5. II топқа жататындардың қанын құяды? (II және IV топқа)
6. ИТИС деген қандай ауру және алғаш қайда тіркелген? (Иммунитет тапшылығын иемденген синдром,1981 ж АҚШ-тың Калифорния штатында)
Жүрек тобының сұрақтары
1.Ағзада бөгде заттарға қарсы түзілетін нәруыз? ( қарсыдене)
2.Оксигемоглобин? оттекпен қосылған гемоглобин
3. Қанды қабылдайтын адам? ( Реципиент)
4. Ересек адамдағы қанның мөлшері? ( 4-5 литр)
5. Антигендері болмайтын қан тобы? ( I топ)
6.Лимфада болатын лейкоциттер? ( Лимфоциттер)
2. Сәйкестікті тап
1. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет
2. Адамдардың қанша пайызы оң резус
3. Адам қанының төрт тобын ашқан
4. Эритроциттердің бірігіп қалуы
5. Оттекті тасымалдайды.
6. Лимфа түзіледі
7. Әмбебап донор
8. Ұсақ түйіршіксіз лейкоцит
9. Ерекше нәруызды зат
10. Әмбебап рецепиент
а. Ұлпа сұйықтығы
ә. Резус-фактор
б. жасанды
в. Лимфоцит
г. IV топ
ғ. І топ
д. К.Ландштейнер
ж. Гемоглобин
з. 85 пайыз
и. агглютинация
Жауаптары: 1б,2з,3д,4и,5ж,6а,7ғ,8в,9ә,10г
“ Ой қозғау”
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
“ Жұмбақтар”
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дөрігерлер тыңдайды.
(Жүрек)
2. Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
(Қантамырлар)
3. Соғады күні-түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің.
(Жүрек)
Жаңа сабақ
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қантамырларының құрылысы ( топтық жұмыс постер қорғау)
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді. қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі қолқа (аорта) Сол қарыншадан басталып, артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш, серпімді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярға айналатын, арнасының диаметері, шамамен, 100мкм артериолаларға айналады
Қантамырлар
Қылтамыр
Салатамыр
Көктамыр
Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр
Денедегі қанды жүрекке айдайтын тамыр
Өте жіңішке, зат алмасу жүретін тамыр
Артерия қан тамыры қанды жүректен мүшелерге жеткізеді. Ең үлкен артерия қан тамыры- қолқа, екіншісі- өкпе сабауы. Артериялар ірі, огрта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы және олардың ішіндегі артериялар болып бөліндеді. Мүшенің артериясы артериолаларға тармақталып, капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы ішкі, орталық және сыртқы үш қабаттан тұрады.
Вена қан тамыры арқылы қан мүшелерден жүрекке ағып келеді.қан алдымен венуоллаларға одан мүшелердің ішіндегі майда венаға, одан ірі веналарға бірігеді. Денедегі барлық вена бірігіп жүреке құяды. Вена қан тамырларының қабырғасы үш қабатты. Бірақ олардың қабырғасы жұқа және серпімді талшықтары аз, ал ішкі қабатында қанды кері ағудан сақтайтын қақпақшалары болады.
Капиллярлар - ең жіңішке қан тамырлары. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд.Капиллярлардың веналық ұшы бірігіп венула түзеді, ал венулалар венаға айналады.
V “Кубизм әдісі”
1.Ересек адамның жүрегі? 250-300г
2.Қанның кантамырлармен қозғалысын ашқан ағылшын ғалымы? У. Гарвей
3. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент? магний
4.Жұмыс ауырлаған сайын жүрек жиірек соғып, тамырлардағы қанды көбірек айдайды. Бұл құбылыс қалай аталады? Резервтік күш
5. Жүректің бұлшықетті қабаты микард
6.Үшжақтаулы қақпақша орналасады? Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында
7.Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге қандай қан тасиды? Артерия қанын
8. Көмір қышқыл газына қаныққан қан ? Вена
9. Ең ірі артерия қантамыры? Қолқа
10. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы Қанайналым