағы жиі
кездесетін аурулар
Кейiнгi 5 жылдық дәрiгерлiк мәлiметтерiмiзге көз жүгiртсек, Алматы қаласының №1 ҚКБА-ның қабылдау бөлiмiне 220 мыңға тарта бала келiп қаралса, оның 30 мыңға жуығы жедел аппендицит күдiгiмен, 151 700 бала әртүрлi жарақат пен сынықтармен, 8 мың бала бас ми жарақатымен келiп түссе, 5 мың бала жоспарлы түрде хиругиялық ем алған. Сондай-ақ, басқа да хирургиялық ауруы бар 10 мыңға жуық балаға дәрiгерлiк көмек көрсетiлген. Бұл, әрине, айтуға оңай көрiнгенiмен, жас өмiр үшiн саусағын жайып алға ұмтылған жас өскiн баланың өмiрiн сақтар дәрiгерлерiмiздiң бiлiм-бiлiктiлiгiмен қатар, адамгершiлiгiн сын таразысына салар қаншама сындарлы сәттерден тұратын ең жауапты кездер екенi айтпаса да түсiнiктi. Балалар дәрiгерлерi үшiн ең қиыны – бауыр етi баласы үшiн жанын шүберекке түйер аналардың көз жасын көру. Бiз аналардың көз жасын, сәбилердiң соңғы сапарын көрмесек деп тiлеймiз. Ал ендi қандай ауру түрi алаңдатады дегенге келсек, iштен туабiттi аурулар, жүрек кемiстiгiмен туылып жатқан нәрестелер көбейiп барады. Жылына осындай 1000 – 1500 нәрестеге операция жасалады .
Дені сау ұрпақ – ел келешегі. Солай бола тұра, аналар мен сәбилердің өлімі неге азаймай отыр?
Маңғыстау
Қызылорда
Атырау
Ана өлімі жөнінен жоғары көрсеткіштегі облыстар
Ақмола
Қарағанды
Оңтүстік Қазақстан
Жамбыл
Маңғыстау
Нәресте өлімі жөнінен жоғары көрсеткіштегі облыстар
Оңтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Қызылорда
Мамандық таңдау жайындағы
өзімнің пікірім
Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бағдарламадан кенде емеспіз. Бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлініп те жатыр. Бірақ, аталған мәселенің алдын алуда еліміз медицинасы дәрменсіздік танытып жатқандай. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес, жалпы медициналық тәжірибе жүйесін қолға алу көзделген. Нәтижесінде бұл салада кейінгі уақытта біршама өзгерістер орын алды. Мысалы, 2007 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия (балалар дәрігері) факультеттерінің жабылуын айтуға болады. Сөйтіп, жаңа жүйе бойынша енді ол емдеу факультетімен біріктіріліп, болашақ педиатрлардың оқу мерзімі 9 жылға дейін ұзартылды. Есесіне, олар енді жеті жыл жалпы медициналық тәжірибе жүйесі бойынша білім алса, соңғы екі жылда «педиатрия» мамандығын тереңдетіп оқып үйренеді екен. Бұл жаңа өзгеріс кезінде қатты сынға ұшыраған да еді.
Халықаралық қалыпты сән көретіндер болашақ дәрігерлерді тоғыз жыл оқытып, бесаспап маман дайындау АҚШ, Германия, Франция сияқты алдыңғы қатардағы елдердің тәжірибесінен алынғандығын көлденең тартуда. Елімізде медицина саласында маман дайындайтын 6 ірі оқу орны бар. Ал, бес жыл жалпы медицинаны меңгерген студенттердің көпшілігінің таңдауы балалар дәрігерінен гөрі, хирург, терапевт, болмаса дәрі-дәрмек сатушысына түседі. Себебі, педиаторлардың ана мен бала өміріне жауапкершіліктері көп болғандықтан бас тартады.
Қазақстанын сүйетiн, елдiң болашағы – сәбилердi сүйетiн, балалардың тән мен жан жарасының шипагерi бола бiлген, бәсекеге қабiлеттi 100-ден астам дәрiгерлер, 550 мейiрбике мен кiшi медициналық қызметкерлер, жалпы саны 650-ден астам мерейлi жандар қызмет жасайды. Кейбiр ағымы ауыр немесе тұрмыс-тiршiлiк қамымен балаларына қарауға мұршасы келмей жүрген ата-аналардың селқостығынан асқынған ауруларын емдейтiн екi – бiрi нәрестелерге, екiншiсi ересек балаларға арналған қарқынды емдеу бөлiмi бар. Бұл бөлiмнiң дәрiгерлерi де өздерi «күйсе де» ауру балаларға қолдарынан келгенше жалын тигiзбеудi өздерiнiң негiзгi парызы деп бiледi.
Елiнiң, жерiнiң, ұрпағының бүгiнi мен ертеңiне алаңдайтын билiктегi құзырлы азаматтар балалардың денсаулығын сақтау мәселесiне аса көңiл бөлiп, «үлкеннiң мыңына бергенше, баланың бiрiне бер» деген қағиданы ескере отырып, мемлекет тарапынан мүмкiндiгiнше дәрiгерлерге бұдан да ерекше қамқорлық жасайтын шығар деген үмiттемiз.Себебi, ұрпағымыздың денсаулығын сақтау, денсаулығын қорғау – ұлт жалғастығы мен елдiң ертеңiн сақтау, елдiң бiрлiгiн қорғау деп түсiнетiн кез жеттi.
650
100
550
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе көлік жуу стансаларында жұмыс жасап жатқандары ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр адам өз маманының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Бұрынғы кезде дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрібір. Ал тыңғылықты тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұратындығына көңіл бөлгені жөн. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажет мамандықтың иесі болар еді.
Ұсынысым:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Емдік гимнастикалар жасау
Халықтың әлеуметтік жағдайымен қоса ауыл
адамдарының денсаулығын жақсарту
4. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау
5. Халықтың медициналық білімін арттыру
Жарық дүниенің есiгiн жаңа ғана ашып, сыртқы орта және ауамен дем алуға бейiмделе бастаған нәрестелер немесе оң мен солын аңғара бiлмеген сәбилердiң сырқаттарын дер кезiнде анықтап, оларға тиiмдi операция жасау кез келген дәрiгердiң қолынан келе бермейдi, ол оңай шару емес. Ал ол үшiн сен баланың тәнi мен жанын жақсы бiлуiң керек. Бала дәрiгерiнiң болмысы тым бөлек. Сол себептi бұл мамандықты дайындауды қайта қолға алуымыз керек.
Балалар хирургі оқу орындарына жаңа мамандық ретінде енгізілгеніне біршама уақыт бола қойған жоқ. Сол себепті ол мамандықтың қазіргі өркениетті заманымызда өте тапшы екенін аңғарған боларсыз.
Қорытынды
Дәрігердің білімі терең, толық, кең, жетілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы, дәрігер тарапынан адамгершілікті, өзін-өзі тәрбиелеуді дамытуын да талап етеді.
Білімі терең
Білімі толық
Дәрігер
Адамгершілікті
Кең білімді
Жетілген білімді
Денсаулық-басты байлық
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.
Мен заман ғ а сай жа ң а инновациямен ,
Ж а ң а технологиямен ж ұ мыс істеп , соны ң жетістіктерін тиімді